Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қатынастар



 Другие рефераты
Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы қатынастар Қазақстан облыстары жайлы мәлімет

Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 6 наурызда орнатылды.

Қазақстанның Египеттегі Елшілігі 1993 жылғы сәуір айында ашылды. 2008 жылғы маусымда Қазақстанның Египеттегі Елшісі болып Б.Тасымов тағайындалды.

Египеттің Қазақстандағы Елшілігі 1992 жылғы тамыз айынан бастап қызмет атқарады. 2008 жылғы қазаннан Египеттің Қазақстандағы Елшісі Абдалла әл-Арнуси болып табылады.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1993 ж. ақпанында ЕАР-на жасаған бірінші ресми сапары, қазақстан-египет қарым-қатынастарының тарихындағы маңызды оқиға болды. Сапар барысында екі ел арасындағы барлық бағыттардағы өзара ынтымақтастықтың сипаты анықталды.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2007 ж. наурызындағы Египетке жасаған ресми сапары мен 2006 ж. қарашадағы ЕАР-ның Президенті Х.Мубарактың Астанаға бірінші ресми сапары Қазақстан мен Египет арасындағы ынтымақтастықты барлық салаларда әрі қарай дамыту және нығайтуға елеулі серпін берді.

Өткен жылдар ішінде тараптар әртүрлі деңгейлердегі көптеген өзара сапарлармен алмасты. Олардың ішінде ең бастылары ретінде ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі төрағаларының, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министрлерінің, Астана, Алматы қалаларының, Көкшетау мен Жамбыл облыстары әкімдерінің, Жоғарғы сот төрағасының, Бас муфтидің, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының т.б. Египетке сапарларын атап өтуге болады. Қазақстанда сапармен Египеттің Уақуфтар (діни мәселелер бойынша) министрі (үш рет), Жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық министрі, Сыртқы істер министрінің орынбасары және т.б. болды. Екі ел Сыртқы істер министрліктерінің арасында бес рет саяси консультациялар өткізілді.

Египет Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі мен мұсылман және батыс елдерінің сыртқы істер министрлерінің «Ортақ әлем: әралуандық арқылы ілгерілеу» форумы іспетті қазақстандық бастамаларға қолдау көрсетуде.

Египеттің Уақуфтар (діни мәселелер бойынша) министрі Х.Зақзуқ 2008 ж. 17 қазанда Астанада өткен «Ортақ әлем: әралуандық арқылы ілгерілеу» форумына қатысты.

Қазақстан мен Египет арасында бірлескен үкіметаралық комиссияның 4 отырысы өткізілді – (1995 ж. мамырда, 2003 ж. желтоқсанда) Каирде, (2001 ж. маусымда, 2007 ж. ақпанда) Астанада. Комиссияның бесінші отырысын 2009 жылы Каирде өткізу жоспарлануда.

Екі ел арасындағы тауар айналымы 2008 ж. 253,8 млн. АҚШ долл., оның ішінде экспорт – 239,6 млн. АҚШ долл., импорт – 14,1 млн. АҚШ долл. құрады.

2009 ж. қаңтар мен мамыр айлары аралығындағы екіжақты сауда мөлшері 10 млн. 795,2 мың. АҚШ долл. жетті, оның ішінде экспорт – 5 млн. 911,0 мың. АҚШ долл., импорт – 4 млн. 884,2 мың. АҚШ долл. құрады.

Қазақ-египет қарым-қатынастарының шарт-құқықтық базасы 30-дан астам құжаттан тұрады.

скачать работу


 Другие рефераты
ГО Правила поведения и действия населения в очагах поражения
Лермонтов Михаил Юрьевич
Кандидатский минимум по Философии
Младограмматизм


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ