Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ гуманитаристикасы және ұлт тарихын зерттеу



 Другие рефераты
Методы оценки управленческого потенциала в организации Методы оценки эффективности управления Методы планирования себестоимости продукции Социальный интеллект, как способность к эффективному общению

Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымы ұлт тарихын терең, жан-жақты зерттеп, жаңаша пайымдаулар жасауға батыл кірісуде(1). Бұл әрекеттердің отандық тарих ғылымының осы уақытқа дейінгі жетістіктері негізінде жүзеге асып жатқандығы да шындық. Сонымен бірге үш ғасырға жуық тілі, діні, ділі мүлдем бөлек жат жұрттың қол астында бодандықта болып келген ұлттың тарихын барынша шынайы танып-білуде маңызы зор проблемалар да айқындала бастады. Бұған - тарихымызды зерттеуде тарихи дерек көздері ретінде қатыстырыла қоймаған, әр қилы себептермен мән берілмеген қазақ ауыз әдебиеті туындылары дәлел бола алады. Ақиқатында, бұл ауызша руханиятымыз – түрлі тарихи жағдайлардың әсерінен жазуы тұрақты сипат алмаған көшпенді халықтың өмір сүру дағдысын, бүкіл болмысын, дүниетанымын, өткен тарихи даму жолын келер ұрпаққа жеткізіп, сақтап келгендігі мәлім. Ұлттық дерек көздері деген атауға толық лайықты қазақ әдебиеті сонысымен де баға жетпес құнды мұра. Мәселен, олардың арасында соңғы кездері тарихшылардың назарын аудартып жүрген мәселелердің бірі – ауызша тарихи дәстүр(2) жақсы дамыған. Осындай рухани мұраларды кең көлемде тарих ғылымының мүддесі тұрғысынан қарастырудың өзектілігін бүгінгі уақыт көрсетіп отыр.

 

Тарихтану бұл мақсатқа жету үшін отандық гуманитаристиканың - әдебиеттану, тіл білімі ғылымы, фольклортану салаларына арқа сүйері сөзсіз. Өйткені, аталған проблемалармен бұрын осы ғылым салалары ғана айналысты. Оның үстіне фольклортану мен деректану ғылымының зерттеу әдіс-тәсілдерінің ұқсастығы, жақындығы, олардың бірлесе жұмыс істеуі ұлттық ауызша деректерді деректанулық сыннан өткізуге кең жол ашады.

Түп төркіні ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастау алатын фольклортану Кеңес үкіметі тұсында дербес ғылым саласы ретінде қалыптасты, дамыды. Бұл жайындағы ірі фольклортанушы-ғалым М.Ғабдуллиннің пікірі: «...Әрине, біз қазақ фольклористикасын советтік дәуірде ғана қалыптасты деуімізбен революцияға дейін қазақ ауыз әдебиеті жайында жүргізілген кейбір зерттеу еңбектерін жоққа шығармаймыз. Революцияға дейін қазақ ауыз әдебиеті жайында жазылған монографиялық зерттеулер болмаса да, бірен-сарандап айтылған пікірлер болатын. Бұл жөнінде Ш.Уәлихановтың, В.Радлов пен Г.Потаниннің, И.Фалев пен П.Мелиоранскийдің т.б. ғалымдар мен ағартушылардың жалпы қазақ фольклоры туралы және оның кейбір жанрлары жайында айтқандары да бар еді. Мұндай пікірлер, әрине, үлкен ғылыми зерттеу еңбектерінің міндеттерін атқармаса да, қазақ фольклорының тарихи даму жолдарын, әдебиеттік және қоғамдық мәнін түсіну, оның сырын ұғыну жөнінде айтарлықтай мәнді екенін естен шығармаймыз. Және де бұл пікірлер советтік дәуірде қалыптасқан қазақ фольклористикасы үшін қымбат та құнды болғанын білеміз»(3).

 

Иә, шынында да –ХІХ ғасыр зерттеушілерінің ғылымдағы орындары қазақ деген ұлттың әлемнің кез-келген халықтарынан еш кем емес, ауызша дамыған рухани мұрасы бар екендігін, сол арқылы ұлтты, оның тарихын танып-білуге болатындығын дер кезінде жазып қалдырғандарында. Сонысымен де олардың еңбектері беделді(4) Жалпы, фольклорлық туындылар ғылымда жиналуы, жариялануы және зерттелуі деген өзара тығыз байланысты бірнеше кезеңдерден өтетіндігі белгілі. Осыдан кейін ғана ол қоғамның түрлі талап-мүддесіне еркін қызмет ете алады. Қазақ фольклоры осы процестердің барлығынан дерлік өтіп келеді(5) Енді осы бағыттағы жұмыстарға қысқаша тоқталайық. Алдымен фольклорлық деректерді іздеу, табу, жинау шаралары (деректанулық эвристика).

 

Фольклорды ел арасынан жаппай жинап, жазып алу жұмыстары біздің елімізде өткен ғасырда қызу жүргізілді. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 20-жылдары Қазақстандағы өлке тану қоғамы бұл іске ұйытқы болды. Сондай-ақ 1933 жылы қазақтың ұлт мәдениетін зерттемек Ғылми-зерттеу институты құрылады. Осы институт ел ішінен ауыз әдебиетін жинау мақсатында арнаулы экспедициялар жіберуді қолға алды. Мұндай аса маңызды шараларға М.Әуезов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, С.Аманжолов, Ө.Тұрманжанов, С.Кеңесбаев, Е.Ысмаилов т.б. ұлт жанашырлары белсене ат салысады(6).

 

Мұнымен қоса қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға мемлекеттік деңгейде баса көңіл бөлу Қазақстанда Ғылым Академиясының филиалы (1946 жылдан бастап Қазақ ССР Ғылым Академиясы) құрылуымен де тығыз байланысты. Ғылым Академиясы ұйымдастыруымен жыл сайын жер-жерге экспедициялар шығарылып, халық әдебиетін жинау жүргізілді.

 

Қазақ ССР Ғылым Академиясы Президиумының 1948 жылы 1 желтоқсанда қабылданған «...Тарихи маңызы бар құнды халық мұрасын жинап сақтау үшін Орталық Ғылыми кітапхананың қолжазбалар бөлімін ашу туралы шешімінің де» маңызы зор болды. Мұнда іріктеліп, жиналуы тиіс қолжазбалардың қатарында «...д) Қазақстан тарихын жан-жақты зерттеуде өзіндік құны бар қолжазбалар; е) ескі қолжазба кітаптар» аталды(7). Ұлттық рухани мұраларға деген ұқыптылықтың, қамқорлықтың нәтижесінде Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында ұзын саны 20-40 мың шамасында қолжазба түрі жинақталып, библиографиялық көрсеткіштері, ғылыми сипаттамалары жасалынды(8). Бұл істің ең салмақтысы - аталған кітапхана мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының қолжазбалар қоры бөліміндегі араб, латын және кириллица әріптерімен жазылған қолжазбалардың «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» деген атпен 7-том болып шыққан басылымдары(9).

 

Осынау екі мекеменің маман-ғалымдарының қажырлы күш жұмсауының арқасында орындалған еңбектердің 1-ші кітабы 1975 жылы жарық көрді. Мұнда қазақтардың елдік, отан сүйгіштік қасиеттерін айқын танытатын эпосымыздың шыңы – батырлар жырының 68 қолжазбасына сипаттама жазылған. Оның версия, варианттарымен (133 түрлі) қосқанда, сипаттаманың жалпы саны 201 нұсқаны қамтыды(10).

 

Кітаптан «Қырымның қырық батырындағы», сондай-ақ жеке жыр ретінде де жырланатын «Төрехан» жырының ғылыми сипаттамасынан үзінді көрсетейік:

Ш. 830 (ОҒК) Инв. 830

П.7а-8б; Б.4; Ж.22

17,5Х20,8; 8,5х17

ТӨРЕХАН

(«Қырық батырдан»)
А т а у ы. Төрехан (Қырық батырдан).

Ж и н а у ш ы с ы.Асайын Хангелдіұлы жырды Мұрын жыраудан жазып алған. Оның өмірі жайында «тұрағы – Арал теңізінің маңы» дегеннен басқа мәлімет әзірге жоқ.

А н н о т а ц и я с ы. Төреханның қалмақ Қодарқұл ханмен соғысқаны баяндалады. Асайын жинаған «Төрехан» жыры бұрын ешқайда басылмаған. Тақырып, тарауға бөлінбеген. «Төрехан» жыры «Қырық батыр циклінің үшінші тобына кіреді.

Н ұ с қ а с ы. Нұсқа толық емес. Бұл Мұрын жырлаған «Төрехан» жырының қысқа бір үзіндісі, 7-8 буынды жыр үлгісімен айтылады.
Б а с қ ы с ө з і (7-б.):
Төрехан балаларға барады,
Барса, балаларға балалар болысып,
Төреханға болыспайды.

С о ң ғ ы с ө з і (8-б.):
Қалғанымен соғыс салады,
Қалғанын жеңіп тастап,ауылына қайтады.

Қолжазба 1941 жылы Гурьев облысында жазылып алынған.
Папка №830, «Мұрын Сеңгірбаев жырлаған қазақтың батырлық жырлары», бірінші тіз., бірінші дәп. Қолжазба бір жолды дәптерге бүгінгі қазақ әрпімен, көк сиямен жазылған.

Н ө м і р л е н у і. Европалық пагинациялық үлгі.
Қ а л п ы н а к е л т і р і л у і. Қолжазба бір рет жөндеуден өтіп, басқа қолжазбалармен біріктіріліп түптелген.

А қ а у ы. 8-парақтың төменнен жоғары санағанда 7-жолы көк сиямен сызылып өшірілген. Парақтың төменгі шеті жыртылған(11).
Мұндағы кейбір шартты белгілері түсіндіруді қажет етеді. Айталық, сипаттаманың сол жақ шекесінде қолжазба салынған папканың шифры, оның қасындағы жақшаның ішінде мекеменің немесе кітапхананың қысқартылған (ОҒК-Орталық ғылыми кітапхана) аты көрсетілген. «Сипаттаманың» оң жақ шекесіне бірінші қатарға қолжазбаның инвентарь нөмірі (инв.), оның астына, екінші қатарға қолжазбаның бет нөмірі, әр беттің жол саны, үшінші қатарға қолжазбаның және текстің (ұзындығы, көлденеңі) көлемі мен өлшемі сантиметрмен өлшеніп қойылған. Осыдан кейін жол ортасына «Сипаттаманың» рет саны, оның астында шығарманың аты жазылған(12).

 

Ал 1979 жылы жарық көрген 2-ші кітап түрлі варианттарымен 191 қолжазбаны құрайтын «Ғашықтық жырларға» арналыпты. Кітаптың аңдатпасында: «Хроникалық жағынан алғанда лиро-эпостық шығармалардың ең алғаш қағаз бетіне түсірілуі ХІХ ғ. 1- жартысынан басталады. Мысалы, «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» 1834, 1841 жылдары жазылып алынған. Кітапқа Совет үкіметінің алғашқы жылдарында (1920-1924) жиналған ғашықтық жырлардан «Орқа Күлше», «Назымбек», «Еңлік Кебек», «Ер Тоқымбет» сияқты жырлар енгізілді.

 

Сипаттамаға енген шығармалардың көпшілігі қазақ өмірінен алынса, біразы Шығыс сюжетіне құрылған. Қолжазбалар мүмкіндігінше, версия, варианттарына қарай топтастырылып, кімнен, қашан тарағаны баяндалады. Жиналуы, басылуы, зерттелуі, жайында және оның авторлары: аудармашылары, көшірушілері, жыршы-жыраулары, жинаушылары туралы мағлұматтар беріледі»(13).

 

1981 жылы шыққан «Тарихи жырларға» арналған 3-кітапта: «Ақтабан шұбырынды» оқиғалары, Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген, Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Бекет, Сұраншы, Досан, Иса, Мырзаш, Бекболат, Аманкелді т.б. аттарына байланысты туған жырлардың нұсқалары қамтылып, сипаттамадан өтпегендердің тізімдері беріледі»(14).

 

Ал «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы ақындар шығармалары» деген тақырыптағы 4-томда аталған дәуірде өмір сүрген жүз екі ақынның 322 шығармасы туралы сөз болса(15), 1986 жылы басылған «Сипаттаманың» 5-ші кітабы «ХХ

123
скачать работу


 Другие рефераты
Современные дизельные, судовые и тяжелые моторные топлива
Социальная работа с детьми алкоголиков
Роман Проклят и убит В.П. Астафьева в контексте идейно-художественной эволоции творчества писателя (Word'2000)
Келдібекұлы Қазыбек би


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ