Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты

ін гидрографиялық халықтық апеллятив – су: (Ақсу, Қарасу, Қасқасу, Қызылсу т.б.) Түркі тілдерінде бұл географиялық терминдер «бұлақ», «су», «өзен» (кішігірім), көл (кішкентай) деген ұғымдарды береді. VІІІ ғасырға жататын көне түркі ескерткіштерінде suв формасы «су» мағынасын береді. Өзбек, кұмық, ноғай тілдерінде де бұл термин сув; хакас және тува тілінде суг түрінде кездессе, Сібір түркі тілдерінде төмендегідей формаларда тіркелген: су, чул, шул, ю, суг (варианттары зуг, сунг, зу).
Түркі тілдеріндегі «сумен» байланысты формалардың моңғол тілдерінде де параллельдері бар: монғ. суваг «канава», «ров», «траншея», «канал», «теснина»; моңғол жазба тілінде subaz, сойон тілінде sulak «ручей, приток».
Su түбірі бар usun «вода», «река» барлық моңғол тілдерінде кездеседі: жазба моңғол тілінде usun, моңғол тілінде ус(ан), бурят тілінде уһа(н), калмақ тілінде usn болып келеді.
Түркі және моңғол тілдері арасындағы лексикалық бірліктердің ауысу процестері - көнеден келе жатқан тілдік құбылыс. Бұл проблема ғылыми ортада кеңінен таныс. Талай ғасыр көршілес отырған халықтардың арасында тілдік, этнологиялық т.б. деңгейлерде ауысулар байқалатыны заңды құбылыс.
Ал енді тибеттің, қытайдың шу-ын алсақ, эвенк тіліндегі ў-ды моңғолдың u-sun-нымен және удмұрт тіліндегі ву-мен салыстырсақ, параллельдер көбеюі, ностратикалық деңгейді көрсетеді.
Фоносемантикалық (имитативтік) сөздердің басты белгілерінің бірі – олардың ностратикалық деңгейде таралуы. Ностратикалық параллельдер фоносемантикалық атаудың имитативтік табиғатын, сипатын көрсетумен қатар оның өте көнелігін, тілдің шығу дәуірінде пайда болғандығын білдіреді. Сол ежелгі, бастапқы замандарда қалыптасқан фоносемантикалық сөздің барлық тілдерде өлі түбір, рудимент немесе туынды сөздердің құрамында сақталып қалуы заңды құбылыс, себебі барлық тілдер өз басынан алғашқы имитативтік дәуірді өткерген.
Сонымен, дыбыс арқылы денонатты бейнелейтін сөздер ататегінен фоносемантикалық (имитативтік) сипатқа ие. Демек, пайда болған, туындаған кезінде барлық тілдер бірдей өте ұқсас дыбыстық тұлғаны және семантикалық ортақтықты иемденген. Әдетте, олар бір дыбыс немесе бір буынды дыбыстар тіркесі (гс, ег, гес, сгс, сгсс) болып келген. Академик Ә.Қайдардың пікірінше: «...қайсыбір тілдегі есту, көру, акустикалық, қимылдық қабылдаулардың өте ежелгі дыбыстық символдары ретінде Г және сГ моносилабтары: *а, *ә, *е, *о, *ө, *ұ, *у, *ы, *і, сондай-ақ *ты, *ды, *пы, *шы, *сы тағы басқа да дыбыс тіркестері танылды» [2, 17].
Біздің болжамымыз бойынша, түркі және басқа тілдердің ататілінде (праязык) у дауысты идеофон (имитатив), фонемотип (С.В.Воронин) «су» деген кешенді мағынаны білдірген. «У» - судың кешенді түстік, дыбыстық, тактильдік, сенсорлық, қимылдық т.б. сипаттарының бір ғана дауысты дыбыс (моносиллаб) арқылы берілген бейнесі. Ал, кейінірек у-ға анлаутты қосылған с дыбысы судың жылжитын, ағатын, сылдырайтын, сырғанайтын, сорғалайтын, жылтылдайтын, жалтылдайтын т.б. сипаттарын осы идеофон арқылы бейнелеген. Түркі тілдерінің географиялық терминологиясында у//су –дан туындаған, өрбіген географиялық (гидрографиялық) апеллятивтер тізімін және мағынасын атақты географ, топонимист Э.М.Мурзаев келтірген: «Түркі тілдеріндегі: (“су” - М.А.) бірқатар туынды терминдерді қалыптастырады: суат - құдық түбінде, өзеннің, көлдің жағасында мал суғаратын орын, мұның өзі түрік тілінің suwat “водопой” сөзіне сәйкес келеді; болгар тіліндегі суват-“жазғы тау жайылымы”, “суат”; саат - “көл бойындағы суат орны”, суат - “алды бөгелген су айдыны”, қырым - татар тіліндегі учансу - “сарқырама”, өзбек тіліндегі учарсув - “сарқырама”, сөзбе - сөз аударғанда “ұшатын су”, субойи - “жағалау”, “су бойы”,субаши - “көл басталуы”, “ағыстың басы, суғаруға арналған суды бөлетін лауазым”, суак - “суландыратын, су жүретін ор”, “арық” әзірбайжанша субасма - “тасқын су”, “сел”, суайрычи - “суайрық”, сулу - “су (басқай)”, сузус - “сусыз”, суамбар - “су айдыны”, “су қоймасы”. Жалпы түркілік карасу, хакастық - харасуг - “қайнар көз”, “бұлақ”, “бастау”; алтай тіліндегі талайсу - “теңіз” (моңғол тілінде далай - “көз жетпес”, “орасан зор”); хакас тіліндегі суглыг - “сулы”; агынсу - “ағын су” т.б.
Еуропа мен Азияның ұлан байтақ даласында су терминімен келетін гидронимдердің саны шексіз (оның нақты көріністері басым мөлшерде сөздің екінші бөлігінде келеді): Қарасу, Сарысу, Ақсу, Қызылсу, Тугтусу, Қашқасу, Көксу, Ұлысу, Қайсу, Адылсу. Енисей мен Абақан бассейнінде көптеген гидронимдер суг терминімен келеді: Қазынсуг, Сарысуг, Уньсуг, Ызаксуг, Демирсуг; Алтайда - Суг, Сугат, Қарасук [6, 528-529].
Біздің пікірімізше, бастапқы немесе ілкі имитативтердің тілдердің алғашқы шығу, пайда болу дәуірінде фонетикалық (фоносемантикалық) варианттары болған. Ол варианттар артикуляциялық жағынан жақын, бір – біріне ыңғайлас келетін идеофондардың, яғни дыбыстардың болуынан пайда болған. Осы тұрғыдан алғанда, п, у идеофондардың фоносемантикалық варианттары ретінде олардың артикуляциялық сыңарлары деп, уа, в, б, иу (ю), й, дж, ж, ч, с, ш идеофондарды атауға болады. Осы идеофондар (фоносемантикалық варианттар) имитативтер құрамына енген соң, имитативтер деңгейінде имитативтердің фоносемантикалық варианттары құрамында жаңа имитативтер пайда болған. Осы жаңа имитативтер қорын көбейте түсе, жаңа нысандарды немесе аталған нысанның жаңа (әлі дыбыстық формада) белгіленбеген, сипатталмаған ерекшеліктерін атау үшін (дыбыс символика түрінде) қолданылған.
Осындай жолмен (алгоритіммен) пайда болған (и, у (ю) идеофондар негізінде) имитативтер қатарына йыл, ол, уол, йол, ул, іл(ил), жыл, жил, уль, ыль, иле, иль, эл, джал, (құрамында л идеофоны бар); немесе юг (юк), юга, йогы, югон, ұйық, юкмес, йоки, ёкка (құрамында г (к) идеофоны бар) имитативтерді жатқызуға болады. Палеотопонимика мәселесін зерттеген А.М. Малолетконың пікірінше, түркі тілдеріндегі ол / ул (хол / хул) “мокрый, сырой, влажный” мағыналарында басқа тілдерде өзінің фонетикалық, семантикалық паралельдері (сыңарлары) ретінде кездеседі. [7, 74]
1.3 Жер бедері (орографиялық) апеллятивтердің фоносемантикалық сипаты. Географиялық аппелятивтер қоры кез келген тілдің негізгі (базистік) қоры түріне жатады, яғни түп - төркіні диахроникалық тұрғыдан қарағанда ең төменгі қабаттарда, тіпті “алғашқы” ілкі сөздер санатында екенін болжауымызға болады. Ал, Г.Е. Корниловтың “имитатив теориясы” бойынша тілдердің ең алғашқы пайда болған кезеңі “идеофондар” және “имитативтер” дәуірі болған десек, әрине, географиялық аппелятивтердің ең ежелгісі, көнесі - имитативтік, идеофондық негізінде жасалынған сөздер, тілдік қабаттар.
Дыбыстық символикаға ие орографиялық аппелятивтердің құрамындағы дыбыстардың, дыбыс тіркестерінің, яғни идеофон, имитативтердің аталған нысандармен сәйкестігі дыбыстардың фонологиялық, артикуляциялық сипаттарының сәйкестіктеріне негізделген. Фоносемантика саласында зерттеулер жүргізген ғалымдар осындай сәйкестіктерді анықтаған. Мәселен: шар тәрізді, томпақ, шығыңқы заттардың атауларындағы түбірлерде бір немесе бірнеше лабиалды дыбыстар бар екені жөнінде А.М. Газов – Гинзберг, В.Г. Лобин, С.В. Воронин, А. Йоханенссон сынды ғалымдар жазды. Ғалымдардың пікірінше, осы сәйкестік еріндік символизмге негізделген: “ауыз (ерін) қимылы томпақ (шар тәрізді) заттар формасын бейнелейді”. Бұл аталған қимыл лабиальды (еріндік) дауыстыларды (о, ө, ұ, у, ү) дыбыстағанда жасалады.
Еріндік дауыстылардың символизіміне негізделген фоносемантикалық орографиялық аппелятивтерге төбе, шоқы, қуыс т.б. аппелятивтерін жатқызуға болады. Жер бетінен биікте жатқан табиғи нысандардың (төбе, дөң, шоқы, төмпешік т.б.) басым көпшілігінің құрамында еріндік дауыстылардың ұшырасуы кездейсоқ емес. Дыбыс бейнелеуіштік сөздердің тілдік тұлғасында міндетті түрде фонемотип (С.В. Ворониннің термині) бар. Фонемотипте аталған заттың кем дегенде бір сипатына қатысты фонема болуы тиіс фонемотиптер акустикалық, дыбысқа еліктеуіш сөздерде кездеседі. Мысалы, “томпақ”, “домалақ”, “үрлеген” заттардың сипатына сәйкес келетін дәл сондай сипаттар еріндік (лабиалды немесе лабиальданған) дауысты, дауыссыздарда бар. Сол себепті осы аталған артикуляциялық фонемотип “томпақ”, “домалақ”, “үрленген” заттарды атайтын сөздерде қолданылады.
Зерттеу нысаны болып отырған фоносемантикалық сипаты бар деп есептелетін географиялық аппелятивтерді және географиялық жалқы есімдерді (топонимдерді) біз “дыбыс бейнелеуіш сөздер” (звукоизобразительные слова) қатарына жатқызамыз. Дыбыс бейнелеуіш сөздер фоносемантика теориясы бойынша екі түрге бөлінеді: дыбысқа еліктеуіш сөздер (звукоподрожательные слова), екінші түрі – дыбыстық символикалық сөздер (звукосимволические слова). Біз талдап отырған географиялық аппелятивтердің, терминдердің құрамында, негізінде, дыбыстық символикалық сөздер жиі ұшырасады. Себебі дыбыстық символикалық сөздер, әдетте, ең көне “алғашқы” сөздер қатарына жатады. Соған қарағанда, географиялық аппелятивтердің белгілі бір бөлігі өте ерте дәуірлерде, тіпті тілдердің алғаш пайда болған дәуірінде қалыптасқан, “өмір сүрген” болуы мүмкін. Ал енді, дыбысқа еліктеуіш сөздер сипатындағы географиялық топонимдер қазақ топонимиясында бар және осы аталған топтағы фоносемантикалық сөздер жұмыстың зерттеу нысаны болып табыла
1234
скачать работу

Қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ