Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі

ықтың ішкі құқыққа үстемдігі де байқалады. Жағдай осылай болғанымен кейбір күштер мұсылмандарды екіжүзді, айлакер, қатыгез етіп көрсетуге тырысады. Әсіресе, Батыс елдерінде мұсылмандар туралы ғасырлар бойы таратылған алып-қашпа әңгімелер салдарынан бұл елдердің халықтары мұсылмандық туралы ештеңе білмесе де, бұрмаланған ақпараттардың кесірінен исламға «алғыоймен» (предубеждение) қарайды. Әз Пайғамбарымыздан бергі ислам тарихында бейбітшілікті бұзуға, адамдарға опасыздық жасауға бастайтын қадамдар болмаған. Өйткені, ислам діні мұндай фиғылдарды (істерді) қатаң түрде шектейді. Мәселен, Құран Кәрімде былай бұйырылған:
«4/58: Шынында, Аллаһ сендерге аманатты оған лайықты болғандарға тапсыруларыңды және адамдар арасында хүкім бергендеріңде әділеттілікпен хүкім етулеріңді бұйырады!»
Жоғарыдағы аятта «адамдар арасында» деген сөздерге назар аударалық. Мұнда «мұсылмандар арасында» делінген жоқ. Демек, мұсылмандар әрқандай хүкім (билік) айтқанда адамдардың дініне, тіліне, этникалық тегіне қарамастан, тек әділеттілікті басшылыққа алып, хүкім етуі керек. Бұл қағида ислам дінінде Жаратушының мүлтіксіз орындалатын бұйрығы, яғни «фарыз» ретінде келтірілген. Мұсылмандар осы бұйрықты әрқашанда басшылыққа алуға міндетті. Басшылыққа алмаған кезде олардың басына әр түрлі пәлекеттер келіп, қыйыншылыққа ұшырап тұрған. Жоғарыдағы бұйрықты орындаған мұсылмандарға Аллаһ Тағала үлкен әжір (сыйлық) һәм дәреже береді:
«2/143: Сөйтіп, сендерді (мұсылмандарды) адамдарға куә болуларың және Елшінің де сендерге куә болуы үшін сендерді орта жолдағы (әділ, тұрақты) бір үммет қылдық!»
«5/8: Ей, иман етушілер! Аллаһ үшін әділетті тік ұстап, әділдікпен куәлік берушілерден болыңдар! Бір жамағатқа (қауымға) деген өшпендіктерің сендерді әділетсіздікке итермесін! Әділ болыңдар, өйткені, ол Аллаһтан қорқатындарға жарасымдырақ!»
Міне, хақ дін исламның үстем парқы, ерекше қасиеті, универсалдық адамгершілігі. Аллаһ Тағала өзінің жаратқан пенделерінің ішінде мұсылмандарды орта жолдағы үммет және әлемдегі әділеттіліктің куәгерлері еткен. Ұлық Раббымыз барлық адамзаттың осы қағидаға сәйкес өмір сүруін қалайды. Енді, мынандай сауал сұрағым келеді: осындай ізгі қағидаға кім қарсы болады? Әлбетте, мұндайға тек әділетсіздікті орнатқысы келетін қанаушы топтар, өзін өзгеден үстем санайтын озбырлық саясатты ұстанушы қаныпезерлер ғана қарсы болуы мүмкін. Ал, дәл бүгінгі күндері біздер осы қағидаға қарсы тұрушылар мен жақтаушылардың күресіне куә болып тұрған жоқпыз ба?
Мұсылмандардың әділеттілігі һәм рахымшылығы жөнінде екі мысал келтірейін. Белгілі ғалым әл-Серахси (уаф. 1090) өзінің «әл-Шәрх ұс-Сиәр әл-Кәбир» атты еңбегінде мынандай фәтуа (бітім) жасайды: «Мәселен, мұсылман елі мен мұсылман емес ел арасында тұтқындарды айырбастау туралы шарт жасалған делік. Осындай жағдайда, мұсылман емес мемлекет райынан қайтып, қолындағы мұсылман тұтқындарды өлтірді делік. Енді, бұған қысастық ретінде мұсылмандардың қолдарындағы мұсылман емес тұтқындарды өлтіруіне әсте болмайды. Өйткені, қылмыстық жауапкершілік әр адамның өз мойнында, сондықтан бір мемлекеттің істеген қылмысы үшін оған қатысы жоқ адамдарды жазалауға болмайды. Яғни, қолдағы тұтқындардың бұл қылмысқа қатысы болмағандықтан, оларды өлтіруге болмайды. Бұл әділетті болудың басты шарты болып табылады» (әл-Серахси, әш-Шәрхұ әс-Сиәр-ұл Кәбир, 1-том, 43-бет).
Имам әл-Серахси секілді Жалаладдин әл-Сұйұти (уаф. 1505), Зейнеддин Нұжеймұлы (Ибн Нұжейм, уаф. 1563), Мұхаммед әл-Бұрнұ, әл-Зарқа (1904-1999) қатарлы белгілі фақиһтер (ислам құқықшылары) жоғарыдағы аяттар мен фәтуалар негізінде мынандай ұйғарымға келген: «Зиянға (жамандыққа) зиянмен (жамандықпен) жауап берілмейді!», «Зұлымдық (жауыздық) зұлымдықпен (жауыздықпен) жойылмайды!». Міне, мұсылмандар ғасырлар бойы дініміздің осы қағидаларын орындап, келісімшарттарда көрсетілген міндеттерді толығымен өтеп, адамдардың діні мен тіліне қарамастан, әділеттілікті сақтай білген. Осы қағиданың тарихи бір мысалын келітерілк: Әмәуи (Омеяд) ханаданын орнатқан Мұғауия Әбу Сұфйанұлының (уаф. 680) әміршілігі кезінде мұсылмандар мен Бизантия арасында тұтқындарды ауыстыру туралы келісімге қол қойылған-ды. Ұрымдар (Бизантиялықтар – М.Б.) келісімшарттағы уәдені орындамай, қолдарындағы мұсылман тұтқындарды өлтіреді. Осы аянышты жағдай патшаға айтылғанда Мұғауия былай деп хүкім береді: «Уәдені орындау опасыздықтан және аярлықтан абзал-дүр. Пайғамбарымыздың былай айтқанын естіп едім: «Ей, Мұғауия! Саған бір аманат тапсырылғанда, сол аманатқа адалдықпен ие бол! Саған қиянаттық жасағанға қиянаттық жасама!».» (Әбу Дәуіт, Бұйұ, 79-хадис және әл-Тирмизи, Бұйұ, 38-хадис). Сөйтіп, Мұғауия тұтқындардың өлтірілуіне рұқсат етпейді. Біреудің қаталығы салдарынан оған қатысы жоқ жазықсыз адамдарды жазалауға болмайды. Бұл туралы хүкім жоғарыда айтқанымыздай Құран Кәрімде айтылған: «53/38: Ешкім ешкімнің күнәсін көтермейді!» (осы хүкім Құран Кәрімде бір неше рет қайталанған. Қараңыз: 35/18, 6/164, 17/15 және 39/7 аяттар).
Осы аят негізінде мынандай нәтиже шығаруға болады. Мәселен, бір кемеде тоғыз қанішер уә бір жазықсыз адам саяхаттауда. Енді, әлгі тоғыз қанішерді жазалау үшін осы кемені бомбалауға, суға батыруға болмайды, өйткені онда жазықсыз бiр адам бар. Ол жазықсыз адамның өмір сүру құқығы бар. Ал, қылмыскерлердің де өз-өздерін сот алдында қорғау құқықтары бар. Демек, Америкадағы бейкүнә адамдардың өліміне себеп болған террорлық шабуылды жүрегінде Аллаһ Тағалаға зәрредей иманы бар мұсылманның жасауы мүмкін емес. Адамдарды нахақтан өлтіру үлкен зұлымдық болып табылады уә Аллаһ Тағаланың азабына ұшыратады. Сондықтан, менің ойымша 11 қыркүйек уақиғаларын жан-жақты талдап, мұсылмандарға дереу жала жаппай, басқа себептерді іздестірген жөн. Бұл уақиғаға бір де бір мұсылман елінің азаматының қатысқандығы анықталса, онда сол адамдарды ғана айыптау керек, пәк исламды емес.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Израилдің бас министрі Ицхак Рабин (Yitzhak Rabin, 1922-1995) ресми жыйналыста сөз сөйлеп жатқанда, әсіре оңшыл йаһұди (еврей) діни ұйымының мүшесі бір жас жігіт оны атып өлтірген-ді. Ол жігіт қазір Израилде зынданда қамауда. Бірақ, мені таң қалдырғаны өз елінің Бас министрін өлтіргенде дүниежүзілік баспасөзде «Еврей терроризмi» деген тіркес қолданылған жоқ! Алайда, қолы қанды терроршы Ицхак Рабинді Палестиналықтарға көп құқықтар берді деп өлтрігенін мойындаған. Егер Рабинді бір мұсылман өлтіргенде, Израилдің қаншалықты қырып-жою шараларын іске асырарын енді өзіңіз ойлаңыз, ағайын...
Құран Кәрімнің даналығына, хақиқаттығына, әділетті һәм адамшылықты уағыздайтын сөздеріне таң қалмасқа шараң жоқ. Мәселен, мына аятты оқыйық:
«8/58: Егер сенімен шарт жасасқан бір қауымның қиянаттығынан шынымен секемденсең, оларға хақты және әділетті сақтай отырып, бұл жағдайды хабарла және олардың уәделерін өздеріне кері қайтар. Сірә, Аллаһ қиянатшылдарды ұнатпайды!».
Демек, шартты бұзудың да ережелері, талаптары бар. Мұсылман шартты бұзған күннің өзінде хақтан, әділеттіліктен айырылмауы керек. Ең басты нәрсе өзінің және қарсыласының адам екенін ұмытпауы керек. Барлық адамзаттың Иесі бір Аллаһ болғандықтан, оның пенделеріне әділеттілікпен қарайласу керек. Адам баласының бәрі де исламға мұхтаж. Мұсылман мұны ескере отырып, әсіресе, мұсылман еместерге мұсамаха (толеранттылық) көрсетіп, оларға хақ дінімізді жақсы үлгі болып таныту керек. Адамдардың әртүрлі ұлттардан болуы да, айналып келгенде, Раббымыздың хикметі:
«30/22: Көктер мен жердің жаратылуы, тілдерің мен өңдеріңнің, дауыстарың мен кескіндеріңнің өзгешелігі де Оның (Аллаһтың) аяттарынан-дүр»
«5/48: Егер Аллаһ қаласа, сендерді бір-ақ үммет етіп жаратар еді. Бірак, Ол сендерді берген нығметтерімен сынау үшін түрлі үмметтерге айырды. Ендеше, ізгілікте жарысыңдар!»
Исламның қағидалары осыншама хикметті, осыншама мейірімді болғанымен Батыс менталитетінде, ойлау жүйесінде адамдарды мүсіркеушілік, адамдарға сенбеушілік, оларды нәсіліне және діни сеніміне қарай бөлушілік жиі кезігеді. Әрине, мұның тамыры тереңде жатыр. Мәселен, Иса Мәриямұлынан (м.б. 4?- м.к. 30?) бұрынғы ІІІ-ғасырда жасаған латын кезеңінің ақындарынан Плавт (Plautus, уаф. м.б. 183) адамды былайша тағриф еткен (сипаттаған): «Homo homini lupus», яғни «адам адамға қасқыр». Ислам болса, адамдардың діни нанымдары мен нәсілдерінің әртүрлі болуын тікелей Аллаһ Тағаланың хикметіне апарған да мұны оқшаулау уә кемсіту үшін қолданудың үлкен күнә екенін көрсеткен. Рим құқығындағы «Bellum omnium contra omnes», яғни «әркімнің әркімге қарсы соғысуы» қағидасы Батыс халықтарының ғасырлар бойы бітпей келе жатқан соғыстарының негізіндегі философияны аңғартса керек. Алайда, 637 жылы Құдс шаһарын (Иерусалим) азат еткен әмірші Омар әл-Хаттабұлы христиандардың патриархы Софрониуспен (Sofronius, уаф. 638) шарт жасасып, олардың діні мен тіліне, өмір салтына толық кепілдік берген-ді. Бұл мұсылмандардың соғысқұмарлығын емес, бейбітқұмарлығын көрсетеді.
Мұсылман әміршілер тарихта бейбіт тоқтам жасау жағымен мәшһүр болған. Мәселен, халифа Мұғауия Әбу Сұфйанұлы 656 ж. Бизантия императоры IV Константинмен (уаф. 685) бейбітшілік бітім жасаған. Халифа Һарұн әл-Рашид (763-809) 799 ж. франк императоры Карлмен (Charlemagne, 742?-814) шартқа қол қойған т.т. Құдс шаһарын шармықшылардан (крестшілер – М.Б.) азат еткен көрнекті мемлекет қайраткері Салахаддин әл-Аййұби (1138-1193) 1193 ж. Бизантия патшасы II Изакпен (Izak II Angelos, 1156-1204) келісім жасасқан. Аббасилер, Мәмлүктер, Селжүктер, Османилар дәуірінде көптеген келісімшарттар жасалып, соғыстар жойылып, ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізілген. Мұсылмандардың бейбітшілікті басты саясат етуіне қарама қарсы бағытты ұстанған еуропалықтар ылғи да экспансионистік, отарлаушылық сыртқы саясатты қолданған. Рим Па
12345
скачать работу

Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ