Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаратау басындағы Қатынқамал үңгірі

п аталады. Ол жайлы мынадай аңыз бар. Алқакөл маңайына жеткен адамдар уақытша аялдап дем алып жатқанда, бір қария шығып: «Адам баласы өмірде көрген жақсылығы  мен жаманшылығын ұмытпау керек. Біз осы көрген азабымызды қалай атасақ болар екен?»; - дейді. Сонда тағы бір қария тұрып: «Мұның аты Алқакөл сұлама болсын»; - дейді.(Сыр өңірі тарихы,  66-67- беттер Алматы 1998) Оның мәнісі атамекен, мал-мүліктен айырылып, аш-жалаңаш босқындап, табаны көң болып ағарып азып-тозып Алакөлге жеткен екен, бірақ онда да шапқыншылыққа ұшырап, жат жұрттарға қарай шұбыруға мәжбүр болды. Қаншама уақыт өтсе де халықтың жадында сақталып қалған «Елім -ай» - ел басына түскен қанды қырғынның  нақты куәгері. Ұлтымыздың сол бір ұлы қасіретінің әнұранына айналған, бұл әннің сөзі мен әуені халықтың зар заманындағы көңіл-күйін, өкінішін, мұң - зарын айқын бейнелейді. Үш жүздің жауынгер жасақтары қосылып 1726 жылы күзде Сарысу аймағында Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде жоңғар қалмақтарының қалың қолына ойсырата соққы берді. Сол жеңіс қазақ халқының еңсесін көтеріп өз сеніміне күш бергендей. Алайда, мұнан кейін басқыншылар жерімізді тастап кетпеді. 1727 жылы Цеван Рабтан өліп, оның орнына Қалден  Церен қонтайшысы болды. Жоңғарлар қазақ еліне шабуылын тоқтатпады.

 Әбілхайыр хан қазақтың үш жүзінің басын қосып жауға талай рет қарсы шығып жатты. Әбілхайыр хан бастаған үш жүздің жасақтары енді жауға қарсы шешуші ұрысқа дайындалды. «Бұланты өзенінің жағасында Аңырақай шайқасы болды. Сол кезде Әбілхайыр қолбасшылық қасиетін ерекше көрсетті. Бұланты мен Аңырақайдағы ұрыстар елге үлкен серпіліс берді. Жоңғарларға қарсы соғыста тек табандылық қана жеңіске жеткізетіндігін ел түсінді. Жасыратыны жоқ, Бұланты мен Аңырақайдағы жеңістер болмаса, қазақ елі осыдан бір ғасырдай бұрын құрып кеткен Ноғай ордасының кебін киері айдан анық болатын», – деп жазды  М. Мағауин  

Жау бұл өңірге шығыстан келді. Жау тым көп еді: соңғы айқаста Толғанбай жасағы қарақұрым шегірткедей боп, құмырсқа қаптаған қалың қолға төтеп бере алмай шүғыл шегініп кетті. Жау еркін қозғалды.

 Екінші күні  қаннен - қаперсіз келе жатып, аумақты, биіктеу жерді тұтас басқан бұталы топ шеңгелді биікті айналып өтпек болғанда,  жау Толғанбай мен Тарланбектің жасырынып жатқан жасағын ойда- жоқта тап басты. Қиян кескі, қым - қиғаш айқас басталды. Жаудың алғашқы санын жойып жіберді. Екінші топпен екі күн, екі түн айқасты. Түнде жан-жақтан шеңгелге от қойып, айдай жарықта соғысты. Бұл топ бірігуге жақындаған кезде соңғы кезекті тобы келіп айқасқа түсті. Қырғын қайта өршіді. Кезек-кезек келгенде төтеп бере алмай Толғанбайдың қалған тобы Қаратауға, оның Түркістан қаласына асатын белгісі асуына шегінді. [5]

Жолда Баба ата, Шолақ, Жаңақорған, Ортақорған бекіністері бар еді. Бұларға жеткен бойда тауға елді тас жарған табиғи паналарға көшірді де, өздері осы төрт бекініске бөлінді. Толғанбай өзі туып өскен Жаңақорған бекінісіне тоқтады. Бұлар бұлақ басында отырған аулына келді, Ақкенжемен кездесті. Толғанбай жарын құшып, жаны саз тауып, ұрыста шеккен жапасын ұмытты. Ертеңіне ұрыстан күйеулері қайтыс болған жетім жесірлермен Қаратау асып кетті.

Ақкенже: «Осы біз қайда, кімге, қай нағашымызға бара жатырмыз», - деп ойлады да, асудың ем қысымшақ, жолдың екі жағынан бірдей жартас төніп тұрған жеріне жетті де, құздың көлеңкесіне дамылдады.

 Шаршаған,  шөлдеген топ бұлақтан су ішіп, үн түнсіз көп отырды. Құздың сұп- сұрқай, тарғыл тастары біреудің үрейін туғызды:

- Ақкенже жеңеше, мынау отырған жеріміз сұмдық қой. Қараңызшы түрі қандай суық! – деді.

Ол басын  көтеріп жоғары қарады. Айтса айтқандай, төбеден төніп тұрған құз  жартасының  қабағы қатаң, түсі суық, бетіне қан шашырап кеткендей айғыз – айғыз, тарғыл-тарғыл екен. Мұның басына неше түрлі үрейлі ойлар келгенмен, онысын көпке сездірмеді. Қимылсыз, салқын отырған күймен жайлап қана,  асықпай сөйледі.

Ақкенже қалың топты жон үстінде қуып жетті. Жондағы тыныстау кезінде артта  қалған туған жерін, кешегі Жалғанбай мен Ойбай шеңгелде өткен жойқын соғыста қаза тапқан боздақтарын,  жалғанын жарып, жақынын жоқтаған жан түршіктірер жоқтау мұң мен зарға толы дауыстар естілді. Биікте, тау басындағы дауыс қандай ашық, қандай таза болады десейші. Желпінткіш таза ауамен қатар тау - тас жаңғырығы қосылып, үнді көтере түседі ғой. Соның өзінде әркім өз көкейіндегі жатқан мұңын айтқан көп дауыс, сан үннің арасынан «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деген зар толқынға түсіп - шығып, батып - көтеріліп, үзіле - жалғана қайта шығып жатты:

               Қаратаудың басынан көш келеді,

      Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

      Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлділдеп жас келеді.

Әлден уақытта осы бір аса зарлы әуен осындағы шұбырылған қауымның жан сыры, жан дауысындай болып, бір - біріне ұласып кетті. Ақкенже де қосылды. Қайта - қайта айтылды. Содан кейін барып, көпшілік жоннан көтерілді. Бірақ,  амал не, кім бастады, кім айтты,  шығарған кім екенін білмей аттанды. Білудің де қажеті жоқ еді.  Кім де болса көптің көкейінде шемен болып қатқан мұңды айтты және дәл айтты…[6]

Жетім - жесірлер тобының алдыңғы жағында, салы суға кеткендей жүнжіп келе жатқан Ақкенже:     - Үрей туғанда, біреу - екеу , екеу – он  болып көрінеді. «Қорыққанға қос көрінеді» деген осыдан қалған.

Асығып - үсігіп кімге барамыз? Бізді күтіп отырған кім бар? Түнде не болса да осында түнеп шығамыз. Қалғанын таң атқанда көреміз! – деді.

Аттар босатылып, түйе шөгерілді. От жақты. Қазан асылды. Жесірлер мен босқындар ақіреттің қыл көпіріндей қысылшаң, құпия сайға түнеп қалды...

            Таңертең билік Ақкенжеге тиді.

     - Біз таудың күнгей бетіндеміз жүрер жол қалған жоқ. Мына құздың басына шығу үшін кемінде бір - екі күндік жол шегеміз. Айналып алыстан шығамыз. Менімен кімде кім боламын десе қалсын. Қазір көшеміз. Тауға енеміз. Жартасты паналап, биікті мекендейміз Ақкенжемен бірге қырық жесір қалды. Бұлар жедел көтеріліп, тауға сүңгіп кетті...

Жау ендігі жерде Түркістаннан шығып, Жаңақорғанға беттеді. Елді қырып, мал - мүліктерді тонады,  осы кезде ауыл адамдарына пана болған Қатынқамал үңгірі еді.

Өркеш-өркеш болып, түйедей шөгіп жатқан қартпалы қарт Қаратаудың басынан не өтпеді?!

Заманалар тылсымына еніп кеткен, малын жайғап, бейбіт өмір сүріп жатқан қарапайым халықтың басына зарын төккен талай - талай аласапыран оқиғалардың куәсі болған - бұл Қаратау! Ауылдың мал мүлкін талап, ауылдың тоз- тозын шығарып, елді елдігінен айыра жаздаған жаугершілік заманда талай жандардың панасы болған - бұл Қаратау! [7]

Сондай аласапыран оқиғалардың бірі – XVIII ғасырдың бас кезінде қонтайшы Цэван Рабданның баласы Қалден Церен бастаған жоңғарлардың тосын шабуылы болды. Жер қайысқан қалың қолмен Шығыстан Қаратауды бетке алып, жоңғарлардың бұл жасаған жан түршігерлік толассыз шабуылы мал жайылымы ыңғайынан көшіп жүрген қазақтардың тез қосып ұйымдасуына үлгертпеді. Ел басына ауыр күн туды, жазықсыз жандардың қаны төгілді, мал - мүліктері таланды.Ер азаматтар сүйем жер үшін қасық қаны қалғанша жаумен айқасып жатты. Алысқа қашып үлгере алмағандар қатын - қалаш, бала - шаға тау-тасты паналады. Ел басына қара бұлт болып «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723) басталды. Міне, осындай ауыр зұлматты күндерде тау өңірін мекендеген ауылдың қыз - келіншектеріне пана болған, оларды сеңдей қаптап келген қара жүрек жоңғарлардың қанды шеңгелінен  аман алып қалған Қаратау басындағы «Қатынқамал»  үңгірі еді.

Ел арасына тараған көнекөз қариялардан бізге жеткен әңгімелерден  жоңғар шапқыншылығында Ақүйік  өзені бойындағы Қаратаудың   ұшар басында   осы үңгірге  қырық қыз-келіншек паналаған.  Ақүйік өзені  екі таудың аңғарымен  бетін күншығысқа  түзеп ағып жатыр.  Қатынқамал осы өзенмен  қапталдай жарысқан  құз – жартастар  аяқталған тұста сол жағалаудағы биік  тар қуысқа орналасқан. Бұл үңгір  бағзы бір  замандағы  табиғи  қопарылыстан  пайда  болған секілді. [8]

Үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғар шапқыншылығы  аяқталғанша сонда  өмір сүрген.  Азық-түлігін  оқта текте түнделетіп ер азаматтар жасырын жол арқылы тасыған. Бұл үңгір төменгі өзен бойынан,  еңістен қарағанда көзге шалына бермейді. Өйткені  маңайына  қалың бұтамен  қоқыс тастар үңгірдің  аузын көрсетпей жауып тастаған.  Оған  таудың етегінен  өрмелеп шығып,  одан қия - қия  соқпақтар арқылы  төмен түсетін болған.

Жол жобасын білетін  ауыл адамдары  болмаса,  сырттан келген адамдар  үңгірге жете алмаған. Міне, осы үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғардың ажалына  ілінбей қалған, кейін еліне қосылған.  Содан бері  бұл үңгір  Қатынқамал аталады.

Қатынқамал «Бірлік» шаруашылығы орталығынан 20 шақырымдай  қашықтықта орналасқан.

1975 жылы жазда  Құдайберген Ертасов Қаратауға     барып,  үңгірге кіріп көрген. Ол жөнінде  кейін былай деп жазды :

 «Кірер аузы  адам еңкейіп әзер өтерліктей  тар  болғанымен,  ары қарай іші біртіндеп кеңейе түседі. Әдетте аузы  бірден  көзге  түсе бе

1234
скачать работу

Қаратау басындағы Қатынқамал үңгірі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ