Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан құрамындағы кезеңде Қарақалпақ Автономиялық облысының қалыптасу тарихы

ыпшақ енеді [17, 34-п.]. Межелену талассыз өткен жоқ. Бұл талас өзбектердің Қарақалпақия тұрғындарының негізгі бөлігін өзбектер құрайтын Шурахан уезін өздеріне қосуға байланысты туындаған еді. Алайда, жаңадан құрылған Орта Азиядағы Республикалар арасында талас тудырған Шурахан уезі КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1925 жылғы 5 қыркүйегіндегі шешімімен Қарақалпақ Автономиялық облысына тіркеледі. «Шурахан уезі мәселесі» Автономияны құрушы өкілдерге мүдделі тапсырма ретінде шешілді. [6, 253-б.].
1925 жылдың 12-19 ақпанында Төрткүлде Автономиялық облыс дехкандары, батрактары мен қызыл әскер депутаттары Кеңестерінің І Құрылтай съезі өтеді. Қарақалпақ Автономиялық облысының Қазақ АКСР-і құрамына ерікті түрде қосылғанын заңды түрде ресімдеген съезд «Қарақалпақ Автономиялық облысының құрылғаны жөніндегі Декларацияны» жариялайды [6, 253-б.]. 1925 жылы Қарақалпақ Автономиялық облысының тұрғындар саны 298 мың адамды құрайды, олардың 128 мыңы сол жағалаулық бөлікте, ал 170 мыңы оң жағалаулық бөлікте тұрады [14, 84-89-бб.].
1925 жылы 15-19 сәуірдегі Қызылорда қаласында өткен Кеңестердің V Бүкілқазақ съезі Қарақалпақ Автономиялық облысын Қазақ АКСР-і құрамына енгізу туралы толық шешім қабылдайды. Сөйтіп, қарақалпақ халқының тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі тұтас аумаққа негізделген ұлттық мемлекеттілік құрылым жасалынады. ҚАО-ның жер көлемі 180 мың шаршы шақырым болды. 1926 жылғы санақ бойынша облыс тұрғындарын 38,1% қарақалпақтар, 28,5% қазақтар, 27,6% өзбектер, 3,2% түркімендер, 2,7% өзге ұлттар құрайды [6, 253-254-бб.].
Осылайша, 1924-1925 жылдары Кеңес үкіметі іске асырған аумақтық әкімшілік жіктелуден соң Ресей империясы құрамындағы бұрынғы Түркістанның орынына құрамында Қарақалпақстан Автономиясы бар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан аталатын бес республиканың өмірге келуінен соң, олар бұрынғы «Түркістан» атымен емес, «Орта Азия және Қазақстан» республикалары атанып, Кеңес Одағының құрамдас бөлігін құрды. Халқының құрамы жағынан әуелде Орта Азиялық республикалардың бірде-біреуі өзін таза «ұлттық республика» деп атай алмады. Олардың бәрі өзбек, тәжік және қарақалпақ халықтарының кеңестік ұлт мемлекеттілігінің құрылуы үшін жағдайлар әзірлеген өтпелі түрдегі республикалар болды.
Қазан төңкерісінен кейін соң осы өңірде іске асырыла бастаған негізгі шараларының бірі – жер-су реформасы. Қазақстанның оңтүстік аймақтары қатарында Қарақалпақ Автономиялық облысы өзінің климаттық жағдайына қарай – мақта шаруашылығына бейім өлке болып есептеледі. Автономиялық облыстың саяси-экономикалық жағдайына қатысты мәселелер оның ұлттық межелеуден кейінгі тағдырын реттеуге арналған Өлкелік Комитет шешімдерімен арнаулы комиссияның жұмыстарына арқауланғаны, оның тіпті жергілікті кадр саясатын шешуге орайластырған қарарлармен қатарлана қаралуы да кеңестендіру шарттарын түгендеп жатты.
«Автономиялық облыс ұжымдастыру жылдарында» атты жұмыстың екінші тарауында аумақтағы ұжымдастыру шараларының саяси науқаншылығы және жүргізілу үрдістері, кеңестік ұжымдастыруға қарсы наразылық Тақтакөпір бас көтеруінің сипаты, Қарақалпақ Автономиялық облысындағы босқын қазақтар мәселесінің туындауы және Қарақалпақстандағы қазақтардың тарихи тағдырына қатысты кейбір мәселелері баяндалады.
Ұжымдастыру және отырықшыландыру деген желеумен кеңестік империяның қол астына кірген одақтас республикалардағы ұлттардың дәстүрлі шаруашылығын күйрету, езуші таптар мен буржуазиялық ұлтшылдармен күрес науқаны арқылы халықтың, тәуелсіздіктен үміт еткен халықтардың рухын сындыру, сөйтіп жұрттың жартысына жуығын қолдан жасаған аштық арқылы қырып, біразын босқынға айналдырып, атамекенінде тірі қалған бөлігінің ішкі сенімі мен жігерін құм етіп оның орынына тобырлық психология орнықтыру жүзеге асты.
Ф. Голощекиннің «кіші қазаны» тұсында «кеңестендірілмеген» аумақтарға жатқызылған қарақалпақ өлкесі ұжымдастыру көрсеткішінің «ақтаңдағына» айналады. Бай-ишандар меншігінде болып келген шаруа иеліктерін кеңестендіру ісі, партия қызметкерлеріне үлкен қарама-қайшылықтар алып келгені белгілі. Автономиялық облыста «социалистік салт-сананы» сіңіру ісін бақылау үшін Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекин бірнеше рет тексеру жұмыстарын тікелей өзі бастап барады.
БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің 1927 жылғы 22 қыркүйегіндегі бюро отырысының №87 хаттамасымен Қарақалпақ обкомының басшысы болып жауапты қызмет атқару үшін П.И. Варламовты жіберу жөнінде қаулы қабылданады.
Мақта шаруашылығы көрсеткіштері, бұрынғы бай меншігі – жер дауы, оларды тәркілеу, жергілікті жерді кеңестендіру жұмыстарын «Қосшы» ұйымы арқылы ұйымдастыру жекелей қарастырылады. Партия кеңес мекемелерін «жат элементтерден тазарту», бұрынғы байлардың жерлерін тәркілеу арқылы оларға кейінірек ілгерлі шаруашылықтарды қоныстандыру жұмыстары жүргізіледі. 1927 жылдан бастап 1932 жылға дейін жүзеге асқан облыстағы басқару аппараттарын «тазарту», 1927/28 және 1929/32 жылдарға шақталған екі кезеңде орындалады. Алғашқы кезеңде бір ғана «Қосшы» одағының өзінен 1000 адам, партиядан 200-ге жуық, кеңестік және шаруашылық органдардан 100-ге жуық адам шығарылады. Екінші кезеңде партиядан 300-ге жуық адам «тазартылады». Олардың ішінде қарақалпақ ұлттық кеңестік интелегенция өкілдері Ө. Бекімбетов, А. Адакаев, Ф. Маткаримов, С. Ельтезеров, Дж. Мирманов және т.б. болды. Б. Тоқмамбетовтың, Д. Құрбанаевтың, Е. Ешімбетовтың алғашқы «істері» пайда болады. «Нан тапшылығы» Автономиялық облысты да жанайды. Бидай дақылдарын егуді қысқарту есебінен мақта егістігін ұлғайту дағдарыстың облыстағы спецификасын сипаттады.
Қазақ Өлкелік Комитетінің отырысындағы өте құпия мәселе ретінде қарастырылған кезекті қарар, 1930 жылдың 19 наурызындағы мәжіліске арқау болған Қарақалпақ Автономиялық облысының оның құрамынан бөлінуі болатын.
Бұл мәселе Тақтакөпірдегі бас көтеру дүрбелеңінен кейінгі бірқатар шешімдер мен Хиуа оазисіндегі Кеңес үкіметіне қарсы басмашылар қозғалысының етек алуынан біршама алшақ болуы, сондай-ақ, қазақ жеріндегі Голощекиннің «кіші қазанының» жүзеге асырылуы қарышты қадамының қарқынына Қарақалпақияның жағрапиялық шалғай болуының «себептері кедергі келтіргені» секілді талаптардан туындайды.
БК(б)П Орталық Комитеті Орта Азия Бюросының 1930 жылғы 3 сәуірдегі №46 хаттамасының «өте құпия» деген белгімен берілген көшірмесінде БК(б)П Орталық Комитеті Орта Азия Бюросы Атқару Комиссиясының отырысы өтіп, онда БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің 1930 жылғы 19 наурызындағы «Қарақалпақ Автономиялық облысын Ресей Федеративтік Автономиялық Республикасына беру туралы» БК(б)П Орталық Комитетіне берген «өте құпия» №99 хаттамасымен бекітілген мәлімдеме жазбасы талқыланып, нәтижесінде БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің 1930 жылғы 19 наурызындағы шешімімен келісіледі. Кеңестік тарихнамада ұжымдастыру жылдарының «кінәрәті» саналаған «шаруаларды кооперациялаудың лениндік принципінің» жергілікті аудандардағы партиялық ұйымдар тарапынан бұзылуы туралы БК(б)П ОК «колхоздастыру қозғалысының партиялық бағытындағы түзетулер жөніндегі» 1930 жылдың 14 наурызындағы жарлығын орындаудың да Қазақ Өлкелік Комитеті тарапынан жоспарланған шарасы Автономиялық облыстан «құтылу» амалдары болатын.
1930 жылдың сәуір айында болған Қазақ Өлкелік Комитеті бюросының отырысында облыстағы шаруашылықты ұжымдастыру жөніндегі шаралар есебін тыңдаған Ф. Голощекин мұнда бірқатар «өрескел қателіктерге» жол берілген деген айып тағады. «Өрескел қателік» төменгі партия ұйымдары тарапынан етек алып отырған уақытта және ұжымдастыру шараларының 25 пайыздық ғана мүмкіндігінің болуы оны жөндеуге қиыншылық тудырады деп бағалайды.
ҚАО-ның Қазақ АКСР-інен шығу мәселесі 1930 жылғы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Төралқасының 1930 жылғы 20 шілдесінде «Қарақалпақ Автономиялық облысының бұрынғы аумағын сақтай отырып, Қазақ АКСР-і құрамынан шығару және оны РСФСР Орталық органының тікелей қарамағына беру жөнінде» қаулысымен орындалады.
Жергілікті ұжымдастыру науқанының солақай саясатына наразылықпен ұштасқан Тақтакөпір бас көтеруі, мәселенің мазмұнын тереңдете түсіп, облыс тағдырын Одақтық дәрежеде шешуді қажет етті. Шаруалар көтерілісінің әлеуметтік ауқымының кең болуына, оған өкімет өзі қолдап – қолпаштап отырған кедейлер мен жалшылардың қатысуына үлкен себеп болған нәрсенің бірі Кеңес мемлекеті мен БК(б)П-ның атеистік саясаты еді. 1929 жылдың 2 қаңтарынан 1930 жылдың 7 қаңтарына дейінгі аралықтағы жүргізілген ОГПУ-дің революцияға қарсы бас көтерулер жөніндегі мәліметінде Тақтакөпірдегі бас көтеру жөнінде жалпы деректер беріледі [19, 1-2-пп.].
1929 жылдың қыркүйек айында олардың тарапынан ауылдың бірқатар адамдары мен біршама беделді байларды және ишандарды біріктіретін дүрбелең қалыптасады. Тақтакөпір бас көтеруіне шамамен 250-300 адам қатысады, олардың әлеуметтік құрамы белгісіз. Көзбен көргендердің айтуынша, Тақтакөпір мынадай жағдайда алынады: 1929 жылдың 27 қыркүйегінде мөлшермен күндізгі сағат бірлер шамасында аудандық қала Тақтакөпірдің оң жағынан «Алла» деп айқайлай енген 30 адам басмашының мылтықпен қаруланған тобы анталай енеді. Бұл күн базар күні, яғни жексенбі күн болатын. Базарға халықта көп жиналады. «Аллалап» ентелегендер халықтың өздеріне қосылуына, қаланы талқандап, орыстарды қууға шақырады. Көпшіліктің ішінен кейбіреулер шоқпарлармен қаруланып басмашыларға қосылады, ал көпшілік халық әр жаққа шашырап қаша бастайды, атты басмашылар олардан да, топ құрап тірідей баррикада ұйымдастырып, аудан орталығында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қарай бет түзейді. Ондағы қызметкерлер жан-жаққа үдере қашады. Ереуілшілер БК(б)П аудандық ком
12345След.
скачать работу

Қазақстан құрамындағы кезеңде Қарақалпақ Автономиялық облысының қалыптасу тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ