Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

ұмыстарға тең мөлшерде ақы төленбеуі тиіс, сонда жұмысшының өзінің кәсіптік біліктілігін арттыруға қызығушы­лығы арта түседі. Бұл ретте, еңбекке ақы төлеу мөлшерін анықтау еңбекті нормалау негізінде жүзеге асыру ұсынылады.

Ешкім де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруда жынысына, жасына, дене кемістік­теріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеу­меттік және лауазымдық жағдайына, тұра­тын жеріне, дінге қөзқарасына, саяси сеніміне, текке немесе қауымға, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына немесе басқа да мән-жайларға орай қандай да бір артық­шылықтар ала алмайды. Бірақ, кодекске сәйкес еңбектің түріне, не әлеуметтік және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеу­лер кемсітушілік болып табылмайды.

Алғаш рет қызметкерлерді кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар көзделіп отыр. Мұндай шаралар қызметкер үшін белгілі бір “сақтандыру” іспетті, өйткені жұмыс беруші қызметкердің біліктілігін арттыруға неғұрлым көбірек шығындалса, соғұрлым одан айырылғысы келмейді.

Сонымен бірге, айта кету керек, Еңбек кодексінің ережелері, егер заңдарда және Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, мүлік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан аумағында орналасқан ұйымдарға, олардың қызметкерлеріне, жұмыс берушілеріне қолданылады.

Бесіншіден, кодекстің маңызды ерекше­лік­терінің бірі, ол еңбек заңнамасын халық­аралық нормалармен және стандарттармен бір ізге түсіру, еңбек қатынастарын және еңбекпен тікелей байланысты өзге де қатынастарды жетілдіру. Кодификацияланған Заң мынандай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған: қызметкерлер мен жұмыс берушілер мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу жөніндегі тиімді тетіктерді енгізу, жеке және ұжымдық шарттардың маңызын арттыру, адамның еңбек құқықтары мен бостандықтарының ең төменгі кепілдіктерін белгілеу, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, өндірістің тиімділігі мен соған сәйкес адамдардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін қоғамдық қатынастардың осы саласындағы мемлекеттің рөлін өзгерту. Кодексте азаматтық қызметшіге көп көңіл бөлінген, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.

Алтыншыдан, Еңбек кодексінің қабылда­нуына дейін еңбек қатынастары бірнеше заңдармен реттеліп келді. Олар: 1992 жылғы 4 шілдедегі “Ұжымдық шарттар туралы”, 1996 жылғы 8 шілдедегі “Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы”, 1999 жылғы 10 желтоқсандағы “Қазақстан Республика­сындағы еңбек туралы”, 2000 жылғы 18 желтоқсандағы “Қазақстан Республика­сындағы әлеуметтік әріптестік туралы”, 2004 жылғы 28 ақпандағы “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы” Қазақстан Республикасының заңдары. Еңбекке қатысты қоғамдық қатынастарды реттеуде бірнеше заңдардың болуы, қай заңды қалай қол­дануда, олардың арасындағы нормалық қайшылықтарды шешуде қиындықтар туындағаны анық. Кодификацияланған заң қабылдағанда жоғарыда аталған заңдардың күші жойылып, еңбек қатынастары бір ғана Еңбек кодексімен реттелетіндіктен, заң нормаларын орындау, пайдалану және қолдану нақтыланып, жеңілдене түседі. Оған қоса басқа заңдарға қарағанда, кодекстің дәрежесі жоғары тұрады.

Еңбек кодексін Парламентте талқылауда, депутаттар мен қоғам мүшелері тарапынан жоғары қызығушылық пен зор белсенділік байқалды. Олай болуы түсінікті де, өйткені, кодекс қоғамның әрбір мүшесінің мұң-мұқтажын білдіріп, халықтың әлеуметтік жағдайына қатысы бар құқықтық қатынас­тарды реттейді. Еңбек қатынастарының субъектілері Еңбек кодексін “Еңбек конституциясы” деп те атап жүр.

Көрші ТМД мемлекеттері, мәселен, Ресей Еңбек кодексін 2001 жылы, Украина Еңбек туралы заңдар кодексін 1971 жылы, Грузия 2006 жылы, Қырғызстан 2004 жылы қабыл­даған. Осыған орай еңбек қатынастарын кодификацияланған актімен реттеудегі тәжірибені зерделеу мақсатында Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитеті 2006 жылғы 3-7 сәуірде Мәскеуде Ресей Федера­циясы Федералдық жиналысының Федера­ция кеңесінде “Ресей Федерациясының Еңбек кодексін жүзеге асыру тәжірибесі: проблемалары мен перспективалары” тақырыбында көшпелі отырысын өткізді. Осы шара аясында Қазақстан Парламентінің депутаттары қатысуымен Федерация кеңесінің Әлеуметтік саясат жөніндегі комитетінде дөңгелек үстел өткізілді.

Жетіншіден, еңбек қатынастарының шарттық негізде реттелу аясының кеңеюі, республикалық, салалық, өңірлік деңгей­лердегі келісімдер, ұжымдық шарттар жасасу мен оларды орындауды қамтамасыз ететін, тиімді серіктестік институттар құруды талап етеді. Бұл жағдайда кәсіподақтардың рөлі күшейеді. Кәсіподақтар бар ұйымдарда ұжымдық келіссөздерді жүргізуде, ұжымдық шарттарға қол қоюда кәсіподақтарға құқық беру көзделген. Оған қоса, кәсіподақтарға және басқа қоғамдық ұйымдарға қызмет­керлердің құқықтары мен мүдделерін талап ету құқығы берілген.

Кодексте қызметкер мен жұмыс берушіге еңбек шарттарына жаңа еңбек жағдайларын енгізу құқығын беретін нормалар көзделген. Атап айтқанда, азаматтық қызметкерлерді аттестациялау қажеттілігі туралы, сынақ мерзімін анықтау, еңбекті қорғау жағдайлары жөнінде толық және жеткілікті мәліметтер алу, еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмыс берушінің заңсыз әрекеттеріне шағымдану, оқу демалысын беру, біліктілік арттыру, жұмыс беруші қаражатынан қызметкерді жұмысқа орналастыруды көздеп қайта даярлау секілді жағдайлар.

Сегізіншіден, кодексте еңбек шартын жасасқанда кепілдік беру мәселесіне аса мән берілген. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады. Сонымен қатар, жүктілік, үш жасқа дейінгі балалардың болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің бұзылу фактісі белгіленген жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға: кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда тең мүмкіндіктермен қамтама­сыз етуге; кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға және жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға; шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге; жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға; кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беруге; кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағдарлауға; жұмыс күшін мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес өңіраралық қайта бөлуге; еңбек қатынас­тарын анықтау және жария ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға; инвестициялық келісім-шарттарда инвестор­дың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс орында­рын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін белгілеуге; ұйым­дарда кәсіптік даярлықты және біліктілікті дамытуға жағдай жасауға; жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимылына; нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етуге кепілдіктер жасалған.

Тоғызыншыдан, жаңа Еңбек кодексінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жеңілдетілген құқықтық режімді көздейтін нормалар бар. Мұндай институт бұған дейін заңда болмаған. Жеңілдетілген құқықтық режім қызметкерлерінің орташа жылдық саны 25 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері еңбек тәртіптемесінің ережелерін дербес бекітеді.

Оныншыдан, кодексте жыл сайынғы өтелетін еңбек демалысы 24 күнтізбелік күннен кем емес болып бекітілген. Жұмыс ұзақтығы – қалыпты, қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болып бөлінеді. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан артық болмауы тиіс. Осы жағдайда кодекс ерекшелігі еңбек шартымен ұзақтығы қалыпты жұмыстарға төленетін еңбек ақыны сақтай отырып, төмен жұмыс ұзақтығы белгіленуі мүмкін. Ауыр жұмыстағыларға, зиянды және қауіпті жұмыс жағдайындағы жұмысшыларға 40 сағаттың орнына 36 сағаттық жұмыс аптасы белгіленді. Сондай-ақ бұл жұмыстарға кәмелетке толмағандарды жә

Пред.678910
скачать работу

Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ