Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты

ен; “даңғырлап қатты дауыс еткен” дыбыс; айғай – ұйғаға, у-шуға ұқсайтын дыбыс. Академик Ә. Қайдардың көрсетуінде бір буынды даң түбірі темір, жез бұйымдар, заттар шығаратын (ұрғанда) дыбысқа, шуға еліктеуден туындаған.
Даң формасындағы әр фонема – идеофон (идеофонема) белгілі бір еліктеуіш мағынаға ие. Еліктеудің негізі сипатын, болмысын осы фоносемантикалық модельде дауыссыз д және ң дыбыстар (идеофондар) көрсетеді. Ал фоносемантикалық сөз ортасындағы дауысты дыбыс (идеофонема) еліктеуіш түбір суреттейтін дыбыстың күштілігін, әлсіздігін және тонын сипаттайды. Сөз етіліп отырған даң фонемотипінің (имиативінің) анлаутындағы д өзінің артикуляциялық сипатына, ерекшеліктеріне қарай t(т) – ға өте жақын, тек д ұяң “жұмсақ” болса, т қатаң (шулы) дауыссыз – ал басқа артикуляциялық ерекшеліктері (альвеоляр, таңдай алды, тіс, жабысыңқы, шұғыл) бірдей.
Т / д дүрсілдейтін, дүңкілдейтін, тарс – тұрс ететін, тарсылдайтын, тақылдайтын, соғу, қағу әрекеттерінен туындайтын кешенді табиғи дыбыстар шығаратын нысандарды (денотаттарды) символдайтын сөздердің анлаутында кездеседі. Осы позициядағы бұл дауыссыз дыбыс (идеофонема) көптеген біртектес немесе біртектес емес тілдердегі аталған дыбыстарға еліктейтін сөздерде кездеседі. Бұл құбылысты фоносемантикалық заңдылықтар немесе фоносемантикалық универсалия қатарына жатқызуымызға болады.

1234
скачать работу

Қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ