Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты тұрақты сөз тіркестерінің этномәдени уәждемесі

ы тұлпар сыны мен тұлпар баптаудың үзік-үзік жұрнақтары дерліктей ғана. Қазақ тілінде жылқының жасына, жынысына, түр-түсіне, мінезіне т.б. байланысты ФТ-термен қатар оның сыны мен бабына қатысты ФТ-тердің де кездесуі осы себепті болса керек.
ХІХ ғасырда белгілі Күреңбай, Шоқай, Киікбай деген ат сыншылары болған. Сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың да ақындықпен қоса сыншылық қасиетін қазақ қауымы «Аттың сыны» өлеңімен танып білді. Осылардың ішінде Күреңбай сыншының жүйрік аттың әрбір мүшесіне айтқан мына сыны айрықша: «тәует бас, қамыс құлақ, қой жұтқыншақ, сағағы кең, оны «үңгір сағақ» деген, салпы ерін, бұлан мойын, құлан жал, қоян жон, қуыс қолтық, быртық бақай, жер соғарлы, тазы тізе, ит жіліншік, құс топшы, серке сан, шоқтығы өргек, қақпан бел».
Тәует бас – қазақ жүйріктерінің басы шағын, етсіз болып келеді, қамыс құлақ – құлағы қамыс сияқты тік, қой жұтқыншақ – жұтқыншағы қойдың жұтқыншағына ұқсайды, кең сағақ – үңірейген, кең сағақ, салпы ерін – ерні салбыраңқы келеді, бұлан мойын – қаз мойын сұлу көрінгенімен, шабуға жаралған жүйрік үшін жайсыз. Нағыз жүйріктің мойны ұзын емес, бұланның мойнындай жұмырланып келеді, құлан жал – жалы қалың да емес, сұйық та емес, құланның жалындай майда келеді, қоян жон – жоны жұмырланып, қоян жонданып тұрады, қуыс қолтық – шынтағы қалқанқырақ бітіп, қолтығы ашық тұрады, бота тірсек – жүйріктің тірсегі ботаның тірсегіндей маймиып келеді. Маймиған тірсекті артқы аяқтарының серпіні ғаламат күшті болады.
Жүйрік атқа баптау кезінде «кең ішек» болсын деп бие сүтін беретін болған. Жүйрік аттың тері әр түрлі болады. Оны бордақ тер, ащы тер, тұнық тер деп бөлген. Ауыл арасында шапқылай жүріп бусындырып терлетуді – бордақ тер дейді. Мұндайда шайырланған қара бордақ шығады. Жүйріктерді қара жарысқа қосып ащы тер шығарады. Тердің дәмі қышқыл келеді. Үнемі қара жарысқа қосылған жүйріктен тұнық, су тер шығады. Мұны мөлдір тер деп атайды. «Бәйгеге қосар атыңның, ерін алма, терін ал. Күреске түсер батырдың, көңілін жайла, шерін ал» деген мақал осындай ат баптау шараларынан туындаса керек.
1.3.4 «Тегі мен табиғи ерекшеліктеріне қатысты уәжділік» деген тараушада жылқының тегі мен табиғи ерекшеліктеріне байланысты ФТ-тер уәжділігі қарастырылады. Қазақ тілінде жылқының тегі мен табиғи ерекшеліктеріне қатысты мынадай атаулар кездеседі: сәйгүлік, пырақ, дүлдүл, қазанат, екітүгей, арғымақ, дөрбіт, тұғыр, қашыр, тарпаң, керқұлан, тұлпар, талау, мәстек, ақалтеке, тобышақ, текежаумыт, жабы, қарабайыр, жорға, жүйрік, асау, шабан, суын, жайлауыш, алатаң, бөдес, шобыр. Осылардың ішінде көбінде ФТ-тердің қалыптасуына негіз болғандары тұлпар, арғымақ, пырақ, дүлдүл, жорға, жүйрік, тарпаң деген атаулар.
Қазақ жылқысынан сан алуан жорға түрлері де шыққан. Мәселен, жол жорға, су жорға, шайқалған жорға, тайпалған жорға, тұсау жорға, шалыс жорға т.б. Осы аталған жорға түрлерінің бәрі бірдей бағаланбайды. Жорға жарыстарына су жорға, тайпалған жорға, шайқалған жорға түрлерін қосады және бұлар ерекше бағаланады [6, 25].
ФТ-тер жасауда көбінде жылқының жақсы тұқымдары алынған. Десек те тарпаң, жабы сияқты жылқының жоғары бағаланбайтын тұқымдары да адамның өрескел, дөрекі іс-әрекеттерін сипаттауда ФТ-тер жасауға уәж болған. Мәселен, тарпаң жігіт, тарпаң тайдай қылтылдау, жабы болу, жабыдай жалтаңдау т.б.
1.3.5 «Жылқы шаруашылығына қатысты уәжділік» деп аталатын тараушада жылқы шаруашылығына қатысты ФТ-тер уәжділігі сөз болады. Басты шаруашылығы – мал шаруашылығы болып табылатын қазақ халқы үнемі өздерінің малға тәуелділігін сезініп отырған. Соның ішінде жылқы малының көшпелілер тұрмысында алар орны ерекше болғандықтан сөздік қорымызда төрт түліктің ішіндегі жылқы шаруашылығына қатысты ФТ-тер де мол кездеседі. Мысалы, жылқы күзеуге байланысты тұқыл күзеу, жылқы күзеу, құнажын байтал күзеу, құнан күзеу, қысыр күзеу, тай күзеу т.б. тіркестер кездеседі. Жылқы малының жас мөлшеріне қарай дәстүрлі тәртіппен олардың құйрық жалын қырқу, қысқартуды жылқы күзеу деп айтады. Ал, тайды кекіл, шоқтық қалдырмай күзесе, оны тұқыл күзеу деп атаған. Өйткені бала-шаға болмаса, онда да ауыл арасында, мал өрісіндік жерге болмаса, қазақта тайды ұзақ сапарға, жиынға міну салты болған емес. Демек, кекіл, шоқтық іспетті көріктеуіш нышан қажетсіз. Бұл тұста да шаруаның малсақтық психологиясы көзге түседі.
Шу асауларды үйреткенде қолданылатын шұрайлауға байланысты қолданылатын әдісті шұра салу деп атайды. Асау аттың үстіңгі ерніне қамшының бүлдіргесін кигізіп, сабымен бұрау салады. Шұраны әдетте шу асауға салады. М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Оспанның асау тайды үйрететін тұсында шұрайлап деген сөз кездеседі. Шұра салуды жазушы шұрайлау деген нұсқада қолданған: Бірақ өзге асаудан көрмеген ызаны көріп, екі жығылып алған Масақбай ақ тайға қатты ызаланып алған. Құлақтан басып, бұғалықпен буындырып, екі езуін шұрайлап, тайды өлердей жазалаған (М.Ә. Шығ. жинағы, А., 1980, 3 т.). Шаруашылықты жүргізудегі, төл күтіп-баптап үйретудегі осы әрекеттің көрінісі құлындағы даусы құраққа жетті – «қатты қиналып, шыңғырған дауыс шығады» деген мағынадағы фразеологизмнің жасалуына себеп болған.
Алтыншы тарауша 1.3.6 «Дене мүшелері мен ауруларына қатысты уәжділік» деп аталады. Жылқы малының дене мүшелерін түгелдей танып айтып беретін жақсы ат сыншылары не бапкерлер бүгінде некен-саяқ. Десек те біз қарастырған материалдардың ішінде жылқы малының мүшелерін атап көрсеткен Ж.Бабалықұлы, С.Қасиманов, А.Тоқтабай сияқты этнограф-ғалымдарымыздың еңбектерін кездестірдік. Жылқы малының дене мүшелеріне байланысты С.Қасиманов 44 атау, А.Тоқтабай 46 атау, ал Ж.Бабалықұлы 84 атауды берген. Осы атаулар тілімізде көптеген ФТ-тердің пайда болуына уәж болды. Мысалы: ат жалын құшты, ат кекілін кесісті, ат құлағы көрінбейді, ат құлағында ойнау т.б.
Ал енді жылқының ауруларына байланысты ФТ-терді сөз ететін болсақ, қазақ халқы ұлан байтақ елінің барлық жерінде төрт түлікке бірдей келетін індеттерді әр түлікке қарай өзінше жеке атау беріп, әр қилы шаралар қолданған. Мысалы, жұқпалы топалаң ауруын жылқыда «жамандат», түйеде «қарабез», ірі қарада «қараталақ», «ылаң», қойда «топалаң», ешкіде «шекшек» деп атаған.
Құлынның тамағынан шыққан ісіктердің бір түрін қазақ сақау, яки «саржақ», «шығу» деп атайды. «Құлындағы сақау – құнандағы ақау» деген тіркестің шығу тарихы осы ауру атымен байланысты.
Халықтың әр түлікте кездесетін бір ауруды басқаша атауы ұлтымыздың төрт түлікті жақсы тани білгендігінен екені анық. «Қотыр», «көнтек», «көңқотыр», «қыршаңқы» деген ауру аттарының бәрін қотыр деуге болады. Осылардың ішінде жылқыға қолданылатыны – «қыршаңқы». Қыршаңқы көбіне алдымен жылқының қапталынан және жаяның үстінен басталады да, малдың жүні сиреп, реңсізденеді, қайызғағы бұрқырап тұрады. Тілі қыршаңқы, қыршаңқы сөз секілді тіркестер осы ауру атымен байланысты. Десек те қотыр сөзі жылқыда кездесетін бұл ауру түрінде қолданыла береді. Мысалы, «Қотыр ат соқыр атқа жақын жүреді» деген мақалда көп міністен, ауыр жұмыстан, күтімсіздіктен арқасы жауыр, үсті-басы сауыс қотыр болған жылқының қорада тұрса дуалға, қашаға, т.б. сүйеніп, қасынып мазасы кеткенде, жайылымға шыққанда көзі сау аттарға жақындай алмай, бір жерде ғана оттап, қозғалмай тұратын көзінің зағибы бар соқыр атты тауып алып, соған сүйкеніп, соны айналшықтап, төңіректеп жүріп алатын әдетін айтып тұр.
Ал келесі тарауша 1.3.7 «Ат әбзелдеріне қатысты уәжділік» деп аталады. Қазақ халқы ат әбзелдеріне ерекше көңіл бөлген. Ер-тоқым жабдықтарын қыздар тағатын сәнді әшекей бұйымдарға ұқсата жасайды. Ер мен басқа да жабдықтар әркімнің жағдайына қарай сәнделеді. Ердің сәнді болуымен қатар оның адамға жайлы болуына да көңіл бөлінген. Ұзақ жолға немесе сапарға шыққан адамның ыңғайлы отыруы, жаумен шайқасуында жеңіске жетуіне де әсер етеді. Ер аттың шайқас немесе жарыс кезінде тік тұрғанда, айналған кездерде адамның ыңғайлы отыруын, жерге құлап түспеуін қамтамасыз етеді. Екінші жақтан, ер тек қана адамның отыруына, ыңғайлы құрал емес, атқа да зиян келтірмейтін құрал болуы тиіс. Мұның бәрін жетік меңгерген халқымыздың тілінде осыған қатысты түрлі ФТ-тер пайда болған. Мысалы: ерттеп міну, ерттеулі аттай, ері мойнынан кетті, ер әбзелін түзеді деген сияқты ерге байланысты тіркестер бүгінде ауыс мағынада адамға қатысты қолданылады. Сондай-ақ, ат әбзелінің бірі тізгін сөзіне байланысты қалыптасқан тізгінін жиды, тізгінінен айырылды, тізгінін берді, тізгін ұшымен келді, тізгінін тарту /тежеу/, тізгінін тартпау, тізгін тартар бер, тізгінін өз қолына алды, тізгіндеп ұстады, тізгінге жабысу, тізгінді босатты (жіберді) т.б. ФТ-тер кездеседі.
«Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты ФТ-терді зерттеудің антропоцентристік аспектісі» деп аталатын екінші тарауда жылқы малына қатысты ФТ-тер лингвистикадағы тілді адам болмысымен бірлікте қарастыруды көздейдейтін антропоцентристік әдіс тұрғысынан талданады. Бұл топтағы ФТ-тердің қазақ халқының болмысын, дүниетанымын, психологиясын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, наным-сенімін танытудағы маңыздылығы сөз етіледі.
2.1 «Қазақ тіліндегі жылқыға қатысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты» атты бірінші тараушада тіл біліміндегі фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипатын зерттеуге қатысты мәселелер айтылады.
Фразеологизмдер – тілдің мағыналық жағының көпғасырлық дамуының нәтижесі. Олар бізді қоршаған орта туралы күрделі ұғымдар мен түсініктерді қысқа әрі ықшамды, бейнелі және эмоционалды түрде беруге өте қабілетті. Мал шаруашылығына қатысты фразеологизмдер туралы сөз болғанда, жануарлар әлемі жөніндегі түсініктерді адамзат қоғамына ауыстыруды
1234
скачать работу

Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты тұрақты сөз тіркестерінің этномәдени уәждемесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ