Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері

Біріншіден, бұл қосымшамен (сөз А.Ысқақов омоним деп түсіндіріп отырған ма, ме, па, пе, ба, бе қосымшалары туралы болып отыр – С.М.) сырт түрі ұқсас болымсыз етістік қосымшасы – шын мәнінде омоним ғана, екеуі – екі түрлі тілдік деңгейдің тұлға көрсеткіштері, болымсыз етістік тұлғасы сөзжасамға қатысы жоқ, грамматикалық, дәлірек айтсақ, лексика-грамматикалық сипаттағы тілдік құбылыс, ал екіншіден, алғашқы екеуінің (автор А.Ысқақов сын есім (қырма сақал, елірме күлкі т.б) және зат есім тудыратын қосымша деп танитың – ма, ме, ба, бе, па, пе жұрнақтарын айтып отыр – С.М.) жағдайы бөлек, бұл қосымша арқылы жасалған сын есім мәнінде қолданылуы, біздіңше, кейін сөйлеу процесінде заттық ұғымды сөздің қатыстық мәнінде адьективтеніп те қолданыла беруінің нәтижесі болса керек» дейді ол. Демек, ғалым тұжырымын басқаша айтсақ, аталып отырған зат есім тудырушы ма, ме, ба, бе, па, пе сөзжасам қосымшаның омонимдік сипаты болымсыз етістік жұрнағына қатысты болып шығады. С.Исаев тағы басқа осындай бірқатар жұрнақтардың омонимдік сипатына айқындық енгізе отырып, осы қосымшалар арқылы жасалған сөздерді грамматикалық сипаты жағынан бірде есім, бірде етістік болып келіп отыруын, жоғарыда аталған басқа ғалымдар секілді, қазақ тілі тарихының ерте заманымен байланыстырады: «...сөйтіп түркі синкретизмнің әсері негізінде немесе қосымшалар әлі толық қалыптаспаған іліміздің балаң шағында, яғни ерте заманда қимыл іс-әрекет пен зат және оның атауы, кейде сыны да бір-бірінен жеке лексемалар арқылы бөлек-бөлек немесе грамматикалық тәсілдер арқылы әлі ажырап, сараланбай, сөздің семантикалық ерекшеліктері мен сөйлеу процесіндегі тұрғысы арқылы ажыратылып, бір-бірінен орын тұррғысы арқылы ғана айырмашылығы айқындалып отырған дәуірдің қалдығы, соның кейінгі жалғасы іспеттес көрінісі болуы мүмкін», − дейді ғалым. Жоғарыда сөз болған бір буынды синкретті түбір – негіздер секілді, бұл әрі есім, әрі етістік сыңарлы туынды сөздердің де сөз табына қатыстылығы тек сөйлеу барысында басқа сөздермен тіркесуі, сөйлем мүшесі қызметін атқаруы, қосымша қабылдау ерекшелігіне қарай ғана анықталады.
Қазақ тілі білімінде қалыптасқан сөз таптастыру теориясы бойынша сөздерді түрлі топтарға жіктеу барысында әлі де болса, бірқатар қиыншылықтар, шешемін таба қоймаған ірілі-ұсақты проблемалар кездеседі. Соның бірі, сөз таптастырудың синтаксистік принципін қолдану кезінде әрбір сөз табының сөйлемде атқаратын қызметімен қатар жүйелі түрде олардың (белгілі бір сөз табына жататын сөздердің) тіркесу қабілетін нақты анықтаудың өз дәрежесіне емес екені болса, келесі бір сөз таптастыруға қатысты шешімін күтіп тұрған үлкен проблема – сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы процесін зерттеу болып табылады.
Тіл білімінде сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы, әдетте ешқандай сөз тудырушы жұрнақсыз іске ауысуына байланысты түсіндіріледі, және бұл құбылыстың жеке сөз таптарына қатысына қарай, яғни сөздің қандай сөз табына ауысқанына қарай адвербиалдану (сөздердің басқа сөз таптарынан үстеуге ауысуы), адьективтену (сөздердің басқа сөз таптарынан сын есімге ауысуы), вербальдану (сөздердің басқа сөз таптарынан етістікке ауысуы), прономиналдану (сөздердің басқа сөз таптарынан есімдікке ауысуы), субстантивтену (сөздердің басқа сөз таптарынан зат есімге өтуі) деп аталады. Ал жалпы сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына өту процесін атау үшін конверсия термині қолданылады.
Лингвистикалық терминдер сөздігінде: «конверсия англ. Conversion. 1. Образование нового слова путем перевода данной основы в другую парадигму словоизменения» − деп анықтама берілген. Бұл тілдік құбылыс қазақ тілі білімінде күні бүгінге дейін арнаулы зерттеу объектісі бола қойған жоқ, сондықтан оның мәні, түрлері, себебі секілді маңызды қырлары жан-жақты ашылып, толық айқындық алған емес.
Қазақ тілі білімінде конверсия құбылысы тікелей болмаса да ең алғаш рет С.Аманжоловтың еңбегінде сөз болды: «Сөйлем мүшесі боларда сөз таптары әуелгі қалпын сақтай алмай, тікелей ауысып отыратынын да білеміз. Зат есім бірде зат, бірде сын есім болатыны анық қой. Мысалы: «Темір – зат, «темір жүрек» − сын есім орнында, − дейді автор. А.Ысқақов та өзінің 1950 жылы «Халық мұғалімі» журналында жариялаған «Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру туралы» атты мақаласында бір сөз табына тән сөздердің контексте уақытша екінші сөз табына ауысуы туралы айтады. «Тіл – тілдің қайсысында болса да, белгілі бір сөйлемде қолданылуына қарай, белгілі контексте уақытша субстантивтеніп те (зат есім қызметін атқарып та), адиективтеніп те (сын есімге айналып та), адвербиолданып та (үстеудің қызметін атқарып та) жұмсала беретіні – заңды нәрсе» − дейді ол. Бұл тұжырымдардан грамматикалық тұрғыдан, яғни сөздің синтаксистік қызметінің өзгеруі тұрғысынан түсінетіні көрінеді.
Ал кейінгі қазақ тіл білімінде сөзжасамның жеке сала ретінде бөліне бастауына байланысты бір сөздің ешбір жұрнақсыз сөз табына меншіктілігін ауыстыруы құбылысын сөзжасамдық тұрғыдан қарау басым бағыт алды. 1989 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты ұжымдық еңбекте сөз болып отырған құбылыс сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі ретінде қаралады. Зерттеудің сөзжасам тәсілдеріне арналған бөлімінде: «Сөзжасамның аффиксті және сөзтудырым тәсілдерінен басқа да жолдары бар. Ол сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілдері. Мұндай жол белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарға келуі арқылы жасалады. Сондай-ақ осы жол кейбір сөздердің о бастағы мәнін жоғалту не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз табының қатарынан танылуға жол береді. Тіл білімінде мұндай құбылыс прономинализация (сөздердің бір сөз табынан екіншісіне айналуы) деп аталып жүр» − делінеді. Бұл жерде ең алдымен аталып көрсетілуге тиіс маңызды түс бар, аталған еңбекте де, бұрын-соңды жарық көрген зерттеулерде де сөзжасам сөз таптарымен байланысты сөз болып, ал нәтижесінде сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуына әкелетін бұл процестің лексикалық сипаты ескеріле бермейді. «Қазақ тілінің сөзжасамы жеке сала болғанымен, сөзжасамдық құбылыс әр сөз табымен байланысты, өйткені сөзжасамдық элементтер барлық сөз табына ортақ болмай, жеке сөз табына қатысты. Сөзжасамдық элементтер белгілі сөз таптарының мағынасын береді, сондықтан олар сол сөз табына қатысты ғана сөз жасайды», − дейді Н.Оралбаева. Алайда сөзжасам процесінің алдымен лексикалық құбылыс екенін естен шығаруға болмайды, яғни сөзжасам процесі нәтижесінде алдымен, мейлі, ол синтетикалық тәсіл арқылы, мейлі аналитикалық тәсіл арқылы, не болмаса лексика-семантикалық тәсіл арқылы жүзеге ассын, жаңа лексикалық мағыналы сөз пайда болады. Ал ол сөздің қай сөз табына жататындығы сол сөздің жаңа пайда болған лексикалық мағынасының жалпылануы арқылы, демек, лексикалық мағынасы негізінде анықталатын жалпы грамматикалық мағынасына қарай екінші кезекте белгілі болады. Жаңа пайда болған сөздің кейде сол бұрынғы сөз табы болып қала беруі де, кейде басқа сөз табына ауысуы да сондықтан. Мысалы, синтетикалық тәсіл арқылы жасалған малшы сөзі алдымен жаңа лексикалық мағынаға ие болады, ал оның сол бұрынғы зат есім шеңберінде қала беретіндігі сол лексикалық мағынасының жалпылануы арқылы екінші кезекте анықталады. Сол сияқты осы тәсілмен жасалған өткір сөзі де алдыменжаңа лексикалық мағынаға ие болып, туынды өткір сөзінің түбір өт (етістік) сөзінен басқа сөз табының меншігі екендігі екінші кезекте ғана белгілі болады. Сондықтан С.Исаев: «Ең алдымен, сөзжасам – сөз таптарын жасау емес, сөзжасамның басты белгісі жаңа мағыналы сөз тудыру», «Сөзжасам белгілі тәсілдер арқылы жаңа лексикалық туындылар (сөздер) жасайтын тілдік процесс», − дейді. Демек, біз айтып отырған, сөздердің ешбір жұрнақсыз бір сөз табынан екінші сөз табы қарамағына ауысу құбылысы – жеке тілдік құбылыс ретінде конверсияны да зерттеу барысында оның лексикалық сипатын естен шығаруға болмайды. Алайда, бұл тұжырым конверсиялық құбылысты жеке тілдік құбылыс ретінде зерттеудің қажеттілігі жоқ деген сөз емес.
Қазақ тіл білімінде осылайша сөзжасам аясында, оның бір тәсілі ретінде қаралатын конверсия құбылысының сөзжасамдық қасиетімен функционалдық-грамматикалық сипатын да жоққа шығара алмаймыз. Орыс тіл білімінде, бірқатар түркі тіл білімдерінде сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуының жеке тілдік құбылыс ретінде зерттеліп, таныла бастауы тегіннен-тегін емес. Аталып отырған құбылысты арнаулы зерттеу объектісі еткен ғалымдар конверсия құбылысының деривациялық та, функциональдық-грамматикалық та сипаты барлығын ескере отырып, оны жеке тілдік құбылыс ретінде зерттеудің қазақтіл біліміндегі сөз таптастыру проблемасына да бірқатар айқындық енгізері сөзсіз.
Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыруға қатысты шешімін табуға қатысты шешемін табуға тиісті жоғарыда аталған проблемалармен қатар кейбір түсінбеушілік жайлар да кездееді. Мысалы, бұрын-соңды жарық көрген қазақ тілі оқулықтарында, тағы басқа бірқатар жеке еңбектерде одағай сөз табынан синтаксистік құрылым ретінде қаратпа, қыстырма сөздермен бірге оқшау сөздер аясында қаралуы аталмыш сөз табы туралы, жалпы морфология мен синтаксистің ара қатынасы туралы екіұшты пікір қалыптасады. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының даму барысын зерделеу кезінде бұл жағдайдың 40-жылдардан бастау алатыны анықталды. Г.Бегалиев пен Н.Сауранбаевтың 1948 жылы педагогикалық училищелерде арналып басылып шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында»: «Сөйлемде сөйлем мүшелерімен ешбір грамматикалық байланысы жоқ, тек сөйлемдегі ойдың кімге, неге айтылғанын, айтушының сол ойға көзқарасын, ішкі сезімін білдіру үшін айтылған сөздерді оқшау сөздер дейміз. Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрлі болады:
1) қаратпа сөз;
2) қыстырма сөз;
3) одағай сөз.
1234
скачать работу

Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ