Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Қарулы Күштері

астаған күннен- ақ өзінің әскери борышын осы құрамада өтеуге ниет білдірушілер көбейді. Бірақ, ондай бақыт екінің біріне бұйырмады. Ұланның қатарына тек нағыз “Сен тұр, мен атайындар” ғана іріктелініп алынды. Сөйтіп еліміздегі ерекше мәртебеге ие әскер түрі Республикалық Ұлан болды. Сондықтан да, оны ұлттық мемлекетіміздің басты атрибуттарының бірі ретінде қарастыруға толық негіз бар. Осы жерде шежірелік шегініс жасауға тура келіп тұр.

 Гвардия термині ХІІ ғасырда Италияда пайда болып, ол мемлекеттік туды күзетуге арналған іріктелген жасақ деген мағынаға ие болған. Кейіннен бұл айрықша әскер ХV ғасырда Францияда, ХVІІ ғасырда Англия, Швеция, Пруссияда, ХІХғасырда Түркия мен Жапонияда құрылған. Ресейде гвардиялық полктер І Петрдің бастамасымен ХVІІ  ғасырдың 80-жылдары пайда бола бастады.

Қазақ мемлекетінің негізін қалаушы Жәнібек пен Керей, олардың мұрагерлері Есім, Қасым, Тәуке хандар қазіргі ұланға ұқсас әскер ұстаған деген дерек бар. Әскерге ханға берілген ақсүйектер отбасынан шыққан жасөспірімдер алынған. Олардың негізгі міндеті ханның отбасын қорғау, жол жүру кезінде ханмен ілесе жүру, көрші мемлекеттерден елші келгенде жарғылық рәсімдерді атқару еді. Сол батыр бабаларымыздың бүгінгі ұрпағының батыр болмасқа хақы жоқ. Жаңа заман сарбаздары – Республикалық ұлан да баба тарихтың көне дәстүрлерін сақтай отырып, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Ұландықтардың әскери антқа адалдығы, Қазақстан Республикасының Президенті мен халқына мүлтіксіз қызмет етуі, батылдығы , кәсіби шеберлігі, салауатты өмір салты мен дене күшін жетілдіру қажеттілігі өзгелерден ажыратып тұрар айрықша қасиеттер болып отыр.

Ұлан жастары “өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын” деп Отан үшін от кешуден тайсалмай, “тізе бүгіп өмір сүргенше, қасқайып тұрып өлгеніміз артық” деген қағиданы ұстанған.

Қазіргі таңда Республикалық ұланның 2 полкі бар. Оның бірі Алатау баурайында, екіншісі Астана төріне шоғырланған. Алматыдағы полкке әр жылдары тәжірибелі командирлер полковниктер Мұрат Майкеев, Бақыт Мұхамеджанов, Ерлан Сұлтанбаевтар басшылық жасады. Бұл күндері бұл ұжым подполковник Мейрам Махатовтың қарауында. 1997жылы Елбасы Алматыдағы полкте болып, ұландықтардың жауынгерлік даярлығына жоғары баға берді. 1997 жылы 11 шілдеде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бөлімге Ту тапсырды.

Қос бөлімде де әскери қызметшілерді тәрбиелеуде жастардың бастамашыл орталығы, сержанттар кеңесі, ақпараттық-тәрбие жұмыстары бөлмесінің кеңесі сияқты қоғамдық ұйымдар аянбай тер төгіп келеді.

Бүгінде Республикалық ұланда үстінен қылмыстық іс қозғалған бірде-бір әскери қызметші жоқ. Осыған қарап-ақ мерзімді қызметі мәреге жеткен әрбір сарбаз белгілі бір  ілім қорын жинақтап, есейіп азаматтық өмірге еркін араласады деуге негіз бар.

Республикалық ұлан жанынан құрылған Президент оркестрі осы күні тек ұланның ғана емес, бүкіл республикамыздың мақтанышына айналды десек, асыра айтқанымыз емес. Бұл оркестр дүниежүзінің барлық мемлекеттерінің  әнұранын орындай алады. 1996 жылы олар АҚШ-та болып қайтты. Вашингтондағы атақты Линкольн театрына жиналған жұрт Айман Мұсақожаева, Айгүл Қосанова, Алексей Ефременко, Раушан Мұсақожаеваның өнерін сүйсіне тамашалады. Өткен жылы Қазақстанда ресми сапармен болған Малайзияның Премер-министрі құрметті қарауыл мен оркестрді көріп, “Біз де дәл осындай оркестр мен қарауыл жасақтағымыз келеді, бізге нұсқаушылар жіберіңіз” деп тілек білдірген. Енді дипломатиялық келісім бойынша 150 адамнан құралған оркестрді Малайзияға аттандыратын болдық. Барлық шығынды Малайзия өкіметі көтереді. Міне осының өзі зор табыс емес пе,- дейді Сәт Бесімбайұлы.

 

Республикалық ұланның емдеу-алдын алу мекемесі әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелеріне білікті медициналық көмек көрсетуге арналған. Бүгінгі күні госпитальда  1 профессор, 1 доцент, 1 медицина ғылымдарының докторы мен 3 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Енді аз сөз ұлан әскерлерінің әлеуметтік тұрмыстық жағдайы жайында. Әрине оларды басқа құрылымдармен салыстыруға болмайды. Өзгешелік бар. Жауынгерлердің жұмсалған күш қуат шығынын толықтыру үшін, ұландықтар барынша нәрлі және қуатты тағамдармен тамақтанады. Иә, Республикалық ұлан бүгіндері еліміздің әскерлері арасындағы ең үздік құрамалардың бірі десек қателеспеспіз. Республикалық ұланның жанынан құрылған “Көкжал” атты арнайы мақсаттағы айрықша топ өзінің құрамы жағынан қамтамасыз етілуі мен қаруландыру жағынан еліміздегі теңдессіз топ болып есептеледі.

 

Тұңғыш қазақ генералы

 

Ғұбайдолла Жәңгіров Ресейдегі алғашқы әскери телеграф байланысын жолға қойған, Ресей империясы қарулы күштері байланыс әскерлерінің тұңғыш басшысы болған, қазақтан шыққан алғашқы генерал еді.

 Әсіресе, орыс-түрік соғысы кезінде оның әскери дарыны айрықша көзге түсті. Орыс-түрік соғысы  әскери байланыс жүйесінің арнаулы бір түрі ретінде жасақталып, шұғыл дамуына да көп септігін тигізді. Әскердің бұл түрі ұлан ғайыр соғыс сахнасындағы бүкіл іс қимылды басқарып отыруды жетілдіре түсуге тіпті, жеңіске жетуге айтарлықтай үлес қосты.

Оның үстіне жас қазақ генералы бірнеше шетел тілін білетін, әдебиет, тарих, жағрафия, математика, заң, дипломатика, экономика, және өзге де ілімдерге жүйрік болатын. Ғұбайдолла Жәңгіровтың арқасында , байланыстың жауынгерлік тәжірибесі молығып, бұл сала дербес бір әскери құрылымға айналды. 1877-1878 жылдардағы орыс-түрік соғысында ерекше көзге түскен әскер басыларға “Ерлігі үшін” деген жазуы бар алтын қарулар сыйға тартылды. Солардың бірі – қазақтың тұңғыш генералы Ғұбайдолла Жәңгіров еді.

 Ғұбайдолла Жәңгіров сонау ХVІІ ғасырдың ортасында әйел патша Елизавета Петровна Санкт-Петербургте негізін қалаған Паж корпусын тәмамдаған болатын. Бұл негізінен гвардиядағы “әскер қатарында қызмет ететін текті әулеттер мен қызметшілер отбасынан шыққан жастарды” даярлауға арналған жоғарғы әскери оқу орны. Бұл корпусқа Ресейдегі ең ақсүйек дворяндар мен император әулетінің 10-15 жас аралығындағы ер балаларды оқытып, жылына барлығы 50 шәкірт қабылданатын. Оқуға талапкердің денсаулығы мұқият тексеріліп, сырт келбетіне де айрықша көңіл бөлінді. Оған имиген еңкіш, секпілбет, аяғы қисық адамдар  алынбайтын. Үрдіс бойынша, астанада өткізілетін шерулердің  қай қайсысында солар бастап ашып беретін.  Денесіне құйып қойғандай әдемі киімді, сымбатты да сұңғақ бойлы бұл жігіттер, тіпті ең бай гвардиялық жастардан да өзгеше көз тартарлықтай ерекшеленіп тұратын. Ғұбайдолла Жәңгіров Паж корпусынан 1-ші санатты сардар болып шығып, әскери өмірін атты әскердегі корнеттік қызметтен бастады. Бірте-бірте казактар полкының гвардиясында, 1867 жылдан бастап Орынбор генерал губернаторы жанындағы арнаулы тапсырмалар қызметкері болды. Ғұбайдолла Жәңгіров 1868 жылы поковник, Ұлы мәртебелі Император қауымының флигель-адьютанты атағын алды. Ал, бұл қауымға тек патша сарайы мен қала сыртындағы қызмет үйлеріндегі, жалпы  императордың бас ғимаратындағы кезекші сардар міндетін  атқарушы алғыр да адал, әрі батыл, императордың жеке басына ұнаған жандар ғана кіре алатын.

Міне өзінің батылдығы әрі әскери білімділігімен қатар, сымға тартқандай келбетті тұлғасымен ақсүйектер арасында және армияда үлкен беделге ие болған, қазақтың тұңғыш генералы Ғұбайдолла Жәңгіров осындай жан еді.

 

 

 

 

 Қосымша №1

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасының

Қарулы Күштерін құру туралы

 

 

 

 

“Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын басшылыққа алып, қорғаныс саласында біртұтас мемлекеттік мақсатты жүзеге асыру қажеттігіне сүйеніп, Қарулы Күштер мен шекара әскерлері жайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы – Мемлекеттер басшылары кеңесінің келісімінде қуатталған дербес Қарулы Күштер құруға деген заңды құқықтың негізінде және достастықтың басқа мемлекеттерінің дербес Қарулы Күштерін жасақтағанын еске алып қаулы етемін:

 

1.         Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылсын. Достастықтың Біріккен қарулы күштерінің Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан әскери бірлестіктері, құрамалары, бөлімдері, мекемелері, ұйымдары, полигондары, арсеналдары, сақтау базалары, қоймалары, жылжитын және жылжымайтын әскери мүлкі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Біріккен қарулы күштері туралы келісімнің шарттары сақтала отырып, Қазақстан Республикасының юрисдикциясына берілсін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрамына енгізілсін.

 

2.         Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан қолында ядролық қаруы бар барлық әскери құрамдар оларды толық жойғанға дейінгі кезеңде Достастыққа қатысушы мемлекеттердің арасында бұрын қабылданған келісімдерге сәйкес стратегиялық күштерді басқарудың қазіргі қолданылып отырған жүйесін сақтасын.

3.         Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басшылықты қажетті заң актілері қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы жүзеге асырады, ал тікелей басқару Қазақстан Республикасының қорғаныс министріне жүктеледі.

4.         Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 3 ай мерзімде Достастықтың біріккен қарулы күштерінің Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан әскери бірлестіктерін, құрамаларын, бөлімдерін, мекемелері мен ұйымдарын қабылдап алуды жүзеге асырсын,

12345След.
скачать работу

Қазақстан Қарулы Күштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ