Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс

қ: 60-70  жылдары   иран-американ  экономикалық  қатынастарында өзгерістер   болды.   Егер   60-жылдардың   ортасына   дейін   АҚШ Иранға   берген   несиесі   басқа   елдермен   салыстырғанда   артық болса,     60-жылдардың     екінші     жартысында     берілген     несие мөлшерінің         азайғандығы         байқалады.         Иранда         АҚШ инвестициясын ұлғайту мақсатында 1970 жылы Тегеранда,  1972 жылы Нью-Йоркте   арнайы   конференциялар   болды.   Әскери   базаны, флотты дамыту үшін АҚШ пен Англия, ГФР байланысы тығыз болды.   Англия   фирмалары   Иранның   автомобиль   өндірісімен қатынаста    болып,    60-жылдардың    екінші    жартысында    ГФР монополиясы енді. 1967 жылы Тегеранда екі ел бизнесмендері иран-батыс-герман ассоциациясын құрды. ГФР фирмаларының қатысуымен Тебризде дизельді моторлар зауыты салынды.

Иранның 60-жылдардың  ортасындағы сыртқы экономикалық саясатына тән негізгі сипат, елде өндіріс орындарын салып, инфрақұрылымды жақсарту үшін шетел капиталын тарту. Иранның 60-70 жылдары капиталистік елдермен орнатқан саяси, экономикалық қарым-қатынастарында мұнай мәселесі бірінші орында тұрды. 1966 жылы Иранның Батыстық мұнай монополияларымен қатынасындағы мәнді кезең. 1966 жылы Иран мұнай компаниясы Францияның ЭРАП компанияларымен мұнай кендерін зерттеу және өндіруге байланысты келісімге тұрды. Шарт бойынша алынған мұнай және құрылыстар Иранға тиесілі болады. Алайда 25 жыл бойы Франция мұнайды арзан бағаға алатын болады. Келісім бойынша Иран өз мұнайының толық қожайыны болды. АҚШ пен Англияның мұнай монополиялары келісімді шынайы емес деп санады. ЭРАП үшін шарт арзан мұнай алумен ғана емес, ағылшын-американ монополиясына деген тәуелділіктен айырылу үшін де тиімді болды.

1966 жылы американдык «Континентал ойл» фирмасымен келісім жасалды.

1968 жылы көктемде Францияның үсынысымен Париждн Батыс Еуропалық мұнай фирмаларының отырысы болды.

60-70 жылдары Таяу Шығыс дипломатиясы, әр түрлі ойындарға, көзбояушыдықтарға тән. Өзара қырқысқан бауырлардың бітпес дауы, екінші дүние жүзіліксоғыстанкейін тәуелсіздік алып, мемлекет болып жарияланған территориясы ұлғайту. Бұл көбінесе, экономикасының стратегиялық аумақ парсы шығанағының маңындағы жерлер үшін болы.

Екіншіден қираған, әлсіз экономикасын дамыту мақсатында одақтасу шарт жасау болды. Улы газдай үлкен ауқымда таралған сол уақыттағы «қырғи қабақ» соғыс иісі Таяу Шығыс елдерінен де тысқары кетпеді. Көптеген адамдардың ойы екі жаққа айырылып, капитализм мен социализмнің шиеленісі сыртқы саясатқа ғана емес, елдің ішкі өміріне де үлкен іріткі туғызды. Таяу Шығыс елдері Батыс және тағы басқа экономикалық дамыған елдер үшін басты байлық мұнайдың үлкен ошағы болды, екіншіден капиталистік мемлекеттер өзіне Азиядан одақтастар жинап, Кеңес Одағына қарсы әскери базаларының санын арттырғысы келсе, үшіншіден, Таяу Шығыс елдеріне деген үстемдігін қайтадан орнатқылары келгенін айқын көруге болады.

Ұлт бойынша жіктелу, ұлы державалардың (КСРО, АҚШ, Англия, Франция) әр елдің ісіне араласып, өздері де пайда табу мақсатында қаржылай көмек беруі, БҰҰ-да шиеленісті тоқтатуын талап етуі, саясаттың екі жақтылығын көрсетеді. Ошақ отын өзі тұтандырып, өзі өшіру дегенге сай келеді.

Израиль мен Палестина арасындағы шиеленіс, еврей және араб деп жіктелу, территориялық мәселелерден туындаған жайттар болып табылады. Өзіндік бағыт-бағдар таңдай алмай, қан-төгіске даяр тұрған мұсылман мемлекеттерінің күштілердің арасында бесіктей тербелуін мемлекеттік құрылым монархиядан да көруге болады. Қайткенменде, бір адамның сөзінің өзгелердің қолын тұсап отырады, халықтардың ел саясатына араласпады. Ішкі және сыртқы бағыттарының дұрыс таңдалмай жүргізілгенге әкелді.

Таяу Шығыстағы соғыс синдромы XXI ғасырда басылған жоқ. Израиль мен Палестинадағы қарулы қақтығыстар бәсеңдемеген. Ирак мәселесі соңғы жылдардың басты өзекті шулы мәселесі болып тұр. Мұнда да басты орталық орында АҚШ тұр. Ал бейбітшіліктің ұясы БҰҰ бұл мәселелерді шешуге дәрменсіз бе, әлде Еуропа мен әсіресе АҚШ-тың ұстанған саясатының астарын жасырады ма? Бұл да бір өзекті өртерлік, әлі де болса тебірентерлік сұрақ.

Дамушы мемлекеттердің санатына енетін Таяу Шығыс елдері 60-70 жылдардан бері дипломатия саласында үлкен жетістіктерге жеткен жоқ. Нарықтық қатынастар толық орнамаған, ескі салт-дәстүр, дін үстемдігі, кекшілдік, терроризм бұл елдерді кері тартпаса, алға сүйремесі уақытпен дәлелденген тұжырымдар.

123
скачать работу

II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ