Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

КАПИТАЛ _ОЗ_АЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫ_ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ

ң 5, 6, 7-қосымшалары) және Шарттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
21. Резидент еместердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу жөніндегі операциялары капиталдың халыкаралық рыноктарында бастапқы орналастырылуы кезінде Ұлтгық Банкте тіркеледі.
Тіркелу үшін эмитент Ұлттық Банкке өтінішті (осы Ереженің 5, 7-қосымшалары) және Шарттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
22. Резидент еместердің Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі операциялары филиалда (Ұлтгык Банкте) тіркелуге тиіс емес. Орталық депозитарий ай сайын Ұлттық Банкке бағалы қағаздардың бастапқы жене қайталама рыноктарында жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялары бойынша ақпарат ұсынады.
23. Инвестициялау объектісі болып табылатын резидент (банктерден басқа) тоқсан сайын, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін тіркелген Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын көрсететін мәліметтерді филиалға белгіленген нысанда (осы Ереженің 8-қосымшасы) ұсынады.
Сонымен бірге көрсетілген мәліметтердің шынайылығына бақылау жасау мақсатында Ұлттық Банк немесе оның филиалы кеден декларацияларының, клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің, бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есептің, ақша қозғалысы туралы есептің және Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін талап ету-ге құқылы.
24. Инвестициялау объектісі болып табылмайтын резидент (бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы) тоқсан сайын, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін тіркелген Шартқа қызмет көрсету туралы мәлі-меттерді белгіленген нысанда (осы Ереженің 9-қосымшасы) ұсынады.
25. Уәкілетті мемлекеттік ор-ган тоқсан сайын есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін акциялардың мемлекеттік пакеттерін (мемлекеттің салымдарын) сатуға арналған Шарттың тіркелу орны бойынша осы Шарт женінде бюджетке түсімдер тура-лы мәліметтерді белгіленген нысанда (осы Ереженің 10-қосымшасы) ұсынады.
26. Резидент еместердің қайта инвестициялары осы Ережеге сәйкес тіркелуге тиіс емес.
27. Кәсіпорынды жалға алу. жылжымайтын мүлікке меншік құқығын төлеу шарттары (кәсіпорындарды тұтастай мүліктік кешен ретінде қоса алғанда) негізінде, Сатып алу-сату шарттары негізінде резиденттердің резидент еместерге интеллектуалдық мен-шік объектілеріне ерекше құқық берумен, уақытша иелену құқығын төлеу және тұтастай алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ре-тінде пайдаланумен байланысты операцияларды тіркеу үшін резидент филиалға мынадай құжат-тарды ұсынады:
 өтініш (осы Ереженің 11-қо-сымшасы);
 Шарттың нотариат куәлан-дырған көшірмесі;
 өтініш берушінің статистика-лық карточкасының көшірмесі;
 еркін нысанда жасалған тиісті Шартқа қызмет көрсету туралы уәкілетгі банктің растауы (банк-терді қоспағанда);
 салық органының өтініш бе-рушіні салық төлеуші ретінде есепке тұрғызу туралы анықтамасы;
 жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін.
28. Тараптардың бірі Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып табылатын резидент еместердің кәсіпорынды жалдау және жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары Ұлттық Банкте тіркеледі.
Тіркелу үшін уәкілеггі мемле-кетгік орган – Шарттың тарабы Ұлттық Банкке өтініш (осы Ере-женің 11-қосымшасы) және Шарттың нотариат куәландырған көшірмесін береді.
29. Резиденттер есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10-на дейін Шарттың тіркелу орны бойынша тіркелген Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын көрсететін мәліметтерді филиалға белгіленген нысанда (осы Ереженің 12-қосымшасы) ұсынады.
Сонымен бірге ұсынылған есеп беру нысаны бойынша мәліметтердің шынайылығына бақылау жасау мақсатында Ұлттық Банк (филиал) клиенттің есепшоты бойынша үзінділердің немесе Шарт бойынша қаражаттың нақты қозғалысын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін талап етуге құқылы.
30. Мүліктік жалдау шарттары негізінде резидент еместердің жылжымайтын мүлікті уақытша иелену мен пайдалану құқығын төлеуі (мүліктік кешен ретіндегі тұтастай кәсіпорыннан басқа) резидент емес резиденттің міндеттемелерді орындауына дейін 120 күндей бұрын жалдау ақысын төлеген жағдайда тіркелуі тиіс.
Шартты тіркеу және тіркелген шарт бойынша мәліметтер ұсыну осы Ереженің 14-16-тармақтары-на сәйкес жүзеге асырылады.
31. Қатысушылар (тараптар және үшінші тұлғалар) бірнеше резидент болып табылатын Шарттарды тіркеу кезінде тіркеу куәлігінде барлық қатысушылар (кредитор заемшы – төлем жасаушы, кредитор – заемшы– кепіл, инвестор – сатушы инвестициялау объектісі, инвестор – қаржы дел-далы – инвестициялау объектісі, сатып алушы – сатушы – алушы, сондай-ақ Шартгардың басқа да қатысушылары) көрсетіледі.
32. Бірнеше резидент қатыса-тын Шарттар бойынша осы Ере-женің 4, 7-тармақгарында көзделген міндеттер резидентке – Шарттың тарабына –қаражат алушыға жүктеледі. Резидент еместен Шарт бойынша қаражатты алушы болып табылатын бірнеше резидент Шарттың тараптары болған жағдайда үлесіне Шарт сомасының басым бөлігі келетін резидентке Шартты тіркеу міндеті жүктеледі.
Резидентгер Шартқа тең үлесте қатысқан жағдайда Шартты тіркеуге қатысушы резиденттің бірі өтініш беруі мүмкін. Осыған орай барлық резиденттер-Шарттың қатысушыларына тіркеу жөніндегі міндет жүктеледі және олар осы талаптың орындалмауына бірдей жауап береді.
Қатысушы-резидентке, филиалға тіркеу туралы бірінші өтінген адамға тіркеу куәлігі беріледі. Резидент еместің пайдасына төлем жасаған кезде және/немесе баска да қатысушы-резиденттер осындай Шарт бойынша резидент еместен қаражат алған кезде уәкілетті банкке төлем негізділігін және/немесе қаражаттың алынуын растайтын құжаттардың көшірмелері (оның ішінде нотариат куәландырған Шарттардың, Ұлттық Банктің тіркеу куәлігінің көшірмелері) ұсынылады.
Шартты тіркеген қатысушы-резиденттен тіркеу куәлігінің көшірмесін алу мүмкін болмаған жағдайда басқа да қатысушы-резиденттер өздерінің заңды мекен-жайы бойынша тіркеу куәлігінің көшірмесін ұсыну туралы еркін нысандағы жазбаша өтініш бере алады.
Осы Ереженің 4, 8, 9, 10 неме-се 12-қосымшаларында көрсетіл-ген мәліметтерді ұсыну міндеті
тіркеу куәлігінің түпнұсқасын алған резидентке жүктеледі. Тіркеу куәлігінің түпнұскасын алған резиденттің жазбаша келісімімен үшінші тарап-резидент (төлем жасаушы) тиісті нысандағы тоқсан сайынғы мәліметтерді ұсынуға жауапкершілікті өзіне алуы мүмкін, бұл туралы ол жазбаша нысанда өзінің заңды мекен-жайы бойынша филиалға хабар береді.
33. Тіркелген Шарттар бойынша шынайы және толық статистикалық есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк апта сайын уәкілетті банктерге және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне (қаражаттың тауар түрінде ауысуын көздейтін мәмі-лелер бөлігінде) тіркеу нөмірін, күнін, резидент-мәміле қатысушысының атауын, Шарттың сомасын, өтініш беру күніне Шарт бойынша түсімдер сомасын, өтініш беру күніне резидент борышы негізгі сомасының қалдығын көрсете оты-рып (кредиттер және экспорт-импорт мәмілелерін кредиттеуі бойынша) жаңадан берілген және күші жойылған тіркеу куәліктері туралы акпаратты ұсынады.
Екінші деңгейдегі банктер Ұлтгық Банкке тіркелген Шарттар бойынша қаражаттың қозғалысы туралы ақпаратты ай сайын ұсынады (осы Ереженің 13-қо-сымшасы).
34. Капитал қозғалысымен байланысты операцияларды тіркеу тіркелген операциялар бойынша қатысушылардың міндеттемелеріне қатысты Ұлттық Банк тарапынан қандай да бір міндеттемелерсіз жүзеге асырылады.
Ұлтгық Банктің тіркеу куәлігінің бар болуы Қазақстан Республика-сының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын бұзуға жауапкершіліктен босату үшін негіздеме болып табылмайды.
35. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Респуб-ликасының зандарына сәйкес қолданылады.
36. Осы Ережеде ретгелмеген мәселелер Қазақстан республикасының зандарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТА
НАРЫҒЫН РЕТТЕУ
3.1. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге
асыратын резиденттер мен резидент еместердің құқықтары мен
міндеттері

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:
 валюта бақылауы органдары мен агенттері жүргізген тексеру актілерімен танысуға;
 Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен валюта бақылауы агенттері мен органдарының іс-әрекетіне шағым жасауға;
 Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік қүқықтық актілерінде көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:
 валюта бақылауы органдары мен агенттеріне барлық сүраған қүжаттар мен валюта операцияларын жүзеге асыру жөніндегі ақпараттарды беруге;
 валюта бақылауы органдары мен агенттеріне өздері жүргізген тексеру барысында, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша түсініктеме беруге;
 валюта бақылауы органдары мен агенттері жүргізген тексеру актілерінде баяндалған фактілермен келіспеген жағдайда, бұл актіге қол қоюдан бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме беруге;
 өздері жүргізетін валюта операциялары бойынша есеи жүргізіп және есеп беріп, олардың кемінде бес жыл сақталуын қамтамасыз етуге;
 валюта бақылауы органдарының анықталған тәртіп бүзушылықтарды жою жөніндегі талаптарын (нүсқауын) орындауға;
 Қазақстан Реслубликасының вапюта заңдарында белгіленген басқа талаптарды орындауға міндетті.

3.2. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу
ережесі

Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы заңы 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданды және қ

12345
скачать работу

КАПИТАЛ _ОЗ_АЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫ_ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ