Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі

н бейкүнә адамдар осылайша қырылған (Noam Chomsky, Year 501: The Conquest continues, Boston, South End Press, 1993, 21-23 және 263-264 беттер). Протестант дін көсемдерінен Жошия Стронг (Josiah Strong, 1847-1916) ақ нәсілдің үстемдігін жақтап, қызылтерілілерді қырудың заңды екенін уағыздаушы еді. Америкадағы англо-саксон нәсілшілігінің негізін қалағандардың басында протестант көсемі Жон Уилсонды (John Wilson, 1800?-1877) айтуымыз керек. Ол 1837 жылы англо-саксондардың күллі адамзаттың ең үстем нәсілі екені пікірін насихаттаған (Thomas F. Grosset, Race, 178-190-беттер).
Америкада жасалған геноцидтер мен террорлық әрекеттерді зерттеген Ноам Чомски (Noam Chomsky, 1928- ) бүгінгі жағдай туралы кітабында былай дейді: «Пуритандар (христиан сектасы – М.Б.) тарапынан жасалған қырғындар арадан ғасырлар өтсе дағы бүгінгі АҚШ жасап отырған террор әрекеттерінің қайнар көзі болып табылады. Жүздеген мысалдың ішінен біреуін ғана келтірейін: 1980 жылы АҚШ Салвадор уә Хондұрас (Гондурас) мемлекеттері арасында соғыс ұйымдастырды. Эл-Салвадор соғысындағы Рио Симпул қырғынын мысал етуге болады. АҚШ тарапынан арнайы тәрбиеленген, АҚШ тарапынан қаруландырылған және элитаға қызмет ететін әскери топтар жасаған жүздеген қырғындарды айтуға болады. Бұл қырғындар АҚШ ғасырлар бойы жасаған доктриналардың жаңа қырының іске асуы болып табылады…» (Thomas F. Grosset, Race, 178-190-беттер).
Америка мен дамыған мемлекеттердің халықаралық саясаттағы қос стандартының (екібеткейлігінің) енді бір мысалын келтірейін. Африканың дәл кіндігінде орналасқан екі кішкентай мемлекет бар: Руанда уә Бұрұнди. 1996 жылы көршілес осы екі елдің президенттері өз елдерінде түсініксіз жағдайда тік ұшақ апатынан бір күнде қаза табады. Бұл елдерде тұратын хұтұ және тұтси тайпалары бірімен-бірі соғыса бастайды да, бар-жоғы бір-ақ аптада 500 мың адам өледі! Адам қаны сел болып аққан осы соғысқа Америкаңыз да, Еуропа елдері де, БҰҰ да телміріп қарайды. Олардың осы адами һәм трагедиялық апатқа еш шара қолданбауы, табиғи русурстары мүлдем жоқ осы кедей елдердегі қырғынға лақайыттықпен (немқұридылықпен) қарауы ойлантады. Ал, Американың соңғы 15 жылда әскери шабуыл жасаған елдеріне қарасақ, олар – Ливия, Сұдан, Сомали, Ирақ, Ауғаныстан т.т, әсілі негізінен мұсылман елдері.
Палестина проблемасы 1948 жылдан бері шешілген жоқ. Йаһұдилердің өз мемлекеттері бар, бірақ палестиналықтардың әлі күнге дейін мемлекеттері жоқ. Бұл БҰҰ тарапынан қабылданған «self-determination», яғни «әр халық өзінің тағдырын өзі шешуге құқықты» деген қағидаға қайшы екені ешкімді алаңдатпайды. Палестинада бүгін алпысқа келген адамдардың өмір бойы көргені тек қан, қорлық пен зорлық, қақпайлану, бопсалану, аштық, жалаңаштық, азаматсыздық, көз жасы, қорқыныш т.т. БҰҰ қабылдаған қаулылардың бірде бірін есепке алмайтын Израил өз саясатын жүзеге асырып келеді. Ал, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде вето құқығына ие елдер мыналар: АҚШ, Франция, Британия, Ресей және Қытай. Олардың құрамында Түркия, Индонезия, Мысыр, Иран, Пәкістан, Сауди Арабыстан секілді бір де бір мұсылман елінің болмауы тағы да түсініксіз. Ал, Палестина мәселесі шешімін таппай Таяу Шығыс пен Орталық Азия аймағында бейбітшіліктің орнауы екіталай деу үшін сәуегей болу қажет емес. Аталмыш аймақтарда бейбітшілік болмайынша әлемдік тыныштық пен татулықтың орнауы да мүмкін емес.
АҚШ-та дүниежүзіндегі жансанының 5-ақ пайызы өмір сүреді. Бұған қарамастан әлемдегі табыстың тең 50 пайызы осы мемлекеттің үлесінде. Осы байлықтың қызығын АҚШ халқының 10 пайызынан аспайтын бақытты азшылық көруде. Жалпы, Америка қарама-қайшылықтар елі. Миллиардтаған долларлық байлықтарымен тізімнен түспейтін капиталистер мен тесік долларды көре алмай жүрген он миллиондаған кедейлер армиясы. Халықтың президент сайлауына қатыспай жүргені де сондықтан. Бірақ, бұған қарамастан АҚШ әскери, барлау және ғарыш технологиясы салаларында аса жомарт жобаларды жүзеге асыруда. Әлемдік қару-жарақ өндірісін өз монополиясында ұстауда. Мұсылмандарды есіріткі саудасымен айыптап жүрген, АҚШ, Британия, Франция, Германия, Белгия, Ресей және Қытай елдері дүниежүзілік қарау-жарақ саудасының қызығын көруде. Мұсылман елдері мен көптеген Африка, Азия және Оңтүстік Америка елдері қару-жарақ жағынан осы елдердің біріне яки бірнешеуіне тәуелді.
Жуырда, Америка Түркияның қолдауына рахмет айтып, оған бұрын рұқсат етілмеген әскери техниканы сататынын айтты. Алайда, Түркия мына шарттарды орындағанда ғана Американың қару-жарақтарын сатып ала алады:
1-) Түркия сатып алған қару-жарақтарға ұқсас қаруларды өндірмеуге кепілдік береді.
2-) Түркия сатып алған қару-жарақтардың құрылымдарына әрқандай бір өзгеріс енгізбеуге кепілдік береді.
3-) Түркия сатып алған қару-жарақтарға қажетті қосалқы бөлшектерді өзі жасамауға, оларды тек АҚШ-тан сатып алуға кепілдік береді.
4-) Түркия сатып алған қару-жарақтарды басқа елдерге сатпауға кепілдік береді.
Иә, «дос» һәм «одақтас» Америка осылайша Ауғаныстандағы операцияларға жасаған көмегі үшін Түркияға жаңа әскери құралдарды сататынын мәлімдеп, алғыс айтып отыр. Батыс елдерінің жойқын қаруларын сатып алған артта қалған яки дамып келе жатқан елдердің азаматтары бірін-бірі қыруда. Ал, бұлардың шетелденуінен (экспортынан) түскен ақша болса бай елдердің байлығына байлық қосуда. Сонда, кісілерді өлтіретін қаруларды экспорттау заңды болып шығады да, өздері ұйымдастырған есіріткі саудасының айыбы мұсылмандарға жабылады. Мұнда да бір гәп бар сияқты.
Американың бағзы басшылары әлемдік терроризм мен ислам дінін қоса атауды үрдіске айналдырды. Тіпті, президент Жорж Бұш (George W. Bush) бір сөзінде: «Шармық (крест) жорығын бастаймыз. Бұл жорықтың ұзаққа созылары сөзсіз» деді. Бұған Владимир Путин, Жак Ширак, Хұсни Мүбарак, Мұхаммед Хатами, Ахмед Сезер қатарлы елбасылары қатты сын айтқан соң, Ақ Үй ресми түрде мұслымандардан кешірім сұрап, президенттің сөзінің басқа мағынада айтылғандығын айтып жатты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев (1940- ) бұл үрдістің келешекте қауіпті нәтижелер беретінін ескерте келіп, терроризмге қарсы соғыс өркениеттер арасындағы соғысқа, тікелей айтқанда мұсылмандар мен христандардың соғысына айналмауы керек деді. Мұның ізі суымай жатып Италияның Премьері Силвио Берлускони (Silvio Berlusconi, 1936- ): «Батыс өркениеті ислам өркениетінен үстем» деді. Тағы да айғай-шу. Ол да артынан кешірім өтінді. Бірақ, олардың бұл сөздері тіл шатасуы десек те кей нәрселерді білдіргендей болды...
Менің ойымша, Америка басшылары терроризм жағынан мұсылмандарды бекер айыптауда. Олар алдымен өзінің ішіндегі террористерді анықтап алу керек. Меніңше, терроризмнің осыншама модаға айналуында ең басты кінәлінің бірі сол Америкадағы Голливудтың тап өзі. Иә, соңғы 20 жылда жасалған кино-фильмдерді алып қараңызшы. Кісі көрерлік фильм жоқтың қасы. 11 қыркүйектегі шабуылға ұқсас, тіпті бірдей сюжеттерді көптеген фильмдерден көруге болады. Голливуд жүйелі түрде терроризмді уағыздауда. Қалған филмьдерде вампирлер мен шайтандар, ғарыштан келген тәңірлер мен құбыжықтар, еркекшоралар мен қызтекелер, екіқабат болған еркектер мен құлтемірлер (роботтар), мафия басшылары мен қанішерлерді ғана көресіз. Төбелесі мол фильмдерде кісі қаны суша ағады, әйел зорлау мен банкі тонаушылық өнердің шырқау шегі етіп көрсетіледі. Қылмыскерлердің өмірі туралы фильмдерге қарағаныңда қылмыскер-ақ болғың келеді. Әлгі байғұс қылмыскерді сақшы (полиция) ұстамаса екен шіркін деп отырасың. Жылына миллиардтаған доллар айналатын кино өндірісі, сөйтіп, ғасырлар бойы қалыптасқан адами құндылықтарды, жанұя мен намыс, имандылық пен ар-ұят институттарын құлатуға әрекет етуде. Кәдімгі тіршілікке байланысты, адамға ғибрат аларлық, үлгі боларлық, адамшылықты, әділеттілікті, имандылықты уағыздайтын фильмдерді көрмейсің. Әншейін, Голливуд босстары адам баласы ақыл-есінен айырылса екен-ау дейтіндей. Сондықтан, Америка басшылары алдымен өзінің ішіндегі терроризммен, оның уағыздаушысы Голливудпен есептесіп алғаны жөн демекшімін.
Ауғаныстан мәселесіне келер болсақ; біріншіден, Рим шаһарында және БҰҰ құрамында халықаралық терроризм қылмыстары соттары бар. АҚШ осы соттарға жүгінудің орнына бір айдың ішінде Ауғаныстанға шабуыл жасағанды жөн деп санады. Америка жоғарыда айтқанымыздай, әлемнің ең бай мемлекеті, ал Ауғаныстан болса ең кедейі. Әл-Қағида ұйымының 2000 қарулы адамы бар екен. Алайда, әлемде 2 миллиард мұсылман бар. Мұсылмандардың бәрі лаңкес емес, әл-қағида секілділер маргиналды топтар. Екі мың адамға бола 2 миллиард мұсылманға күйе жағуға болмайды ғой. Екіншіден, Талибан ұйымына қаржылай, саяси қолдау көрсетіп, оны билікке әкелген тағы да осы Американың өзі болатын. Олар Ауғаныстанның демократиялық сайлаумен билікке келген президенті Бұрһанұддин Раббаниды (1940- ) күшпен құлатып, осы елдің жерін жаулап алып, өз-өздерін үкімет етіп жариялағандар. Енді, Америка олармен соғысып жатыр. Бұл да түсініксіз жағдай. Талибан Ауғаныстанның заңды билеушісі емес. Екіншіден, оның істеп отырғаны ислам дінінің талаптарымен сәйкес келмей отыр. Көшеде әйелдерді қамшылап сабау, еркектердің сақалымен алысып 100 дүре соғу, телевизор мен радиоға тыйым салу т.т. Мұндай әрекеттер бүгінгі мұсылман елдерінің бірде бірінде жоқ, тарихта да болмаған. Сондықтан, талибан біреулердің тапсырмасын орындап, адамзатты исламнан бездіру қызметін саналы атқаруда ма дейсің. Америка бұл елді бомбалап, өз әскерлерін кіргізгенде, талибанның қарсылық көрсетпей, барлық қалаларды босатып беруі осы күдігімді растағандай. Алдағы мәселе Ауғаныстанның келешегі қалай болмақ мәселесі. Бұл елдің келешегі біздің еліміздің келешегіне тікелей әсер ететінін естен шығармайық ағайын...
Қорыта айтқанда, мұсылман үмметі соңғы кездері қыйын сыннан өтуде. Бізге хайырлы көрінген нәрсе артынан шәр болып шығуы мүмкін. Бізге шәр болып көрінген нәрсе артынан хайырлы болуы мүмкін. 11 қыркүйектегі қанды уақиға басында мұсылман үмметіне қайғы әкелгендей болды. Бірақ, кеше ғана (16.11.2001 ж.) Түркияның Б
12345
скачать работу

Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ