Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ішкі секреция бездері

ің эпителиальдік клеткаларында түзіледі. Ол май қышқылының тотығуын тездеті, май қорының шығынын күшейтеді, көмірсуларың майға айналуын тежеп бауыр клеткаларын майланудан сақтайды.
Ұйқы безінің сығындысын калликреин, ваготонин деген заттарда бөлініп алынады. Калликреин артиреалдар мен капиллярларды кеңейтіп қан қысымын төмендетеді.
Ваготонин – парасимпатикалық нервтер тонусын жоғарлатады, эритроциттер түзілуін стимулдайды.
Паталогиясы. Қандағы глюкоза мөлшерінің қалыпты деңгейін ауытқуы паталогиялық көрсеткішке жатады және оны гипо немесе гипергликемия деп атайды. Егер қандағы глюкозаның концентрациясы 0,5 г/л дейінгі деңгейге төмендесе терлегішітік, тахикардия, ашқарақтық және қозғыштық пайда болады. Егер глюкоза мөлшері одан әрі төмендесе – гипогликемиялық комаға ұласады. Гипогликемиялық кома негізінде адам есінен танады, ақыры өлімге әкеліп соғы мүмкін. Мұндай жағдайда организмге глюкозамен глюкагон гармонын енгізу арқылы ғана адамды гипогликемиялық шоктан шығарып алуға болады.
Қандағы глюкоза көлемінің қалыптан тыс көбеюін гипергликемия деп атайды. Гипергликемия инсулиннің жетіспеушілігінен туындайды. Ондай науқасты қан диабеті деп атайды. Инсулиннің қандағы азаюының бірнеше себебі бар:
1) -клеткаларының секреторлық қарқыны төмендейді;
2) Қандағы инсулин белоктармен жаппай байланысқа түседі
3) Нысана- клеткалардың инсулинге сезімталдығы төмендейді;
4) Қанда контринсулярлық гормондар пайда болады (СТТ,АКТГ, глюкокортикоидтар). Контринсулярлық гормондар клетка мембранасының өткізгіштігін төмендетіп, глюкозаның өтуін бөгейді.
Диабет деген атау гректің ″diabaino″- бірденеден өту, сезілу деген сөзінен шыққан. Қант диабетіне шалдыққан кезде қанда қант деңгейінің көтерілетіні 1935жылы анықталды.
Диабет ауруында ең алдымен көмірсу алмасуы бұзылады.Организм клеткалары көмірсуларды пайдаланбай, бауырмен еттерде гликогеннің жасалу мөлшері төмендеп, керісінше оның ыдырауы күшейеді. Нәтижесінде қандағы қанттың мөлшері артады, гипергликемия пайда болады. Қант қалыпты 4,4-6,6ммольден 8-12 ммольл, кейде оданда жоғары болуы мүмкін және ол зәр арқылы сыртқа шығарылады, глюкозурия байқалады. Қан қысымының артуына байланысты тәуліктік зәрдің мөлшері көбейеді (8-10л дейін) Полиурия пайда болады. Организмнен судың көп шығарылуы шөлдегіштікті яғни полидипсияны тудырады. Диабет ауруында май алмасуда бұзылады. Бауырдағы гликогеннің азаюы деподағы майдың бауырға тасмалдауына әсерін тигізеді, қанда гиперлипемия пайда болады. Бұл бауырдың майлануына әкеп соғады. Осыған байланысты майдың кетонды – ацетонды заттарға деген тотығуы күшейеді. Қандағы кетонды заттардың концентратциясы артады. Кетонемия дамып кейін ол- кетонурияға айналады.Қанда ацидоз байқалады, қанның рН өзгереді сөйтіп, улану белгісі –диабеттік кома дамиды.
Диабетте белок алмасуы да бұзылады. Тканьдегегі көмірсудың азаюына байланысты белоктік заттарды көмірсу қоры ретінде пайдалану басталады, яғни глюконеогенез пайда болады. Денеде белоктың ыдырау өнімдері жиналып, азотемия – белок ыдырау өнімдері көбейеді.
Зат алмасуға әсері. Денені діріл басады жүрек қағып, терге шомылады. Қан тамырлары зақымданады. Көру қабілеті төмендейді. Жүйке жүйесінің, тамырларының зақымдануы әр түрлі полиневриттерге себеп болды. Қант диабеті атеросклероздың тездеп дамуына әсер етеді.
Қант диабеті – бұл өте ауыр сырқат. Көптеген ғылыми, тәжірибелік және клиникалық зерттеулер қант диабетінің даму механизмінің себебін анықтауға ғана емес, сонымен қатар оның пайда болу мүмкіндігін білуге бағытталған. Өкінішке орай қант диабетінің алдын – алу мүмкін емес, бірақ оның ерте анықтау мүмкіндігі бар. Бұл – иммуннодиагностика глюкозаға толеранттылық тестігі. Қант диабетінің патогенезі туралы білім деңгейі бір шама ұсыныстар беруге көмектеседі. Бұл ұсыныстарымыз қант диабетінің І немесе ІІ түрімен ауыратын науқастары бар жанұяларға әр түрлі беріледі. (ИТД) инсулинге тәуелді диабет ауыратын ана – аталардың балалары арнайы тексеруден өтіп, қант диабетінің дамуына қауіп – қатер факторы анықталса, олар ерекше көңіл аудару тобына бөліну қажет.
Эпидемиялық паротит, туа пайда болған қызылша, көксаки вирусы және т.б жұқпалы аурулар өте үлкен қауіп төндіреді. Жұқпалы аурумен ауырған қауіп – қатер тобындағы адамдарға глюкозамен жүктеме сынамасын жасау және ұйқы безі аралшықтарыныдағы антидене бар екендігін анықтау қажет.
ИТЕД (инсулинге тәуелді емес диабет) ІІ түрлі барлық нұсқаулардың 75 – 80 пайызын құрайды . оның өзіндік ерекшеліктері болады. Қант диабетінің бірінші түріне қарағанда, бұл түрінде тұқым қуалау мүмкіншілігі жоғары дәрежеде болуына қарамастан, диабетінің дамуына әкелетін сыртқы фактор томақты мөлшерден тыс қолдану болып табылады.
Сондықтан қант диабеті ІІ түрімен ауыратын науқасы бар жанұялардыда тамақты мөлшерден тыс жеуге қарсы күрес жұмыстары жүргізілуі қажет. Семіру физиологиялық қалыппен әрқашан сәйкес болуы керек, жүйелі дене шынықтырумен айналысу өте пайдалы.
Қант диабетінің екі түрі де қатаң диета сақтауды талап етеді. Сонда ғана қандағы қанттың деңгейін қалпына түсіру немесе қанттылықты кеміту үшін қолданылатын дәрі – дәрмектер пайдалануды едәуір азайтуға болады.
Тыйым салынған тағамдар: Қант, бал тосаптар, кәмпиттер, кондитерлік және ұнды дәмдер, тәтті жеміс — жидектер. Сол сияқты семіз сиыр, қой, шошқа, балық, үйрек, қаз етін, шошқа майын, ұйытылған сүт, балмұздақ, шарап ішуге қатаң тиым салынады.
Сонымен қатар диабетімен емделу кезінде бұдан басқа да талаптарды да дұрыс орныдаудың маңызы зор. Мәселен: кешке қарай 30 минут таза ауада серуендеу қажет. Ауасы тазартылған бөлмеде ұйықтау ыңғайлы, үйреншікті жағдайды орнықтырып, тұла бойды еркін ұстау, күні бойы «жабысқан» жағымсыз ойлар мен әсерлерден арылу – міне осының бәрі кеселден жазылып, денсаулығыңызды қалпына келтіруге мүмкіндік жасайтынын жадыңыздан шығармаңыз.

2.3 Ішкі секреция бездерін зерттеу әдістері мен нәтижелері

Ішкі секреция бездерін зерттеу әдісткері.
Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеу үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Олардың негізгілері мынадай:
1. Экомия немесе экстрипация – алып тастау. Бұл безді толық немесе бөлектеп алып тастау әдісі. Операцияда белгілі бір безді алып тастағанда, олардың реттейтін қызметтері бұзылады. Мысалы, қалқансерік бездерін алып тастағанда жүйке ет қоздырғыштығы жоғарылап, қатты жиырылады. Бұл реакция ағзада паратгормонның жетіспеушілігімен қандағы кальций деңгейінің күрт төмендеп, жасушаның қозғыштығына әсер етуінен пайда болады.
2. Эндокринді бездерден алынған сықпаларды және химиялық жағынан таза гормондармен гормондық препараттарды кәдімгі немесе безі алынған жануарларға енгізу.
3. Эндокринді бездерді трансплантациялау, алмастырып тізу. Жануарларда зерттелетін безді алып тастап, пайда болған өзгерістерді бақылау. Одан кейін алып тастаған безді қанмен қамтамасыздандыра отырып дененің басқа бөлігіне отырғызады. Егер осыдан кейін бұзылған функциялар қалпына келсе, бездің ішкі сөлінісі бар деген сөз.
4. Парабиоз әдісі екі жануардың тиісті қан тамыларын жалғастырып, қан айналасын ортақтастыру содан кейін біреуінің безін, я бездерін алып тастап оның жеке қызметіндегі өзгерістерді зерттеу.
5. Ішкі секреция бездерін эксплантатция әдісі арқылы зерттеу. Без немесе оның бір бөлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып оның тіршілік жағдайын зерттеу. Бездің қоректік ортада гормон жасушаның саны мен сапасына әр түрлі прцестердің әсерін зерттеу.
6. Биологиялық сұйықтардағы (қан, линфа несеп т.б) гормондар мен олардың метоболиттерінің мөлшерін химиялық иммунобиологиялық және басқа әдістер арқылы зерттеу.
7. Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу әдістері.
8. Флюрестцияланатын қарсы денелер ең дәл дұрыс әдіс. Кейбір гормондардың қай жерде көбірек орналасқанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көбінесе гистохимиялық зерттеу әдісімен қоса жүргізіледі.
9. Клиникоанатомиялық әдіс. Ауруханаларда ішкі секреция бездері өзгерген адамды бақылап, зерттеу. Өлген адамдағы, белгілі бір бездің гипер және гипофункциялық, патологиялық — анатомиялық және гистологтялық, сонымен қатар денедегі нысаны ұлпаларда пайда болатын өзгерістер зерттелуде.

2.4 ОҚО аудандары бойынша ұйқы безінің ауруы қант диабетінің таралу деңгейі (3 жылдық динамика бойынша)

Біз өз зерттеуімізде облыстық эндокринологиялық орталықта тіркелген көрсеткіштеріне сүйеніп Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының тұрғындарының қант диабетіне шалдығу деңгейін анықтау жұмысын жүргіздік.
Мәліметтердегі 2005-2007жылғы аралықтардағы қант диабетінің көрсеткіші бойынша жылдан жылға өсіп келеді. Мысалы: 2005жылы Сайрам ауданында(инсулинге тәуелді) көрсеткіш 77 болса ,2007жылда 105-ке өскен.
ОҚО-да қант диабетінің І дәрежеліден қарағанда ІІ дәрежелі басым, оның себебтері: қазақтың ас мәзірінде ауыр тағамдардың (бесбармақ,қазы-қарта т.б) мол болуы,қимылдың аз болуы, семіздік т.б себептер.
Балаларда, жас өспірімдерде қант диабетке шалдығу деңгейі ересектерден қарағанда аз себебі: олада тұқым қуалаушылық бен глюкоза мөлшеріне байланысты кездеседі.
Ересектерде қант диабетінің басым болып отыр себептері:инсулиннің аз түзілуі, семіздік,аз қимыл, глюкоза мөлшерінің артуы т.б
Қант диабетінің жалпы белгілері:
1.Тіл құрғауы
2.Шөлдеу
3.Зәрдің көп бөлінуі
4.Арықтау
5.Дене қышымасы
6.Әлсіздік
7.Көз көруінің нашарлауы
8.Тіс босауы
Қант диабетін тудыратын себептері:
1.Инсулиннің түзелуін бұзатын генетикалық себептер(тұқым қуалау)
2. клеткалардың инсулин түзеуден қажуы
3.Инсулиннің белоктармен мөлшерден тыс байланысуы(қосылуы)
4.Ұлпалардың инсулинге сезімталдығының күрт төмендеуі
5.Инсулинді ыдырататын гормондар

12345След.
скачать работу

Ішкі секреция бездері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ