Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Израиль

ыстанды. Экономикадағы өнеркәсіптің үлесі – 21%, ауылшаруашылығы – 3%. Елде медициналық электроника, байланыс құралдары, компьютерлер шығару жақсы дамыған. Оған қоса металл өңдеу, машина жасау (кеме мен авиация, әскери техникалар шығару), электротехника, химия, алмаз өңдеу, т.б. өндіріс орындары шоғырланған. Ауыл шаруашылығында, негізінен, цитрусті жемістер (1,5 млн т.) өсіріледі. Оған қоса жеміс-жидек, бау-бақша, гүл өсіру, құс өсіру жақсы дамыған. Астық өнімдері сырттан әкелінеді. Сыртқы сауда айналымы – 40 млрд. доллардан астам. Негізгі сауда серіктестері – АҚШ пен Батыс Еуропа елдері. Израиль сыртқа қару-жарақ сататын әлемдегі он елдің ішіне кіреді (2 млрд. доллар).[5]

Мемлекеттік құрылымы

Израильде ел Конституциясы жоқ. Мемлекеттік құрылымдар жекелеген заң актілері бойынша реттеліп отырады. Мемлекет басшысы – парламент (кнессет) 4 жылға сайлайтын президент. Бірақ оның билігі шектеулі. Үкімет билігі премьер-министрдің қолында (2001 жылдан Ариэль Шарон). Заң шығарушы орган – бір палаталы парламент. Ол халық 4 жылға сайлайтын 120 депутаттан тұрады. Басқару формасы – парламенттік демократия.

Израиль мемлекеті 1948 жылы 14 мамыр күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылдың 29 қарашасында қабылданған №181 қарарына байланысты құрылғандығы туралы жариялады. Тәуелсіздік декларациясына байланысты Израиль еврейлік мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Израиль көпұлтты және демократиялық мемлекет болып есептеледі, онда еврейлермен бірге басқа да этникалық және діни топтардың да тең құқықтары сақталады. Кнессетте друз және бәдәуи депутаттары, араб партиялары және депутаттары көрсетілген. Израиль мемлекетінің билігі демократиялық қағидаларға сүйеніп, үш тармақтан тұрады: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі. Кнессет – израильдік парламент – партиялардың пропорциялық өкілдігімен 120 депутаттан тұрады. Парламенттік сайлаулар әр төрт жыл сайын болып тұрады. Кнессеттің құпия дауыс беру арқылы үкіметті тарату құқығы бар. Израиль мемлекетінде жинақталған конституция жоқ, оның орнын уақытша негізгі заңдар жинағы атқарады. 2003 жылы Кнессетте осы заңдарға негізделіп конституцияны құрастыру жобасы басталған.

Израиль мемлекеті парламенттік жүйе арқылы басқарылады және барлығының сайлауға құқығы бар демократиялы ел болып танылады. Президент – формальді түрде мемлекет басшысы, бірақ негізінен оның қызметі – салтанат құру (церемониальные). 2000 жылғы қабылданған заң бойынша Президент 7 жылға бір рет қана сайлану құқығы бар.

Премьер-министр үкімет басшысы болып табылады және өзінің орнында төрт жыл отырады. Әдетте, парламенттік сайлау кезінде көп дауыс жинаған партияның төрағасы премьер-министрлікке тағайындалады. Егер кандидат Кнессеттің көпшілігінің қолдауын таба алмаса және 45 күннің ішінде үкіметті құра алмаса, онда оның орнын екінші көп дауыс жинаға партияның төрағасы алады. Егер үкімет 75 күннің ішінде құрылмаса, қайта сайлаулар жүргізіледі.

Сот билігінің жоғарғы органы – Жоғарғы Сот (Әділдіктің Жоғарғы Соты). Ол азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын соңғы инстанциясы болып табылады, сонымен қатар, конституциялық соттың да рөлін атқарады [1].

Израильде бір де бір партия абсолюттік басымшылыққа ие болмайтын көппартиялы жүйе қалыптасқан. Бұл жүйе Израиль мемлекеті 1948 жылы құрылғанға дейін қалыптасқан. Бастапқы кезде негізгі күшті социалистік бағыттағы партиялар құрады («МАПАЙ» сияқтылар). Сонымен қатар, оңшыл партиялар болды (ең салмақтысы – «Херут»), олардың арасындағы «Эцель» және «Лехи» саясатпен қатар ағылшын оккупанттарына қарсы террористік қызметпен айналысқан.

Израиль мемлекеті құрылғаннан кейін үкіметті «МАПАЙ» басқарды, ал оның көшбасшысы Давид Бен-Гурион премьер-министрі болды. 50 жылдары өте солшыл «МАПАМ» алып күшке ие болды. «Ревизионистер» партиялары («Херут») және либералды-буржуазиялық бағыттағы партиялар сол кезде оппозицияны құрады.

Израильде партияларды оңшылдар және солшылдар деп бөлінуі басқа мемлекеттерде танылған дәстүрлі түсініктен ерекшелеу. Партияларды мынадай қағидаларға байланысты бөлуге болады: бейбіт үрдіске көз-қарас және дінге көз-қарас.

Дәстүрлі түрде арабтармен болған конфликтті бейбіт түрде шешуге талпынатын солшыл партиялар болып табылады; бұл партиялар («Авода», «Яхад-Мерец» сияқты және араб партиялары) көптеген территориялық шегіністерге дайын. Оңшыл партиялар («Ликуд», «Мафдал-Ихуд Леуми» сияқтылар) қатаң бағыттарды ұстанады. Қазіргі кезде үкіметті Биньямин (Биби) Нетанияху бастаған оңшыл орталық «Ликуд» партиясы басқарады. «Кадиманың» көшбасшысы Ципи Ливни бейбіт келісімдерге дайын екендігін білдірген болатын (мысалы, Аннаполистегі конференция) [2]. 2009 жылғы ақпанда болған сайлауда Кнессеттің 18 отырысына (созыв) өткен партиялар:

  • «Кадима» (Кнессеттегі орын: 28) — көшбасшысы Ципи Ливни
  • «Ликуд» (Кнессеттегі орын: 27) — көшбасшысы Биньямин Нетаньяху
  • «Біздің үй — Израиль» (Кнессеттегі орын: 15) — көшбасшысы Авигдор Либерман
  • «Авода» (Кнессеттегі орын: 13) — көшбасшысы Эхуд Барак
  • «ШАС» (Кнессеттегі орын: 7) — көшбасшысыЭли Ишай
  • «Яхадут а-Тора» (Кнессеттегі орын: 5) — көшбасшысы Яаков Лицман
  • «Ихуд Леуми» (Кнессеттегі орын: 4) — көшбасшысы Яаков Кац
  • «Хадаш» (сонымен қатар Израиль Коммунистік Партиясы) (Кнессеттегі орны: 4)
  • «Біріккен араб тізімі» — «Тааль» (Кнессеттегі орын: 4)
  • «Еврей үйі» (Кнессеттегі орын: 3) — көшбасшысы Даниэль Гершкович
  • «Балад» (Кнессеттегі орын: 3)
  • «Мерец» (Кнессеттегі орын: 3) — көшбасшысы Хаим Орон [3].

2009 жылы ақпандағы сайлауда үкімет басына Биньямин Нетанияху бастаған оңшыл орталық коалиция келгеніне бір жылдан асты. Оның ядросын үш оңшыл орталық партиялар құрады – басқарушы Ликуд, «Біздің үй – Израиль» «орыстар» («израильдік акценті» бар) партиясы және сефардтар-традиционалистер әлеуметтік-популистік қозғалысы ШАС; ал флангтарда солшыл Еңбек партиясы («Авода»), діни сионистертердің оңшыл блогі «Еврей үйі» — Жаңа Мафдал және ашкеназдар-ультраортодокстер блогі «Таурат еврейлігі». Көптеген «жаманойлаушылардың» айтуы бойынша сондай әртүрлі ойлайтын және әртүрлі мақсаттары бар үкімет ары кетсе екі-үш айға дейін ғана шыдауы керек болатын. Бірақ сарапшылардың таң қалғаны – бұл үкімет әлі де болса тұрақтылықты ұстап келеді.

Үкіметті қолдаушылардың айтуы бойынша, олар басқарушы кабинеттің жетістігі ретінде Ливан мен Газа секторы шекараларындағы салыстырмалы түрде созылған тыныштықтың сақталуын, мемлекеттің экономикасына дамыған мемлекеттер тобы арасында біріншілердің бірі болып экономикалық өсуге әкелген нәтижелі қаржылық саясатын қаржылық цунамиден құтылып кеткенін жатқызады [4].

Сарапшылар тағы да Беньямин Нетанияху үкіметі мен Барак Обаманың әкімшілігінің арасындағы өткір қарама-қайшылықтарға қарамастан, 2009 жылы айтарлықтай ашық түрде қақтығысқа ұшырамағандығын айта кетеді. Биби қазірше Израильден палестиналық арабтарға жаппай шегіністерге баруын талап ететін Ақ үй мен «таяушығыстық делдалдардың» қысымын көтеруде, бірақ көбі бұл мәселедегі қиындықтар әлі алда деп ойлайды.

Қазіргі кездегі Кнессеттің көпшілік орнын иеленіп отырған «Кадима» партиясы 2005 жылы пайда болды. Сол жылы Ариэль Шарон мен оның жақын жақтастарының «Ликуд» партиясының басшылығымен қарама-қайшылықтар болып қалады. Қарама-қайшылықтың негізі межелеу саясаты болды – Газа секторынан израиль әскерін шығару және 1967 жылдан кейін салынған еврейлік елді-мекендерін бұзу. Бұл Ариэль Шаронның «Ликудтан» кетіп жаңа партияны құруына себеп болды. Алғашқы аты жаңа саяси бірлестіктің лозунгі болған «Ұлттық жауапкершілік» ұраны болды.

Ариэль Шаронмен бірге «Ликудтан» Эхуд Ольмерт, Ципи Ливни, Меир Шитрит, Авраам Гиршзон, Марина Солодкина және басқалары шығып кетті. 2005 жылы 30 қарашада 82 жастағы «Аводтың» көшбасшысы және премьер-министр Шимон Перес Ариэль Шаронды және оның жаңа партиясын қолдау үшін өзінің партиясынан шығатынын жариялады. Шаронның жақындары Перестің жаңа партияға қосылмайтынын айтқан, бірақ ол жеңіске жетсе Шаронға министрлік орын берілетінін жеткізді, онда ол үлкен ұлттық жобалармен айналысатын болады – Негев шөлін дамыту, Өлі теңіздің экологиясы және т.б. Алайда, Шимон Перес «Аводадан» шығып «Кадимаға» қосылды. Переспен бірге «Кадимаға» Кнессеттің депутаттары Хаим Рамон және Далия Ицик ауысты. «Біздің үй – Израиль» партиясының басшылығымен болған түсініспеушіліктерден кейін, Кнессет депутаты Михаиль Нудельман «Кадимаға» кетіп қалды. «Кадима» билеуші партияға айналды, бірақ Кнессеттің 16 отырысында көпшілік орынға ие болмады [5].

2006 жылы 12 шілде мен 14 тамыз аралығында Екінші Ливан соғысы өтті. Бұл соғыс әскер мен мемлекет басшылығындағылардың кемшіліктерін көрсетті. Әскери опреацияның негізгі мақсаттары орындалмады: 2 тұтқын сарбаз босатылмады, «Хезболла» жойылмады, тек әлсізден

123
скачать работу

Израиль

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ