Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Израиль



 Другие рефераты
Йемен Республикасы Италия Испания Исландия

Израиль – Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр. Георафиялық орналасуы бойынша – мемлекет Азияның оңтүстік-батысында орналасқан.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша берілген жер көл. 14 мың км2, ал 1948 – 49 жылдары араб-израиль соғыстары барысында басып алған жерлерін қосқанда 20,7 мың км2.

Израилдің астанасы – Иерусалим қаласы, дегенмен қаланы толық бақылау БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдер тарапынан мойындалған жоқ.

Иерусалим көне карталарда әлемнің орталығы болып бейнеленген. Бұл қаланың жасы үш мың жылдан астам. Еврейлер үшін Иерусалим қаласы Израильдің өзі болып есептеледі; бұл Давида мен Соломон шіркеуінің атақты орны. Еуропа халқының мәңгілік астанасы. Христиандар үшін Христостың соңғы күндерін сүрген және керілу мен жанданған жері, сондай-ақ құпия сырдың орны. Мұсылмандар үшін қасиетті Әл-Қудждің атымен көкке ұшқан күні. Иерусалим үш қаланың бір қала болып көрінгені тәрізді. Қаланың бүгінгі көрсінісі: Батыс Иерусалим – еврей анклавы; Шығыс Иерусалим – онда негізінен арабтар қауымы тұрады; бұл конгломераттың ортасында Көне қала орналасқан.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
    • 1.1 Ежелгі мемлекеті
    • 1.2 ХХ ғасыр
  • 2 Географиясы
    • 2.1 Табиғаты
    • 2.2 Климаты
    • 2.3 Ландшафт
    • 2.4 Флора мен фауна
  • 3 Экономикасы
  • 4 Мемлекеттік құрылымы
  • 5 Халқы
  • 6 Транспорт
  • 7 Пайдаланылған әдебиеттер

Тарихы

Израиль жері – ежелгі мәдениет гүлденген аймақ. Еврейлер өздерін осы аймақты мекендеген ежелгі ұлт деп есептейді.

Ежелгі мемлекеті

Израиль мемлекеті еврейлік дәстүрмен Израль халқына мұраға қалдырылған Израиль елінде пайда болған. Бұл Иисустың дүниеге келген және мұсылман дінінің елшісі Мұхаммедтің көкке көтерілген жері. Иисус Израиль елін римдектер басқарып отырға нкезде дүниеге келген. Біздің эрамыздың IV ғасырында Израиль елі көпшілік санасына Қасиетті Жер ретінде қалыптаса бастады. Елде көптеген шіркеулер мен монастырлер салынды. Мұнда қасиетті тастар сақталады.

640 жылы Израиль елі Омар халиф әскерімен жауланды. Арабтардың жаулап алуы Израиль елінде мұсылман билігінің бастамасы болды. Осы кезде мәдениет пен діннің алмасу үрдісі басталды. Мұсылман дәстүрі бойынша Иерусалим қаласы қасиетті болып есептеледі, себебі, Мұхаммед елші осы қаладан көкке кеткен. Егер басында мұсылман арабтары хрисандарға Иерусалим қаласына кіруге рұқсат берсе, XI ғасырдан бастап Иерусалимге христиандарға кіруге рұқсат бермеді. Осы кезде II Урбан Папасы Европа рыцарьларын жинап, мұсылман қоластынан қасиетті жерлерімізді аламыз деген ұранмен шабуылға шықты. Осылайша 1099 жылы Иерусалим қаласын басып алды. 1187 жылы Египет пен Сирия әскері темпилерлерді талқандап, мәмлүктердің билігін орнатты. Израиль елінің тарихында ерекше орын алатын Наполеонның Шығысқа Египеттік жорығы немесе Таяу Шығыс жорығы болды. Наполеонның қасиетті жерге келуі европалықтардың көзін қайта ашты. Олар енді аймақтың экономикалық және стратегиялық маңыздылығын қайта аңғара бастады.

ХХ ғасыр

Қазіргі Израиль мемлекеті 1947 жылы 29 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімі негізінде 1948 жылы 14 мамырда өз тәуелсіздігін жариялаған. Оған бұрынғы Палестина жерінің 56%-ы (14 мың км2) беріліп, Израиль мен оның төңірегіндегі аймақ бейтарап зона деп жарияланды. Жаңа мемлекет құрыла салысымен оған қарсылық ретінде бірнеше араб мемлекеті басып кірді. Соғыс 1 жылдан аса уақытқа созылып, Израильдің пайдасына шешілді. Ол басқа елдердің қарсылығына қарамастан, БҰҰ шешімімен арабтық Палестина мемлекетіне берілген жердің көп бөлігін (6,7 мың км2) және Иерусалим қаласының батыс бөлігін басып алды. Израиль басып алған жерлерінен 1 млн-нан аса арабтарды қуып жіберіп, БҰҰ-ның 1948 жыды 11 желтоқсанда шығарған босқындардың отандарына қайтып оралу құқы туралы қарарын орындаудан бас тартты.

1949 жыды Израиль Египетпен (25 ақпан), Ливанмен (23 наурыз), Иорданиямен (3 сәуір), Сириямен (20 шілде) уақытша бітім жасасты. Бірақ арабтармен екі арада соғыс тоқтатылған жоқ.

1956 жылы Израиль Ұлыбритания және Франция жағында Египетке қарсы соғысты.

1967 жылы маусымда Египетке, Сирия мен Иорданияға тұтқиылдан шабуыл жасап, жеңіске жетті де, арабтардан Синай жарты аралын, Газа секторын, Иордан өзенінің батысын, Иерусалимнің арабтық бөлігін, Голан жотасын басып алды.

1973 жылы қазан айында қайта басталған Израиль мен араб елдері арасындағы соғыс БҰҰ-ның талабымен желтоқсан айында тоқтатылды.

1975 жылы Синайдан әскерді әкету туралы Египетпен арада келісім жасалынды. 1978 жылы Кэмп-Девидте (АҚШ) Египет пен Израиль арасында тағы келісім жасалып, Египет Синайды өзіне қайтарып алды.

1980 жылы Израиль үкіметі Иерусалимді “өзінің біртұтас және бөлінбес астанасы” деп жариялап, Сирия жері болып табылатын Голан жотасын өзіне қосып алғандығын жариялады. Бұл әрекет БҰҰ тарапынан заңсыз деп айыпталды.

1981 жылы Израиль мен АҚШ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

1982 жылы маусымда Израиль әскерлері Ливанға басып кіріп, астанасы Бейрут қаласын қоршауға алды және онда тұрған Палестинаны Азат ету ұйымының қарулы жасақтары штаб-пәтерін елден кетуге мәжбүр етті. Ливанның оңтүстігіне басып кірген әскер тек 2000 жылы кері шығарылды.

1995 жылы Газа секторы автономияға қол жеткізді. Дегенмен әлі де араб елдерімен арада бейбіт келісімдерге қол жетпей отыр.

Табиғаты

Израиль теңіз жағалауында, 500 – 1000 м. биіктіктегі таулы қыратта орналасқан. Климаты субтропиктік. Солтүстік жауын-шашынды, оңтүстікке қарай жартылай – шөл және шөлейтті. Солтүстік-шығысында Иордан өзені ағып жатыр. Ұсақ өзендері жазда құрғап қалады. Жері пайдалы қазбаларға, өсімдіктер дүниесіне кедей. Үлкен ормандар жойылып кеткен.[4]

Солтүстігінде – Ливанмен шекараласады. Солтүстік-шығысында – Сириямен, шығысында – Иорданиямен, ал оңтүстік батысында Мысырмен шекараласқан. Батысында Жерорта теңізімен шектеседі (жағалау сызығы – 230 км), оңтүстігінде – Қызыл теңізбен шектескен (жағалау сызығы – 12 км). Ортақ ауданы шамамен 21,643 шаршы метр.

[өңдеу] Климаты

Израиль климаты — әртүрлі болып келеді. Елдің орталық және солтүстік бөліктерінде жерорта теңіздік климат, яғни, ыстық жаз бен жаңбырлы қыс. Израильдің оңтүстік және шығыс аумақтарында шөлді климат. Шөл мен теңізге жақын аудандарда жартылай құрған зона. Күз бен көктем елге келуге ең ыңғайлы кезең. Жазы ыстық. Шілде-тамыз айларындағы орташа темп-ра 24 – 28°С, Гхор ойпатында 36°С-ке дейін. Қысы жылы, оңтүстік-батыста қаңтардағы температура 6 – 14°С, ал қалған өңірлерде 18°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері Гхор ойпаты мен Негев шөлінде 100 – 200 мм, кей жерлерде тіпті 100 мм-ге дейін, таулы жерлер мен Жерорта теңізі жағалауларында 400 – 800 мм. Жауын-шашын, негізінен, қыс айларында болады.

Ландшафт

Израиль негізінен үш регионға бөлінеді: теңізге жақын орналасқан теңдік, таулы регион және Иордан даласы. Теңіз теңдігі – елдің батыс бөлігі. Ал шығысына таман қыраттар бар. Таулы район – солтүстігіндегі Ливаннан бастап оңтүстігіндегі Эйлат шығанағына дейін созылған және теңіз теңдігі мен Иордан даласының ортасында жатыр. Таулы аймақтың сольүстігіндегі климат – жерортатеңіздік, жаңбырлы, а лоңтүстігінде – шөлейт. Самари және Иудей қыраттарының солтүстік бөліктері сәйкесінше Самари мен Иудей шөлдеріне ұласады. Иордания даласы – солтүстігінде Метуладан бастап оңтүстігінде Қызыл теңізге дейін жалғасып, бүкіл Израильді басып өтеді. Иордан Израильдің ең үлкен өзені. Ол Иордан даласы арқылы ағып жатыр. Иордан өзені өз жолында Киренет өзенін және тұзды Өлі өзенді қосады.

Флора мен фауна

Израиль климаттық және географиялық зоналардың ортасында болғандықтан флора мен фаунасы өте бай. Оның флорасында 2380-ге жуық өсімдік түрі кездеседі, ал олардың кейбіреулері өз кезегінде тек Израильде ғана кездеседі. Шөлейт жерлерде өімдіктер сирек кездеседі. Израиль фаунасы мөлшермен 100-ге жуық жабайы суқоректілерден тұрады. Израиль территориясында 510 құс түрі кездеседі, олардың көбісі жыл құстары. Израиль «бөтелке ауызы» тәрізді жыл құстары ұшатын жер, яғни, теңіз бен шөлейттің арасындағы миллиондаған құстардың солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстікке қарай ұшқандағы демалыс орны болып табылады. Қызыл теңіздің суасты әлемі де тропикалық балықтар мен түсті кораллдарға бай.

Экономикасы

Израиль дамыған аграрлы-индустриальды ел. 1995 жылғы есеп бойынша, жылдық ұлттық табыс 70 млрд. доллар шамасында, әр адамға шаққанда жылдық табыс мөлшері – 14,4 мың доллар. Елде меншіктің үш түрі (жеке меншік, мемлекеттік, кооперативтік – кәсіподақтық), әскери өнеркәсіп жақсы дамыған. Дегенмен Израиль экономикасы, негізінен, сырттан АҚШ пен Еуропа Одағы елдері тарапынан қаржыландырып отырады. Қорғанысқа ұлттық табыстың 15%-нан астамы жұмсалады. Елде жыл сайын сырттан келетін еврей ұлтты иммигранттарға қолайлы жағдай туғызылған. 1983 – 96 жылдары елге ТМД елдерінен 800 мыңнан астам адам келіп қон

123
скачать работу


 Другие рефераты
Окаянные дни в судьбах и творчестве И. Бунина и А. Куприна
Азербайджан
Художественные средства и их использование в творчестве живописцев авангарда начала XX века
Компьютерная речь


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ