Қаржылық қатынастардың құқықтық қамтамасыз етілуі
Другие рефераты
Жоспар
1. Қаржылық құқықтық қатынастар және қаржылық нормалар
2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оның заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
3. Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық- құқықтық актлер
Лекцияның мақсаты: Мемлекеттің қаржылық қызметімен танысу және оның заңды жүзеге асыру әдістерін үйрену
Лекцияның мазмұны:
1. Қаржылық құқықтық қатынастар мен қаржылық нормалар
Қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.
Қаржылық құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктері қарастыруға болады:
- олар мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлістіру аясында қалыптасады;
- бұл қатынастардың бір жағында міндетті түрде мемлекеттік биліктің бір органы болуы керек;
- қаржы құқығына қаржы аясындағы барлық заң нормаларының жиынтығы жатады;
- міндетті объект ретінде ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты ақшалай қорлар мен міндеттемелер пайдаланылады.
Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік –биліктік сипатта орын алады.
Қаржылық –құқықтық норма – бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары.
Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді:
v Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді
v Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді.
v Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды.
Қаржылық-құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесілерге бөлінеді:
Ø Материалдық қаржылық-құқықтық нормалар, олар қоғамдық қатынастарда материалдық объект ретінде ақшалардың қозғалысына реттеу жүргізеді
Ø Ұйымдастырушылық қаржылық құқықтық нормалар, олар қаржылық қызметті, әдістер мен нормаларды анықтайтын қаржылық құрылымдарды бекітеді, бюджеттің бекітілуін, атқарылуы мен орындалуын қарастырады.
Қатыстылығы бойынша қаржылық құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді
o Бюджеттік
o Бюджеттен тыс
o Қаржылық-банктік
o Қаржылық-сақтандыру
o Қаржылық-шаруашылық.
Құқықтық реттеудің әдістеріне байланысты құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді
§ Біржақтылық-биліктік
§ Келісімділік.
Біржақтылық-биліктік қаржылық қатынастар біріншіден, мемлекеттің бір жақтылық билігі негізінде қалыптасады және екінші жақтың көзқарасы есепке алынбайды. Екіншіден, құқықтық қатынастар «билік-бағыну» моделіне негізделіп жүзеге асады яғни қатынастың бір жағындағы мемлекеттің –құқығы көп болады, ал екінші жақтың – міндеті көп болады.
Келісімділік қаржылық қатынастар екі жақтың келісімі , ұйғарымы арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кез-келегн қаржылық қатынастар заңды түрде тең құқылы болып табылмайды. Екі жақта да өз міндеттері мен құқықтары болады.
Қаржылық құқықтық нормалардың келесідей нормалардан тұрады: гипотеза, диспозиция, санкциялар.
Гипотеза нақты норманың қолданылуы қажет жағдайын сипаттайды. Диспозиция әрекет тәртібін сипаттайды. Санкция қаржылық-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік болып табылады.
Мемлекеттік органдар билік органдары арқылы орындалуы міндетті өкімдер мен бұйрықтар береді.
Бірақ мемлекеттік органдар қаржылық құқықтық қатынастарға тең заңды негізде ғана қатысуға міндетті. Қаржылық қатынастырдың барлық құқықтары мен міндеттері мемлекеттің қорғауында болады. Қаржылық міндеттемелер көп жағдайда ерікті түрде азаматтар мен қызметкерлердің міндеттеушілік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттемелерді орындамайтын щаруашылық органдар мен азаматтарға қаржылық санкциялар қолданылады. Мұндай санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы жатады.
2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңдылықты жүзеге асырудың әдістері
Мемлекеттің қаржылық қызметі – бұл мемлекеттің ақша қорларын ұйымдастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты қызметі болып табылады. Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүзеге асыра отырып, бір уақытта бір уақытта екі сипатта көріне алады: саяси жүйенің субъектісі ретінде және белгілі бір қорларға бағытталған ақша қорларының иегері ретінде. Осыған сәйкес мемлекеттің меншік иесі ретінде атқаратын ролі оның саяси субъект ретіндегі роліне тәуелді болуы тиіс.
Қаржылық қызметтің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің жүзеге асырылуы үш басты міндеттерді атқаруға мүмкіндік береді:
- қаржылық инфрақұрылымды және оның қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
- қаржылық тетіктердің көмегімен қоғамда болып жатқан үрдістерге әсер ету.
Осыған сәйкес мемлекеттің қаржылық қызметі қоғамның қалауына қатысты орын алуы тиіс.
Мемлекеттің қаржылық қызметі келесі қағидалар негізінде қалыптасуы тиіс:
* қоғамның қажеттіліктерін ескеру және оның көзқарастарына икемделу;
* мақсаттылық пен тиімділік;
* айқындылық, қоғамның бақылауында болуы;
* нормативтілік пен жоспарлылық;
* тұрақтылық пен жүйелілік;
* қоғамдық қабылдауға ие болу.
Мемлекеттің қаржылық қызметі әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады:
• Міндетті әдістер – салықтар, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар;
• Ерікті әдістер – жеке және мүліктік сақтандыру бойынша төлемдер, банктік салымдар;
• Қайтарымсыз қаржыландыру;
• Төлемділік, жеделділік және қайтарымдылық қағидалары негізінде несиелеу әдісі;
• ақша қаражаттарымен нақты қолма-қол және нақтысыз есеп айрысу әдістері.
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекет тарпынан реттеу әртүрлі әдістер мен нысандар арқылы жүзеге асырылады.
Реттеудің негізгі нысанына келесілер жатады:
- сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру
- салық салу
- инвестициялау
- сыртқы заимдар
- сыртқы қарыз
- экспортты субсидиялау.
Реттеу әдістеріне келесі әдістерді жатқызуға болады:
• Тікелей ( әкімшілдік ) – лицензия, квоталар, мемлекеттік монополия әдістері;
• Жанама (экономикалық) – салықтар, кедендік төлемдер, мөлшерлеме, валюта курсы, бағалы қағаздар курсы.
3. Қаржылық заңдылық жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
Қаржылық –құқықтық актілер – бұл қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдері болып табылады. Қаржылық –құқықтық актілер қаржылық –құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе қолданыстан алып тастайды. Қаржылық –құқықтық актілердің жиынтығы қаржылық заңдылықты құрайды.
Қаржылық –құқықтық актілер келесілерге бөлінеді:
* Нормативті актілерге
* Нормаларды нақтылайтын жеке актілерге
* Заңнамалық актілер - шығарылатын заңдар, қаулылар
* Қосалқы актілер – заңға негізделген нұсқамалар, бұйрықтар.
ҚР заңдары:
А) ҚР Конституциясы – ҚР барлық аумақтарына тікелей әсер ететін жоғарғы заңды күші бар заң
Б) Конституциялық күші бар ҚР заңдары
В) Үкіметтік заң актілері (декларациялар, ережелер, қаулылыларжәне т.б. .), ҚР заңдары, ҚР өкімдері
Г) Қосалқы актілер:
- ҚР Президентінің қаулылары мен бұйрықтары
- ҚР үкіметінің өкімдері мен қаулылары
- министрліктердің нормативті актілері және басқа да атқарушы органдардың актілері
- бұйрықтар, қаулылары, атқарушы органдардың нұсқамалары
Д) Жергілікті басқару органдарының актілері – тек облыста, ауданда, ауылдық жерлерде іске асырылатын нормативті актілер.
Жергілікті өзін-өзі басқару актілерінің түрлері:
- қаулы
- шешім
Е) Жалпыға бірдей қағидлар мен нормалар, ҚР мен іс жүргізуде қолданылатын халықаралық құқық пен келісімдер.
Бақылау сұрақтары
1. Қаржылық құқықтық қатынастардың ерекшелігі неде
2. Қаржылық құқықтық норма дегеніміз не
3. Міндеттеушілік қаржылық –құқықтық норма дегенді қалай түсінесіз
4. Тыйым салушылық қаржылық –құқықтық норма дегенді қалай түсінесіз
5. Үәкілеттілік қаржылық –құқықтық норма дегеніміз не
| | скачать работу |
|