Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

КАПИТАЛ _ОЗ_АЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫ_ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ

ентгердің интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беру үшін төлем жасауға резидент еместердің аударым жасауы;
5) жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеу үшін резидент еместердің аударым жасауы.
3. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген операцияларды тіркеуге тиісті Шартты тіркеу және осы Ережеде белгіленген тәртіппен тіркелген шарт бойынша қаражаттың нақгы қозғалысы туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсыну жатады.
4. Резидент-Шарттың қатысушысы (бұдан әрі – резидент) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген операциялар жүргізуді көздейтін Шартты тіркеуге міндетгі болып табылады.
5. Шартты тіркеу үшін резидент өзінің заңды мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына (бұдан әрі – филиал), ал 20, 21, 28-тармақтарда көзделген жағдайларда – Ұлттық Банкке шарт күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде өтініш беруге міндетті.
6. Өтініш берушінің осы Ережеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынғанынан бастап 10 жұмыс күні ішінде филиал, ал 20, 21, 28-тармақтарда көзделген жағдайларда – Ұлттық Банк Шартты тіркейді. Тіркеу жүргізілгеннен кейін Шартты тіркеу туралы белгіленген үлгідегі тіркеу куәлігі беріледі (осы Ереженің 1-қосымшасы).
7. Шарттарды тіркеген резиденттер филиалға немесе Ұлттық Банкке тіркелген Шарт бойынша қаражаттың накты қозғалысы туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынуға міндетті.
8. Резидент Шартты тіркеу орны бойынша филиалға (немесе Ұлттық Банкке) тіркелген Шарттың қолданылу кезеңінде туындайтын барлық өзгерістер мен толықгырулар туралы осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін бір айлық мерзімде хабарлауға міндетті. Мынадай шарттардың ең болмаса бірі: Шарттың сомасы, Шарттың қолданылу мерзімі, Шартқа қатысушылар, Шарттың мәні, сондай-ақ резиденттің орналасқан жері (басқа облысқа көшу) өзгерген кезде осы Ереженің 10-тармағында көзделген жағдайлардан басқа Шартты қайта тіркеу талап етіледі.
Сонымен бірге резиденттердің 120 күннен астам мерзімге кредит алуды немесе резидент еместердің резиденттердің 120 күннен астам мерзімге экспорт-импорт мәмілелерін кредиттеуін көздейтін Шарттар резидент емес-кредитордың резидент-заемшыға қатынасы өзгерген жағдайда қайта тіркеледі.
Енгізілген өзгерістер мен толықгыруларды растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынғаннан кейін осы Ереженің 14,18, 19 не 27-тармақтарына сәйкес Шартты қайта тіркеу жүзеге асырылады.
Қайта тіркеу жүргізілгеннен кейін Шартты тіркеу туралы белгіленген үлгідегі тіркеу куәлігі беріледі (осы Ереженің 1-қосымшасы).
9. Шартты қайта тіркеген кезде бұрын берілген тіркеу куәлігінің күші жойылды деп танылады және оның түпнұсқасы филиалға қайтарылуы тиіс.
10. Тараптар Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, кредитор борышты толық не ішінара есептен шығарған (кешірген) жағдайда Шартты қайта тіркеу талап етілмейді.
11. Тіркеу куәлігі тараптардың міндеттемелерді толық орыңдауына дейін қолданылады. Тараптар тіркелген Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағаннан кейін, сондай-ақ кредитор борышты толық есептен шығарған (кешірген) жағдайда тіркеу куәлігі күші жойылды деп есептеледі.
12. Тіркеу куәлігінің түпнұсқасы жоғалған жағдайда резидент өтініші бойынша тиісті Шартгы тіркеген филиал (Ұлттық Банк) тіркеу куәлігінің көшірмесін береді.
Тіркеу куәлігінің көшірмесін алу үшін резидент филиалға тіркеу куәлігін жоғалту себептері мен жағдайларын көрсете отырып өтініш ұсынуға тиіс.
филиал құжаттар келіп түскеннен бастап бес жұмыс күні ішінде тіркеу куәлігін ресімдейді және көшірмесін береді.
Тіркеу куәлігінің көшірмесі «Көшірме» деген сөзді және көшірме берілген күнді көрсете отырып бастапқы тіркеу куәлігінің нөмірі және күнімен беріледі.

2.2. Резиденттердің кредит алуымен және резидент еместердің
резиденттердің экспорт-импорт мәмілерін кредиттеуімен байланысты
операциялар

13. Мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік сыртқы заемдар, мемлекеттік емес сыртқы заемдар туралы келісімдер, сондай-ақ осы келісімдер шеңберінде жүзеге асырылатын операциялар осы Ережеге сәйкес тіркелуге тиіс емес.
14. Шарттарды тіркеу үшін резидент филиалға мынадай құжаттарды ұсынады:
 Шартты тіркеуге өтініш (осы Ереженің 2-қосымшасы);
 Шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
 Шарт бойынша қаражаттың түсу (алу) және берешекті өтеу кестесі (осы Ереженің 3-қосымшасы);
 Еркін нысанда жасалған тиісті Шартқа қызмет көрсету туралы уәкілетті банктің растауы (банктерді қоспағанда);
 Өтініш берушінің статистикалық карточкасының көшірмесі;
 Жүк-кеден декларацияларының, клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің және тараптардың өтініш беру сәтіне осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
 Егер Шарттың талаптарында қаражаттың үшінші адамдар резидент еместердің есепшоттарына есептеу немесе/және осы Шартқа қызмет көрсету үшін шетелдік банкте есепшот ашу көзделген болса Ұлтгық Банк лицензиясының көшірмесі;
 Салық органының өтініш берушіні салық төлеуші ретінде есепке тұрғызу туралы анықтамасы;
 Жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
15. Резиденттер (банктерден басқа) есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін тіркелген Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын көрсететін мәліметтерді филиалға белгіленген нысанда (осы Ереженің 4-қосымшасы) ұсынады. Сонымен бірге ұсынылған есеп беру нысаны бойынша мәліметтердің шынайылығына бақылау жасау мақсатында Ұлттық Банк кеден декларацияларының, клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің жене Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін талап етуге құқылы.
16. Шарт қатысушы банктер тіркелген Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын көрсететін мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ста-тистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 28 мамырдағы № 18 қаулысымен бекітілген мемлекеттік статистикалық есеп берудің № 11-ОБ нысаны бойынша Ұлттық Банкке ұсынуы тиіс.
17. Резидент еместерден кредит алумен немесе резидент еместердің резиденттердің экспорт-импорт мәмілелерін кредиттеуімен байланысты ағымдағы валюталық операциялар бойынша резидент міндеттемелерін рези-дент еместің өз міндеттемелерін орындағанынан кейін 120 күн ішінде орындамаған жағдайда, мұндай операциялар капитал қозғалысымен байланысты валюталык операциялар болып саналады. Осы Ережеде көзделген тәртіппен тиісті Шартты тіркеу үшін резидент ағымдағы операциялардың капитал қозғалысымен байланысты операцияларға ауысу күнінен бастап бір айлық мерзімде филиалға өтініш беруге міндетті.
Осыған орай резидент еместің міндеттемелерін орындауынан бастап 120 күн өткеннен кейін резидент берешегінің жиналған сомасы баламасы 100 мың АҚШ долларынан асатын жағдайда резидент еместердің резиденттердің экспорт-импорт мәмілелерін кредиттеуімен байланысты ағымдағы валюталық операциялары бойынша Шартты тіркеу жүзеге асырылады.

2.3. Резидент еместердің Қазақстан Республикасына тікелей және портфельдік инвестицияларын тіркеу

18. Тікелей инвестицияларды тіркеу үшін резидент филиалға мынадай құжаттарды ұсынады:
 Шартты тіркеуге өтініш (осы Ереженің 5, 6, 7-қосымшалары);
 Шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
 өтініш берушінің статистикалық карточкасының көшірмесі;
 еркін нысанда жасалған тиісті Шартқа қызмет көрсету туралы уәкілетті банктің растауы (банктерді қоспағанда);
 жүк-кеден декларацияларының, клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің және тараптардың өтініш беру сәтіне осы Шарт бойынша міндетгемелерін орындауын растайтын басқа да құжат-тардың көшірмелері;
 бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға берген лицензияның көшірмесі;
 инвестициялар жүзеге асыры-латын бағалы қағаздардың эми-тенттері үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган берген бағалы қағаздар эмиссия-сын мемлекеттік тіркеу немесе акцияларға ұлттық бірегейлендіру нөмірін (ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін) беру туралы куә-лігінің көшірмесі;
 салық органының өтініш берушіні салық төлеуші ретінде есепке тұрғызу туралы анықтамасы;
 жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
19. Портфельдік инвестицияларды (резидент еместердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алудан басқа) тіркеу үшін резидент филиалға мынадай құжаттарды ұсынады:
 Шартгы тіркеуге өтініш (осы Ереженің 5, 7-қосымшалары);
 Шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
 өтініш берушінің статистика-карточкасының көшірмесі;
 еркін нысанда жасалған тиісті
 Шартқа қызмет көрсету туралы уәкілетті банктің растауы (банк-терді қоспағанда);
 бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға берген лицензияның көшірмесі;
 инвестициялар жүзеге асырылатын бағалы қағаздардың эми-тенттері үшін – бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетгі орган берген бағалы қағаздар эмиссия-сын мемлекеттік тіркеу немесе акцияларға ұлттық бірегейлендіру нөмірін (ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін) беру туралы куә-лігінің көшірмесі;
 салық органының өтініш берушіні салық төлеуші ретінде есепке тұрғызу туралы анықтамасы;
 жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін.
20. Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының резидент еместердің акциялардың мемлекеттік пакеттерін (мемлекетгің салымдарын) сатып алуымен байланысты операциялары Ұлттық Банкте тіркеледі.
Тіркелу үшін уәкілетті мемлекеттік орган – Шарттың тарабы Ұлттық Банкке өтініш (осы Ережені

12345
скачать работу

КАПИТАЛ _ОЗ_АЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫ_ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ