Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржылық жоспарлау мен болжау



 Другие рефераты
Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретінде Қаржылық қатынастардың құқықтық қамтамасыз етілуі Қаржылық бақылау

Жоспар 
1. Қаржылық жоспарлау мен болжаудың мәні
2. Қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері
3. Кәсіпорындардың, экономиканың негізгі салаларының негізгі қаржылық көрсеткіштері
4. Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары

Лекцияның мақсаты: Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың мәні, әдістері мен қағидалары; қаржылық жоспарлар жүйесі. Кәсіпорынның негізгі қаржылық көрсеткіштері.

Лекцияның мазмұны

1. Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың мәні
Қаржылық жоспарлау – Бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі  және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас болігі болып табылады.
Қаржылық жоспарлау  – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік дегеніміз — мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік  түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы  мақсатты қатынастың қалыптасун айтамыз.
Қаржылық жоспарлаудың объектілеріне  ақшалай кірістер мен жинақтардың қалыптасуы, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаржаттардың пайдаланылуы жатады. Осыған орай, қаржылық жоспарлау — ақшалай қаражаттарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша экономикалық үрдістерді жоспарлы басқару түсінігін береді.
Қаржылық жоспарлаудың мақсатына қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін, олардың көлемін анықтау, тиімді арашамасын бекіту, аймақтар мен салалар арасында тиімді бөлістіру мен  резервті қаржы көздерін қалыптастыру  жатады.
Қаржылық жоспарлаудың міндеттеріне шаруашылық субъектлерді дамыту мақсатында теңгерімділік пен үйлесімділікке қол жеткізу жатады. Қаржылық жоспарлау — бұл экономиканы басқарудың маңызды функциясына жатады. Ол мемлекеттің билік органдары арқылы сонымен қатар  шаруашылық субъектілер арқылы жүзеге асырылады.  Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жоспарлау  көп жағдайда болжамдау негізінде жүзеге асырылады.
Қаржылық жоспарлау жағдайында қаржы жүйесінің барлық органдарының қызметі бірдей қамтылуы тиіс. Осыған байланысты қаржы жүйесінің кейбір буындары  әлсіз болған жағдайда  қаржылық жоспарлау жүйесін даярлаудың қажеттілігі туындайды. Жоспарларды құру келесі жағдайларға әсер етеді
•    Ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен нысандарына;
•    Қаржылық ресурстарды салалық және аймақтық қайта бөлістіруге;
Нақты ақша қорларының ақшалай қаражаттары сәйкес қаржы жоспарларына  сәйкес орналастырылады. Қаржылық жоспарлау жүйесінде ерекше, басты  орын алатын бюджеттік жоспарлау болып табылады. Бюджеттік жоспарлауда бюджетттік қорлардың қозғалысы, қалыптасу әдістері мен көздері, кірістері мен шығыстарының құрылымы айқындалады.  Бюджеттен тыс қорлардың қозғалысы: зейнетақы қорының, әлеуметтік сақтандыру қорының, мемлекеттік еңбекпен қамту қорының қаржылық жоспарларының кірістері мен шығыстарына ықпал етеді.  Бюджеттен тыс қорлардың қаржылық жоспарлауындағы кіріс бөлігіне заңды және жеке тұлғалардың ерікті және міндетті жарналары бейнеленеді. Сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға қаржылары жетіспеген жағдайда бюджеттен займдық қаражат түрінде қаржылар түсуі мүмкін.  Осыған сәйкес бюджеттен тыс қорлар бюджеттік қормен және басқа да, бюджеттен тыс қорлармен өзара тығыз байланыста болады.
Қаржылық жоспарлаудың көрсеткіштеріне мемлекеттің қаржылық жағдайын  талдауға қажетті  бастапқы материалдар жатады. Олар болашақты жоспарлаудың негізін құрайды.
Болжамдау –  бұл қандай да бір құбылыстың, объектінің келешекте дамуын алдын -ала көре білу мен бағдарлау. Қаржылық жоспарлау – қаржылық қатынастардың жетілдірілуі.
Қаржылық болжамдау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын –ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу(дәлелдеу)болып табылады. Болжамдар  орташа мерзімде (5-10 жыл) және ұзақ мерзімге (10 жылдан аса) дайындалады.
Жоспарлау  бұл  өзара байланысты қаржы тапсырмаларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесс.

2.    Қаржылық жоспарлаудың әдістері мен қағидалары
Қаржылық жоспарлаудың негізгі ұстанатын қағидаларына келесілер жатады:
- Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдердің үйлесуі. Бұл қағида орталықтандырылған қаржылық жопарлау мен жергілікті қаржылық жоспарлаудың үйлесуін сипаттайды.  Бұл қағида өз кезегінде мемлекетке біртекті қаржы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.
- Бірлік қағидасы –  қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен өзара байланысы мен тәуелділігін сипаттайды.  Қаржы жоспарының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр.
- Үздіксіздік қағидасы келешектегі және ағымдық жоспарлау  арасындағы тығыз үйлесімділіктің болуын сипаттайды. Қаржылық жоспарлауда келесі  әдістер  қолданылады:
1.Экстрополяция әдісі. Келешектегі  даму көрсеткіштерін нақты көрсеткіштердің динамикасы негізінде  анықтау.
2.Сараптық бағалаулар әдісі –  жоспарлауда аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалану – сарапшылардың тәжірибесін пайдалану.
3. Нормативтік әдіс –  жоспарлы көрсеткіштері бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде есептеліп шығарылады.
4.Баланстық әдіс – шығындардың олардың жабу көздерімен үйлесуін қарастырады.
5.Қаржылық бағдарламалау– нақты мақсат пен оған жетудің жолдары анықталған бағдарламалы тәсілдерін  қолдану арқылы жүзеге асырылатын әдіс.
6.Экономико-математикалық әдістер – ең тиімді процесс үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру әдісі. Бұл әдіс келесі кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
Жоспарлаудың бірінші кезеңінде есептік жылдағы қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалынады.
Екінші кезеңде жоспарланған кезеңдегі кірістер мен шығыстардың нақты түрлеріне есептеулер жүргізіледі.
Үшінші кезеңде жеке тапсырмалар мен баптар бір арнаға келтіріліп, үйлестіріледі. Егер қаржылық тапсырмалар мен шаралар  ақша ресурстарына сәйкес құрылмаса, кірістерді ұлғайтудың көздері анықталып, оларды тиімді пайдаланудың жолдары анықталады.

3.  Қаржылық жоспарлау жүйесі 
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжатына- қаржылық жоспар жатады.
Қаржы жоспары – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің,  салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай  қорларын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық жоспарлаудың жүйесіне жоспарлаудың көптеген түрлері (бастапқы, жиынтық қаржылық жоспарлар) кіреді. Бастапқы қаржылық жоспарларға мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржылық жоспарының сметасы кіреді.  Жинақты қаржылық жоспарларға  жалпы мемлекеттік, аумақтық, салалық жоспарлар кіреді.  Жалпы мемлекеттік жоспарларға: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы және мемлекеттік бюджет жатады. Салалық қаржылық жоспарларға: министрліктердің кірістері мен шығыстарының балансы, материалдық өндіріс салаларының балансы, қоғамдық ұйымдардың қаржылық жоспары кіреді.
Аумақтық қаржылық жоспарларға: аймақтардың  жиынтық қаржылық жоспары, жергілікті бюджет, сәйкес аумақтардың қоғамдық ұйымдарының жоспарлары жатады.
Уақыт кезеңіне байланысты қаржылық жоспарлау жылдық, орта мерзімдік  (үш -бес жылдық) және ұзақ мерзімдік қаржылық жоспарлауға бөлінеді. Бүгінгі таңда жылдық мерзімде аталған жоспарлардың барлығы да дайындалады.
Материалдық өндіріс аясында қаржылық жоспарлар кірістер мен шығыстардың балансы деп аталып, төрт бөлімнен тұрады:
1. Кірістер мен түсімдер
2. Шығындар мен ақшалай аударымдар
3. Бюджеттік төлемдер
4.  Бюджеттік аударымдар
Баланстың бірінші бөліміне: таза кіріс, амортизациялық аударымдар, банктердің ұзақ мерзімдік несиелері, жинақ қорларының қаржылары,өнімді өткізуден түскен түсім, салықтық түсімдер, акциздік салықтар көлемі,  бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім, айналым қаржаттарының өсімі жатады.
«Бюджетке төленетін төлемдер» бөлімінде  салықтардың барлық түрлері бойынша түсімдер жатады.
« Бюджеттен аудару» бөлімінде келесі шаралар қарастырылады. Мемслекеттің орталықтандырылған қаржылық салымдары, үкімет пен жергілікті билік органдарының шешімімен қаржыландырылатын жедел шығындар.
Аз көлемдегі айналым қаржылары бар шаруашылық субъектлер екі бөлімді қаржылық жоспарды: кірісті және шығысты дайындайды.

4. Кәсіпорын деңгейіндегі маңызды қаржылық-экономикалық  көрсеткіштерге келесілер жатады: 
- өнімді өндіруден түсетін түсім  (қызмет, жұмыс). Бұл көрсеткіш ақшалай қаражаттарды пайдалну мен бөлістірудің негізгі мүмкіндіктерін анықтайды.
-өндірілген өнімнің өзіндік құны;
- жалпы шығындарға шаққандағы жеке шығындар элементтерінің  үлес салмағы
- табыстардың немесе кірістердің көлемі;
- рентабельділік деңгейі (кірістің);
- амортизациялық аударымдардың көлемі ;
- жинақтаушы, резервтік, тұтыну қорларының көлемі;
- кредиторлық және дебиторлық қарыздардың жағдайы;
- жеке айналым қаржыларының болуы;
- негізгі және айналым қаржыларын пайдалану көрсеткіштері (қор қайтарымы

12
скачать работу


 Другие рефераты
Атомно-молекулярное учение
Оценка типичных жизненных ситуаций людьми разного возраста 20 - 25 лет и 40-45 лет
Жанибек и Керей
Международные экономические группировки


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ