Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қалқаман САРИН, ақын: Қазіргі ұрпақты тәрбиелейтін мағыналы шығармалар қажет



 Другие рефераты
ЕР ТАРҒЫН «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» Ақұштап Бақтыгереева Ахмет Байтұрсынов

Бүгінде еліміздің бас ордасы – Астана қаласындағы жас ақындардың ішінде Қалқаман Сариннің шығармашылық тұғыры биік, қолтаңбасы ерекше. Оның сөзіне жазылған біраз өлеңдер халықтың көңілінен шығып, жастардың зор ілтипатына бөленді. Оның «Арма­нымның бейнесі» атты жыр жинағы мен «Жібек сезім – Жүрек сөзім» атты үнтаспасының жарыққа шыққанын жұрт жақсы біледі. Осыған орай қарашаның 2-сі күні Астанадағы Конгресс-холл сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ақын Қалқаман Сариннің «Арманымның бейнесі» атты алғашқы әдеби-сазды шығармашылық кеші өтеді. Өнер жолындағы жолдастардың бастамасымен өткелі отырған осы салтанатты іс-шараның алдында Қалқаман Саринмен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Қалқаман Айымғазыұлы, алдағы шығармашылық кешіңіз туралы айтардың алдында бүгінгі білім беру саласындағы қызметіңіз жайында бір ауыз сұрайын деп едік. Қазіргі оқытушылық қызметіңіз жеке шығармашылығыңызға қолбайлау болып отырған жоқ па?

– Мен үшін өнерім, өлеңім әрқашан бірінші орында тұрады. Ғылым да — шығармашылық, өлең мен әдебиет те шығармашылық қой. Мен үшін олар бір-біріне бөгет жасамайды, керісінше, бірін-бірі толықтырып отырады. Жалпы, Еуразия ұлттық университетіне белгілі ғалымдар мен өнер адамдарының келуімен ол жердегі үлкен ортаның қалыптасуы мені қатты қызықтырды. Сол себепті осы іргелі оқу ордасында қызмет етуді қаладым.

Менің негізгі мамандығым – тарихшы. Сондықтан жас тарихшыларға дәріс беріп жүрмін. Өз басым тарих пен әдебиетті бөле-жара қарастырмаймын. Себебі кезінде батыр-билердің мемлекеттік маңызы бар дау-дамайларды бір ауыз сөзбен шешуі туралы әдебиетте ғана емес, тарихта да айтылады. Сондықтан осы тарихи тағылымды ұрпақ санасына сіңіру үшін әдебиетші болу міндет емес. Ол жағынан әрбір мұғалімде дәріс берудің өзіндік әдістемесі болады ғой. Мен тарихты оқыт­қан кезде, ең алдымен, батырлардың батылдығы туралы айтып, ел бастаған дуалы ауыз шешендер мен көсемдердің мағыналы сөздерімен балаларды қызықтыруға тырысамын. Менің ғылыми жұмысым да осы тақырыптың төңірегінде. Ғылыми жетекшім – белгілі тарихшы-ғалым, профессор Тілеген Садықұлы. Ол кісі менің шығармашылық қабілетімді ескере отырып, мамандығыма сай «Қазақ ақын-жыраулар шығармашылығындағы ұлт-азаттық идея» деген тақырыпты бекітіп отыр. Жалпы, бұл – мені қатты қызықтырып жүрген тақырыптардың бірі. Сон­дықтан оны қандай да бір атақ үшін емес, өзім үшін қорғайтын боламын. Мен бұл тақырыпты аша алатынымды білемін. Негізі, ақын-жыраулардың поэзиясы, олардың ұлттық рух пен тарихи сананы жаңғырту идеясы қазірдің өзінде де өз күшін жойған жоқ.

– Астана қаласындағы Көңілді тапқырлар театрында редакторлық қызмет те атқарады екенсіз. Осы жайында кеңінен айтып берсеңіз?

– Иә, бұл театр Астана қаласының әкімі, өнер мен тіл жанашыры Иманғали Тасмағамбетовтың тікелей қолдауымен құрылған болатын. Театр ашылған бойда оның директоры Тұрсынбек Қабатов мені редакторлық қызметке шақырды. Осындай жауапты сәтте жолдасым Тұрсынбек маған сенім артқаннан кейін, келісім бердім. Негізі, бұл театрдың бағыты бөлек. Ол жерде жеке монолог­шылардың сатирасын дамыту жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Менің негізгі міндетім – әртістердің мәтіндерін тексеріп, саяси қателерге, сондай-ақ жеке тұлғалардың ар-намысына нұқсан келтіретін сөздерге жол бермеу. Ең бастысы, тілдің тазалығын сақтау. Қазіргі кезде халықты күлдіреміз деп, «жаргон» сөздерді көп қосып қоятын әдетіміз бар ғой. Ол жағынан, кейбір театрлардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық. Кемшілік бар, бірақ «көш жүре түзеледі» деген сенім де жоқ емес.

– Демек, сізді «сатирик» деп айтуға бола ма?

– (Күлді). Жоқ, о не дегеніңіз?! Мен тек редакторлық қызметке ғана жауап беремін. Мәселен, еліміздің жер-жерінде құрылып жатқан шағын театрлардың өзіндік диалектісі қалыптасқан. Мәселен, оңтүстіктің әзілін батыста түсінбей жатады. Міне, сол себепті Астанадағы театрды құру кезінде қазақтың барлығына түсінікті тілде сөйлейтін театр болсын деген тапсырма берілген болатын. Біз осы мәселеге баса назар аударып келеміз. Жалпы, бүгінгі қазақ сатирасының проблемасы бар. Ол – материалдың жоқтығы. Әрине, сатирик ағаларымыз біраз шығармаларды жазып жүр. Бірақ оны сахналау кезінде бірқатар қиыншылықтар туындап жатады.

– Сіздің алғашқы шығармашылық кешіңізге кім қатысады екен?

– Бүгінде бұл кешке Фариза Оңғарсынова, Ұлықбек Есдәулет, Несіпбек Айтұлы, Жүрсін Ерман, Серік Ақсұңқар, Исраил Сапарбай, Бауыржан Жақып, Тынышбек Әбдікәкім сияқты қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті тұлғалары шақырылып отыр. Сонымен қатар бұл кешке менің сөзіме ән орындап жүрген «МұзАРТ», «Бәйтерек», «Аламан» тобы, «Меломен», Досымжан Таңатаров, Еркін Нұржан, Ғаділбек Жанай, Гүлмира Сарина, Эльмира Жаңабергенова, Клара Төленбаева, Баян Нұрмышева және тағы басқа қазақ эстрада жұлдыздары қатысып, Тұрсынбек Қабатов бастаған Көңілді тапқырлар театрының әртістері өз өнерін паш етпек. Шынын айтсам, бас кезінде жеке шығармашылық кешімді беруге жүрексіндім. Себебі бір кітап, бір диск шығарып, шығармашылық кешті беру қалай болады екен деп біраз жүрдім. Бірақ өнердегі достарым қолқа салғаннан кейін, келістім. Жалпы, бұл бастамаға достарым жан-жақты көмек көрсетіп, шығармашылық кешімнің ерекше өтуіне атсалысып отыр.

– Демек, бұл кешіңіз басқа шығармашылық кештерден ерекше өтеді деп айтуға бола ма?

– Бұл кеште менің сөзіме жазылған әндер ғана айтылмайды. Онда бүгінгі театр және кино өнерінің майталмандары, менің достарым, өлеңдерімді оқитын болады. Мен де көрермен қауымның алдында өзімнің бірқатар шығармаларымды оқимын. Сценарий бойынша біз шартты дүниеден қашып отырмыз. Құр баяндама жасап, шапан жауып, артынан концерт беруден аулақпыз. Әзірге құпия болып қалсын. Бұл кеш тек мені көрсету ғана емес, бұл – Астанада үлкен өнер ордасының бар екендігін таныту ниетінен туындап отырған бастама. Көпшілік өз бағасын бере жатар.

– Әңгімеңізге рақмет! Шығармашылығыңызға табыс тілейміз.

Автор: Арман БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ

http://alashainasy.kz/culture/28711/

скачать работу


 Другие рефераты
Субъекты политических отношений
Сбережения и доходы населения
Влияние нефтяной промышленности на окружающую среду
Социальная экология - наука о глобальных проблемах современности


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ