Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Исламтану және ислам философиясы

тiн зерттейтiн яки мұсылман авторлар тарапынан заманауи ғылымдар негiзiнде құрастырылған пәндер де кiредi. Мұсылман саяхаткерлер мен теңiзшiлер әлемнiң бұрыш-бұрышын аралап, кезген елдерi хақында егжей-тегжейлi мәлiметтердi жазбаша түрде қалдырған. Әбу әл-Қасым Ұбайдұллаһ Абдұллахұлы Хұрдадбиһұлы (Ибн Хұрдадбиһ, 820?-885? яки 912?), Сүлейман әл-Тәжир (уаф. 851?), Әбу Әли Ахмед Омарұлы Рұстеһұлы (Ибн Рұстеһ, уаф. 913), Әбу Исхақ Ибраһим Мұхаммед әл-Истахри (уаф. 950?), Әбу әл-Фараж Мұхаммед Исхақұлы Әби Йақұбұлы әл-Нәдимұлы әл-Бағдади (Ибн әл-Нәдим, уаф. 995), Әбу Абдұллаһ Мұхаммед әл-Идриси (1100-1166), Зәкария Қазуини (1203-1283), Әбу әл-Хасан Әли Саидұлы әл-Мағриби (Ибн Саид, 1214-1274 яки 1286), Шәмседдин Мұхаммед әл-Димашқи (1256-1327), Абдұррашид Салихұлы Нұриұлы әл-Бақуи (Ибн әл-Бақуи, ХV ғ.), Ахмед Әлиұлы әл-Мақризи (1364?-1442), Әбу әл-Фадл (Әбіл Фадл, 1551-1602). Мұсылман ғалымдар медицина, астрономия, химия, мантиқ (логика), физика, математика, экономика, музыка, психология, социология салаларында да көптеген ғылыми жаңалықтарды ашқан. Бұлардың басқа авторлардан парқы – ислам ғылымдарының «тәухид» нанымы негiзiнде, гуманизм мен универсалдылық қағидасы бойынша қалыптасқандығында.
Бүгiнгi күнi исламтану саласында Америка мен Еуропа елдерiнде қыруар зерттеулер жүзеге асырылуда. Батыс елдерiндегi көптеген университеттерде исламтану мамандығы бойынша студенттер бiлiм алуда. Исламтану саласында Т.У. Арнолд (T.W. Arnold, 1864-1930), Станлей Лейн-Пул (Stanley Lane-Poole, 1854-1931), Алойс Шпренжер (Aloys Sprenger. 1813-1893), Э.У. Лейн (Edward William Lane, 1801-1876), А. Винсинк (A.J. Winsinck), Р.А. Николсон (R.A. Nicholson, 1868-1945), Филип Хитти (Philipp Hitti, 1886-1978), Карл Брокельман (Carl Brockelmann, 1868-1956), У. Смит (W.C. Smith, 1916-2000), А.Р. Гибб (A.R. Gibb, 1895-1971), Арнолд Тойнби (Arnold Toynbee, 1889-1975) маңызды еңбектер жазған.
Мұсылман елдерiнде де исламтануға қызығушылық жыл сайын арта түсуде. Мәселен, елiмiздегi бiрнеше жоғары оқу орындарында дiнтану, исламтану мамандықтары бойынша исламтанушы кадрлар мен зерттеушiлер дайындалуда. Оның ішінде халықаралық мәртебеге ие Нұр-Мүбәрәк атындағы «Мысыр ислам мәдениеті университетін» айрықша атауымыз ләзім. Осы оқу орнында елімізде тұңғыш рет ғылыми негізде және араб тілін терең меңгерген исламтанушылар мен дінтанушылар дайындалуда. Заманауи исламтанушы ғалымдар Йұсұф әл-Қардауи (1927- ), Әбу әл-Хасан әл-Недеуи (1913-1999), Абдұллаһ Йұсұф Әли (1872-1953), Мұхаммед Хамидұллаһ (1906-2002), Мұхаммед Мұстафа әл-Ағзами, Мұхаммед Әсед (1900-1992), Мәриям Жәмиле (1934- ), Шибли Нұғмани (1857-1914), Сүлейман әл-Недуи (1884-1953), Мәулана Әбу әл-Калам Азад (уаф. 1959), Хұршид Ахмед (1932- ), Ахмед Әмин, Шәкиб Арслан (1879-1946), Мұстафа Ахмед әл-Зарқа (1904-1999), Нәдим әл-Жиср, Сәййід Құтб (1906-1966), Мұхаммед Құтб (Сәййід Құтбтың інісі – М.Б.), Мұхаммед әл-Мүбарак (1912-1981), Мұхаммед Хұсайн (1935- ), Мұхаммед Абдұһ (1849-1905), Жамаладдин әл-Афғани (1839-1898), Рашид Рида (1865-1935), Әли әл-Тантауи (1908-1999), Фазлұр Рахман (1919-1988), Ерол Гүнгөр (1938-1983), Хайреддин Қараман (1934- ), Сүлейман Хайри Болай (1937- ), Йашар Нұри Өзтүрiк (1945- ), Фұад Көпрүлү (1890-1966), Хилми Зия Үлкен (1901-1974), Сабахаддин Заим (1926- ) т.т. еңбектерi көптеген тiлдерге аударылған, өзiндiк ғылыми әдiстемесi мен мектебi қалыптасқан ғалымдар.

[1]Мұртаза БҰЛҰТАЙ, Исламтану. «Қазақстан» Ұлттық Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002 ж., 326-бет.


ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ [1]

Негiзiнен ислам мәдениетi ортасындағы уә мұсылман елдерiндегi философтар қалыптастырған, басты туындылары VIII-XIIІ ғасырларда дүниеге келген терең философиялық ойлар жүйесiн «ислам философиясы» деп атаймыз. Ислам философиясы тiркесiндегi «ислам» сөзi дiннен гөрi философтың мәдени ортасын түсiндiру мақсатымен қолданылады. Өйткенi, ислам философиялық жүйенiң емес, дiннiң аты. Мұсылман елдерiнде ХIХ-ғасырға дейiн философияның орнына көбiнесе «хикмет» (даналық) және кейінірек грекшеден енген «фәлсәфә» сөздерi қолданылған. ХIХ-ғасырдан бастап, еуропалық шығыстанушылар «ислам философиясы» терминiн ғылыми айналымға енгiзген. Алайда, кейбiр зерттеушiлер бұдан басқа «араб философиясы», «мұсылман философиясы» және «исламдағы философия» атауларын қолдануда. Ислам философиясы туындыларының басым көпшiлiгi араб тiлiнде жазылғандығына қарап, мұны араб философиясы деп атау дұрыс болмайды. Өйткенi, Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Әбу Райхан Мұхаммед Ахмедұлы әл-Бирұни (973-1048), Әбу Әли әл-Хұсейн Абдұллаһұлы Синаұлы (Ибн Сина, 980-1037), Жалаладдин әл-Руми (1207-1273) қатарлы көптеген хакiмдер мен ойшылдар араб емес. Сондықтан, ислам дiнiне сенетiн философтардың философиялық ой-сана жүйесiн «мұсылман философиясы» деп атаған дұрысырақ сияқты.
Мұсылман философтардың басты бұлақтары Құран Кәрим және Әз Мұхаммедтiң (с.а.у.) хадистерi. Абдұлуәлид Мұхаммед Рұшдұлы (Ибн Рұшд, 1126-1198) «Китабұ Фасл-ил Мақал» атты еңбегiнде Құран аяттарын мысал ете отырып, мұсылмандардың философиямен шұғылдануының аса маңызды фарыз екенiн айтқан. Ал, Әбу Әли Ахмед Мұхаммедұлы Мискауайхұлы (Ибн Мискауайх, уаф. 1030) «Китаб-ұл Фәуз-ұл Асқар» атты еңбегiнде рухтың өлiмнен кейiнгi болмысын Құран Кәримдегi аяттардан илһам алып (инспирация – М.Б.) түсiндiредi. Т. Де Боер (T.J. De Boer, 1859-1927) және Леон Готье (Leon Gauthier, 1862-1949) қатарлы шығыстанушылар мұсылман философтар дiни бұлақтарды пайдаланған жоқ десе, Анри Корбэн (Henry Corbin, 1903-1978) секiлдi көптеген шығыстанушылар мен философтардың пiкiрiнше мұсылман философтар еңбектерiнде аяттар мен хадистердi, діни мәтіндерді басшылыққа алған.
Ислам философиясы қалыптасу кезеңiнде мынандай философиялардың әсерiне ұшыраған: 1-Антикалық грек және эллинистiк философия 2-Иран-Сасани философиясы 3-Үндi философиясы. Бұлардан соңғы екеуiнiң ықпалы аздау. Осы тұрғыдан алғанда ислам философиясы көне дәуiр грек философиясы мен бүгiнгi Батыс философиясын дәнекерлеушi көпiр iспеттi. Өйткенi, көне дәуiрлердегі Сократ (м.б. 469-399), Платон (м.б. 427-347), Аристотель (м.б. 384-322) секiлдi мәшһүр ойшылдар уә хакiмдер жазған фәлсәфи шығармаларды жер-жерден iздестiрiп, оларды арабшаға аудартқызып, оларға түсiнiктемелер жазып, философиялық ойлардың сапасы мен деңгейiн жаңа сатыға көтерген мұсылман ойшылдар мен хакімдер болған.
Ислам философиясының кейбiр негiзгi туындылары мыналар: Йақұб Исхақұлы әл-Кинди (800?-873) – «Рисалә фи хұдұд-ил әшйа уә рұсұмұмиһә», әл-Фараби (870-950) – «әт-Тағлиқат», Әбу әл-Фараж Мұхаммед Исхақұлы Әби Йақұбұлы әл-Нәдимұлы әл-Бағдади (Ибн әл-Нәдим, уаф. 995) – «Фиһрист әл-ұлұм», Сұлейман Хасанұлы Жұлжұлұлы (Ибн Жұлжұл, 919-987) – «Тарих әл-әтибба уә-л-хұкама», Қазы Саид Ахмедұлы әл-Әндұлұси (Қазы Ибн Саид, 1030-1070) – «Табақат әл-ұмәм», Әбу Уәлид Абдұллаһ әл-Фарази (962-1013) – «Тарихұ ұлама-ил Әндалұс», Әбу әл-Қасым Башқуалұлы (Ибн Башқуал, 1101-1183) – «Китаб әс-Сыла», Мұхаммед Махмұдұлы Шәһрәзұри (уаф. 1214) – «Нұзһәт әл-әруах», Әбу әл-Хасан Әли әл-Байхақи (1106-1174) – «Тарих Хұкама-ил Ислам» және «Мұнтеһәб Тәтиммат Сиуан әл-Хикмә», Жамаладдин Әбу әл-Хасан Әли Йұсұфұлы әл-Қыфти (1172-1248) – «Ихбар-ұл ұлама би Ахбар-ил Хұкама», Әбу әл-Аббас Ахмед әл-Қасымұлы Әбу Ұсайбиаұлы (1203-1270) – «ұйұн-ұл әнба фи табақат-ил әтибба», Әбу әл-Аббас Ахмед Халлиқанұлы (Ибн Халлиқан, 1211-1282) – «Уафайат-ұл айан», Мұхаммед Шәкирұлы әл-Құтұби (уаф. 1363) – «Фауат-ұл Уафайат», Ибн Сина (980-1037) – «Сирәт-ұш шәйх әр-рәис» және «Рисалә фи-л хұдұд», әл-Ғазали (1058-1111) – «әл-мұнқызұ мин әд-Далал» және «Мақасид-ұл Фәласифа», Ибн Халдұн (1332-1406) – «әт-Тағриф би Ибн Халдұн уә рихлатұһұ шәрқан уә ғарбан», әл-Бирұни (973-1048) – «Рисалә фи Мұәлләфат Мұхаммед Зәкәрия әр-Рази», Әбу Сүлейман Мұхаммед әл-Сижистани (932-1000) – «Сиуан ұл-хикма», Ибн Һинду (уаф. 1018?) – «әл-Кәлим-ұр руханиййе фи-л хикәм-ил йұнаниййин», Әли Мұхаммедұлы Әбу Хаййан әл-Тәухиди (930-1023) – «әл-Мұкабасат», Фахрұддин әл-Рази (1149-1209) – «Мұхассал».
Мұсылмандардың философиямен танысуы 635-710 жылдары аралығында мұсылман арабтардың Сирия, Ирақ, Мысыр, Палестина және Кiшi Азия (бүгiнгi Түркия) жерiн жаулап алуымен басталған. Халифа Маруан әл-Хакемұлының билiгiнде 683-684 жж. алғашқы кiтаптар сирия, грек және қыбти тiлдерiнен арабшаға аударылады. Осыдан бастап Шам, Бағдад, Кұфа, Басра, Құдс (Иерусалим), Фұстат қатарлы көптеген қалаларда философия, тыб (медицина), химия, астрономия салаларында жазылған кiтаптар арабшаға аударылады. Мұсылман ғалымдар аталмыш еңбектердi оқыған сайын және басқа дiн уәкiлдерiмен араласқан сайын көптеген жаңа мәселелерден хабардар болады. Мiне, осындай жағдайда олар тұспа-тұс келiнген проблемалар жөнiнде мұсылмандардың өз сенiмдерi және мәдени ерекшелiктерiнен туындаған пiкiрлердi алға тарта бастайды. Мұсылман хакімдер грек философтарының iшiнде Аристотель (арабша еңбектерде – Аристу, м.б. 384-322) мен Платонның (арабша еңбектерде - Әфлатұн, м.б. 427-347) еңбектерiне көбiрек мән берген. Мұның себебi, ғылыми пiкiр таластарда мұсылман еместердiң Аристотельдiң логикасын жиi пайдалануы және Платонның еңбектерiндегі мистикалық сарынның басымдығы, жоғары ахлақи құндылықтар мен ид

1234
скачать работу

Исламтану және ислам философиясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ