Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан құрамындағы кезеңде Қарақалпақ Автономиялық облысының қалыптасу тарихы

. Асылбековтердің талап етуі бойынша біршама жағдай жасалып, кейінгі жылдары олардың көпшілігі сонда түпкілікті тұрақтап қалды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі уақыттың ішінде жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатының бір озық тармағы шетелдерде тағдыры түзілген қазақтарды тарихи Отанына қайтару және мүмкіндігінше оларға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталып отыр. Алдыңғы тарауларда сараланған Қарақалпақиядағы қазақ жұрты тағдырының тарихи кезеңдерде қалыптасуының айқын беттері бүгінгі уақытта да ізін қалдырған жаңа кезеңнің сындарлы сәттеріне де арқау болып қалыптасты. Социализм жүйесіндегі уақыт өлшемі өзбектік басқарудағы қарақалпақтар үшін дамудың озық бедерін жасап бере алмады. Сондықтан да зерттеу жұмысын жүргізу барысында автономиялық республика тұрғындары арасында жасалған сұрақ-жауап сараптамасы көрсеткендей, олардың бүгінгі уақыттағы да арман мүддесі қайтадан Қазақстан қарамағында түзу екендігіне көз жеткізілді. Құрылымы Автономиялық республика болып қалыптасқан Қарақалпақия кеңестік кезеңдерде барлық кеңестік жүйе елдеріне тән тұрпатта өз дамуын саралағанымен, аумақтың қазіргі дамуына кедергі келтірер мәселелердің негізі сол уақыттардан қалған мұра еді. Әсіресе, Автономияның Арал теңізіне қатысты экологиялық зардапты тағдыры тудырған мәселелер, оның геосаяси потенциалының шектеулігі, халық санының аздығы және өзге де қордаланған әлеуметтік-экономикалық жәйттері оның қазіргі заман ағымы сұранысын өтей алмай отырған қоғамдық тұрпатын сипаттайды. Тұрғындарының негізгі дені аумақтағы жұмыс көзінің тапшылығынан қазіргі уақытта елдің тыс аймақтарына, әсіресе Қазақстанға маусымдық жалдамалы жұмыстарға әртүрлі жолмен табыс табу үшін ағылып келіп жатқаны бүгінгі өмірдің тыныс-тіршілік тұрпатынан көрініс алып отыр. Бүгінгі қазақ елі еріктілігінің таңы атқан тұстағы жетістіктің бірі Қарақалпақстаннан қазақ бауырлардың елге, ата жұртқа оралуы. Өзге жерден тірліктің түзуін аңсап келген олар, игілікті істің кез-келгеніне бейім. Осы ниетті сабақтастыруда қарақалпақтардың Қазақстандағы салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра отырып, тегі бір жұртпен ел қатарлы тұрмыс түзейтіндігіне уақыт төрешілігін де тарих тезіне салуға болады.
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысында сараланған құжаттар мен еңбектерге сүйенетін ғылыми нәтижелер жүйеленді.
ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қарақалпақтардың саяси-әлеуметтік жағдайы мен тарихына қатысты шынайы мәліметтердің ақпараттық мазмұнындағы деректік базаларды алдын-ала анықтап, зерттеп, зерделеу, оның жаңа ғылыми бағыт-бағдарын жасауды қажет етті. Бұл мақсатта бірқатар міндеттермен байланыстырылған зерттеу нысанасы, өзінің сипаттылығымен Отандық тарихта тұңғыш рет ғылыми айналымға енген тақырып ретіндегі ұстанымдарын толық орындап шықты.
Қарақалпақ жеріндегі 1920-30-шы жылдардағы ерекшеліктер, Кеңес дәуіріндегі тарихи жағдайлардың көптеген аспектілерін жан-жақты ойластыру үдерісінің қызу жүріп жатқан тұстарын жария ету тарих ғылымын дамытудағы озық тәсілдерге негізделді.
Тақырыптың ұстанымы Отандық тарихнамадағы кемшін тұстарды толықтыру және толыққанды дерек көздерін жүйелендірумен, тақырып аумағындағы мәселелерді қамтитын зерттеулерді жинақтаумен анықталды. Осыдан келіп, диссертация жұмысының негізгі мәселесі Кеңестер съезі, БК(б)П Облыстық Комитеті конференциясы материалдарының шешімін талқылап ұсыну, сондай-ақ ҚАО-ның басылым беттерінде жарияла болған тарихына қатысты мақалаларды жинақтаудың маңыздылығы артты. Құрылымы бойынша олар өзіндік жан-жақты ақпараттарды қорытындылайды. Қазақстан құрамында болған Қарақалпақстан тарихының көптеген тарихи мәселелерін жарыққа шығарған, ұлттық мемлекеттік қалыптасу кезеңіндегі маңызды жағдайлар қатарындағы келеңсіздіктері және себептерінің объективті дәрежесін кеңінен ашуға зерттеушілер жұмысының ғылыми қорытындылары да толықтай мүмкіндік берді. Зерттеу мәселесінің тарихи негізін қазақ-қарақалпақ байланысының өткен ғасырлардағы тарихы беттерімен сабақтастыра зерделеу арқылы ұлттық-межелеу шаралары барысында қабылданған Автономиялық облысты Қазақ АКСР-і аумағында құрудың саяси-әлеуметтік сұранысын жасау мүмкіндігі қолға алынды. Ұлттық-межелеу шараларының барысында қарақалпақтарды тұтас әкімшілік бөлікке біріктіруде шекара дауы мәселелерінің болғандығы, оның мысалы өзбектермен арада туған даулы Шурахан уезіне қатысты тұстары мен оның реттелуінің саяси жақтары ашылды. Автономиялық облыстың ұлттық негіздегі мүдделерін қуаттай аумақтық саясат жүргізуді жергілікті халық мүддесінде жүзеге асыруды көздеген Алаш зиялыларының бүгінге дейін өзекті болып отырған көзқарастары тақырып мәселесін ашуда озық қырынан қаралды. Жалпы қазақ-қарақалпақ байланысының тарихи негізінен бастау алатын Қарақалпақ Автономиялық облысының кеңестік билік тұсындағы Қазақ АКСР-і құрамында құрылуының қалыптасу тарихын зерттеп, зерделеу уақыт ғылымы сұранысындағы барлық тарихи ұстанымдарда бағамдалды.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. -Алматы: Атамұра, 2005. -48 б.
2 Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры /Құрастырған Б. Серікбайұлы Қошым-Ноғай. -Алматы: Жалын, 1992. -184 б.
3 Шалекенов У.Х. Казахи низовьев Амударьи: (К истории взаимоотношений народов Каракалпакии в ХVІІІ-ХХ вв.). -Ташкент: Фан, 1966. -336 с.
4 Авезов Қ. Варламов П. Каракалпакия к 10-летию Казахстана. -Алма-Ата, 1930. -64 с.
5 Камалов С.К., Уббиниязов Ж.У., Кощанов А. Из истории взаимоотношении каракалпаков с другими народами Средней Азии и Казахстан в XVІІ -нач. XX вв. -Ташкент: Фан, 1988. -106 с.
6 Досумов Я.М. Очерки истории Каракалпакской АССР 1917-1927 гг. -Ташкент, 1960. -315 с.
7 Қосымбетов И. Қарақалпақстан Совет интеллигенциясы тарийхынан (1924-1937). -Нөкис: Каракалпакгиз, 1970. -178 б.
8 Қозыбаев М.Қ., Алдажұманов Қ.С., Әбілғожин Ж.Б. Қазақстандағы күштеп коллективтендіру: қорлық пен зорлық. -Алматы, 1992. -36 б.
9 Қойгелдиев М. Қ. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. -Алматы: Қазақ университеті, 1997. -53 б.
10 Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? -Алматы: Ана тілі, 1993. -208 б.
11 Ауанасова А.М. Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти ХХ века. -Алматы: Қазақ университеті, 2001. -262 с.
12 Хасанаева Л.М. Ақпан революциясы және ұлттық автономия мәселесі //Қазақ тарихы. -1999. -№6. -38-42-бб.
13 Байниязов К. Аллаяр Досназаров. -Нөкис: Каракалпакстан, 1991. -103 б.
14 Жолдасов А.А. Демографические последствия коллективизации в Каракалпакии //Вестник Каракалпакского филиала Академии Наук Узбекской ССР. -1991. -№3. -С. 84-89.
15 Нуржанов С.У. Новые документы периода становления каракал-пакской государственности //Вестник ККО АН РУ. -1995. -№3. -С. 68-72.
16 Қарақалпақ Республикасының Жоғарғы Кеңес мұрағаты. 1-қ., 1-т., 22-іс. -1-2-пп.
17 Қарақалпақ Автономиялық Республикасының Мемлекеттік мұрағаты. 13-қ., 2-т., 41-іс. -1-4-пп.
18 Қазақстан Республикасы Президенттік мұрағаты. 139-қ., 1-т., 818-іс. -71-73, 156-159-пп.
19 Қазақстан Республикасы Президенттік мұрағаты. 141-қ., 1-т., 348-іс. -1-4, 47, 67-пп.
20 Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты. 350-қ., 1-т., 98-іс. -27-35-пп.


ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША
ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР

1 Қазақстан құрамындағы Қарақалпақ Автономиялық облысы (1924-1930) //Қазақ тарихы. -2000. -№5. -59-65-бб.
2 Қазақ босқындарының қарақалпақ жеріндегі тарихи тағдыры /Қазақстан тарихының мәселелері. Жас ғалымдардың зерттеулері. -Алматы: ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. -2000. -26-34-бб.
3 Қазақ АКСР-і және Қарақалпақ Автономиялық облысының құрылуы /Қазақстан тарихының мәселелері. Жас ғалымдардың зерттеулері. -Алматы: ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. -2000. -34-38-бб.
4 Қазақстан құрамындағы Қарақалпақ Автономиялық облысының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы (1925-1930 жж.) /Қазақстан және Еуразия континентінің елдері (тарихы және даму перспективасы): халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. -Алматы. -2002. -105-112-бб.
5 Тақтакөпір көтерілісі тарихының деректік негізі /Еуразия тарихы: бастауы, жалғастылығы және келешегі. Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. -Алматы. -2003. -336-342-бб.
6 Қарақалпақ жеріндегі Тақтакөпір бас көтеруінің тарихи айғақтары //ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. -2004. -№2 (33). -69-73-бб.
7 Қазақ-қарақалпақ тарихи-мәдени байланысының өзара ықпалдастығы. /Бекмаханов тағылымы – халықаралық ғылыми конференция материалдары -Алматы. -2004. -127-130-бб.
8 Қазақстандағы қарақалпақ этникалық топ өкілдерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты кейбір мәселелер /Национальные традиции здорового образа жизни: сборник материалов республиканского круглого стола -Алматы. -2004. -129-134-бб.
9 Қарақалпақстандық қазақтардың тарихи отанға оралуының қазіргі кезеңдегі кейбір мәселелері //ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. -2006. -№4 (43). -85-88-бб.


РЕЗЮМЕ
на автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 – Отечественная история (История Республики Казахстан)

БАЙНАЗАРОВ ЖАРБОЛ АМАНЖОЛОВИЧ

История становления Каракалпакской Автономной области в составе Казахской АССР (1924-1930 гг.)

Диссертация посвящена истории создания и становления Каракалпакской Автономной области, находившейся в составе Казахской АССР в 1924-1930 гг.
Тема данного исследования в казахстанской историографии практически не изучена, что определяет актуальность и новизну рассматриваемой проблемы в плане взаимоотношений двух братских народов.
Пред.678
скачать работу

Қазақстан құрамындағы кезеңде Қарақалпақ Автономиялық облысының қалыптасу тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ