Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ гуманитаристикасы және ұлт тарихын зерттеу

ғасыр басындағы ақындар шығармаларына» арналған. Мұнда 48 ақын-жазушының 125 шығармасы сипаттамадан өткізіліп, сондай-ақ ғылымда белгісіздеу, қорларда сақтаулы тұрған 478 ақын-жыраудың шығармаларының көрсеткіші бар(16).

 

Саны 220-дан асатын үлкен айтыстарды, сондай-ақ алты жүздей шағын айтыстарды қамтыған 6-шы кітап (1989 ж.) қазан төңкерісіне дейінгі ақындар айтысының сипаттамасына арналған(17). Әзірге соңғысы болып тұрған 7- ші кітап 2003 жылы жарық көрді. Мұнда Орталық Ғылыми кітапхана мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институты қолжазба қорларындағы 270-ден астам ертегі сипаттамадан өткізілді(18). Айталық, «Құламерген» ертегісінің қолжазбасының түр-сипаты былай:

Ш. 299 (ОҒК) Б.10-0; Ж.30
21х14,5; 19х13

А т а л у ы: Құламерген. Арабша
Ж и н а у ш ы с ы: Байғутенов Көсембек.

А н н о т а ц и я с : Құламергеннің әйелі Қарақас сұлу көрікті адам болады. Әйелімді ешкімге көрсетпеймін деп бір аралды мекендейді. Екі жасар баласы мен әйелін аң етімен асырайды. Суға ағып кеткен Қарақастың бір тал шашына кездескен хан баласы ғашық болады. Мыстан кемпір сұлуды алып бермек болып таныстырады. Әйел жігітке көніп, Құла мергенді өлтірмек болады. Қолын қанжығасымен байлап, терекке таңып кетеді. Әйелді алады. Баласы әкесін көріп көмектеседі, шешесінен қылыштың қынын сұрап әкеледі. Байлаудан құтылған мерген жауынан кек алады. Азғын әйел мен кемпірді жазалайды. Баласымен екеуі мұратына жетеді.

Қа ғ а з ы, с и я с ы, ә р п і. Жолды дәптерге көк сиялы қаламмен араб әрпінде жазылған.

Ж а з ы л ғ а н ж ы л ы, ж е р і. 1947 жыл.
М ө р і. 20-бетте ОҒК-ның сопақша мөрі бар. Қасында «299, 1947 ж.» деген жазуы бар».

Т е к с т і ң о р н а л а с т ы р ы л у ы. Қара сөзбен жазылған текст қағаздың екі бетіне де жазылған.

Қ а л п ы н а к е л т і р і л у і: Қолжазба ақ қағазбен тысталып, папкаға салынған.

А қ а у ы: 4 жол жыртылып қалған.

П а п ка с ы. №299. «Ертегілері». 2-дәп(19).

Барлық томдары Алматы қаласындағы «Ғылым» баспасынан жарық көріп жатқан «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамалары» осындай үлгіде орындалуда. Қазақ әдебиетінің басқа да түрлеріне жасалар ғылыми сипаттама алда жалғаса берері сөзсіз. Енді осы аталған қолжазбалардың баспа бетінде жариялану мәселесіне көшейік. Бұл жұмыстармен де әдебиеттанудың жетекші салаларының бірі - текстология ғылымы айналысуда. Оған ауыз әдебиетінің сан түрлі жанрларының толық мәтіндері, түрлі нұсқалары енгізілген материалдар, хрестоматиялар, жинақтар дәлел(20). Басылымдарда қазақ фольклорының ерекшелігінен туындайтын талаптарға ішінара болса да жауап беру әрекеттері байқалады. Негізінде, қазақ фольклортану ғылымының текстологиясы мынадай жұмыстармен айналысады:

1. Фольклор шығармаларын жарыққа шығарудың негізгі типтерін анықтау (академиялық, ғылыми, ғылыми-көпшілік, көпшілікке арналған);
2. Басылымдардың текстологиялық шарттарын белгілеу;
3. Дәстүрлі ауыз әдебиетінің текстологиясын зерттеу;
4. Ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алу, жинау, сақтау ісінің ғылыми негізделген принциптерін айқындау;
5. Басылымды ғылыми редакциялаудың жүйесін, мөлшерін және міндетін сипаттау(21).

 

Отандық текстология ғылымы даму үстінде. Бұл бағытта жазылған арнайы еңбектер әзірге аз. 1983 жылы жарық көрген «Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі» деп аталатын жұмыс осы жолдағы алғашқы іс-нәтиже(22). Кітапта төмендегі фольклорлық шығармалардың текстологиясы талданады: «Қазақ ертегілерінің текстологиясы», «Алпамыс батыр» жырының қолжазбадағы нұсқалары, «Қобланды батыр» эпосының ғылыми басылымын баспаға әзірлеу тәжірибесінен, «Ш. Уәлиханов жинаған «Қозы Көрпеш –Баян сұлу « нұсқасының тексі жайлы», «Қыз Жібек» лиро-эпосының ғылыми басылымын баспаға әзірлеу тәжірибесінен, «Біржан-Сара айтысының» текстологиясы» және т.б.(23)

 

Мысал ретінде - фольклортанушы ғалым С.Қасқабасовтың «Қазақ ертегілерінің текстологиясы» деп аталатын зерттеуіне тоқталайық(24). Мақала ертегі текстерін ғылыми жүйеде жарыққа шығару жолдарына арналған. Мұнда автор осыған дейін қазақ ертегілерінің жарық көруі, шығаушылардың мүддесіне орайластырылғандығын көрсетеді. Мәселен, Қазан төңкерісіне дейінгі басылымдардың жариялаушысы – академик В.В.Радлов қазақ фольклорын тілді зерттеу үшін қажетті материал ретінде ғана шығарды. «Сондықтан ертегі мен жырды жазып алғанда, ол жыршы мен ертек айтушылардың ауызекі тілінде кездесетін диалектілік және фонетикалық ерекшеліктерді барынша қамтып отыруға тырысқан»(24). «Ал Потанин зерттеуіне керегі көркем шығарма емес, фольклорлық мотивтер мен сюжеттер болды. Сол себепті ол өзі естіген ертегі мен аңызды қолма-қол қазақ тілінде жазып алмай, оның орысша аудармасын (тілмәштары арқылы) хатқа түсіріп отырған»(25). Кеңестік дәуірде жарық көрген ертегілер негізінен, көпшілік қауымға арналып шығарылған. Бұлардың құнды жақтары – қазақ ертегі мұрасы халыққа кеңінен таралуына мүмкіндік туғызады. Бұдан әрі зерттеуші ертегілердің ғылыми, академиялық жинақтары жайында өзінің ұстанымын дәлелдейді.

 

«Қандай да болмасын ертегіні баспаға дайындағанда, текстің ішінде кездесетін ертекшінің немесе жинаушының түсінік сөзін анықтап, көрсетіп отыру керек. Және жинаққа енген текстерді түгелдей нөмірлеген абзал. Ауыз әдебиетін жинаушы-фольклоршы ертегіні жазып алғанда, кейбір түсініксіз жерлерді анықтау үшін немесе логикалық байланысын күшейту мақсатымен текске өз жанынан анықтама сөздер мен сөйлем қосатыны белгілі. Мұндай сөздер мен сөз тіркестерін, сондай-ақ құрастырушының өзі қойған ертегінің атын квадрат жақшаға алу қажет. Сонда оның ертекшіге қатыссыз екені білініп тұрады. Бұл ғылыми жинақтың бірден-бір шарты. ...Енді бір әңгіме етуге тұратын нәрсе – фольклорлық жинақтың ғылыми аппараты. Автордың пікірінше енді тек бұрынғыдай кіріспе сөзбен шектелмей бірнеше зерттеу мақалалар кіргізілуі керек. Мәселен, қиял-ғажайып ертегісіне арналған кітаптағы зерттеу мақала – қазақ қиял-ғажайып ертегісінің жиналуы, басылуы, және зерттелуі жайлы, сонымен бірге оның негізгі көркемдік ерекшеліктері мен кейіпкерлері туралы сөз қозғаса.

 

Ғылыми аппараттың енді бір бөлігі – түсініктемелер. Ғалым бұған жақсы үлгі ретінде Г.Потанинге арналған жинақтың түсініктемелерін айтады. «Себебі, онда 1957 жылғы жинақтың түсініктемелерінде жіберілген кемшіліктер түгел ескерілген, сондай-ақ тарихи, фольклорлық, этнографиялық және лингвистикалық түсініктер берілген. Бұл жинақта оның үстіне қосымша ретінде шартты белгілердің шешімі, кісі аттары мен фольклорлық терминдердің көрсеткіштері де бар»(26). Белгілі ғалымның бұл ұсыныстарын жалпы фольклорлық шығармалардың ғылыми басылымдарын шығару барысында ескерудің артықтығы болмас.

 

Текстологиялық жұмыс туралы қысқа мәлімет таяуда (2004 ж.) «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Жеті ғасыр жырлайды» деген екі томдықта кездеседі. Мұнда енгізілген ХІІІ-ХХ ғғ. басында өмір сүрген қырық екі ақын-жыраудың таңдамалы шығармаларының (құрастырушы Е.Дүйсенбайұлы) текстологиясы жайында: «...Кітапты әзірлеу үстінде бұған дейінгі жарық көрген сан алуан басылымдарды (М.Мағауин, Қ.Сыдиқов, М.Байділдаев, Ә.Дербісалин, А.Сейдімбеков, Ғ.Әнесов нұсқалары мен өнерпаздардың өз жеке жинақтары, сондай-ақ кезінде осы томның редакторы құрастырған «Екімыңжылдық дала жыры», «Нар заман мен зар заман поэзиясы», Бұқар жырау жинағы, т.б. салыстыра тексеру нәтижесінде кеңестік кезеңдер шырғалаңында бұрмаланған, қысқартылған талай туындылар текстологиялық сүзгіден өткізіліп қалпына келтірілді; жаңадан қосылғандары да баршылық»(27) деп жазады. Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ текстологиясының дамыған, іргелі ғылымға айналуы болашақтың ісі. Мұны қазақ ауыз әдебиеті туындыларының толығымен текстологиялық талдаудан өткізіліп, ол туралы арнайы жазылған зерттеу - мақаласы бар ғылыми басылымдар дәлелдер деген үміттеміз.

 

Ендігі кезек ауыз әдебиеті туындыларын шығарушылар, таратушылар, жеткізушілер, яғни «дерек авторын анықтау» туралы жұмыстарға тиеді. «Ақын-жыраулар» деген тақырыпты иеленген проблемаға Е.Ысмаилов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Сыдиқов, Е.Тұрсынов, Р.Бердібаев т.б. сынды көрнекті ғалымдар зерттеулерін арнады(28) Е.Ысмаиловтың «Ақындар» деп аталатын еңбегі аталмыш мәселені жан-жақты қозғаған ізденістердің бірі. Байқауымызша, қазақ ауыз әдебиеті шығармалары мен жыраулар тақырыбы біртұтас организм. Ол - заңдылық. Өйткені олардың бірінсіз - бірінің өмір сүруі, оның өміршеңдігі мүмкін емес. Мұны Е.Ысмаиловтың «жырау» терминіне қатысты зерттеуінің нәтижесінен ұғамыз.

 

Ғалымның түсінігінде, «қазақтың өлең, жыр айтушыларының барлығын бірдей суырып салып айтушы ақын дей беру жөнсіз. Қазақ халқы өлең-жыр шығарып, не жаттап айтушыларды жалғыз ақын ғана демеген, одан басқа жырау, жыршы, өлеңші, сал, сері деп те атаған. Бұлардың ақыннан, немесе, өзара айырмалары қандай? Қазақтың көне ауыз әдебиеті нұсқаларында жырау қазақта ақындықтың ең көне түрі болғанға ұқсайды. Өйткені, қазақтың батырлар жырында алғашқы ақынның аттары: Сыпыра жырау, Шалгез жыраулар. Ал ХУІІІ ғасырда Бұқар жырау, Тәтіқара жырау, Үмбетей жыраулар аталады. Біздің дәуірімізде жырау атымен аталып келгендер Мұрын жырау. Жырау – ақын, ол өлең, жыр, толғау шығарып айтады. Жырауда суырыпсалмалық, шешендік қасиет бар. Жырау деген сөздің төркіні –жыр (иыр) жырлау дегеннен шыққандығы сөзсіз»(29). Автор жыраулардың қоғамдағы орнын анықта

123
скачать работу

Қазақ гуманитаристикасы және ұлт тарихын зерттеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ