Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Интернат ашылды



 Другие рефераты
Үстеме шығыстарды бөлу ставкаларын есептеу және пайдалану «КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ» пәні бойынша қашықтықтан оқыту бөліміне арналған Бағасы арзан, сапасы жоғары өнім шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды Таңдама. Таңдаманың сандық сипаттамалары

Ел экономикасы оңалған сайын ел өмірінде жағымды жаңалықтар көбейе түсіп келеді. Соның жарқын бір мысалын білім саласынан да көптеп көруге болады. Ай­талық, бұрынғы жабылып қалған балабақшалармен бір­­ге, мектеп жанындағы ин­тернаттар да қайтадан ашы­луда, яки жаңадан қа­тарға қосылуда.

Соның бір айғағындай, жаңа жыл қарсаңында қала­дағы №45 орта мектеп жанынан қала маңы мен шал­ғайдағы ағайындардың балаларына арналған 120 орын­дық интернат ашылды. Интернат жергілікті бюджет есебінен тез арада жөнделіп, жабдықталды. Сөйтіп, мұн­да негізінен ауыл шаруашы­лығымен айналысатын жан­дардың балаларына сапалы білім, саналы тәрбие алуына барынша қолайлы мүмкіндік жасалды.

Әзірге интернатқа жүзге жуық оқушы жайғасып үл­герді. Олардың ішінде алыстағы Абыралы өңірінің балалары да бар. Мұндағы барлық шығын тұтастай дерлік жергілікті бюджеттің мойнында. Яғни, ата-аналар оның жиырма пайызын ғана төлейді.

Еліміздегі білім саласы 12 жылдық оқыту жүйесіне көшіріліп отырған шақта бұл жас ұрпаққа жақсы қамқорлық болса керек дейді қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева. Ол солай дей келіп, жаңадан ашылған интернатқа қала­лық әкімдік атынан плазма­лық теледидарды сыйға тарт­ты.

скачать работу


 Другие рефераты
Cоциальная стратификация
Марийский национальный костюм как пример художественного наследия народа
Суд как орган судебной власти
Милетская школа философии


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ