Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері

Оқшау сөздердің бірі – одағай. Одағай сөйлемдегі айтылған ойдағы сөйлеушінің ішкі сезімін,көңіл-күйін білдіреді. Қаратпа сөз сияқты одағайлар да сөйлем мүшесі бола алмайды,» − делінеді. Одағайды осылайша морфология аясында сөз табы ретінде, систаксис аясында синтаксистік категория ретінде екі жақты қарастыру қазақ тіл білімінде жалғасып келеді. 1967 жылы жарық көрген академиялық грамматика да сөз болып отырған жай қайталанады. Еңбекте негізгі оқшау сөздер ретінде қыстырма, қаратпа сөздер мен одағай аталып, ескертпесімен қыстырма сөйлемдер де осы қатарға қосылады. Кітапта оқшау сөздер шеңберінде қаралатын одағай төмендегіше сипаттама беріледі: «Сөйлеуші айтылған ойға өзінің қатынасын тек қыстырма сөздер (және қыстырма тіркестер мен сөйлемдер) арқылы емес, одағайлар арқылы да беріледі. Сонымен қатар одағайлардың бірсыпырасын сөйлеуші басқа адамға (немесе адамдарға және хайуанаттарға) қарата әрқилы мақсатпен айтады. Сөйтіп, одағайлардың қай-қайсысы да сөйлем мүшелерінің белгілі синтаксистік тәсілдер арқылы қарым-қатынасқа түспейді, сөйлем мүшелерінің белгілі сұрақтарына жауап бермейді, демек, сөйлем ішінде оқшау тұрады». Біздіңше әр сөз табынан жасала беретін қаратпа, қыстырма сөздерді синтаксистік категория ретінде қарастыра отырып, сол межелегіш (критерий) шеңберіне сөз табы ретінде белгілі одағайды да сидыру дұрыс бола бермейді. Жалпы бұл жерде қазақ тіл біліміндегі оқшау сөздерді анықтауда басшылыққа алынып жүрген принциптің екі ұштылығы байқалады, сондықтан оқшау сөздер синтаксистік категория болғандықтан, одағайды қыстырма сөздер термині аясында енгізу керек, ал осы қыстырма сөздерді іштей мағыналық топқа ажырату үшін ғана қай сөз табынан жасалып тұрғанына байланысты модаль сөздер және одағай деп бөлуге болады. Яғни, басқаша айтсақ, қыстырма сөздер ретінде айтушының түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз табы одағай да, айтушының түрлі көзқарасын білдіретін сөз табы модаль сөздер қолданыла алады. Демек, зерттеу жұмысында болсын, оқыту процесінде болсын, түрлі межелеуіш тұрғысынан анықталған тілдік құбылыстарды бір терминмен атаудың жақсы нәтиже бермейтіндігі ескеріле отырып, бұл екі сөз табы да морфологиялық категория ретінде өз терминдерінде (одағай, модаль сөздер) қалып, ал синтаксистік тұрғыдан екеуі де қыстырма бола алатындықтан оқшау сөздердің осы түрі ретінде қыстырма терминімен атаулы қисынды болмақ. Сондықтан келешек зерттеу жұмыстарында ескерілуге тиіс мәселенің бірі осы жай болуға тиіс.

1234
скачать работу

Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ