Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Қарулы Күштері

әскерлерді тікелей басқару жүйесі жасалуын қамтамасыз етсін, Біріккен қарулы күштер Бас қолбасшысымен бірлескен іс-қимылды ұйымдастырсын және олардың жауынгерлік әзірлігін сақтау жөнінде шаралар қолдансын.

 Біріккен қарулы күштер Бас қолбасшысына тікелей бағыныштыларын қоса әскери бірлестіктердің, құрамалардың, бөлімдердің, мекемелердің, ұйымдардың, полигондардың, арсеналдардың, сақтау базалары мен қоймаларының командованиеге үкіметтің келісімінсіз оларды бір жерден екінші жерге көшіруге, сондай-ақ әскери техниканы, қару-жарақты және материалдық-техникалық мүлікті Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасып әкетуге тыйым салынсын.

5.         Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан әскерлерді қаржыландыру, азық-түлікпен, материалдық-техникалық және медициналық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешетін болсын.

6.         Әскерлердің тұрмысы мен қызметін және олардың жауынгерлік әзірлігін сақтауды реттейтін қазіргі қолданылып жүрген құқықтық нормалардың, нұсқаулар мен ережелердің күші Қазақстан Республикасының тиісті актілері қабылданғанға дейінгі кезеңде сақталатын болсын.

7.         Осы Жарлық оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.

Алматы қаласы, 1992 жылғы мамырдың 8-і.

 

 

 

      

 

 

Қосымша №2

 

Қазақстан Республикасының заңы

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы

(үзінділер)

Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерін, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттерін реттейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

            1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

            Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1)         ұрысқа әзірлік – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың белгіленген мерзімдерде өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығының дәрежесін айқындайтын жағдай;

2)         ұрыс қимылдары - әскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің тиісті әскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі ұйымдасқан іс-қимылдары;

3)         жауынгерлік міндет – ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген  мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;

4)         Қарулы Күштердің түрі – мемлекеттің белгілі бір салада(құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;

5)         соғыс қимылдары – агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрін қолданатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені;

6)         соғыс басталған сәттен бастап, соғыс қимылдарын тоқтату туралы жарияланғанға дейінгі, бірақ олардың нақты тоқтатылуынан бұрынғы кезең;

7)         әскери мүлік – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, оқ-дәрі, арнайы құралдар мен басқа да мүлік;

8)         соғыс қаупі – саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігі көзделетін тұрақсыздық факторы;

9)         мемлекеттің әскери ұйымы – негізгі қызметі Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге тікелей бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жиынтығы;

10)       соғыс қатері – туындаған қарама-қайшылықтарды әскери күш қолдану әдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған соғыс жанжалына(соғысқа) ұрындыруға деген нақты қалыптасқан ниет;

11)       әскери техника – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жарақтандырылатын қарулар, ұрыс машиналары, аспаптар мен басқа да техникалық құралдар;

12)       әскери бөлім – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын мемлекеттік мекеме;

13)       қару-жарақ - әр түрлі қару, оқ-дәрі түрлерінің кешені, бұларды қолдануды қамтамасыз ететін олардың тасығыштары мен құралдары;

14)       Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі – Қарулы Күштер) – қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құрған және ұстайтын мемлекеттің әскери ұйымының негізі;

15)       Жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) – Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;

16)       азаматтық персонал – Қарулы Күштерде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

17)       басқа да әскерлер мен әскери құралымдар – ұлттық қауіпсіздік органдары, Республикалық ұлан, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері мен әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлімдері, әскери прокуратура органдары;

18)       материалдық запастар – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын әскери мүліктің белгілі бір саны;

19)       пайдаланылмайтын әскери мүлік – қаруландырудан алынған, тікелей мақсатына орай пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімі өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлік;

20)       жабдықтау нормалары – бейбіт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлімшелерге, әскери бөлімдерге (мекемелерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;

21)       қорғаныс – Қазақстан Республикасының  әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;

22)       қорғаныс объектілері – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;

23)       аумақты жедел жабдықтау – қорғаныс мақсатындағы міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен және энергиямен жабдықтауды даярлауға және ұдайы әзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;

24)       әскери басқару органдары - әскери басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті органдары;

25)       әскерлер түрі - өзіне ғана тән негізгі қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсілдері бар Қарулы Күштердің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;

26)       арнаулы әскерлер – Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін (инженерлік, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерді орындау үшін құрылған әскери бөлімдер мен бөлімшелер;

27)       арнаулы құрылымдар – жұмылдыру жарияланған кезде темір жолдар мен автомобиль жолдарын, теңіз және өзен порттарын, әуежайларды, аэродромдарды,  байланыс желілерін, газ және мұнай құбырларын, энергиямен және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау үшін өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көлік және байланыстың кідіріссіз жұмысын ұйымдастыру үшін және медициналық көмек көрсету үшін құрылатын құралымдар;

28)       соғыс кезі – мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары іс жүзінде басталған) кезден ол аяқталғанға (іс

12345След.
скачать работу

Қазақстан Қарулы Күштері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ