Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі



 Другие рефераты
Қайрат Байбосынов Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері Шоқан және музыка

Қазақ ұғымында ақын деген сөздің мағынасы кең. Академик  Радловтың, профессор Мұхтар Әуезовтің айтуларына қарағанда ақын деген сөздің түпкі мағынасы «ағын», «ағылудан» шығуы ықтимал.

Е. Исмайлов қазақ поэзиясында ақынды шығармашылық  қызметіне қарай екі жікке бөлген. Бірі, өлеңді домбырамен суырып салып айтатын немесе жазып шығарса да  жаттап әнге қосып айтатын импровизатор халық ақындары, екіншісі, оқыған, білімді, өлеңді жазып шығаратын жазба ақындар. Ал Әл Фараби болса ақындарды үш топқа бөлген. Ұлы ұстаз өлең жазатындардың үшінші тобын тума қабілеті де жоқ, жоғарғы екеуіне еліктеумен ғана жүретіндер деп атаған. [ 1, 17, 18б]

 Домбыра - қазақ халқының ұлттық аспабы, төл мәдениетімізді жіті таныстырар асыл мұрамыз. Орыс ғалымы В.В. Виноградов: «Археологиялық олжалардың (қабырғадағы сурет, күйдірілген сазтерракта) ішінде кем дегенде осыдан екі мың жыл бұрын тұтынылған қос ішекті аспаптың бейнесі айрықша назар аудартады...Бұған бүгінгі күнгі ең тектес, ең жақын аспап ретінде қазақтың домбырасы мен қырғыздың комузын жатқызуға болады» дейді. Бұдан домбыраның қазақ ұлты пайда болған кезде-ақ аспап болып қалыптасқандығы көрінеді. Домбыра өз бойына көптеген пәндік сапаларды жиыстырады. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, күйші, композитор Жасарал Еңсепов домбыраның екі ішегін қағып, әуен шығару, бір мезгілде поэзияға қосып, нәтижесін көрсету – логика, күй сезімінің мәнін жеткізу – философия деп тұжырымдаған. Бұдан біз қазақтың көне заманының және қазіргі  таңдағы күйшілердің соншалықты талантты болғанын, осы сапаларды кешенді түрде бір мезгілде көрсеткен тума дарындылықты аңғарамыз. [2, 109 – 112б]                                                                                  

Домбыра шертілгенде  қазақтың кең–байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н. Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі соның бір дәлелі.. Қос дауыс сарынынан бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман–мүддесі, философиялық сарын, азаматтық үн, жалпы айтқанда, тарихы күй болып төгіледі. Қадір Мырзалиев өлеңінің:

                                Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.

                                Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді ─

деген жолдары осыны айғақтайды. [4, 223 б]

Қазіргі таңда  домбыраның рөлі тек ДЭККО (жаңа компьютерлі домбыра) жүйесі бойынша ғана танымал әрі маңызды болып отыр. Халық әндерін домбыраға салып, сүйемелдеусіз  орындау тек ескіліктің куәсі болған қауымның  көңілінен шығады деген пікір бар. Қалай дегенде де домбырадан қазақтың қалпын, жүрегін, дала иісін, өзіндік ерекшелігін аңғарамыз. Қос ішекті домбыраның құдіреті кез келген халықты,  ұлтты таң қалдырып, таңырқата білген. Қазіргі заман талабына сай  ДЭККО жанры музыкалық мәдениетімізді өркендетуде зор ықпалын тигізуде. Бұл музыкалық жанрды жаһандастыруды композитор Жасарал Еңсепов енгізді. Біздің ойымызша, бұл жүйе дұрыс қабылданған, өйткені домбырамен күй шерткенде немесе ән салғанда оған қосымша музыка беріп тұрса, оның ешқандай артықшылығы жоқ екендігін айтады зерттеушілер.[2,  112 б]

         


Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы  домбыра бейнесі

Ал енді қазақ ақындарының домбыраға көзқарасы қандай болды? дегенге келсек,  Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасында домбыра бейнесін былайша сомдайды.

«Күйші» поэмасының қозғайтын негізгі мәселесі ─ қазақ күйлерінің, күй өнерінің ғажап сыр–сипатын, қоғам, адам өміріндегі ерекше рөлін көрсету. Кене ханды іздеп келіп, соның алдында күйшінің құйқылжыта тартқан ғажайып күй өнерін ақын тіл өнерінің төгілген әсем өрнектерімен тартымды бейнелейді.

Күңіреніп «Асанқайғы» күй толғанды,

Желмая желе жортып жерді шалды,

Алатау, Алтай, Арқа, Қырды, Сырды,

Аралап, қоныс таппай күй зарланды.

Бұл жерде табиғаттың бір сыры ашылады. Бір сыры дегеніміз ─ қазақ күйінің табиғат құбылысына тең келуі. Асан қайғының Желмаяға мініп Жерұйық іздегеніндей, алып күй қазақ даласын аралап, қоныс таппай зарланады. Бұл - күйші жігіттің бай қиял дүниесі, асқақтаған арманы мен шабытының көрінісі.

Ақын күйші тартқан күйлерді поэзия тілімен шебер суреттей білген..

Алатау күй тындады ауылдай боп,

Тас балқып, толқып жатты бауырдай боп.

Аңқылдап алтын жүрек домбырадан 
Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп.

 

Құлпыртып бәйшешекті кетті шалқып,

Аққудай көкте күйлеп, көлде қалқып.

Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп,

Талдырып, тамшылатып, сығып сарқып.

Мұнда ақынның суреттеу жағы басымырақ. Күйді ауылға, бауырға, жауынға теңеп, оның құдіретті күшін, үнін танытады. «Алатау күй тыңдады ауылдай боп» деген жолында «Алатау» сөзі жинақтау қызметін атқарады. Бұл ұғым нені қамтымайды: таулар, жоталар, ұсақ шоқылар. Осылардың бәрі бірігіп келіп, бір ауылдай ұйып, бар назарын төгіліп тұрған күйге аударғанын ақын шебер суреттейді.

Үшінші жолында ақынның «алтын жүрек» домбыра  деп алғаны     аспаптың асылдығын  күйшінің мәңгілік соғып тұрған жүрегі іспетті тамаша жеткізеді. Күйді адамша аңқылдатып, домбыраны алтын жүрекке балап эпитетті метафораны қолданған. Күйдің жазғы жылы жауындай боп құйып тұруы – оның естуге жағымды сыңғырлаған жылы үндей шертілуі. Міне, осы тұстан біз домбыраның бейнесін анық байқаймыз.

Әрбір жолында ақын оқырманға  эстетикалық әсер береді.  Бұл әсерді тек адам ғана емес,

Күңіренген бір мұңды күй даланы алды,

Табиғат тыпа–тыныш бола қалды.

Қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп,

Қамыстан жолбарыс та ыңыранды─

деп,  табиғат та осындай күй кешіп, күйдің бір ырғағын болсын сезіп, түсінгендей болған сәтті ақын көркем тілмен жеткізеді. Күйші тартып отырған күйдің толқыны бір мезетте жаңа толқынмен төгіле түседі.

            Жіберді бір мезетте қағып-қағып,

            Тасқындап тыңнан бір күй қосылды ағып.

             Байырғы тоқсан күйдің бірі де жоқ,  

            Жаңа күй, жаңа жолмен кетті лағып.

Бұл – жаңа күй – құмарлық күйінің тууы. Ол енді өзі бұрын тартып жүрген тоқсан күйдің бәрінен да айырылып, жаңа күй, қызға деген құмарлық күйін тудырады. Мұнда ақынның шертіп отырған күйімен қоса психологиясы да өзгереді. Өзгерген мінез өзгеше күйдің сарынын тудырады. Бұл жерде күйдің құрылымы да өзгереді. Міне, бұдан біз адам санасы өзгерген тұста күй ырғағы да басқа жолмен шертілетінін байқаймыз. [3, 175 - 231]

 

 

Поэзиядағы домбыра бейнесі

 

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл–сәл кем бұра,

Қазақ – нағыз қазақ емес,

Нағыз қазақ ─ домбыра! – деп, Қадыр Мырзалиев жырға қосқан.

Домбыра – қазақтың бас аспабы. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы.

                           Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт,

                           Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт

                           Көкірекке толған кезде бар қасірет, бар қайғы

                           Бозінген боп боздайды ол, бозінген боп сарнайды ─

деп, Қадыр Мырзалиев сезім құбылуын, ішкі жан сырын білдірудегі домбыраның рөлін осылайша  танытады. [4, 223 б] Дәл осылайша

                            Домбырам, қоңыр қазым, аққуымсың!

                 &n

123
скачать работу


 Другие рефераты
Творчество А. А. Блока
Проблемы маркетинга - принципы, функции, содержание, стратегии
Несие тұралы ұғым және оның пайда болуы
Нигилизм Базарова (Отцы и дети Тургенева)


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ