Израиль
ді. Конфликт аяқталғаннан соң сот төрешісі Элиягу Виноград басқарған Ливандағы жағдайларды зерттеуге байланысты арнайы комиссия құрылған. Премьер-министр Эхуд Ольмерт, Қорғаныс министрі Амир Перец, Бас Штаб бастығы Дан Халуцты отставкаға жіберуді қолдап көптеген митингілер өте бастады.
«Кадиманың» мына басшыларына қарсы жемқорлыққа байланысты айыптаулар қозғалды: Ариэль Шарон, Омри Шарон, Авраам Гиршзон, Цахи Анегби, Хаим Рамон, Рухама Авраам, Яков Эдри және Эхуд Ольмерт. Премьер-министр Эхуд Ольмертке қарсы жоқ дегенде үш іс бойынша айыптаулар қозғалды: парақорлыққа байланысты іс (кәсіпкер Морис Таланскиден конверттер), Өнеркәсіп және сауда министрлігіндегі жемқорлық және шетелге заңсыз қаржының алынуы бойынша істер («Ришон турз» ісі). Ольмерт 2008 жылдың 17 қыркүйегіне белгіленген праймеризге қатыспайтындығын айтты.
2009 жылы 10 ақпанда өткен Кнессеттің 18 шақырылымының сайлауына «Кадима» 28 депутаттық орынды иемденді: сыртқы істер министрі Ципи Ливни, көлік министрі Шауль Мофаз, ішкі қауіпсіздік министрі Ави Дихтер және Ішкі істер министрі Меир Шитрит. Бұл сайлауда, жоғарыда айтып кеткендей, «Кадима» 28 орынға ие болып, «Ликудтан» 1 орынға басым түсті. Алайда, оңшыл партиялар жалпы алғанда Кнессеттің 120 орынының 65-сін алған соң, Президент Шимон Перес үкімет құруды «Ликудтың» төрағасы Биньямин Нетанияхуге тапсырды. Сол күні «Ликуд» төрағасы «Кадима» мен «Авода» көшбасшыларына өзінің қоластындағы ұлттық бірлік үкіметіне кіруін ұсынған [6].
Оңшыл партиялардың жеңу себебі, Нетанияху өзінің коалициялық әріптестерін палестиндік мәселенің ішінде мына үш нұсқаның – нәтижелі реттеуге жету үшін жаппай ымыраларға келу; Иудея мен Самарияда біржақты межелеудің жаңа кезеңі және Иордан өзенінің батыс жағында геосаяси статус-кво сақтау – үшіншісі ғана оңтайлы екеніне сендірді. Бұл қадам «Осло саясаты» сияқты саяси тәжірибелерге шаршаған халық үшін қолайлы көрінді. Басқаша айтқанда, солшыл партияларда туған палестиндік арабтарға «жерге бейбітшілікті ауыстыру» қағидасын тарату және «территориялардан біржақты кету» бағдарламалары израильдік қоғамда өз маңызын жоғалтқандай, тіпті өзінің электоралды нарығын әлсіретуде.
Қазіргі кезде солшыл оппозицияда билікке қайтып келу үшін тек зайырлы қоғам мен діни қоғамды бір-біріне қарама-қарсы қою мен әлеуметтік-азаматтық мәселелерін көтеру қалған сияқты. 1999 жылы солшылдардың бұл тәсілі іске асқан болатын. Ол кезде солшылдар өздерінің бақылауындағы бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы израильдіктерді Израильде «зайырлы мәдениет пен діни мәдениет арасында соғыс» болып жатқанына скендірген еді. Ал оған қарағанда ішкі және сыртқы қауіпсіздік мәселелері онша маңызды болмай тұр деген. Осы жағдайда сол кездегі премьер-министр (қазіргі кездегі де) Нетанияху «діннің күшеюімен күрескер» Эхуд Барактан сайлауда ұтылып қалды.
Солшылдардың политтехнологтары осындай жағдайды қайтадан туғызайын деп отыр. Солшыл БАҚ-тарда қайтадан белсенді түрде пәлен «залым паразит-ультраортодокс» кейпі пайда бола бастады. Бұған мысал ретінде «Гаарец» газетінде 10 наурызда пайда болған Алуф Беннің мақаласын жатқызуға болады. Қазіргі халықтың «діни адамдарға» («ақырын қайнай бастаған қазанның астына от сала» бастаған) наразылық білдіріп отырған кезінде, солшылдарға еш қиыншылықты да қажет еткізбейді, тіпті келесі сайлауда өз шыңына жетеді деген мүмкіндіктер бар [7].
Халқы
Халқының саны 7 млн-ға жуық, олардың 80% еврейлер, 20 % арабтар құрайды. Діні – 76,5% яһудилер, 16% мұсылмандар, 2% християндар, 1,5% друздар, 4% дінге сенбейтіндер. Тілі- иврит, араб.
Валютасы – израильдік жаңа шекель. Шекель 100 агоротқа тең.
Демалыс күндері жексенбіден бейсенбіге дейін таңертеңгі сағат 9:00 ден кешкі 19:00 ге дейін жұмыс жасайды. Сауда орталықтары сенбі күндері ашық. Ресторандар мен кафелер әдетте жұма-сенбі күндері жұмыс істейді. Мұсылмандар дүкендері жұма күні жұмыс істемейді, себебі бұл күні мұсылмандар демалады, ал христиандар дүкендері жексенбі күндері жұмыс істемейді.
Транспорт
Израильде кеңінен таралған транспорт түрі – автобус. Барлық автобустардағы билет бағасы арзан. Автобустары ыңғайлы, кондиционерлермен жабдықталған, жиі әрі уақтылы жүріп тұрады. Автобустар сенбі және еврей мейрамдары кезінде жүрмейді. Таксилерге келетін болсақ, олар жергілікті және қалааралық болып бөлінеді. Қала ішінде таксимен жүрудің ақысы счетчикпен есептеледі. Такси бағасы салыстырмалы түрде қымбатырақ. Үш түрлі тариф қарастырылған:
-
-
(0)-қосымша тариф, телефонмен тапсырыс берілген жағдайда алынады;
-
(1)-әдеттегі тариф;
-
(2)-әдеттегі тариф және 25% түнгі уақытта (21:00- ден 5:30-ға дейінгі уақыт аралығы) және сенбі күндерінде жүру үшін алынады;
Халықаралық телефон коды +972
Израиль БҰҰ-ның мүшесі (1949) және Еуропа одағының ассоциаланған мүшесі. Қазақстан мен Израиль арасында дипломатиялық және сауда-экономикалық қатынастар біршама дамыған. Израильдіктер Қазақстан экономикасына 1992 – 99 жылдар аралығында 188 млн. доллар көлемінде инвестиция енгізді. Елімізде Израильдің 76 компаниясы жемісті еңбек етуде. 2000 жылы сәуірде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен Израильде болып қайтты.[6]
Пайдаланылған әдебиеттер
-
↑ The national President’s residence, government offices, supreme court and parliament are located in Jerusalem, which is Israel’s capital according to Israel’s Basic Law. This states that «Jerusalem, complete and united, is the capital of Israel.» However, the Palestinian Authority sees East Jerusalem as the future capital of Palestine. Also, the United Nations and most countries do not accept the Basic Law, arguing that Jerusalem’s final status must await future negotiations between Israel and the Palestinian Authority. Most countries maintain their embassies in Tel Aviv (see CIA Factbook and Map of Israel) See Positions on Jerusalem for more information.
-
↑ Қазақ энциклопедиясы, 4-том
-
↑ Қазақ энциклопедиясы, 4-том
-
↑ Қазақ энциклопедиясы, 4-том
-
↑ Қазақ энциклопедиясы, 4-том
-
↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
| | скачать работу |
Израиль |