Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаратау басындағы Қатынқамал үңгірі

рмейді, маңайына жабайы шие  сияқты  тырбық бұталар қалың өскен. Үңгірге  арқан бойы  кіргеннен  кейін  кісі тұра алатын  тас үй басталады. Тас үйдің іші  әрдайым дымқылданып,  төбесінен  су тамшылап тұрады. [9]

Оның ішінің ауасы өкпе қысарлықтай емес, таза. Түкпірі ұзақ әрі  жел соғып тұратын саңылауы бар секілді.  Тағы бір ерекшелігі - үңгірге кіріп, он – он бес қадам  жүргенімізде  ұстаған жарығымыз  жалп етіп сөніп қала берді.  Табанына  ұлпа тәріздес  майда тозаң шөгіп  қалған.  Ішінде  сәл ғана дауыстың өзі жаңғырып  естіледі.  «Кейбір халық арасында тараған әңгімелерде  үңгірдің  өте ұзын екені,  екінші басы   «Талап»  кеншарына  құйып жатқан Талдысу өзеніне дейін (арақашықтығы 18-20 шақырымдай  шамасында)  жеткендігі  жайлы да айтылады. Шындығында,  үңгірдегі әр бір дыбыстың  оның  терең түпкірінен өзгеше бір  шулы мен  зорая естілуі және ішінің ауасы тар еместігі осы болжамның  ақиқаттығын дәлелдегендей әсер қалдырады».    

Біз  кейін журналист Ертасовпен  осы Қатынқамал сапары жөнінде әңгімелескенімізде,  ол үңгір ішінен  саздан жасалған ыдыс- аяқ сынықтарының жатқандығын айтты.  Демек, оның өзі  жаугершілік заманда адамдардың  жаудан жасырынып паналағанын растай түсетін сияқты.  Құпиясы    мол Қатынқамал үңгірі     талай тылсым сырды ішіне бүгіп жатқандығында  сөз жоқ.  

Бүгінгі қазақ елінде қаншама тарихи оқиғалар болған жерлер бар. Соның бірі – сонау ел басына күн туған аласапыран кезде қазақ халқына пана болған Қаратау басындағы Қатынқамал үңгірі еді. [10]

Біз, қазақ халқы, көп қуғын сүргінді көргенбіз. «Біз  тәуелсіздікті  аңсап,  зарығып  жеттік.»  Енді  сол  тәуелсіздіктің  белгілерін  де  ерекше  қадірлеуіміз  керек.

Бүгінгі біздің әңгімеміздің желісі жоғарыда аталған өзендердің бірі – Ақүйік өзені бойындағы көне мәдениет ескерткіштерінің зерттелу тарихы жайында болмақ. Шындығында да Қаратау даласы археологиялық ескерткіштерге өте бай.  Осылай бола тұра бұл өңір зерттелмеген.

Қатынқамал үңгірі Ақүйік өзенінің орта тұсында өзеннің шығыс жақ беткейінде 500 метрдей биіктегі үңгір. Ескі аңыз бойынша жаугершілік заманында ерлер қалмақтармен соғыста, ал  әйелдер мен бала – шағасы осы үңгір қамалға тығылған жан сауғалаған. Үңгір қамал аузы елеусіз, тар да іші 7 – 8 метрдей кең қазылған. Ұзындығы 11 – 13 км –дей болады. Қазір бүгінгі ұрпақтың тау беткейіндегі бірден – бір таңдай қағысатын орны.  Бұл біздің өлкеге келген шетелдік туристерге де көрсетуге тұрарлық көне мұра, көне тарих шежіресі болады. [11]

Егер  біз  мемлекет  болғымыз  келсе,  өзіміздің  мемлекетімізді  ұзақ  уақытқа  меңзеп  құрғымыз  келсе,  онда  халық  руханиятының  бастауларын түсінгеніміз  жөн. Оған барар  жол  халық – даналығының  негізінде  жатыр. Қазақта  мынадай  мақал бар:  жеті  атасын  білмейтін  ер  жетесіз, жеті  ғасыр  тарихын  білмейтін  ел  жетесіз. Шындығында  жеті  ғасырмен  шектелмеу  керек,  өйткені  біздің  тарихымыз логикалық жағынан  да,  географиялық  жағынан  да  көзге  көрінбейтін  арқаулар  арқылы толып  жатқан  басқа да адам,  халық  аттарымен  байланысып  жатыр.

Ендеше  болашаққа  дұрыс  жол  тауып,  көпшіл  де  көрікті  ел,  келешегі  кемел халық  болуымыз  үшін  барымызды  бағалап,  нағыз  ақиқат  тұрғысындағы  тарихымызды  жасауымыз  қажет. [12]

Біз,  Қызылодалықтар – Сырдариядай ұлы  өзен  бойын  мекен  еткен  бабаларымыздың,  тіршілігімізге  жан да, нәр де  берген  шапағатты  Сыр-Ананың  арда  емген  ұрпағымыз  тегінде  қазақ  халқының  тағдыры  мен  тарихында  біздің  киелі  Сыр  елінің  алар  орны  айрықша  зор,  оның  әр  уыс  топырағы,  әр бұтасы,  әр тасы  сан  алуан  ғибратты  шежіре-сынға  тұнып  тұр. [13]

Қарт Қаратаудың баурайында «Ақүйік» өзенінен нәр алатын Көлтоған алқабындағы «Бірлік» ауылында орналасқан. Республика қайраткері Сұлтанбек Қожанов атындағы №55 орта мектептің түлегі Құтыбаев Рахымбаба. Ол қазіргі таңда «Ынтымақ» ЖШС президенті. [14]

Қаратау беткейіндегі Бірлік ауылының азаматы Құтыбаев Рахымбаба Байбосынұлы 1953 жылы 15 шілдеде туылған. 1960-1970 жылдары №55 «Бірлік» орта мектебін бітірген. 1970 – 1975 жылдары ҚазГОССХИ – дің механика факультетін үздік белгімен бітірген. 1975-1978 жылдары Түркістан қаласындағы индустриялды педагогикалық техникумында мұғалім болып қызмет істеген. Бірлік ауылында 1978-1980  жылдары бас инженер – механик, 1993-1995 жылдары Жаңақорған аудандық топырақты құнарландыру мекемесінде басқарушы болып жұмыс жасаған. [12] 

 1 наурыз 1995 жылдан «Ынтымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, оның құрылтайшысы әрі директоры болып жұмыс жасап келеді.

 «Ынтымақ» ЖШС  - і асыл тұқымды қаржол қойын өсірумен айналысады және ауыспалы егіс танабын сақтай отырып күріш өсірумен айналысады. [15]

«Ынтымақ» ЖШС  -інің меншігінде 4500 гектар жайылымдық 750 гектар егістік жерлер бар. Оның ішінде Ақүйік өзенінің бойындағы   «Қатынқамал» үңгіріндегі 100 гектар жер біздің меншігімізде,» - деді өз сөзінде Құтыбаев Рахымбаба.  «Ынтымақ » жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің директоры  Құтыбаев Рақымбаба Байбосынұлы ол жерге келешекте демалыс орнын салуды жоспарлап отырғанын айтты. [16]

 

  Пайдаланылған сілтемелер тізімі.

 

1.                       Қазақ тарихы  журналы.  №2, 2005 ж.

2.                       Сыр  бойы, 2003 ж., 8 сәуір.

3.                       Түркістан  2003 ж., 15 желтоқсан

4.                       І.Есенберлин  «Көшпенділер»  тарихи  трилогия, 429 б., Алматы, 2004 ж.

5.                       І.Есенберлин  «Көшпенділер»  тарихи  трилогия, 433 б., Алматы, 2004 ж.

6.                       Қазақ тарихы  журналы.  «Қазақ халқының жонғар феодалдарына қарсы азаттық күресі»  1994ж – №5. 71-73 бет.

7.                       Сыр өңірі тарихы.  1998 жыл.  66-67 бет

8.                       Қызылорда геологиялық зерттеу институты. ТОО «ГИИЗ» геология бөлімшесінің басқарма қызметкері Ауешева Кенжайымның жеке қолжазбасы.

9.                       Есламғалиұлы М. Сан қилы сауал. Алматы, 1995ж, 18-19 бет.

10.                  Жаңарған Жаңақорған  «Тауға сүңгіп кетті» 1998жыл. 71 – 73 бет.

11.                  Жаңарған Жаңақорған  «Жоңғарлармен шайқас»  1998жыл. 51-53 бет.

12.                  Жаңарған Жаңақорған  «Қатынқамал» 1998 жыл 69-71 бет.

13.                  Жаңақорған тынысы газеті. 1991 жыл. №110. Ертасов.

«Жаңақорған  тынысы»  газеті  бас  редакторының  орынбасары.

14.                  Ертасовтың жеке қолжазбасы. 

15.                  Жаңақорған ауданындағы  мұражай  құжаты.

16.                  Қаратау  басындағы  Қатынқамал  үңгірінің  маңайын  жекешелендірген  кәсіпкер  Құтыбаев Рақымбабаның

1234
скачать работу

Қаратау басындағы Қатынқамал үңгірі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ