Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақұштап Бақтыгереева



 Другие рефераты
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» Қалқаман САРИН, ақын: Қазіргі ұрпақты тәрбиелейтін мағыналы шығармалар қажет Ахмет Байтұрсынов Ақан Сері Қорамсаұлы

Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы, 23 тамызда Ақжайық ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1969).

Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы 11 — орта мектепті бітірген (1961). 1961-66 жылдары Қазақтың қыздар пединституттың филология факультетінде оқыды. Еңбек жолын «Орал өңірі» облыстық газетінде бастаған. «Жұлдыз » журналы (1970), «Қазақ әдебиеті» газеті (1967) редакцияларында, «Жазушы» баспасында (1978) қызмет атқарды. «Өрімтал» деген алғашқы өлеңдер жинағы 1967 жылдары жарық көрді. Кейіннен «Наз» (1969), «Қуанышым, іңкәрім» (1971), (Сені ойлаймын) (1973), «Ақ қанат » (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы», «Белокрылая» (1981), «Ақ желең» (1985), «Сүмбіле» (1990), «Ақ шағала» (2001) атты кітаптары басылып шықты. ақын өлеңдері орыс тіліндегі «Песня.МЕчта.Любовь», «Чудесный сад» (1980) топтамаларына енді. «Советская женщина», «огонек» журналдарының жүлдесін алған (1980) . ТМД елдері ақындарының (зүлфия, кузовлева, Н. басиков, с.капутикин және т.б ) өлең — жырларын қазақ тіліне аударған.
Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын
Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын,
Ойлардан Жайық жайлы айықпаймын.
Даданың жанарынан мұң байқасам
Айдында ескегі жоқ қайықтаймын.
Не болмақ нәр татпаса шынар шыбық,
Қураса тамыры гүл сынар шіріп,
Табиғат қарғысына ұшыраған
Жағада — үш жыл бойы қуаңшылық.
Сан алуан адамдардың кеселі де,
Қазақтың
Әр кез соры бес елі ме?
Жетсе,
Егер құдіретім туған жердің
Айналып кетер едім нөсеріне.

Ерке өстім, көргенім жоқ азап кешіп
Ерке өстім, көргенім жоқ азап кешіп.
Тіршілік, өмір заңы ғажап нешік.
Бір кезде маған жайлы орын болды-ау,
Бір қолмен тербететін қазақ бесік.
Бесіктен өзің едің шешіп алған,
Қызыңның болып еді өсуі арман.
Бір кезде құндағыңа сыйған сәби
Үйіңе сыймай кетсем, кешір, анам.

скачать работу


 Другие рефераты
Азот
Городская экология
Массовая и Элитарная культура
Клещи


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ