Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Исландия



 Другие рефераты
Израиль Испания Ирландия Ирак Республикасы

Исландия (Исландия Республикасы) — Еуропада орналасқан аралды ел. Гренландия аралының шығысында және Норуегия мен Норуег теңізінің батысында жайғасқан. Елордасы Рейкиявик аралдың оңтүстік-батысында орналасады.

Мазмұны

  • 1 Сөз төркіні
  • 2 Географиясы
    • 2.1 Ахуалы
    • 2.2 Өсімдіктер дүниесі
    • 2.3 Хайуанаттар дүниесі
  • 3 Әкімшілік бөлінісуі
  • 4 Жұрты
  • 5 Тарихы
  • 6 Саясат жайғасы
  • 7 Экономикасы
    • 7.1 Өнеркәсібі
    • 7.2 Энергетикасы
    • 7.3 Тасымалдау
    • 7.4 Балық шаруашылығы
    • 7.5 Ауыл шаруашылығы
    • 7.6 Саудасы
  • 8 Мәдениет және қоғам
  • 9 Әлеуметтік саласы
  • 10 Қарулы күштері
  • 11 Түсініктемелер
  • 12 Тағы қараңыз
  • 13 Сілтемелер
  • 14 Сыртқы сілтемелер

Сөз төркіні

Аралдың атауының аудармасы — мұзды жер.

Географиясы

Солтүстік Америка мен Еуропа арасындағы ұлы мұхитта орналасқан аралдық қос елдің бірі — Исландия геологиялық тұрғыдан алғанда әлемдегі ең жас елдердің бірі. Ғалымдардың пікірінше, Исландия Жер тарихының төрттік дәуірінде су асты (Атлант мұхиты) жанартауларының атқылауынан пайда болып, жаһандық мұз басу кезеңінде қатып, аралға айналған мемлекет.

Исландияның жағалау шекарасы 5 мың km жуықтайды. Елдің солтүстік және солтүстік-батыс аудандары таулы болып келсе, оңтүстік бөлігін құмды алқаптар алып жатыр. Исландияның бүкіл жерін дерлік мұз жамылғысы басып жатыр. Ел бойынша жердің 11 900 km² аумағы мұз жамылғысымен жастанған. Мұндай мұзтаулар елдің солтүстік бөлігінде орасан көп. Оның ірілері — Ватнайекүдл, Хофсиекүдл және Лаунгиекүдл. Ал елдің биік нүктесі — Хваннадалсхнукүр (2119 m).

Елдің төрт шекарасын да мұхит қоршап тұрғанымен қоса, Исландияда өзендер мен көлдердің ірі жүйесі бар. Елдің ірі көлдері — Тингвадлаватн мен Тоурисватн. Алайда теңіз деңгейімен салыстырғандағы әлем бойынша ең төмен орналасқан британдық көршісімен қатар қойғанда Исландия әлдеқайда биікке қоныс тепкен.

Ахуалы

Исландия өзінің аралдық көршісі — Британ аралдары секілді жауын-шашынның көптігімен ерекшеленеді.

Дегенмен аралдың атауы мен мұздықтардың көптігін алға салып, Исландияны арктикалық ел екен деп ойласақ, үлкен қатеге ұрынамыз. Өйткені Солтүстік-Атлант ағысы (Голфстрим) әкелетін жылы желдер лебі Исландияның ауа райын бірқалыпты етіп отырады. Бұл аймақта қаңтардың орташа температурасы бар болғаны −1 °C болса, шілденің орташа температурасы +11 °C. Басқаша айтқанда, елдің жазы аптап емес те, қысы табан тоңдырмастай. Қоңыржай климаттың туристер үшін жайлылығы басым болғанымен, ауыл шаруашылығы үшін аяқтан шалатын жайт екені рас. Осыдан да келіп, Исландия ауыл шаруашылығы дамуы жөнінен артта қалған елдер санатына жатқызылады.

Өсімдіктер дүниесі

Ел жерінің ¼ ғана өсімдік жамылғысы жауып жатыр. Оның өзінің үлкен бөлігін мүк пен аласа шөптер алады. Ал ағашты өсімдіктер мекеннің 1 % ғана иеленеді. Рас, жауын-шашынның молдығы өсімдік өсуіне басқалай әсер етуі қажет. Яғни былайғы жұрт Исландияны жасыл алқапты, шыңғылды ел деп ойлауы мүмкін. Бірақ мұз жамылғылары мен асқан ылғалдылық, кей мекеннің батпақты не құнарсыз топырақты болып келуі — Исландияның өсімдік жамылғысының тым жұқалығына септігін тиігізіп отыр.

Хайуанаттар дүниесі

Елдің фаунасы да өте бай емес. Мекеннің ең тұрғылықты жануары — ақ түлкі (песец) саналады. Ал 18 ғ. бері Исландияға жерсіндірілген тышқанның бірнеше түрі мен 80-ге жуықтайтын құстар түрі, солтүстік бұғы-маралдар аймақтың жаңа тұрғындары іспеттес. Бірақ бұлардың бәрі де елдермен салыстырғанда азшылықты құрайды. Тек қана Исландияның мұхит жағалауында балықтар түрлері ғана көп. Исландия теңіз жануарларына кенде емес. Тіпті жағалауда итбалықтың екі бірдей түрі мен киттердің бірнеше түрі мекен етеді.

Исландия геологиялық тұрғыдан алғанда өте жас елдердің бірі. Алайда өзге еуропалық мемлекеттер секілді тәуелсіздікке ерте қол жеткізген. Тарихтан Исландияның 1387—1390 жж. Данияға бағынышты болғаны белгілі.

Саясат жайғасы

Исландия — республикалық мемлекет. Конституциясы 1944 ж. қабылданған. Ел басшысы — президент әр төрт жыл сайын бүкілхалықтық ашық және жабық сайлау нәтижесінде сайланып отырады. Дегенмен президенттің уысына атқарушы билік түгелдей беріле қоймаған. Заң бойынша атқарушы билік үкімет пен оның басшысы — Премьер-министрдің қолында.

Парламент (жергілікті тілде алтинг аталады) депутаттары да (жалпы саны — 63) бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде 4 жылға сайланады.

Ал елдегі ең екпінді партия — «Тәуелсіздік партиясы». 2003 ж. соңғы алтинг депутаттары сайлауында аталмыш партия атынан «бәйгеге» түскен үміткерлер 22 орынды (33,7 %) жеңіп алған болатын. Исландиядағы өзге партиялар қатарында Прогрессивтік партия және социалистік-демократиялық альянс бар

Экономикасы

Исландия экономикасы соңғы жылдары ауытқымалы күй кешті. Айталық 1996—2001 жылдар аралығында елдің жылдық экономикалық өсімі 3—5 % құраса, 2002 ж. бұл сан күрт төмендеп, 0,2 % әрең ілікті. Ал ІЖӨ 0,6 % аспай қалды. Алайда араға жыл салып, яғни 2003 ж. экономикалық өсім қайта көтеріліп, елдегі инфляция 5 %-дан 2 %-ға дейін қысқарды. Исландия озық елдер тізбегінде 2005 ж. 16 орында тұрса, 2006 ж. мәлімет бойынша оның тағы екі саты жоғарылағаны анықталды. Осы өрлеу нәтижесінде ғана Исландия алып алтылық қатарынан табылды.

[өңдеу] Өнеркәсібі

Елде аздаған сұр тас көмір өндірісін есепке алмағанда, тау-кен өндірісі мүлдем жоқтың қасы. Оның есесіне 2-ші дүниежүзілік соғыстан соң өңдеуші өнеркәсіп саласы қолға алына бастады. 1960 жж. бастап, импортталған шикі алюминий өңделіп, құрылысқа қажетті дайын алюминий өнімі экспорттала бастады. Исландияда жеңіл өнеркәсіп саласы да соңғы жылдары алға қойылып келеді. Аяқ киім, металл өнімдері, құрылыс материалдары, электр құралдары және түрлі тұтыну тауарлары шығарыла бастады.

Энергетикасы

Исландия энергетика саласы жағынан озық. Республикаға энергияның су көзі тән. Мемлекеттің гидроэнергетикалық мүмкіндігі жылына 80 млрд kW-сағ. бағаланады. Қазіргі таңда республикада 6 энергия өндіретін су көзі бар.

Тасымалдау

Исландияда автокөлік жолы мен су жолы жақсы дамығанымен, темір жол мүлдем жоқ. Есесіне автожолдың ұзындығы 12 955 km құрайды. Өйткені республикада көлік саны тым жоғары. Ресми емес мәліметтер бойынша, Исландияда жан басына шаққанда, екі адамға 1 көліктен келеді екен. Ал елдің сауда кемелерінің жалпы тауар сыйымдылығы 192 мың тоннаны құрайды. Елде тасымалмен 3 компания айналысады.

Балық шаруашылығы

Исландия экономикасының негізгі тірегі — балық шаруашылығы болып табылады. Бұл сала жалпы халықтың 12 % жұмыспен қамтып отыр, сонымен қатар, елдің сыртқа шығаратын тауарларының 70 % құрайды. Оның ішіндегі негізгі тұщы су балықтары — нәлім (треска) мен майшабақ. Алайда соңғы жылдардағы балық түсімінің азаюына байланысты Исландияда мойва және сайра деп аталатын балықтар да ауланып, сыртқа шығарыла бастаған.

Бұған қоса Исландия халқы кит аулаумен де айналысады. Рас, 1989 ж. халықаралық жануарларды қорғау қауымдастықтарының араласуымен кит аулауға елде мораторий жарияланғанымен, 1990 жж. ортасына қарай ел басшылығы мораторийді қайта алып тастады.

Ауыл шаруашылығы

Ел халқының 5 пайызы ғана ауылшаруашылығы саласында қызмет етеді. Республикадағы жалпы ауылшаруашылығы фермаларының саны 6 мыңды құраса, оның 80 пайызы — жеке қожалықтар. Исландияның мал шаруашылығындағы негізгі нысанасы — қой шаруашылығы. Оның басты себебі: қой еті — Исландиядағы негізгі ет тағамы болып саналады.

Саудасы

Сондай-ақ, сыртқы саудада балық өнімінен кейінгі орынды жерасты пайдалы қазбалары алады. Оның ішінде Исландия сыртқа алюминий, диатомит, феррокремний шығарумен шұғылданады.

Негізгі сыртқы саудада байланыс құратын елдер: Алмания — 18 %, Құрама патшалық — 17,5 %, Недерланд — 11 %, АҚШ — 11 %, Испания — 5 %, Дания — 5 %, Португалия — 4 %, Норуегия — 4 %.

Ал импорт жөніне тоқталғанда, Исландия мұнай өнімдері мен азық-түлік, машиналар тасымалдайды. Импорт байланысын жүргізетін елдер мен оның пайыздары төмендегідей: АҚШ — 11 %, Алмания — 11 %, Дания — 8,5 %, Норуегия — 8,5 %, Құрама патшалық — 7,5 %, Недерланд — 6 %, Ісүіш — 6 %.

скачать работу


 Другие рефераты
Перелеты птиц
Операции банка с собственными векселями
Психологическая служба на предприятии
Сұлтанмахұмыт Торайғыров романдарындағы образдар


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ