Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ислам дініндегі хош көрушілік

уған) пікірінше медреселер ең алғашқы мешіттердің жанында, Құран оқуды үйрететін дәрісханалар ретінде пайда болған /[23]/. Медреселердің оқу бағдарламалары толығып, IX-X ғғ. олар барлық пән салалары бойынша білім беретін ғылым ұяларына айналады. Медресе деп унтверситетті айтады, ал, біздегі қалыптасқан ұғымда медресе десе әптиек пен хатым дұғасын үйрететін молдахана еске түседі. Бұл әсте дұрыс емес! Орта Азиялық мұсылмандар мақтаныш ететін факті, тұңғыш медресенің (университет мағнасында) Бұхарада пайда болғаны. Мәселен, Фаражек медресесі Бұхарада 937 ж. ашылып, білім бере бастаған. Медреселер бірте-бірте күллі Ислам әлеміне жайылған, мисалы, Қаһирадағы әл-Әзһер дәрісханасына 976-996 жж. медресе статусы берілген /[24]/.

Қарахан билеушісі Арслан Ғазы Тафғач Хан, Х-ғасырда Мәру қаласында медресе ашқан, ол уафат болған соң, медресенің жанына жерленген. Ғазналық Махмұд (997-1030) Ғазнаны медреселер қаласына айналдырып үлгерген! Нишабұр билеушісі Насыр Себұктегінұлы 1033 ж. Нишабұр қаласында керемет медресе ашқан /[25]/. Селжүк билеушісі Тұғрұл Бек 1046 ж. Нишабұрда өзінің атымен аталған медресені салған. Уәзір Низам әл-Мүлік (1018-1092) атақты Бағдад медресесін 1066-1067 жж. салады, осы алып бинаның құрылыс жұмыстарында 100 000 динар жұмсалған-ды /[26]/. Ғалым уәзір бұдан басқа Балх, Нишабұр, Һерат, Исфахан, Басра, Мәру, Мұсұл, Табаристан медреселерін ашқан. Қыруар қаржы жұмсалған үшбұ медреселерде барлық пәндер оқытылушы еді. Әсіресе, тыб (медицина), астрономия, математика, табиғаттану, әдебиет, фәлсәфә және мантиқ салаларына қатты көңіл бөлінуші еді. Ислам елдеріндегі медреселерде біртуар ғалымдар тәлім-тәрбие алды, мәшһүр еңбектерін жазды. Олардың басты ерекшеліктері; олар өздері шұғылданған ғылым салаларын өте терең меңгерген ғалымдар, сонымен қатар Исламиятты да жақсы білетін иманды мұминдер еді. Заманымызда бұл жағдай тым басқаша; ғалым атағын алғандардың көбі атеист, ал молда атағын алғандардың көбі ғылымсыз!

Батыс елдерінде ең алғашқы университеттердің медреселерден 2-3 ғасырдан кейін ғана ашылғанын байқаймыз. Тұңғыш университеттердің өзі мұсылман билігінде болған Оңтүстік Италия мен Әндүлүстен әсер алған Фырансада пайда болған. Мәселен, Парис университеті (1170 ж.), Кэмбридж (1209), Падұа (1222), Рим (1303), Вена (1365) т.т.[27] Орыстардың университетке қол жеткізуі тым бертінде (Мәскеу университеті 1755, С. Петірбор 1819) яғни Бұхарадағы алғашқы медреседен 800 жылдан кейін ғана мүмкін болды.

Жоғарыда келтірілген ғылыми һәм тарихи фактілер мұсылмандардың басқа діндердің өкілдеріне, олардың мәдениеттеріне асқан хошкөрушілік танытқандарын растайды. Қазіргі уақытта мұсылмандарды тарихи шындықтан басқаша етіп көрсетуге тырысушылар бар. Елін, жерін, ата-бабасының мәдениетін сүйетін оқымыстыларымыздың міндеті бұрмалаушылардың уағызынан асып түсетін түрде хақиқатты, ізгілікті насихаттау болмақ.

 

Сілтемелер:

 

[1] Ислам хұқұғы профессоры Хамза Актаң, халифа Әділетті Омардың жұт болған жылы ұрлық жасағандарды «һәд» жазасына тартпағанын мысал етеді. Қараңыз: Prof. Dr. Hamza Aktan, Ceza Hukukunda ?slam ile Vьcuda Gelen Yeni Talakkiler, Ebedi Risalet, ?zmir, 1993, 1-том, 188-бет.

[2] Бартольд, В.В., Тюрки- Двенадцать лекций по истории турецких народов, 14-бет

[3] Бартольд, В.В., Тюрки- Двенадцать лекций…., 37-бет

[4] Бартольд, В.В., Тюрки- Двенадцать лекций….,133-бет: “Под влиянием культурного превосходства в то время мусульманского мира, Ислам принимали представители и таких народностей, где традиции христианства были продолжительнее и прочнее, чем среди кипчаков. Аланы, или асы, всегда, в том числе у Рубрука, описываются как христиане; между тем Ибн Баттута видел в Сарае асов-мусульман. Насильственных мер для обращения христиан в мусульманство не принималось; христианское духовенство наравне с мусульманским освобождалось от податей; в самом Сарае в 1261 г. в царствование хана-мусульманина Берке, была основана православная епархия”. Мысыр билеушiсi Бейбарыстың (1260-1277) әйелi Берке ханның қызы едi.

[5] Торчинов, Е.А., Религии Мира, 281-бетте былай деп жазған: “Мусульмане, в свою очередь, считают христиан и иудеев «людьми Книги», «людьми Писания» и отличают их от последователей других религий-«язычников». В средние же века вынужденный переход в Ислам был для иудеев всегда более предпочтительным, нежели в переход в христианство, ибо строгий Исламский монотеизм (в отличие от христианского тринитаризма)и отсутсвие доктрины боговоплощения делали ислам менее удаленным от библейских («ветхозаветных», с точки зрения христиан) парадигм, нежели христианство”

[6] Археологические исследования древнего и средневекового Казахстана, отв. Редактор К. А. Акишев, Алматы, Наука КазССР, 1980, 51-бет. Ал, Бартольд В.В., О христианстве в Туркестане, II-том, 290-бетте: “где-то в 1042 г. Арслан Хан их (киданы христианы) не трогал, только потребовал принятия ислама, но получив отказ, оставил их в покое. Известно, что «христиане во владениях караханидов не подвергались притеснению” деп жазған.

[7] Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, Москва, 1998, 21-бет

[8] Muawiyah Ibn Abi Sufyan, Encyclopaedia Britannica, 15th Edition, 1994-1998

[9] Diloram, Ibrahim., The Islamization of Central Asia, Leicester-UK, 1993, 15-16 беттер

[10] Васильев, Л.С., История востока, Высшая школа, Москва, 1998, 1-том, 256-бет: “Резуьтаты не замедлили сказаться; завоеванные территории, от Испании до Средней Азии, энергично исламизировались, причем исламизация шла фактически добровольно, во всяком случае без активного принуждения, без преследования немусульман” деп, тарихи шындықты паш еткен.

[11] Haussig, Hans Wilhelm, Ipek Yolu ve Orta Asya Kultur Tarihi, 295-бет

[12] Ислам на территории бывшей Российской империи, Российская Академия Наук, Москва, 1998, выпуск 1, 11-бет

[13] Көшпенділердің мұсылмандығы турасында көбірек мәлімет алу үшін, Егемен Қазақыстан гәзетінің 28.01.2000 күнгі санында, Назира Нұртазина тарапынан жазылған «Далалық Ислам және оның имандылық діңгегі туралы дәйектеме» атты мақаланы оқыңыз.

[14] Мұсамаха – хош көру, кешіріммен қарау, кеңшілікпен қарау

[15] Бартольд, В.В., Тюрки- Двенадцать лекций по истории турецких народов, 183-бет

[16] Tanyu, Hikmet., Turklerin Dini Tarihcesi, Istanbul, 1998, 94-бет

[17] Prof. Dr. Muhammed Hamidullah, Quelques Traits Distinctif Dans La Biografie Du Prophete De l’Islam, Ebedi Risalet, ?zmir, 1993, 1-том, 99-бет

[18] Togan, Ahmet Zeki Velidi., Kuran ve Tьrkler, Kay? Yay?nlar?, Istanbul, 1971, 18-бет

[19] КарлофчакелісімшартыОсманпатшалығыныңтоқыраужәнеқұлдыраукезеңініңбасталуыбопсаналады. АталмышшартарқалыОсманиядәулетібіріншіретібағзыаразилерінен(территорияларынан) айырылған.

[20] Saray, Mehmet., The History of Turkish-Ukrainian Relations, Euroasian Studies,Vol. 2, № 3, Fall 1995, Ankara, 85-бет

[21] Бердібай, Рахманқұл., БайқалданБалқанғадейін, Қазақстанбаспасы, Алматы, 1996, 116-117 беттер

[22] Бартольд, В.В., Тюрки- Двенадцать лекций…., 45-бет

[23] Hayit, Baymirza., Tьrkistandaki Medreselerin ?slam-Tьrk Kьltьrьndeki Rolь, Vak?flar Genel Mьd., Tьrk Cumhuriyetlerindeki Кьltьr Varl?klar? ve De?erleri Semineri, 8.12.1992, 1-бет

[24] Hayit, Baymirza., Аталмыш баяндамасында, 1-бет

[25] ?anal, Mustafa., Kurulu?undan Ortadan Kald?r?l???na Kadar Olan Sьre ?зerisinde Medreseler, Milli E?itim Mecmuas?, Say? 143, Ankara, 1999, 123-бет

[26] ?anal, М., Kurulu?undan…., Milli E?itim Mecmuas?, Say? 143, Ankara, 1999, 124-бет

[27] University, Encyclopaedia Britannica, 15th Edition, 1994-1998

123
скачать работу

Ислам дініндегі хош көрушілік

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ