Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі

ас мүфтиі Мұхаммед Нұри Йылмаз (Mehmet Nuri Yilmaz, 1943- ) мырзаның түрік теледидарына берген сұхбатын көргенімде Аллаһ Тағалама хамд уә сана айттым. Журналист 11 қыркүйек уақиғасының ислам әлеміне қандай зияны болды деп сұрағанда Бас мұфти былай деп жауап берді: «Біз мұсылмандар терроизмді лағынеттейміз. Ислам діні адамдарға жапа шектіруге қарсы дін. Мұсылмандарды терроризммен байланыстырғысы келетіндермен келіспеймiз. Бірақ, осы арада мынандай қуантушы дерек қолыма келіп түсті. Түркия мемлекетінің шетелдердегі елшіліктерінде Түркия Диянат Істері Басқармасының уәкілдіктері қызмет атқаруда. Аталмыш террор шабуылынан кейін біздің дүниенің көптеген елдеріндегі уәкілдіктерімізге сол елдердің азаматтары келіп, Құран Кәрім сатып алуда. Құран Кәрімнiң сатылу мөлшері рекордтық сәуиеге жеткен, тіпті тапсырыстарды қамсыздандыруға үлгере алмай отырмыз. Бұдан басқа мыңдағаң хаттар мен факстар жіберілуде. Батыс халықтары уә Американың тұрғындары ислам дінінде терроризмді уағыздайтын қандай қағида бар екен деп, бұл ислам деген қандай дін өзі деп, дінімізді зерттеуде. Сондықтан, бұл уақиға ислам дінінің таралуына соны серпін бере ме екен деп үміттенемін». Міне, Аллаһ Тағаланың құдіреті деген осы. Біреулер ислам дінінің таралуының алдын алу мақсатымен мұсылмандарға жала жауып еді, Аллаһ Тағала олардың жоспарларын теріске шығарды, өйткені Оның өз жоспары бар...
Бүгінгі күндері мұсылман бауырларымызға үлкен жауапкершілік артылуда. Болған уақиғаларға сабырлық көрсетіп, дінімізді негізгі бұлақтардан түсініп, төңірегіміздегілерге шамамыз жеткенінше түсіндіру басты міндетіміз. Тағы да қайталап айтқанда, ислам дінінің бейбітшілік, татулық, адамшылық, достық, туыстық, тазалық, рахмет уә мағфират, теңдік уә әділет діні екенін ұмытпайық, ағайын. Рамазан айы мүбәрәк болсын, ағайын. Жаратқан Пәруардигар ислам әлеміне, күллі адамзатқа һидаят уә тафуиқ бергей. Ұлық Аллаһ дін исламға қуат берсін, отанымызды сақтасын деп тілек айтамын.


12345
скачать работу

Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ