Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі

bsp;          Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың!  [7,87 б]

деп, Мұқағали Мақатаев мұңы мен шаттығының бәрі домбырада екенін үлкен эмоциямен жеткізеді.  Бүл жерде ақындардың домбыраны суреттеу тәсілдері ұқсас. Екі ақын да аспапты, оның үнін құс пен жануарға балап суреттейді. Міне, осы тұста ақындардың суреттеу ерекшелігі байқалып, поэзиядағы домбыра бейнесі ашыла түседі.  

                             Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам,

                             Бірі, ұлым, өзіңсің,

                             Екіншісі – домбырам ...

деп,  Жұмекен Нәжімеденов ақындық жүрегінің домбыраға деген махаббатын білдіреді. Ұл баласын ұрпағым деп, ал  домбыраны қазақ жұртының көзіндей аманат етіп қалдырып, өз ұлымен тең санайды.

                             Есік қағам мен ылғи асыққаннан кешігіп,

                             Қағам сонда күйменен махаббаттың есігін .

                             Кекіліңнен сипамас бұрын сонда мен сенің

                             Сипап көрем домбырамның қос ішегін кеш, ұлым! [8, 148 б]

Бұл жерде ақын өз халқының символы – домбыра бәрінен қымбат екенін аянбай жырлайды. «Орыс сыншысы Белинскийдің қағидасынша, ақын өмірдегі құбылыстарды басқалардан бұрын  тез сезеді. Өзі көріп сезгеніне сүйінуі де, күйінуі де шапшаң... Ол қазір өмірдегі бір көрген  тамаша қызықты әсерге қуанып, шаттанып отыратын болса, ендігі бір кезекте өзіне жайсыз әсер еткен уақиғаны көріп, сезіп, ол күйінеді, ызаланады»  дейді Е. Исмайлов «Ақындар» кітабында. [ 1,18 б] Жоғарыда берілген өлеңдерде ақындардың осындай ерекше қасиеті байқалады. Сүйінген немесе күйінген сәтте ақынның  қамқоры  домбыра  болатынына көзіміз жетіп отыр.   

      Ақындардың осы туындыларынан домбыраға, қазаққа деген ортақ  мінезді көреміз. Әр   ақын өз стилімен жырласа да, ой өрісі мен сезімі бір.

                                      Бақыт жайлы толғанам көп,

                                      Менің бағым – домбыра.

                                      Қалам ұстай білмесем –

                                      қайғырмас ем,

                                      ал, бірақ

                                      домбыра ұстай білмесем,

                                      күйдің мәнін, сүйсінбесем, әр ұғып,

                                      өлер едім, жүрегім

                                      қасіреттен жарылып !

деп, ақын Ж. Нәжімеденов толғанады. [11, 258 б]  домбыраны шерте білмеген  үлкен қасірет  деп санайды. Ақынның жан-жүрегіне ыстық зат бірінші кезекте қағаз бен қалам болса, екіншісі – домбыра екенін айтады. Өйткені, домбыра қазақ жұртының көзі, тарихы, менталитеті, арманы, бақыты.   

                Қазақ күйінің  ерекшелігі.  Поэзиядағы күйдің бейнесі                                   

Қазақ поэзиясында домбырамен қоса күй де жырланады. Жалпы күй туралы Құдайберген Жұбанов былай дейді: «Ескі жазба белгілердің ішінде бұл сөз ең әрідегі нұсқалардан, Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат» деген ХІ ғасырдан қалған кітабында ұшырайды. Бұл: «Ол көк» деген сөзді мысалға алып, оны «Ол ән салып тұр» деп аударды. Соған қарағанда қазақтың күй деген сөзі ол кезде көк түрінде болып, ән-күй мағынасында қолданылғандығы көрінеді. Күй туралы мағлұмат ХІV ғасырда жазылған кітаптардан табылады...»[5, 11б.] Бұл зерттеулер «күй» сөзінің ертеде пайда болғандығын және оның сол дәуірде қалыптасқандығы туралы деректер береді. Аталмыш сөз адамның күйін білдіретін шығарма болғандықтан солай аталуы мүмкін.

Жалпы әр елдің музыкасы сол елдің мінез-құлқына лайық. Ал қазақ мінезін танытатын музыканың жанры – күй. Қазақ күйінің аса шебер, күрделі құрылысты, мұңды болып келуі халық арасындағы қиын дәуірді бейнелейді. Бұл тарихқа келіп тіреледі. Мысалы Құрманғазының «Кішкентай» күйі Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне арналған. Қолбасшы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің қару күшімен басылуы, рулардың ұзақ уақыт қудалануы Құрманғазының қанаушы тапқа деген көзқарасын өзгертіп, қолындағы қаруын халық игілігіне жұмсауына себеп болады. [6, 39 б]  Шығарманың басы баяу басталып, одан соң шалқып, шарқып, өткір шертіле түседі. Соңында алдыңғы баяу сарын қайта оралады. Бұдан халықтың арман–мүддесі, күйініші, сағынышы, өкініші, қайғы–мұңы бір арнаға түсіп, бір ғана қазақтың қара домбырасынан күй болып төгіліп, біздің заманымызға тарих болып жеткендігін көреміз.

Халық ақындарының өлеңдерінде күйге сыншылдық жиі байқалды.  Ұлы Абайдың шығармасында осы музыка жанрының бейнесі ерекше.

                                     Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге

                                     Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?! ─

деп, әуелі ақын сол заман жұртшылығының күйді ұға білмеуіне күйінуін білдірсе,

                                      Әннің де естісі бар, есері бар

                                      Тыңдаушының құлағын кесері бар.

                                      Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

                                      Тыңдағанда көңілдің өсері бар, ─

деп ән мен  күйге сын көзбен қарап, сарапшылық танытады. Ал,

                                       Құлақтан кіріп бойды алар

     &n

123
скачать работу

Қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ