Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Исламтану және ислам философиясы

еялар секiлдi абстракты ұғымдарға көбiрек мән берiлгендiгiнде болса керек.
Ислам философиясының даму жолына қарағанымызда мынадай негiзгi философиялық ағымдардың пайда болғанын көремiз:
1-Дәһриййұн: Философиялық материализмнiң уәкiлдерi. Бұларға «маддиййұн», «мұаттыла» және «занадықа» да делiнген. Бұл философиялық ағым мұсылманшылықтан емес, мұсылмандар жаулап алған Орта Шығыс елдерiндегi йаһұди, христиан яки басға дiндердегi (маздакизм, пұтқақұлдық) философтардың әсерiнен пайда болған. Басты өкiлдерi Әбу Әли Рижа, Әбу Иса әл-Уаррақ (уаф. 861), Башшар Бұрдұлы (Ибн Бұрд, 714-783) және Ахмед Йахйаұлы Исхақұлы әл-Рауанди (Ибн Рауанди, 815-910?).
2-Табиғиййұн: натуралистiк философияның өкiлдерi. Мутазиланың рационалды философиясының дамыған түрi болып саналады. Бұларды ампиристер десе де болғандай. Негiзгi өкiлдерi әл-Серахси (770-818), Әбу Бәкiр Мұхаммед Зәкарияұлы әл-Рази (841?-925).
3-Тiл және аналитикалық философия: Құран Кәрім аяттары мен хадистердiң мағыналарын дұрыс түсiну үшiн араб тiлiнiң морфологиясы (әл-Сарф) уә синтаксы (әл-Наху) жөнiнде көптеген жұмыстар жасалған. Осы салада қомақты еңбектер жазған ғалымдар Әбу Бишр Амр Османұлы Сибеуейх (760?-793?), Әбу Мұса Жәбир Хаййанұлы (Ибн Хаййан, 721-815), Әбу Абдұррахман әл-Халил Ахмедұлы (Ибн Ахмед, 718-791?). Белгiлi хакім Әбу Хамза әл-Хасанұлы әл-Исфаһани (893-961?) оларды «әл-Фәласифат-ұн нахуиййұн», яғни тiлбiлiмi саласының хакімдері деп атаған.
4-Метафизикалық философия: «илаһиййұн» деп аталған осы топтан Йақұб Исхақұлы әл-Кинди (800?-873), Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) және Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали (1058-1111) сияқты мәшһүр ойшылдарды айтуға болады. Әл-Кинди еңбектерiнде неоплатонист аристотелшi ағымның ақыл теориясын дамытқан. Көптеген философиялық еңбектердiң авторы жерлесiмiз әл-Фараби кейiнiрек «ишрақиййұн» деп аталған «Шығыс философиясын» жасау қажеттiгi туралы алғаш рет пiкiр бiлдiрген хакім, ойшыл. Басра шаһарында аты-жөндерi белгiсiз философтар тарапынан 946-950 жылдары шамасында құрылған «Ихуан-ұс Сафа» (саф бауырлар) философтар қоғамы Бағдад уә Мысыр шаһарларында бөлiмшелер ашып, неоплатонист және неопифагорист бағыттарды қамтитын 51 рисаладан құралған ғылымдар энциклопедиясын шығарған. Шығыс философиясын жеке сала ретiнде дамыту жолында ең сүбелі жұмысты жасаған хакімдердің қатарынан Ибн Сина (980-1037) ерекше атауға тұрарлық тұлға. Ол «Мантиқ-ұл мәшриқиййин» (шығыстықтардың логикасы) және «әл-Хикмәт-ұл мәшриқиййа» (шығыстықтардың даналықтары) атты еңбектердi жазған. Әл-Ғазали (1058-1111) еңбектерiнде неоплатонизм мен аристотелизмге қарсы пiкiрлер айтылған, ғалым философияны дiни шеңберде пайдаланып, әл-Әшаридiң (873-936) кәлам жүйесiн негiзге алған.
711-1492 жылдары аралығында бүгiнгi Испания мен Португалия жерiн билеген мұсылман мемлекеттерi тұсында бұл өлкеде көптеген хакімдер өмiр сүрген. Патша II әл-Хакемнiң (961-976) билiгi тұсында орталық кiтапханадағы қолжазба кiтаптардың саны 400 мың томнан асқан! Әндүлүс философтары деп аталатын осы топтан Абдұррахман Исмаилұлы әл-Ұклидиси (Х ғ.), Әбу Абдұллаһ Мұхаммед әл-Құртұби (Ибн Құртұби, уаф. 1272) «әл-жамиғ ли ахкам әл-құран», Әбу Осман Саид Фәтхұнұлы (Х-ХІ ғғ.) «Шәжәрәт-ұл хикмәт», Ахмед Хафсанұлы, Мұхаммед Абдұллаһұлы Массараұлы (Ибн Массара, 883?-931) «китаб әл-табсир», «китаб әл-хуруф», Әбу Бәкір Мұхаммед Йахйаұлы Бажжаұлы (Ибн Бажжа, 1077?-1138) «Таалиқ фи-л һандаса», «Рисалат әл-уәда», «Рисала тәдбир әл-мұтауахид», Әбу Бәкір Мұхаммед Абдұлмәлікұлы Туфейлұлы (Ибн Тұфейл, 1106?-1185) «Хай ибн йақзан», Абдұлуәлид Мұхаммед Рұшдұлы (Ибн Рұшд, 1126-1198) «Китаб фасл әл-мақал», «Китаб әл-кәшф ан манаһиж әл-әдилла», Ибн Абдұррахман Мұхаммедұлы Халдұнұлы (Ибн Халдұн, 1332-1406) «Мұқаддима» атауға тұрарлық.Әл-Ғазали өзiнен кейiнгi философтарға күшті тәсір жасаған. ХIII-ғасырдан бастап, «кәлами философия» (бүгiнгi теологиялық философия сарындас – М.Б.) деп аталған әл-Ғазали мектебi өкiлдерiнен Насреддин әл-Тұси (1200-1273) «әл-Тәзкира фи илм», «Тахрир әл-мәжисти», Фахрұддин әл-Рази (1149-1209), Әбу әл-Фәтх Мұхаммед әл-Шәһристани (1076-1153) «Китаб әл-миләл уә-н ниһәл», Сиражұддин әл-Ұрмәуи (уаф. 1283), Сәййид Шәриф әл-Жұржани (1340-1413), Садұддин Мәсұд Омарұлы әл-Тафтазани (1322-1390) «Шарх әл-тасриф», «әл-Талуих», «әл-Мифтах» Мұслихиддин Мұстафа (уаф. 1488?) «Шархи ақаид», «Һәшия абұдия» Мұхаммед Йұсұфұлы Абдұллатиф әл-Бағдади (1163-1231) «әл-Ифада уә-л иғтибар», Әбу әл-Баракат әл-Бағдади (1076-1152?) «Китаб сахих адиллат әл-нақл фи махиййат әл-ақл».
Ислам философиясы бұрынырықта қозғалмаған мәселелердi қозғап, көптеген жаңа философиялық теориялардың негiзiн қалаған. Мәселен, бiрiншi рет әл-Фараби субстанцияны болуы мiндеттi және ерiктi деп ерекшелеген. Мiндеттiлiк концепциясы, логикалық мiндеттiлiк және онтологиялық мiндеттiлiк ұғымдарын бiрiншi рет әл-Ғазали қарастырған. Методологиялық скептицизм мен окказионализмнiң, тарих философиясы уә дiндер феноменологиясының негiзiн мұсылман философтар қалаған. Олар өздерiнен бұрынғы философтардың еңбектерiне түсiнiктемелер жазып, керек кезiнде оларды сынай бiлген және олардың ой желiлерiн әжептәуiр дамытқан. IХ-ХIIІ ғасырларда жазылған ислам философиясы туындыларының бiртiндеп Батыс тiлдерiне аударылуының арқасында жоғалып кеткен фәлсәфә iлiмi Еуропада қайтадан жанданып, мұның нәтижесiнде қайтадан жаңғыру және ағару дәуiрi басталған.
Аталмыш дәуiрдегi Батыс философтарының еңбектерiнде мұсылман хакімдердің тәсірiн байқау қыйын емес. Мәселен, Оверндік Гильом (Guillaume d’Auvergne, 1180-1249) уә Aлбертус Магнус (Albertus Magnus, 1206-1280) кiтаптарында әл-Киндидiң атын атап, оның iлiмiн пайдаланғандарын жазған. ХIII-ғасырдағы философ Аквиналық Фома (Thomas Aquinas, 1225-1274) «Summa contra Gentiles» (пұтқа табынушыларға қарсы уәждер – М.Б.) атты еңбегiнде әл-Киндидiң ақыл теориясын қабылдаған. Әл-Фараби христиан философтарға зор ықпал еткен. Албертус Магнус, Аквиналық Фома, Доминикус Гундисалви (Dominicus Gundisalvi, уаф. 1175), Мұса Меймұнұлы (Моисей бен Меймонид, 1135-1204) ғылымдардың классификациясы, онтология теориясы, Құдайдың барлығының дәлелдерi, рух мәселесi тақырыптарында әл-Фарабидiң пiкiрлерiн дәлме-дәл қайталаумен болған. Роджер Бэкон (Roger Bacon, 1214-1294), Албертус Магнус, Рене Декарт (Rene Descartes, 1596-1650) және Уильям Оккам (William Occam, 1285?-1349) еңбектерiнде Ибн Синаға көптеген сiлтемелер жасаған, һашиялар алған.Әл-Ғазалидiң батыс философтарына жасаған әсерi өз алдына бiр төбе. Раймонд Мартинис (Raymond Martini, 1220-1284), Аквиналық Фома, Раймонд Луллий (Raymond Lulle, 1235-1315), У. Оккам, Блез Паскаль (Blaise Pascal, 1623-1662) қатарлы философтар әл-Ғазалидiң номиналист және методологиялық скептицизм, эмоционализм туралы ойларынан әсер алған. Иммануил Кант (Immanuel Kant, 1724-1804) категорияларында, Самуил Кларк (Samuel Clarke, 1675-1729) пен Г.В. Лейбниц (Gottfried Wilhelm von Leibniz, 1646-1716) айтыстарында, Барух Спиноза (Baruch Spinoza, 1632-1677) мен Мозес Менделсон (Moses Mendelssohn, 1729-1786) еңбектерiнде әл-Ғазалидiң пiкiрлерiн пайдаланған. Ибн Туфейлдiң (1106-1186) «Хайй ибн Йакзан» атты романы көптеген батыс тiлдерiне аударылған. Осы роман Еуропада ғылыми-философиялық роман жанрының және натурализм уә ампиризм философияларының пайда болуына әсер еткен. Френсис Беконның (Francis Bacon, 1561-1626) «Жаңа Атлантида», Томас Морустың (Thomas Morus, 1478-1535) «Утопия» және Даниель Дефоның (Daniel Defoe, 1660-1731) «Робинзон Крузо» атты туындылары Ибн Туфейлдiң романының тәсiрiмен жазылған. Ибн Рұшдтың батысқа тәсiрiнiң күштiлiгi соншалық, 1209, 1205 және 1277 жылғы шешiмдермен католик шiркеуi оның философиясын пайдалануға тыйым салған! Мишель Монтень (Michel Montaigne, 1533-1592), Девид Юм (David Hume, 1711-1776), Декарт, Спиноза және Лейбниц еңбектерiнде Аверроес деп аталған Ибн Рұшдтың философиялық көзқарастарын жиi пайдаланған.

[1]Мұртаза БҰЛҰТАЙ, Ислам философиясы. «Ақиқат» – Ұлттық қоғамдық-саяси журнал. Алматы, №8, 2002 ж., 82-85 беттер.


ДIН ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ТЕОЛОГИЯНЫҢ
АРАҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ [1]

Елiмiздегi философия ғылымдарының дiн саласымен шұғылданатын бағыттары даму үстiнде. Соңғы жылдары дiн философиясы, дiнтану, дiн тарихы және социологиясы салаларында ғылыми еңбектердiң жарық көруi, диссертациялардың қорғалуы қуантарлық жағдай. Ал, аталмыш ғылыми еңбектерде теологиялық және тарихи материалдардың жиi қолданылатыны назар аудартады. Бiздiңше, бұл дiндердi зерттеудiң, дiннiң онтологиясын түсiнудiң ең басты қажеттiлiктерiнен туындайды.
Алдымен, дiнтану iлiмi мен теологияның ара қатынасын анықтап алайық: «Дiн философиясы» сөзiнiң философиялық әдебиеттерге қосылуы соңғы ғасырлардың жемiсi. Ол, Г.В.Ф. Гегелдiң (Georg Hegel, 1770-1831) «Дiн философиясы туралы конференциялар» атты еңбегi 1832 жылы жарық көрген соң пайда болған. Философтардың дiннiң философиясы туралы ой қозғаулары үшiн алдымен дiн ғылымдары уә өзге де ғылымдар (антропология, этнография, социология, психология, филология т.т.) белгiлi даму деңгейiне жетуi керек болған сияқты. Антикалық философия тұсында христиандық және ислам сияқты дамыған дiндердiң болмауы салдарынан Платон (м.б. 427-347) кейде «тәңiр», ал кейде «тәңiрлер» десе, Аристотель (м.б. 384-322) Құдайға қоса субстанцияны да мәңгiлiк санаған.
Дiн туралы философия жасау дегенiмiз дiннiң негiзгi при

1234
скачать работу

Исламтану және ислам философиясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ