Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі

bsp;                                 Жақсы ән мен тәтті күй.

                                       Көңілге түрлі ой салар

                                       Әнді сүйсең,  менше сүй! [9, 241 б]

Деп, тек жақсы ән мен  тәтті күй ғана жүрекке жететінін айта келе, әнді Абайша сүйіп, түсінуін талап етеді. «Күйлер – халық музыкасында сирек ұшырайтын нәрсе. Бұл – осы күнгі Еуропаның симфониясы тәрізді. Мұндай дәрежеге жету үшін халық музыкасы жақсы дамыған болуы керек. Сондықтан күйлерді қазақ музыкасының ең жоғары дамыған түрінің үлгілері деп білуіміз керек», ─ депті ғалым Қ. Жұбанов. [10, 107 б] Расында да, қазақ музыкасының үлкен әлемдік деңгейге жетуге мүмкіндігі зор. Домбыраның үні өмірдің әр түрлі құбылысын ашық суреттей алады. Ақындар домбыраны жырға қосқанда осы мақсатты көздеді.

Домбыраның қазіргі таңдағы рөлі

 

Домбыра қазақтың ұлттық аспабы, солай болып қала береді де. Ескіліктің көзі болып қалған аспапты қазіргі заман жастарының бәрі дерлік толық біле бермейді. Шетелдік музыкаға еліктеу, домбыра үнін жақтырмау халық арасында баршылық. Осы аспаптық өнерімізді өркендетуді  үлкен мақсат деп алып, дамыту қажет. Тек қазақ елінде ғана домбыра аспабының бар екенін және оның құдіретті үні бүкіл қазақ тарихын, психологиясын, идеологиясын жеткізетін үлкен қызметі бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

Қазақ домбырасы прозалық жанрда ғана зерттеліп, айтылып келсе, поэзияда оның мәні ерекше. Оған біздің ақындардың туындыларындағы аспаптың көркем тілмен суреттелуін талдай отыра көзіміз жетті. Міне, поэзиядағы оның суреттелуі – бойындағы тамаша сапаларды айшықты көрсетеді.

Домбыра ─  төл мәдениетімізді шыңдайтын аспап. Мұқағали Мақатаевтың:

                                 ... Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,

                                     Өнердің не екенін де білмес едім, -

деген жолдарында ақын өнердің көзі домбыра екенін айтады. Яғни барлық өнер түрі домбырадан бастау алады, сондықтан да қазақтың ерекше мәдениетінің қасиетін түсініп, оның өркен жаюына осы ақындардың поэзия әлемін терең зерттеп, халыққа неғұрлым жиі таныстырып, жеткізіп отыруымыз керек деп ойлаймыз.

Ойымызды түйіндей келе, «Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта аллмасаң да қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызы жарымаған көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген ─ тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, сая да болмайды, жеміс те бермейді» [2, 112 б] деген Бауыржан Момышұлының аталы сөзімен тәмамдағым  келеді.

 

 

                                        Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.                       Исмайлов Е. «Ақындар». – Алматы: «Жазушы», 1956. – 17 б.

2.                       «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. – Алматы: № 11, 2004. - 109 – 112 б.

3.                       Жансүгіров І. 3-том, Алматы: «Қазығұрт», 2004. - 175 – 231 б.

4.                       Мырзалиев Қ. «Домбыра», - Алматы: «Жазушы», 1979. -  223 б.

5.                       Жұбанов Қ. (Құраст. Ақырап Жұбанов) – Алматы: «Өнер», 1990. – 11б.

6.                       Жұбанов А. «Ғасырлар пернесі» - Алматы: «Жазушы», 1975. - 39 – 41б.

 Мақатаев М. «Жырлайды жүрек» - Алматы: «Жазушы», 1989.– 87 б.

7.                       Нәжімеденов Ж. «Ұрпағым саған айтам» - Алматы: «Жазушы» ,  1988. - 148 б.

8.                       Талжанов С. «Өткен күндер сөйлейді» - Алматы: «Жазушы», - 1979. – 242 б.

 10. Сейдімбеков А.  «Сонар» - Алматы: «Жалын», - 1989. – 107 б.

11. Нәжімеденов Ж. «Менің топырағым» - Алматы: «Жазушы», - 1985. – 258б.

123
скачать работу

Қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ