Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржылық жоспарлау

ылған жəне күрделi шығындарды бекiтуде белгiсiздік орын алған. Трансферттердiң ағымдағы тетiгi аймақтардың жай-күйiн бағалаудың маңызды факторларын қамтымайды, ол ашық емес жəне орталықтан тұрақты түрде түзетiлуге мұқтаж. Трансферттердің қолданыстағы жүйесi алулар мен субвенцияларды реттеу əдiсiмен "жыртықты жамаудың" ескi тетiгiн шын мəнінде қайталайды жəне сол арқылы облыстардың бюджетiн теңдестiредi. Шығыстар жоспары ел дамуының басымдықтарымен əрдайым байланыстырыла бермейдi.

Республикалық жəне жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуының жеткiлiктi дəрежеде ашық болмауы мемлекеттiк шығыстарды тиiмсiз басқаруға алып келедi. Бюджеттiң шығыс бөлiгiнде ағымдық сипаттағы шығыстар мен дамытуға арналған шығыстар бөлек көрсетiлмеген. Iшкi жəне сыртқы аудит жүйесi тиiмсiз. Жүзеге асырылып жатқан шығыстардың тиiмдiлiгiн бағалау тұрғысынан бюджет қаражатын жұмсаудың мониторинг жүйесi жоқ.

Бюджеттiк бағдарламалардың əкiмшiлерi жəне оларға ведомстволық бағынысты мекемелер деңгейiнде бюджет қаражатын тиiмсiз басқару нəтижесiнде, сондай-ақ тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алуға

арналған уақтылы өткiзiлмейтiн конкурстар есебiнен бюджеттiң пайдаланылмаған қаражаты көбеюде. Өткiзiлген конкурстар басқа ықтимал жеткiзушiлердiң жоқтығына иек арта отырып көбiне бiр көздегi жеңiмпаздарды айқындайды. Тауарлар мен қызметтердi конкурстық айқындау есебiнен пайда болған бюджет қаражатын үнемдеу ашық болмай отыр. Аумақтық Қазынашылық органдарының жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетуге қатысты талаптары қаражатты ұтымды жəне тиiмдi пайдалануды толық қамтамасыз етпейдi. Шетелдiк көздерден қарызға қаражат алуға байланысты консультациялық шығыстар жоғары күйiнде

қалып отыр.

 

   2.3. Мүмкiндiктер.

   Салық салу базасын өндiрiстiң өсуi мен салық əкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту есебiнен кеңейту. Кейбiр салықтардың ставкасын төмендету.

Салық салу жүйесiн жеңiлдету. Тұрақты кiрiс көздерiн iс барысында айқын анықтау кезiнде бюджетаралық қатынастардың орнықты жүйесiн қалыптастыру. Халықаралық ұйымдар тарапынан жəрдемдесудiң болуы, шетелдiк тəжiрибенi зерделеу жəне енгiзу.

 

   2.4. Қатерлер.

   Мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саласының құлдырауы. Салық заңдары мен салық əкiмшiлiгiн жүргiзудiң жетiлдiрiлмегендiгi төлем тəртiбiн арттыруға ықпал етпейдi. Алым түрлерінiң жəне басқа да мiндеттi төлемдердiң жəне оларды өндiрiп алу рəсiмдерiнiң көптiгi салық жүйесiн күрделендiредi. Əлеуметтiк дамудағы аймақтық үйлесiмсiздiк. Мемлекеттiк борыштың өсуi.

 

   3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР.

   Салық-бюджет саясаты саласында 2001-2010 жылдар кезеңiне арналған мынадай негiзгi стратегиялық мiндеттер болады:

- салық жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- бюджетке салық түсiмiнiң IЖӨ-нiң 30% деңгейiне дейiн өсуiн қамтамасыз    ету;

- салық заңдарын жетiлдiру;

- салық жеңiлдiктерiн жүйеге келтiру;

- кəсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметiне тиiмді мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;

- бюджеттi орталықсыздандыру принциптерiн iске асыру;

- мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саласын даму стратегиясымен өзара байланыста дамытуғабағдарлайтын бюджет саясатын жүзеге асыру;

- бюджетаралық трансферттер жүйесiн жетiлдiру;

- IЖӨ-ге қатысты мемлекеттiк борышты тұрақтандыруға жəне бiртiндеп қысқартуға қол жеткiзу;

- бюджеттi жоспарлау жүйесiн жетілдiру;

- бюджеттiң ашықтығын қамтамасыз ету.

 

   4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ.

 

   4.1. Салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

   Салық заңдарының тұрақтылығы принципiн заң тəртiбiмен бекiту қажет, өйткенi салық заңдарына өзгерiстердi жиi енгiзу елдегi экономикалық ортаға терiс ықпал етедi. Қаржы-банк жүйесiнiң, экономиканың аграрлық секторының нығаюына, шағын кəсiпкерлiктiң қоғамның орташа табы ретiнде қалыптасуына, əлеуметтік саланың экономикалық негiзiнiң нығаюына қарай,

Салық кодексiнiң жаңа редакциясын қабылдау қажет. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң нығаюына жəне өсу мүмкiндiктерiне орай халықтың өз күнiн өзi көру жəне экономиканың жекелеген секторларына салық жеңiлдiктерiн беру саясатынан халықтың əлеуметтiк əлсiз жiктерiне, сондай-ақ экономиканың тиiмсiз, бiрақ үлкен əлеуметтiк маңызы бар

секторларын мемлекеттiң тiкелей қолдауының рөлiн күшейту саясатына көшу қажет.

 

   4.2. Бюджетке салық түсiмiнiң IЖӨ-нiң 30% деңгейiне дейiн өсуiн

қамтамасыз ету.

   Мемлекеттiк бюджетке салық түсiмiнiң өсуi салық əкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту жəне салық заңдарының нормаларын мүлтiксiз сақтау есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Барлық дамыған елдерде бөлiнетiн IЖӨ-нiң үлесi əрбiр он жыл сайын заңды түрде өсiп, IЖӨ-нiң 50%-ына жақындағанын ескере отырып, таяу жылдарда мемлекеттiк бюджетке салық жəне салықтық емес түсiмдердiң деңгейi IЖӨ-ге қатысы бойынша 30%-ға жетедi.

 

   4.3. Салық заңдарын жетiлдiрудi қамтамасыз ету.

   Перспективада 5-7 жылдан кейiн салық жүйесiнде мынадай бағыттар бойынша реформалар жүргiзiлетiн болады:

- жеке табыс салығына салық салу жүйесi бойынша едəуiр ұқсастығы бар əлеуметтiк салық, мемлекеттiк сақтандыру қорына төленетiн жарна болып қайта құрылатын болады. Бұл жағдайда жарна төлеушiлер бюджетте неге жұмсалатыны белгiсiз əлеуметтiк салықпен салыстырғанда, қор қаражатының қандай мақсаттарға пайдаланылатынын бiлетiн болады (қараңыз. IХ-бөлiм. Инвестициялық саясат);

- салық төлемдерiнен жалтарудың мүмкiн еместiгi мен оның тиiмсiздiгiн қамтамасыз ететiн, соның ішінде жеке тұлғалардың табысын жаппай мəлiмдеу жəне табысы неғұрлым жоғары тұлғаларға салық салуды күшейту есебiнен қамтамасыз ететiн тетiктер қолданысқа енгiзілетін болады, мұның өзi осы санаттағы салық төлеушiлерден салық жинау iсiндегi жағдайды едəуiр жақсартады;

- салық салу базасын кеңейту жəне экономиканың нақты секторына салық жүктемесiн неғұрлым теңдей бөлу үшiн əлемдiк практикада жергiлiктi бюджеттер үшiн кiрiстiң маңызды көзi болып табылатын бөлшек саудада сатуға салық салуды енгiзудiң орындылығы қарастырылатын болады.

 

   4.4. Салық жеңiлдiктерiн жүйеге келтiру.

   Салық жүктемесiн барлық салық төлеушілерге теңдей жəне əдiлеттi бөлу мəселесi принциптi мəнге ие. Басымдықты салаларда iскер белсендiлiктi ынталандыратын мақсатты бағытталған бiрыңғай жеңiлдiк жүйесiн қалыптастыру қажет. Салық артықшылықтарын пайдаланбайтын салық төлеушiлерге қатысты салық жүйесiндегi əдiлеттiлiк принципiн бұзатын негiзсiз жеке салық жеңiлдiктерi жойылады, өйткенi салық төлеушiлердiң бiрi үшiн жеңiлдiктi салық режимi сөзсiз басқаларға қосымша салық ауыртпалығын түсiру дегендi бiлдiредi.

 

   4.5. Кəсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметiне тиiмдi

мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету.

   Қазақстандық тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметiнiң өсуi, сыртқы экономикалық қызметтегi белсендi өзгерістер кеден шекарасында экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде, контрабандаға тосқауыл қоюда, кеден төлемдерi мен салықтарды толық көлемде өндiруде республика кеден органдарының рөлiн арттырады. Кеден əкiмшiлiгiн жүргiзудiң сапасын арттыру республиканың кеден қызметiне бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгiзiлуi қамтамасыз етiлетiн болады. Сонымен қатар кеден қызметi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн, əсiресе кеден шекарасынан өткiзу пункттерiндегi жүйесін реформалау қажет, өйткенi нақ осы еңбекке ақы төлеудiң төмендiгi сапасыз кеден бақылауының себебi болып отыр жəне кеден қызметi қызметкерлерiнiң арасында сыбайлас жемқорлықтың көбеюi де соның салдары.

 

   4.6. Бюджеттi орталықсыздандыру принциптерiн iске асыру.

   Ол үшін мыналар қажет:

- жергiлiктi бюджеттердің мейлiнше дербестiгiн қамтамасыз ету жолымен бюджетаралық қатынастардың тиiмдi жүйесiн құру;

- шығыс жасау өкiлеттiгi мен шығыстар бойынша жауапкершiлiктi заң тұрғысынан айқын ажыратуға қол жеткiзу;

- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн əзiрлеу жəне қабылдау, ол бюджеттердi жасаудың, бекiтудiң жəне атқарудың бiрыңғай құқықтық нормасын қамтамасыз етедi;

- салықтар мен алымдарды мемлекеттiк бюджеттiң белгiлi бiр деңгейлерiне бекiту;

- трансферттердiң тиiмдi жүйесiн құру;

- дамудың жалпы мемлекеттiк стратегиясы шеңберiнде əлеуметтiк-экономикалық дамудың жəнебюджет қаражатының соларға сəйкес жұмсалуының басымдықтарын белгiлеуде аймақтардың дербестiгiнқамтамасыз ету.

 

   4.7. Мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саласын даму

стратегиясымен өзара байланыста дамытуға бағдарлайтын

бюджет саясатын жүзеге асыру.

   Республикалық бюджеттiң ағымдағы жəне даму бюджетi деп бөлiнген жаңа құрылымын жасау көзделедi. Қазақстан Республикасының ағымдағы бюджетiнен (бұдан əрi ағымдағы бюджет) функционалдық топтардың ағымдағы шығыстарын қаржыландыру жəне мемлекеттiк борышқа қызмет көрсету. Ағымдағы бюджеттің шығыс бөлiгi нақты мақсаттары көрсетiле отырып, бюджеттiк бағдарламалар негiзiнде қалыптастырылады. Əлеуметтiк салаға арналған шығыстар ағымдағы бюджеттiң негiзгi басым шығыстары д

12345След.
скачать работу

Қаржылық жоспарлау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ