Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ислам дініндегі хош көрушілік



 Другие рефераты
Особенности психологического развития ребёнка в младенческом возрасте Особенности развития интеллекта у мужчин и женщин Ислам - әлемдегі бейбітшіліктің кепілі Особенности социализации современного подростка

ИСЛАМ ДIНIНДЕГI ХОШКӨРУШIЛIК

 

Дін деген ұғымның негізінде зорлық-зомбылық болмауы керек, бұл хақ діннің ғайрихақ (хақ емес) діндерден ажырасатын айқын парқы. Дін дегеніміз негізінде иман, яғни сенім жататын рухани байлық. Рұхты зорлауға болмайды. Ислам дінінде зорлау жоқ. Исламияттың негізінде адамдардың өз еркімен, өз ықтиярымен сенуі, өз ирадасымен ғамал етуі қағидасы жатады. Өз ирадасынсыз харам істеуге мәжбүр болғандардың жауапты болмайтыны сондықтан; мисалға, өлім қаупінен қорқып, шошқа етін жеген мұсылманға күнә жоқ /[1]/.

Исламның имани негіздері осында жатыр. Сондықтан, Ислам діні басқа сенім-нанымдағы адамдардың зорлықпен, күшпен дінге кіргізілуін жақтамайды, ижазат (рұқсат) бермейді. Исламмен танысқан адамдар оны қабылдап-қабылдамау мәселесінде толық еркіндікке ие болады. Үйткені, тағы да бір рет айталық-кім, дін дегеніміз жүректің мәселесі, жүректің сенуі, ұжданның қабылдауы. Демек, адам баласы егер шын жүрегімен қаласа ғана сенеді, керегін жасайды; шын жүректен сенбесе, онда зорлықпен жасағаны мағнасыз болады. Зорлықпен жасалған мойындатпалар сүреңді болмайды, жемістері аурулы болады, гүлденіп өспейді. Өз еркімен болса онда басқа, ондай адам иманы үшін жанын береді, барлық қиыншылықтарға шыдайды.

Ислам хұқұғында басқа дін өкілдері мұсылман билігін мойындап, “жизя” және “хараж” төлеген жағдайда мұсылман мемлекеті олардың бас амандығын, қорғанысын қамсыздандыру міндетін өз мойнына алады. Олар ешқашан да Исламды күштеп қабылдауға зорланбайды.

Дінде зорлау жоқ деген сөзден дінде тәртіп жоқ, әркім өз ойына келген нәрсені істей береді деген мағна шықпауы керек. Зорлау иман етуде, сенімде жоқ, бірақ әр қоғамда әр заң жүйесінде болғанындай, қоғамдық тәртіпті, елдің тыныштығын, азаматтардың мал-жан амандығын сақтау секілді мәселелерде, әрине, санкциялық шаралар қолданылады; мәселен, мұсылман қыздардың намысына дақ келтіретін әрекеттерге рұқсат етілмейді т.т.

Сахабалар мен олардан кейінгі мұсылмандардың хақ дін Исламның шартарапқа мәлім болуында, адамзаттың жүрегінің тағына қонуында орасан зор еңбегі болды. Олардың адамгершілігі, парасаттылығы, сабырлылығы, көрегенділігі, тазалығы, мархаматтылығы, ибалылығы т.т. бәрі де Ұлық Пайғамбардың тәрбиесінің жемісі еді. Олар мың кісінің ішінен жекеленіп, дараланып тұратын жарық жұлдыздар еді. Олардың жүрген жерінде бейбітшілік, құт-береке дарушы еді. Егер олай болмағанда, Исламға дейін Арабыстанның ұшы-қиыры жоқ шөлдерінде ауып-көшіп жүрген бір уыс арабтың қолынан мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан осы ұлы өркениет келмес еді. Тарих беттері тасқын судай ағып келіп, сіңіп, жоғалып кеткен ағымдарды айтып тауыса алмайды. Исламды зорлықшыл деп танытушылардың шын мақсаты өз зорлықшылығын жасыру ғана. Алайда, нағыз зұлымдыққа душар болғандар мұсылмандардың өздері; шармық (айқыш) жорықтарынан бастап (1095-1396), кешегі Ауғаныстан, Палестина, Босниа және оты жалындап тұрған Чешеністан трагедияларын айтсақ жеткілікті. Құдұсты жаулап алған соң шармық жендеттері Ақса мен Омар мешіттерінде 70 000 мұсылманды қырып, йаһұдилерді синагогаларға қамап, тірідей өртеген.

Исламият бейбiтшiлiк, татулық, тыныштық дiнi болғандықтан, асқан кешiрiмшiлiк пен хошкөрушiлiкті уағыздаған дiн. Жер шарының түкпiр-түкпiрiнде, барлық ұлт пен дiн мансұбтарының хақ дiн Исламды жаппай қабылдауының негiзiнде осы хошкөрушiлiктiң әсерi тым айырықша. Исламның қоғам өмiрiндегi барлық қатынас түрiн ретке келтiрiп, Жаратушы Аллаһ Тағаланың төрелiгiне тапсыруы, көңіл тыныштығын аңсаған, руханиятқа шөлдеген жиындарды өзiне тартқаны, сондай-ақ, балқытқаны да белгiлi. Мұсылмандардың басқа дiн мансұбтарына берген кеңшiлiгi және хошкөрушiлiгi туралы жиһан қаламгерлерi жазып тауыса алмай жүр. Жер шарының барлық құрлықтарындағы халықтар мұсылмандардың билеуiнде болсақ-ау деген кездер көп болған. Мисалы, Осман патшалығының тұсында Бизантияның тепкiсiнен әбден шалдыққан тұрғындардың, Балқан халықтарының Осман билiгiн аңсағаны және қуана-қуана қауышқаны тарихтан мәлiм.

Хош көру, жылы шырай таныту мұсылмандардың басты сипаттарынан болғанымен, мұсылмандарды қатыгез, зорлықшыл етіп көрсетуге тырысушылар бар. Мәселен, бағзы шығыс бұрмалаушылар түрік қағанаты дәуірінен қалған қабірлердің үстіндегі тас мүсiндердiң (балбал) кейбірінің басын мұсылмандар шапқан деп жалақорлық жасаған-ды. Ынсабы бар ғалымдар болса, мұның дұрыс емес екенiн, тас мүсiндердiң басын мұсылмандар емес, мұңғұлдардың шапқанын анықтады. Үйткенi, мұңғұл нанымы бойынша ертеректе өмiр сүрген адамдардың бейнесi тiрi адамдарға зиян тигiзуi мүмкiн еді, сондықтан мұңғұлдар мүсіндердің басын шауып жiберген /[2]/.

Жә, ендi, тағы да айта кететiн бiр қызық жиһәт; Орталық Азияда бiр кездерi жаппай миссионерлiк айла-шарғылар жасап, кең тарап кеткен екi дiн: манихей мен христиандық алтын дәуiрiн Орталық Азияда мұсылман билiгi орнағаннан кейiн жасаған. Бартольдтың айтуынша манихейлiк пен христиандықтың ең үлкен табыстарға жеткен кезi VII-ғасырдың аяғы және VIII-ғасырдың бас шенi, яғни мұсылмандардың саяси билiгi орнағаннан кейiнгi жылдар /[3]/. Бұл факт мұсылмандардың басқа дiндерге қаншалықты хошкөрушiлiк танытқанының нағыз айғағы болса керек. Ұзақ ғасырлар бойы христиандық сенiмде болған кейбiр халықтардың Исламды өз еркiмен қабылдауы да осы кеңшiлiк пен хош көрудiң белгiсi /[4]/. Көптеген христиан және йаһұди ғалымдар мұсылмандардың аталмыш екi дiннiң өкiлдерiне ерекше кеңшiлiк бергенiн еңбектерiнде миннаттарлық сезіммен атайды /[5]/.

Мұсылман елдеріндегі христиандарға берілген ерекше бостандық пен кеңшiлiктің мысалын көбейтуге болады /[6]/. Мұның айғағы ретінде академик Бартольд (1869-1930) Ислам Халифалығы дәуірінде күншығыстағы Самарқандтан күнбатыстағы Портұғалияға дейінгі кеңістікте жеке меншік хұқұғы сақталған, аса бай христиан қоғамдарының қалыптасқанын атап көрсетеді /[7]/. Халифалықтың хакімиятындағы христандар басқа мемлекеттердегі дін қарындастарымен, діни ұйымдармен емін-еркін қарым-қатынаста болып тұрған, олардың қаржылай көмегін ешқандай қысымсыз, тергеусіз алып тұрған. Мисалы, 680-681 ж. Константинополь (Ыстамбұл) қаласында болған мәжіліске Құдұс қаласының өкілі де қатысқан. Бұл мұсылмандардың өз билігіндегі ғайри-мұслимдердің діндестерімен мұғамалада болуына толық бостандық бергенін көрсетеді.

Мұсылмандар жергілікті басқарушыларды бұрынғы орнында қалдырған. Мәселен, Сұрия, Филистин аймақтарында мұсылман билігі орнатылғанда, жергілікті христиан әміршілер, бюрократтар бұрынғы қызметінде қалдырылған /[8]/. Орта Азияда да жағдай солай болды, жергілікті әулеттер, ханадандар, дін басылары т.т. бәрі де бұрынғы мансабын сақтады. Мұның бәрі Исламияттың мейірімділігін, мұсылмандардың хошкөрушілігін баян ететін фактілер.

Дилорам Ибраһим мұсылмандықтың Орталық Азияда таралуы кезiндегi хошкөрушiлiктi былай суреттейдi; “Мұсылмандардың фәтiх жорықтары кезiнде Мауера-ән-Нәһір халықтары өз мәдениетiн, әлiппесiн және дiнiн еркiн ұстанды. Сондай-ақ, Мауера-ән-Нәһірдің шұрайлы топырағына келген Ислам иманы жылдам дами бастады уә жергiлiктi дәулеттердiң мемлекеттiлiгiн нығайту арқалы олардың өтпелi кезеңiн реттедi. Исламды қабылдаған жандардың өмiрi одан ары жақсарды. Жаңа иман арқалы өз мәдениеттерiн көркемдеген олар, дiни қасиетi жоғары алтын өркениетті қалыптастырды. Орталық Азия халықтарын Исламның кеңшiлiгi, жергiлiктi халықтардың мәдениетiн дұрыс ескере отырып, олардың нәсiлдiк, милли (ұлттық) ерекшелiктерiн хош көре бiлуi және оларды түсiнiксiз догматтармен қоршамауы өзiне тартты. Исламдағы рәсiмдердiң қолайлылығы және Аллаһ Тағалаға иманды әрбiр жекелеген адамның өз жүрегiнiң мәселесi деп қарауы, Орталық Азияда үлкен қызығушылықпен қарсы алынды. Арабтар жергiлiктi халықтарды қырып, олардың жерін һәм мәдениетiн құртуды көздеген емес. Олар керiсiнше өздерi ашқан қалаларды сақтай отырып, бұрынғы сауда-саттық байланыстарын, атап айтатын болсақ қалалар мен ауылдар арасындағы қатынастарды одан ары дамытты. Исламның дала халықтарына таралуы Самарқанд, Бұхара секiлдi Мауера-ән-Нәһір қалаларынан басқаша болды. Ислам дала халықтарына жорықсыз-ақ, мисалы, мұсылман сауда керуендерi арқалы жайылды. Х-ғасырдың бұлақтары даладағы елдi мекендердiң көбiнде мешiттер бар екенiн жазады. Осы мұсылман саудагерлер мен қалалықтар сол кездегi ұлан-байтақ мұсылман өңiрлерiнiң ең үздiк ғылыми жетiстiктерiн далалықтарға әкелдi. Далалықтардың Исламды қабылдауында осы жетiстiктердiң атқарған мiндетi өте жоғары болды” /[9]/.

Ислам дiнiндегi кеңшiлiктiң, хошкөрушiлiктiң теңдесi ешқайда жоқ. Ислам, басқа дiндердiң, басқа ұлттардың пайдалы, хақ нәрселерiн алуды, қабылдауды шектемейдi. Олай болмағанда Пайғамбарымыз Әз Мұхаммед (с.а.у.); “Ғылым қытайда да болса, барып алыңдар!” немесе; “Ғылым дегенiмiз мұсылманның жоғалтқан дүниесi секiлдi, оны әр жерде iздеп табуы ләзiм” демес едi. Мұсылмандарда ешқашанда көрсоқырлық, дұрыс екенiн көре тұра менсiнбеу деген қылықтар болмаған, болмауы керек. Тек, соңғы ғасырларда шын ғылым мен Исламның асаси байлықтарынан алшақтап кеткен соң, ондайға барып жатқан шала моллалар, дiн көсемдерi (!), дiн иелерi (!) шығуда. Өзін дін иесі, діннің патшасы, діннің көсемі деп жүргендер, Исламияттан бұрынғы отқақұлдық, бұтқақұлдық, манихейзм т.т. қатарлы нанымдардағы рұһбан (монах, жрец) сыныпының формасы өзгерген сарқыншағы ғана.

Заманауи орыс тарихшы Л.С. Васильев, Исламның Орта Азиядан Испанияға дейiнгi ғаламат аумақта өте қысқа уақытта һәм түбегейлi таралуының ерiктi түрде болғанын дәлелдеп жазады /[10]/. Ол, сондай-ақ, хақ дiннiң жайылуы барысында ғайри-мұслимдердің қудаланбағанын яки дiндi қабылдауға зорланбағанын көрсетедi. Мәскеуге телмiруге үйренген кейбiр тарихшыларымыз осыдан ғибрат алса екен деймiз.

Алман ғалым, профессор Хаұссиг мұсылмандардың хошкөрушілігі туралы былай деп жазады өзінің “Жібек жолы және Орта Азияның мәдениет тарихы” атты кітабында; “Дивастич деп аталатұғын Сам

123
скачать работу


 Другие рефераты
Корпоративное право в системе корпоративного управления
ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Версальский мирный договор
Рыночная экономика


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ