Қазақстан Қарулы Күштері
дегі негізгі іс қимылдарды қалыптастыру тәсілдері жасалып, келісілді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзі құрылған күннен бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚШ) қол қоюшы елдердің армияларымен ынтымақтастықты, өзара іс-қимылды және тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға көп көңіл бөліп келеді. Бұл істегі алғашқы қадамдардың бірі ТМД мемлекеттері басшыларының шешімімен 1993 жылы маусымда Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасын күзету үшін көмек ретінде жеке құрама атқыштар батальонының құрылуы болды.
1995 жылы 10 ақпанда “ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Әуе шабуылынан қорғаныс жөніндегі біріккен жүйесін құру туралы” келісімге қол қойылуы ТМД өмірінде үлкен мәнге ие болды. Оның негізінде Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина әскери салада ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру бойынша нақты шараларды жүзеге асырды.
Қазіргі кезде ТМД әуе шабуылынан қорғаныс жөніндегі біріккен күштері бірлескен жауынгерлік кезекшілік, әуе жағдайы жөніндегі ақпараттар алмасу жүйесін қалпына келтіруге қол жеткізді. Жекелеген елдердегі, оның ішінде Қазақстандағы, Ресейдегі және Өзбекстандағы жүйелердің көпшілігі мұндай алмасуды автоматты режимде жүзеге асырады, бұл әуе шабуылынан қорғану күштері мен құралдарының дайындығын тиісті деңгейге дер кезінде көтеруге мүмкіндік береді. Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлері, күштері және құралдарының бірлескен оперативті және жауынгерлік дайындығының жүйесі жолға қойылып, жетілдірілуде.
Қазақстан Республикасының Әуе шабуылынан қорғаныс күштері жойғыш авиация бөлімдерінің қарулары құрамында аэродинамикалық, ұшу және жауынгерлік сипаттары жөнінен шын мәнінде әлемдегі ең таңдаулылар қатарына қосылатын МиГ-29, МиГ-31, Су-25, Су-27 ұшақтары бар.
Көршілес елдер армияларының жауынгерлік ынтымақтастық тәжірибесіне 1995 жылы құрылған Орталық Азия батальоны (Ортазбат) ықпал етеді. Оның міндеті – Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен бейбіт жасампаздық іс-әрекеттерге қатысу. Батальон құрамына үш мотоатқыштар ротасы, зениттік-ракеталық взвод, минометті батарея, байланыс взводы, медициналық пункт және материалдық-техникалық жабдықтау взводы кіреді. Жалпы саны – 553 адам. Ресей, АҚШ, Түркия және басқа мемлекеттердің бітімгершілік күштерінің қатысуымен, жыл сайын бұл батальонның жаттығуы өтіп тұрады. Жаттығу ауданында қатысушы елдер бөлімдерінің десанттары террорға қарсы әрекеттер мен гуманитарлық тапсырмаларды орындайды.
Біздің республикамыз да қосылған НАТО-ның “Бейбітшілік жолындағы бағдарламаларын” жүзеге асыру тұрғысында, 1996 жылдан АҚШ әскерлерімен Қазақстан аумағында (“Жәрдем-99”) және АҚШ-та (“Наггет-97 кооперациясы”, Форт-Пол), түрік (“Бейбітшілік көпірі-98”), фин (“Ортазбат-99”, Тампа қ.) әскерлерімен бірлескен жаттығулар өткізіліп келеді. Олардың ішіндегі ең үлкені НАТО-ның 23 елі мен ТМД-ның 6 елінің күштері қатысқан “Бейбітшілік қалқаны-2000” жаттығуы болды.
Біріккен жаттығулар жауынгерлік қимылдардың тактикалық деңгейдегі дағдыларын жетілдіреді, барлық деңгейдегі басқару органдарының дайындық пен жаттығу жүргізу жөніндегі тәжірибелерін байытады, сондай-ақ, армиялар мен әр түрлі елдер халықтары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың артуына ықпал етеді.
Қазақстан Армиясының қарулары
Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап бейбітшілікті басты нысанаға алды. Біз кейбір әпербақан мемлекеттер сияқты өз билігіміз өзімізге тигеннен кейін де әскер жасақтауға, қару жинауға жанталаса кіріскен жоқпыз. Бұл бітімгерлік шараны бүкіл әлем мойындады. Алайда, айналамызда дүркін-дүркін лапылдап жатқан соғыс ошақтары қауіп ойлатпай және тұрғызбайды. Ендеше, осындай алмағайып кезде қаннен қаперсіз отыру мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру болмақ.
Қазақстан армиясының сапында бүгінде 74000 сарбаз бар. Оның ішінде Құрғақтағы күштер қатарында 47000, Әскери-Әуе күштерінде 19000, Әскери-Теңіз күштерінде 3000 сарбаз бен офицерлер тапжылмай күзетте тұр. Мұнан басқа да өздігінен әрекет ететін Аэромобильдік күштер, 1998 жылы құрылған, Қапшағайдағы шабуылдаушы десанттық бригадасы, “Қазбат” бітімгершілік батальоны жасақталды.
Жаяу әскерлердің соғыс көлігі (Боевая машина пехоты, БМП-2). Бізде осындай қарудың 4000-ы бар. Енді оның техникалық жарақтарын сөз ететін болсақ, экипажы 3-7 адамнан тұрады. Қаруы 30мм зеңбірек, 7,62мм пулемет. Ұзындығы – 6,73м, ені – 3,15м, биіктігі – 2,45м. Әскери көліктің салмағы – 14600кг.
Двигатель 6 цилиндрлі, дизель, қуаты 400 ат күшіне тең. Жылдамдығы 65км/сағ. Бір құйған жанармайы 600 шақырымға жетеді.
Бұл әскери көлік Ресей Қарулы Күштерінің сапына 1980 жылдары қабылданды. Содан бері мұны бірнеше рет қайта жарақтандырды. Сонымен қатар, бұл соғыс қаруын әлемнің 18 елі сатып алған. БМП-2 жаяу әскерлерінің таптырмайтын қорғанышы. Талай ұрыстарда қапысыз сыналған. Терең сулардан да жүзіп өте береді. Сондықтан да қарсыластардың жаяу әскерлері үшін БМП-2 қатерлі қару.
Негізінен КСРО Қарулы Күштерінде және одақтас республикалар дивизияларында 1960-90 жылдар аралығында МИ-8, МИ-24 А тікұшақтары қолданыста болды.
МИ-24 тікұшақтары МИ-8 ден әлдеқайда жетілдірілді. Двигательдердің қуаты арттырылды, қаңғалақтарына (винттеріне) өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, МИ-24тің тікұшағының ұшқышы мен мерген операторы бір кабинада отыратын. Бұл ұрыс кезінде тиімсіз болды. Мұны ескерген конструкторлар ұшқыш пен мерген операторды жеке жеке кабинаға отырғызып, тікұшақты қайта жарақтады. Ең бастысы МИ-24 ке ұшуды бақылауға және двигатель жұмысын қадағалап отыратын, оның үстіне ауа райының қолайсыздығында ұша беруді қамтамасыз ететін агронавигациялық, электрондық құрал жабдықтар орнатылды. Әскери және жүк тасымалдауға арналған МИ-24 тікұшағы Ауғанстандағы соғыста, ТМД елдеріндегі қарулы қақтығыстарда әбден сыналған. Әсіресе, Қауіпті жерлерінің дені оқ өткізбейтін бронмен қапталғандықтан тікұшақтың құны арта түсті. МИ-24 тікұшағы 12,7мм пулемет, 30 мм зеңбірек және “Фоланга”, “Штурм” зымырандарымен, ФАБ-250 бомбаларымен жарақтанған. 30мм зеңбірек тікұшақтың тұмсығында орналасқан. Бұл тікұшақ әскерлер арасында ұшып-қонуға қолайлы болғандықтан және жүк тасымалдауға, ұрыс кезінде оңтайлылығымен “ұшатын бронды машина” деп аталады. Бортына 8 десант алып ұшады.
Бүгінде Қарулы Күштеріміздегі жеңіл қарулардың аса кең тараған түрі – Калашников автоматтары. Бұл қаруды тек сарбаздарымыз ғана емес, еліміздің құқық қорғау қызметкерлерімен қатар, бүкіл ТМД мемлекеттерінің Қарулы Күштері күні бүгінге дейін пайдалануда. Калашников автоматтары әлемге 200 миллион данамен тарап оны дүниежүзінің 47 елі сатып алған.
АК-74 автоматы КСРО армиясының қарулар сапына 1974 жылы қабылданды. Конструктор Михаил Калашников өзінің бұрынғы АК-47 және 7,62 мм АКМ оқтармен атылатын етті. Енді АК-74 автоматының сыртқы тұрқы бұрынғыларға ұқсас болғанымен, салмағы едәуір жеңілдеді. Сонымен қатар бұл қару нысанаға өте дәл тиюімен ерекшеленеді. Пластмассадан жасалған оқшантайына шахмат тәртібімен орналастырылған 30 оқ сияды. Автоматтың дүмі ағаштан жасалған. АК-74 және АКС-74 автоматтары бұрынғы КСРО Қарулы Күштерінің құрамдас бөліктері бүгінгі тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің армияларында күні бүгінге дейін қолданылады.
РПК қол пулеметі – Калашников автоматы негізінде жасалды. Қарулар сапына 1961 жылы қабылданса да, бірнеше рет қайта жарақтандырылып қазір көптеген елдердің, оның ішінде Қазақстанның да сарбаздары ұдайы пайдалануда. Бұл қарудың автоматтан айырмашылығы ауыр және ұзын ұңғысы және жиналмалы аяғы болуында. Сонымен қатар қол пулеметі ұрыс кезінде пайдалануға өте ыңғайлы. Оның нысанаға тию қашықтығы 1000 метр, алайда қол пулеметі жақын қашықтықтағы ұрысқа арналған. Және РПК оптикалық немесе инфрақызыл көздеу тетіктері орнатылған. Өзінің ықшам әрі оңтайлылығының арқасында бұл қол пулеметін 30 дан астам сыртқы елдер сатып алған.
Қазіргі таңда Қарулы Күштерімізде 2500 ірі калибрлі минометтер, 495 оперативтік-тактикалық зымырандар құрылымы, 292 зенииттік зымырандар бар екені белгілі. Бұлар алысты көздейтін, қирату аймағы үлкен, жойқын қарулар. Ал жаяу әскерлер пайдаланатын қарудың негізгі түрі РПГ-7 гранотометтер болып келеді. Негізінен, РПГ-7 гранатометі КСРО Қарулы күштерінің қару-жарақ сапына 1961 жылдан бастап енді. Бұл әсіресе партизандық құрылымдарға таптырмайтын қару. РПГ-7 гранатометінің нысананы көздеу қашықтығы 250 метр болса, соңғыларінікі 520 метрге жеткізіліп, бронды тесіп өту әлеуеті де арттырылып, 375мм шамасындай болды. 1990 жылдардың басында гранатометтің ең жаңа түрлері РПГ-27 “Таволга”, РПГ-29 “Вампир” сериялы өндіріске кетті. Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздары да осы соңғы қарулармен жарақтанған.
Ұлан туралы білесіз бе?
Қазақ елінің егемендікке қол жетіп, еңсесін енді-енді көтере бастаған кезде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1992 жылдың 16 наурыздағы арнайы Жарлығымен Республикалық Ұлан құрылған еді. Республикалық Ұлан Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағындырылып, Қарулы Күштеріміздің құрамына кірмейтін арнаулы әскери құрама ретінде тіркелді. Олар негізінде – дәстүрлі рәсімдердің орындалуына, мемлекет басшысының және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай ақ аса маңызды объектілерді күзетумен айналысады. Осындай жауапты істерді атқару үшін ұланның қатарына сақадай сай, денсаулығы мықты, сана–сезімі жоғары азаматтар алынды. Оның үстіне үміткерлердің бойы 178 см-ден төмен болмауға тиіс, және сыртқы келбет пішініне мән беріліп, адамгершілік тұрғыда үлгілі болуы шарт. Жарлық күшіне еніп, сарбаздар жасақтала б
| | скачать работу |
Қазақстан Қарулы Күштері |