Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау

    2/15
бесінші жылы        1/15 –ге тең болады.
Станоктың бастапқы құны 2 000 000 (екі миллион) теңге, қалдық құны 200 000 (екі жүз) теңге болған жағдайда онығ амортизацияланатын аударым мөлшері 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды (2 000 000 — 200 000). Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:
1-    жыл АА = 5/15 х (2 000 000 – 200 000) = 600 000
2-    жыл АА = 4/15 х (2 000 000 – 200 000) = 480 000
3-    жыл АА = 3/15 х (2 000 000 – 200 000) = 360 000
4-    жыл АА = 2/15 х (2 000 000 – 200 000) = 240 000
5-    жыл АА = 1/15 х (2 000 000 – 200 000) = 120 000
Сандардың қосындысын, яғни кумулятивтік санын неғұрлым жылдам анықтап табу үшін мына формула қолданылады:
N  х (N + 1)
S=  ————————
2
мұндағы,
S – сандардың қосындысы;
N – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі (жыл).
Біздің кәсіпорынымыз бойынша
5 х (5+1)         5 х 6              30
S=  ————-  =  ———   =  ————- = 15
2               2                    2
егер негізгі құралдардың пайдалану мерзімі 10 жыл болатын болса, кумулятивтік сан 55-ке тең болады.
10 х (10+1)         10 х 11              110
S=  —————-  =  ———   =  ————- = 55
2                      2                    2
Кемімелі – қалдық әдісі. Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.
Осыған дейінгі әдістерде мысалға алынған станоктың амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл, сондықтан құнды біркелкі есептеп шығару әдісі бойынша жылдың амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал кемімелі-қалдық әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 4% болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің пайызы негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнна көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп,  өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды.
Кесте 7 — Кемімелі-қалдық әдісі бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі
Мерзімі    Бастапқы құны    Амортизацияның
жылдық сомасы    Жинақталған
тозу сомасы    Қалдық құны    Айға есептелген амортизация сомасы
Сатып алынған кездегі
1-ші ж/аяғында

2 000 000

2 000 000

—————-

40%х2 000 000 = 800 000

————

800 000

2 000 000

1 200 000

————

66 667
2-ші ж/аяғында

3-ші ж/аяғында

4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында    2 000 000

2 000 000

2 000 000

2 000 000    40%х(2 000 000-800 000) = 480 000
40%х(2 000 000-1 280 000) =
288 000
40%х(2 000 000-1 568 000) = 172 800
159 200-100 000 = 59 200    1 280 000

1 568 000

1 740 000

1 800 000    720 000

432 000

260 000

200 000    40 000

24 000

14 400

4 933
Деректер көзі: :«К & К — TALDYKORGAN» ЖШС-нің қаржылық есепке қосымшасы
Кестеде көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселеніп алынған амортизациялық аударым сомасының мөлшері әр уақытта өткен (алдыңғы) жылдың аяғындағы негізгі құралдардың қалдық құнының сомасына көбейтіліп табылады. Жинақталған тозу сомасы осылайша белгіленген пайыз арқылы табылған сомаға өсіп отырып, тек соңғы жылы ғана негізгі құралдардың қалдық құны сомасына тең болатындай, шектеліп алынады. Негізгі құралдардың құралдардың қалдық құнының мөлшері 2 000 000 теңге болғандықтан, бұл кестеде соңғы, яғни бесінші жылы амортизациялық аударым сомасы 59 200 теңгемен ғана шектелген.
Амортизациялық аударым негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтау кезігде және ол толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған негізгі құралға есептелмейді.
Халықаралық практикада баяу амортизациясы деп аталатын әдіс бар, мысалға, күрделі пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл әдістің мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдалануды бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.

123
скачать работу

Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ