Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржылық жоспарлау

еп болады. Бiлiм беруге арналған шығыстар IЖӨ-нiң 8%-ына, денсаулық сақтауға IЖӨ-нiң 4%-ына, əлеуметтiк қамсыздандыру мен əлеуметтiк көмекке - ІЖӨ-нiң 9%-ына, қорғанысқа - IЖӨ-нің 1%-ына дейiн жеткiзiледi.

2010 жылға қарай мемлекеттiк бюджеттiң шығысы IЖӨ-нiң 30%-ына дейiн жетедi. Еуропа елдерiндегi мемлекеттiк шығыс 1970 жылы орта есеппен IЖӨ-нiң 34,5%-ынан 1997 жылы 46,6%-ға дейiн көбейдi. Қазiргi кезде осындай көрсеткiштер АҚШ пен Жапония бойынша IЖӨ-нiң тиiсiнше 34%-ын жəне 35%-ын құрайды. Қазақстан Республикасының даму бюджетi (бұдан əрi - даму бюджетi) күрделi шығыстар құрамында қалыптастырылатын жəне инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн пайдаланылатын (қараңыз. IХ-бөлiм. Инвестициялық саясат) республикалық бюджеттiң құрамдас бөлiгi болады. Даму бюджетi шығыстарды қаржыландырудың мынадай бағдарламаларын қамтамасыз ететiн болады:

- экономиканың нақты секторын кредиттеу;

- бюджет аясындағы салаларда жаңа объектiлер салу;

- көлiк инфрақұрылымы;

- осы заманғы жабдықтар сатып алу жəне бюджет саласының объектiлерiн техникалық жарақтандыру;

- ұлттық-мəдени құндылықтарды қайта түлету.

Даму бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалықбюджеттiң атқарылуы туралы есептiңқұрамында ұсынылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бөлу шотының қаражатынан түсетiн жыл сайынғы түсiмдi даму бюджетi көздерiнiң бiрi деп белгiлеу мүмкiндiгi қарастырылады.

 

   4.8. Бюджетаралық трансферттер жүйесiн жетiлдiру.

   Ресми трансферттердi айқындау əдiстемесi жетiлдiрiледi. Трансферттер жүйесi аймақтарда əлеуметтiк қызметтердiң ең төменгi қамтамасыз етiлуiне кепiлдiк бередi жəне сонымен бiр мезгiлде аймақтарды салық базасын кеңейтуге ынталандырады. Ағымдағы бюджет өзiнен төмен тұрған бюджеттердi, негiзгi объективтi факторларды (халықтың саны, оқушылардың, қарттардың саны, табиғи-климаттық жағдай, кедейшiлiк деңгейi, автомобиль жолдарының ұзындығы жəне т.б.) ескере отырып, халықтың жан басына есептелген трансферттер қорының қаражаты

есебiнен аймақтарға қажеттi трансферттермен қамтамасыз ететін болады.

 

   4.9. IЖӨ-ге қатысты мемлекеттiк борышты тұрақтандыруға жəне

бiртiндеп қысқартуға қол жеткізу.

   Мемлекеттің төлем қабiлеттiгiн қамтамасыз ету шаралары қолданылады.

IЖӨ-ге қатысты мемлекеттiк борышты тұрақтандыруға жəне бiртiндеп қысқартуға қол жеткiзу керек. Бюджет тапшылығының деңгейiн қысқарта отырып, мемлекеттiк жəне мемлекет кепiлдiк берген қарызалудың жəне Үкiмет борышын басқарудың тетiгiн жетiлдiру қажет.

 

   4.10. Бюджеттi жоспарлау жүйесiн жетілдiру.

   Олар мыналар:

- бюджеттi жоспарлаудың əдiстемесін жетілдiру, соның iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың орындалу нəтижелерiн бағалау негiзiнде жетiлдiру;

- мемлекеттiң мiндеттемелерiн өзiнiң ресурстарымен мейлінше теңдестiре отырып 3-5 жылға дейiнгi бюджет көрсеткiштерiн орташа мерзiмдi жоспарлаудың жүйесiн əзiрлеу;

- орталық жəне жергiлiктi басқару органдарының арасындағы ресурстарды олардың мiндеттерiне барабар бөлудi жүзеге асыру;

- мемлекеттiк қызмет көрсетудi қаржыландырудың үздiксiздiгi жəне тиiмдi қаржылық жоспарлауы қамтамасыз етiледi.

 

   4.11. Бюджеттiң ашықтығын қамтамасыз ету.

   Бюджеттiк қаржыландыру туралы нақты жəне айқын ақпаратқа қол жеткiзу керек.

  Бюджеттiк қаржыландырудың ашықтық принципi:

- заңдық жəне нормативтiк құжаттардың жариялануымен;

- жылдық қаржылық жəне жедел баяндамалар мен есептердiң (бюджеттiк бағдарламалардың əкiмшiлерi жасаған) жариялануымен;

- мемлекеттiк қаржы жасаған толық ақпараттың жариялануымен жүзеге асырылатын болады. Жүзеге асырылып жатқан шығыстардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылау күшейтiледi. Қаражаттың жұмсалуына мониторинг қатаң жəне жетiлдiрiлген жүйе бойынша жүзеге асырылатын болады. Iшкi, сол сияқты сыртқы аудит те маңызды рөл атқарады, өйткенi олар шығындар мен бұрмалаушылықтар жағдайларын анықтауға мүмкiндiк береді.

 

 

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы
ереже.

 

 

Ø     Жалпы ережелер.

Ø     Министрлiктiң негізгі функциялары мен құқықтары.

Ø     Министрлiктiң мүлкi.

Ø     Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру.

Ø     Министрліктi қайта ұйымдастыру және тарату.

Ø     Вексель.

Ø     Вексель деген не?

Ø     Вексельдің түрлері.

Ø     Вексельдің пішіні.

Ø     Вексель – төлем құжаты.

Ø     Вексельдерді есепке алу.

Ø     Бірінші сыныпты эмитенттер.

Ø     Вексельдерді өтеу қалай іске асырылады?

Ø     Вексельдік есеп айырысудың артықшылықтары.

Ø     Мақсат.

Ø     Ахуалды таңдау.

1)     Күштi жақтар.

2)     Əлсiз жақтар.

3)     Мүмкiндiктер.

4)     Қатерлер.

Ø     Стратегиялық міндеттер.

Ø     Iс – қимыл стратегиясы.

1)     Салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

          2)  Бюджетке салық түсiмiнiң IЖӨ-нiң 30% деңгейiне дейiн өсуiн

          қамтамасыз ету.

3)  Салық заңдарын жетiлдiрудi қамтамасыз ету.

4)  Салық жеңiлдiктерiн жүйеге келтiру.

          5)  Кəсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметiне тиiмдi

          мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету.

6)  Бюджеттi орталықсыздандыру принциптерiн iске асыру.

          7)  Мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саласын даму

          стратегиясымен өзара байланыста дамытуға бағдарлайтын

          бюджет саясатын жүзеге асыру.

          8)  Бюджетаралық трансферттер жүйесiн жетiлдiру.

          9)  IЖӨ-ге қатысты мемлекеттiк борышты тұрақтандыруға жəне

          бiртiндеп қысқартуға қол жеткізу.

          10)  Бюджеттi жоспарлау жүйесiн жетілдiру.

11)  Бюджеттiң ашықтығын қамтамасыз ету.

Пред.6
скачать работу

Қаржылық жоспарлау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ