Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

не әйелдерді тартуға тыйым салынған. Демалыс пен мейрам күндері қызметкердің келісімінсіз жұмысқа тартудың шектелген тізімі заңнамалық тұрғыдан бекітілген. Атап айтқанда, төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік апатты болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін; жазатайым оқиғаларды, мүліктің опат болуын немесе бүлінуін болдырмау үшін; жалпы ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелді болатын шұғыл, бұрын көзделмеген жұмыстарды орындау үшін.

Он біріншіден, ұжымдық келіспеушіліктер институтын заңнамалық реттеуде де өзгерістер бар. Бұрынғы заңнамада еңбек келіспеушіліктерін тек сот арқылы шешу мүмкіндігі көзделген болатын, ал кодексте жаңа жүйе енгізілген – келісім комиссия, еңбек арбитражы немесе сот тәртібімен. Кодекс қазіргі заманда өзекті мәселенің бірі ретінде еңбек заңнамасын сақтауға үш түрлі бақылауды белгілейтін нормалар көзделген: мемлекеттік, ішкі және қоғамдық.

Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау мемлекеттік еңбек инспекторларына жүктелген. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін тұлғалар Қазақстан Республика­сының заңдарына сәйкес жауапты болады. Ал ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі анықталған сәйкессіздік­терді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды. Сондай-ақ, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық бақылау жүзеге асырылады. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор, ал кәсіподақ болмағанда – қызметкерлердің жалпы жина­лысында (конференциясында) сайланады.

Он екіншіден, еңбек заңнамасының негізгі қағидалары ретінде: адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шекте­луіне жол бермеу; еңбек бостандығы; кемсі­тушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу; қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамта­ма­сыз ету; өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда, қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы; еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақы алу құқығын қамтамасыз ету; дем алу құқығын қамтамасыз ету; қыз­мет­керлер құқықтары мен мүмкіндікте­рінің теңдігі; қызметкерлер мен жұмыс беруші­лердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету; еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәсе­лелерін мемлекеттік реттеу; әлеуметтік әріп­тестік; қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету бекітілген.

Он үшіншіден, сондай-ақ, Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті анықталған. Осыған сәйкес, Үкімет: еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың әзірленуін және орындалуын ұйымдасты­рады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастырудың және жүргізудің тәртібін белгілейді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды; шетелдік жұмысшы күшін тартудың тәртібін белгілейді; әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін, оларды тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды; екі айдан астам еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекітеді; орташа жалақыны есеп­теудің бірыңғай тәртібін белгілейді; акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйақы беру шарттары туралы үлгі ережені бекітеді; азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызметшінің бос лауазымына тұруға конкурс өткізу тәртібін; азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды; жұмыс берушілердің республи­калық бірлестіктерімен және қызметкер­лердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады; тиісті уәкілетті орган­дардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді және нормативтерді әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді.

Он төртіншіден, кодекске сәйкес еңбек шартын тек жасы он алтыға толған адамдар­мен жасасуға жол беріледі. Кодекспен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері белгіленген. Олар мыналар: он сегіз жасқа толмаған қыз­мет­керлердің; әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың; қоса атқара жұмыс істейтін қызметкерлердің; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, ерекше зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің; маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлердің; вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызмет­керлердің; жұмыс беруші – жеке тұлғаларда жұмыс істейтін үй қызметкерлерінің еңбегін реттеу; үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеу; мүгедектердің еңбегін; азаматтық қызметшілердің еңбегін реттеу; шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкер­лерінің; заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің еңбегін; мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және мәслихат депутатта­рының, Қазақстан Республикасы судьяла­рының, әскери қызметтегі адамдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында еңбек қатынас­тарында тұрған жалдамалы қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.

Он бесіншіден, сонымен қатар, кодексте Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестіктің, әлеуметтік, еңбек және осы­лармен байланысты экономикалық қаты­настарды реттеудің тиімді тетігін қалыптас­тыру; қоғамның барлық топтарының мүдделерін объективті ескеру негізінде әлеу­­мет­тік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу; қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру; барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу; ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу; әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мәселелерін шешуге бағытталған міндеттері анықталған.

Қорыта келгенде, Еңбек кодексінің мәні Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) қосылуы кезеңінде арта түседі, өйткені, БСҰ мүшесі ретінде Қазақстан, халықаралық стандарттар мен тәжірибеден туындайтын әртүрлі факторлар мен жағдайлардың әсерінде болады.

Еңбек кодексіне сәйкес келтіру мақсатында Парламентте тағы да 57 заңға түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты айта кетсек, құқық қорғауда бәрі өзімізге байланысты екенін ұмытпай, қажет кезде заңға сүйену керек деп есептейміз.

 

Қорытынды

Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.

Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, екі бөлім, бес сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.

Шаруашылық қызметінің процесінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді, жұмыс бойынша ауысулар жүргізіледі. Адам құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Ол жалпы кәсіпорын бойынша, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің саны туралы және осы санның өзгерісінің себептері туралы: жынысы, жасы, санаты, лауазымы, мамандығы, жұмыс стажы, білімі және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Адам құрамын есепке алу үшін №Т-2 нысанындағы карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін №Т-4 ныфсанындағы ғылыми қызметерді есепке алу карточкасы қолданылады. Жұмысқа келген соңғы адамдар жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне көрсетуі тиіс.

Пред.678910
скачать работу

Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ