Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ислам дініндегі хош көрушілік

арқанд билеушілерінің Пенжикенттегі сарай тамтықтарынан анықталғанындай, осы қаладағы ғибадатхана мен сарайдың құрылысы VIII-ғасырдың басында, яғни араб билігі кезінде ғана бітірілген екен. Біздің бұнан ұққанымыз; саяси және әскери жаулаушылықтың жағып-өртеу, құлату мен қирату түрінде болмағаны. Ислами емес ғимараттар мен Орта Азияның Исламнан бұрынғы мәдениетінің IX-ғасырдың алғашқы жартысына дейін хошкөрілгенін жазба деректерге қоса мазарларда жасалған қазба жұмыстарынан табылған материалдар да растайды” /[11]/. Міне, нағыз ғылым жолын қуған ғалымның тұжырымы! Мұсылмандар Самарқандты билеп алған күннің өзінде, қалада бұтхана, отхана т.т. жасалуына рұқсат еткен екен. Мұны бүкіл өмірін Орталық Азия мәдениет тарихын зерттеуге бағыштаған алман ғалым, профессор Хаұссиг (1916 ж. туған) айтып отыр.

Мұсылмандарға жабылған жаланың енді бірі, олардың суретті тыйып, суретшілерді қор көргені сықылды мантыққа (логика) муафық емес қылықтар. Мисалы, Иранда билік орнатқан Тахирилер әулеті Нишабұр қаласындағы сарайының суреттермен безендірілуіне қарсылық көрсетпеген. Бұдан басқа Ауғаныстандағы Лешкер (Лашкаргах) базарында (әскери базар) және Ғазна сұлтандарының жазғы сарайының дуалдарында суреттер табуға болады. Самарқандтағы Регистандағы атақты Ширдар медресесінің алдыңғы қасбетінде арыстан бейнелері, Тәжікістандаға Хульбук билеушісі Хұтталян әулетінің сарайында (ХI ғ.), Тірміз билеушісінің қала сыртындағы мәлікханасында (ХII ғ.), Түрікменістандағы Анау қаласындағы мешіттің дарбазасындағы айдаһар бейнесі және көптеген медреселерде аң-жануар суреттерін көруге болады /[12]/. Бұдан басқа, тағы да Ирандағы көптеген ғимараттарда, Түркиядағы Селжүктерден қалған кейбір медресе-мешіттердің қабырғаларында суреттер бар. Тағы да, шыны-керамикадан жасалған ыдыстарда, миниатуралар мен көптеген кітаптардың қолжазбаларында әр түрлі тақырыптағы суреттерді кездестіруге болады. Әрине, сурет салғандағы мақсат, ниет өте маңызды. Білім беру мақсатымен (мисалы оқулықтарда, кітаптарда), ғибрат алу мақсатымен жасалған суреттердің оқасы жоқ деп саналған. Бірақ, табыну, нәпсіні азғыру, өзімшілдігін қандыру, кібірлік жасау, сиыну үшін сурет салуға рұқсат етілмеген. Бұдан басқа ғайри-мұслимдер құсап періштелерді тыр жалаңаш әйелдер, ал әулие-пайғамбарларды тыр жалаңаш еркектер етіп суреттеуге мүлде рұқсат етілмеген.

Исламды көшпелi өмiр мен көшпендiлерге қарсы етіп көрсету Кеңес дәуірінен келе жатқан үрдiс /[13]/. Алайда, оның шындыққа саймайтынын мына уақиға дәлелдейдi; Хорасан мен Хорезiмдi өз билiгiне қаратып бiрiктiрген Бұхара ханы Өзбек әулетінен Абдұллаһ, 1583 ж. хан боп жарияланғанда, ежелгі мұңғұл салты сақталып, ақ кигiзбен көтерiлген-дi. Ұбайдұллаһ хан секiлдi мұсылмандыққа қатты берiлген Абдұллаһ ханның бұл әрекетi, мұсылман мемлекетiнiң ең жоғарғы салтанатты да ресми мұрасымында мұңғұл жолын қолдануы, мұсамаха[14] мен кеңшiлiктiң нағыз дәлелi /[15]/.

Исламның басқа діндегілерге мәлім болып, олардың қошеметіне бөленуінде мұсылман мемлекет қайраткерлері мен ғұламалар ұстанған позиция да маңызды рөл атқарды; мәселен, Әмәуи уә Аббаси қосындарында әскер болған түрік-иран халықтарының өз дінін ұстануына рұқсат етілген. Бұған дәлел ретінде қолбасы Афшинның бұтын өзімен ала жүргенін көрсетуге болады /[16]/. Фыранса Ғылыми Зерттеу Орталығының ұстаздарынан, белгілі ғалым Мұхаммед Хамидұллаһ: “Осы арада, иман еткен кейбір ирандықтардың өтініші бойынша Пайғамбардың рұқсатын алған Салман әл-Фарси фатиха сүресін парсы тіліне аударған. Әлгі парсы мұсылмандар фатиханың арабшасын түсініп, жаттағанша парсыша тәржімесін құлшылықта пайдаланған” дейді /[17]/. Тегі иран халқынан шыққан Имам Ағзам Әбу Ханифа (Нұғман Сәбитұлы, 699-767) мен оның жолын ұстанған шәкірттерінен Имам Мұхаммед пен Имам Жүсіп арабша білмейтін адамдардың ғибадат кезінде парсы тілін қолдануына рұқсат еткен. Имам Омар әл-Нәсәфи кейбір сүрелерді парсышаға аударған /[18]/. Осы арада, Ислам ғылымдары мен иғтиқадтың негізгі бұлақтарын ғылыми түрде реттеп, тұжырымдаған Әбу Ханифа (699-767), Имам Бұхари (810-870), Имам Тирмизи (уаф. 892), әл-Матұриди (870-944) қатарлы көптеген ғалымдардың түрік-парсы жұртынан шыққанын және Орта Азиялық екенін айтқанымыз жөн.

Ұкраина жері 1475 ж. Одесса Осман патшалығына қаратылғаннан бастап 1699 ж. Карлофча /[19]/ келісім шартына дейін тура 224 жыл мұсылман билігінде болған ел. Осман хакімияты кезінде ұқраиналықтар өз тілі мен дінін еркін ұстанды һәм әдет-салтын жалғастырды. Орыс патшасы I Петр 1709 ж. шведтерді жеңген соң, Ұқраинаны Ресей патшалығына қосқанын жария етті. Осыдан бастап ұкраиналықтар үшін азалы күндер басталады да ақырында олар көтеріліс жасауға мәжбүр болды. Қатын патша II Екатерина ұкраиналықтардың ұлттық мәжілісі “Запорожская Сйечті” 1775 ж. жауып тастайды. Ресей өкіметі ұкраин тілінің қолданылуына тыйым салады /[20]/. Міне, осы тарихи фактілер мұсылмандардың басқа халықтардың мәдениетін қаншалықты сыйлағанын және хош көргенін көрсетеді.

Тарихи хақиқаттар айдан анық болып тұрғанымен “аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін” дегендей, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының иелері мен әлемдік қанаушы топтарының атқосшылары ылғи да мұсылмандықты қатал, экстремист, мархаматсыз дін етіп көрсетуге тырысуда. Олар туралы белгілі ғалым Р. Бердібай былай деп жазған; “Мұсылмандарға деген айрықша өштік тек өткен дәуірдің ауыр шындығы болып қалса бір сәрі ғой. Бұл көзқарастың толастамай, жалғасып келе жатқаны қорқынышты. Өркениет үлгісін көрсетеміз деп кеуде қағатын батыс насихатшыларының арасында мәселенің дұрыс, бұрысын анықтап жатпай, Ислам атына қара күйе жағуды әдетке айналдырғандар аз емес. Әлемнің әрбір түкпірінде етек алған экстремистік, террористік, бандиттікке Исламды “қосақтай” салу дағдыға айналып бара жатыр. Бұған алыстан мысал іздемей-ақ әлемнің көп тілдерінде беріліп тұратын “Свобода” радиосының күн сайынғы хабарларын мысалға алсақ та жеткілікті. Лондон, Парис, Нью-Йорк, Мәскеу экстремистері жай ғана қылмыстылар, ал мұсылман шығысында бой көрсеткен бұзықтықтар міндетті түрде Ислам экстремистері деп айта берушілік арам пиғылдың көрінісі демеске болмайды. Мұның аты жалпы Исламды жамандау болып шығады. Біз бұл арада батыс елдерінен шыққан қылмыстыларды христиан немесе иудей экстремистері деп атауды ұсынғалы отырған жоқпыз. Теріс жолға түскен, заңды бұзғандар үшін исламның да, христианның да діні айыпты емес. Ал белгілі бір дінді бөліп алып, жаппай қаралай беру, сыпайылап айтқанда, діндер арасында от тастаумен барабар. Исламды мансұқтау сарыны Ресей баспасөзінде жиі кездесетіні бұрыннан мәлім. Мұның себебі түсінікті. Үйткені, Ислам дәстүрі күшті сақталған елдерде еуроцентризм өріс таба алмайды, тәуелсіздік қамалы мықты болады. Мұндай жағдай басқаларды – құл, өздерін өктем санап үйренгендерге әсте ұнамайды. Исламның батыс экспансионистеріне жақпайтын жері осы. Тағы бір өкінерлік жері – біздің кейбір зыялыларымыз ислам жөнінде бұрмаланған пікірлерге имандай сеніп, оның жауларымен қосарлана шаба жөнеледі” /[21]/. Рахаңның имандай сенеді дегенінің жаны бар; үйткені, біздегі екінші баспа шығыс бұрмалаушылар қамданып жатқан соң, олардың батыстағы әріптестері құрметті демалысқа шықса да болғаны.

Хақ дін Исламның бейбіт таралғанын, мұсылмандардың бағынышты халықтарға әділетті болғанын Т. Карлайл, Гұстав ле Бон, Томас Арнолд және А. Тойнби (Arnold Toynbee, 1889-1975) секілді ынсабын жоғалтпаған батыс авторлары да мойындауда.

Кейбiр деректерде медресе иснтитутының тұңғыш рет Бұхарада пайда болғаны, Исламнан бұрын Бұхараның бұддашылдықтың маңызды дiни орталығының бiрi болғаны, мұнда көптеген вихаралардың (вихара деп бұддашылдықтың дiни, рухани мектебiн айтады) болғаны, тiптi, Бұхара атауының сол вихарадан шыққаны айтылады. Бартольдтың пiкiрiнше, бұддашылдық Орта Азиядан кеткенiмен, iзiн қалдырып кеткен, яғни сол вихаралардың негiзiнде медреселер пайда болған /[22]/.

Бiздiңше, бұл әбден табиғи һәм рационалдық құбылыс, дамудың нақты сатысы. Егер бұддашылардың кейбiр жүйелерi, әдiстерi адамзатқа пайдалы болса, оны неге алмасқа? Мұсылмандар қадими гректiң фәлсәфәсін, Персияның кейбiр экономикалық һәм әкімшілік заңдылықтарын, Сұрияның медициналық жетістіктерін, Қытайдың дамыған ілімдері мен технологияларын қабылдаған жоқ па? Ислам тарихы осындай уақиғалардың, дамулардың мысалдарына өте бай. Үйткенi, ғылымның, технологияның дiнi де ұлты да болмайды. Дәл бүгiнгi ғылыми-технологиялық даму сәуиесінде (деңгейiнде) соған көзiмiз жеткендей. Мұсылмандардың басқа дiн мансұбтарының жетiстiктерiн меңгерiп алғаны сондықтан таң қаларлық жағдай емес. Бiрақ, мұсылмандар пәленнен ананы алған, мынаны алған деушiлердiң осы арада бiр комплексi бар секiлдi!

Тағы да айта кететiн бiр маңызды жәһiт; Орталық Азия өңiрi мен мұсылман әлемiнiң басқа өлкелерiнде Ислам дiнiнiң таралуына, жергiлiктi халықтарға лайығынша түсiндiрiлуiне, Ислами ғылымдардың өркен жаюына, фәлсәфә, тыб, математика, ғарыштану сықылды көптеген ғылым салаларының дамуына үлкен үлес қосқан осы медреселер едi. Х-ХI ғғ. басталған медреселер толқыны мың жылға тарта керемет жетiстiктердi мұралатқанымен, соңғы бiрнеше ғасырда схоластиканың құрбаны болып, тек жаттанды қайталамаларды ғана уағыздайтын оқу орнына айналғаны жан ашырлық шындық екенiн де айта кеткенiмiз жөн. Бұрын медресе институты аталмыш пәндердің жетекші локомотиви болған, ал кейінірек бұл құрылым өзінің асаси қасиеттерінен жұрдай болып, бірнеше молданың, дін көсемінің (!) жиналған ортасына айналған.

Біз осы арада медресе кімнен шыққан деген сауалға дауласайық деп тұрған жоқпыз. Кейбір ғалымдар медресенің прототиптерінің ертеректе мұсылмандарда болғанын дәлелдеп жатыр, кейбірі болса жоғарыда айтылғандай бұддашылдардың вихарасы үлгі болды дейді. Қай қайсысы болса да Исламның басқа мәдениеттерге есігінің ашық болғанын көрсетеді. Демек, Исламият хайырлы нәрселерді кері қақпайды, керісінше қабылдайды, дамытады.

Белгілі ғалым Баймырза Хайыттың (1917 ж. т

123
скачать работу

Ислам дініндегі хош көрушілік

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ