Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсетудің ерекшеліктері,тауар нарығындағы бәсеке



 Другие рефераты
Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету кәсіпорындарының қазіргі жағдайы Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету нарығының даму динамикасын талдау.«Әлемдік және ішкі тауар нарығының дамуын зерттеу» Тауар және қызмет көрсету нарығын дамытудың әлемдік тәжірибесі Қызмет көрсетудің экономикадағы ролі

Қызмет көрсету саласы экономиканың ең перспективтік, жедел қарқынмен дамушы салаларының бірі болып табылады. Ол қызметтің кең ауқымын қамтиды: сауда және көліктен қаржыландыруға, сақтандыруға және әртүрлі тектегі делдалдыққа дейін. Экономикалық жүйенің түпкілікті өзгеру процесі, командалық-әкімшілік экономикадан нарықтық экономикаға өту қызмет көрсету саласына, әлеуметтік салаға аса қатты әсерін тигізді.

Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, өндірістің күрделенуі мен нарықтың тауарлармен толтырылуынан қызметке сұраныс та өсіп отыр. Қоғам қаншалықты экономикалық әлсіз болса, оның шаруашылық қызметі көп жағдайда тек заттай әл-ауқат өндірісімен ғана шектеліп қояды. Экономикалық деңгей қаншалықты жоғары болса, индустрия негізі қаншалықты дамыған, және еңбек өндірісі жоғары болса, қоғамның шаруашылық қызметі соншалықты күрделене түседі: қызмет көрсетуге бағытталған шаруашылық құрылымы өзгереді және еңбек қызметінің мәні артады.
Қызмет көрсету экономикада әрқашан да маңызды роль атқарып келді. Бір қызметтердің экономикадағы ролі өндірістің салаға қызмет көрсетумен, өндіріс жүйесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін материалдық өндіріс өнімдерін бөлу және тұтыну процестерімен тығыз байланысты. Басқа қызметтердің ролі – жұмыс күшін дамытуды қамтамасыз етумен, білім беру және мәдени-технологиялық деңгейдің артуымен, денсаулықты нығайту және еңбекке қабілеттілікті дамытумен, демалысты қамтамасыз етумен байланысты. Соңғы 10-20 жылдары әлемде осы саладағы қызмет ететіндер саны жылдам өсе бастады, оған себептердің қатарында өндірістегі жетілдіру жұмыспен қамтылғандардың аз санымен көп мөлшерде тауар өндіруге мүмкіндік бергендігімен түсіндіріледі. Бұл түрлі тектегі қызмет көрсетумен айналысқан қызметкерлердің едәуір бөлігін босатуға мүмкіндік туғызды.
Басқа маңызды фактор – сирек кездесетін немесе бірнеше онжылдық бұрын мүлдем болмаған, компьютер қолдануға негізделген қызмет түрлеріне өмір берген технологиялық прогресс. Сонымен қатар қызмет көрсету саласының аса қарқынмен өсуі өндірушілерге бұрын өздері айналысқан қызмет көрсету түрлерін бөтен фирмаларға “беруге” мүмкіндік туғызды. Бұл факторлар жиынтықта тұрып қызмет көрсету саласында еңбекпен қамтылғандар санының артуына әкеп соқтырды.
Қызмет көрсету саласы – қоғамдық өндіріс жүесіндегі қызметтік мәні халыққа қызмет және рухани әл-ауқат көрсету және жүзеге асырумен түсіндірілетін салалардың, кіші салалар және қызмет түрлерінің жиынтығы.
Қызмет көрсету саласына тұрмыс деңгейін жетілдіру мен жақсартудағы, адамдардың материалдық және мәдени әл-ауқатын көтерудегі көрнекті ролі жатады. Ол материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді, қызметкердің бос уақытын көбейтеді, олардың еңбегіндегі шығармашылық мазмұнын арттырады, жұмыс уақытынан тыс тиімсіз шығындарды азайтады, адам өмірін аса қолайлы және жағымды етеді. Және, осылайша, Қазақстандағы барлық әлеуметтік топтар мен жіктердің тұрмыстық мүдделерін қозғайды.
Қызмет көрсету саласы, халық шаруашылығы мен басқа секторларынан босаған еңбек ресурстарын абсорбциялау қызметін атқара отырып, және жұмыс орындары мен еңбек ресурстарын тұрақтандыруға ықпал жасай отырып, біздің еліміздің экономикасында дамушы роль атқарады.
Қазақстанда, қазіргі кезде, қызмет көрсету саласы өндірістік саланы өсу қарқыны және пайда болған жаңа қызмет түрлері бойынша, оның нарық пен тұтынушылардың қажеттіліктеріне бейімделуі бойынша басып озды. Мысалы, 1997 жылы қызмет көрсету саласының меншікті салмағы ЖІӨ 57,9% құраған (1996 жылға қарағанда 1,8% артық).
Қызмет көрсету саласының тез дамуы біздің 90-жылдары басталған. Қызмет көрсету саласының индустриалды дамыған елдердегі оның жағдайымен салыстырғанда артта қалушылығына қарамастан, соңғы он жылдықта қызмет көрсету саласы экономиканың дербес секторына айналған. Мұның келесі себептері бар: мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруына байланысты халыққа және ұйымдарға ақылы қызмет көрсету үлесі артты, яғни бұл меншіктің түрлену процесі және жеке кәсіпкерліктің дамуының ықпал етуімен байланыстыкөптеген жаңа қызмет түрлері пайда болды (бухгалтерлік қызметтер, брокерлік қызметтер, трасталық қызметтер және т.б.); қызмет көрсету кәсіпорындарының арасында бәсекелестік күшейді. Қызмет көрсету саласы кәсіпкерлер үшін тартымды болды, себебі кейбір салалар бастапқы зор капиталды қажет етпейді, басқалары өздерінің дамымағандығымен байланысты жоғары пайда (қаржылық, трасталық) түсіруге мүмкіндік береді. Қызмет көрсету саласына капитал салу және сауда-делдалдық операциялар ақшаны тез қайтару кезеңділігімен және айналымның бастапқы жоғарғы мөлшерлемелерімен қызмет көрсету саласының кеңеюін алдын-ала анықтап берді. Ел экономикасының ашықтығымен байланысты, қызмет көрсету саласына сауданың қарқынды даму процестері қатты әсерін тигізді: бұл саладағы айналымның артуы қызмет көрсету секторын кеңейтіп отыр.
Қызмет көрсету саласында қазіргі кезде көкейкесті болып осы секторды басқарудағы құрылымдық өзгерістермен байланысты мәселелер саналады. Бұл өзгерістер – экономиканың ілгері трансформациялану нәтижесі және шаруашылықтың нарықтың әдісіне көшу. Сонымен қатар, олар қызмет көрсету саласындағы экономиканың көпқырлылығындағы өзгерістерді әкеледі.
Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласына дәстүрлі түрде мыналарды жатқызып келді: тұрғын үй және коммуналды шаруашылық; халыққа тұрмыстық қызмет көрсету; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру; дене шынықтыру және спорт; білім беру; мәдениет және өнер; ғылым және ғылыми қызмет көрсету; несиелеу; сақтандыру; мемлекеттік басқару және қорғаныс; коммерциялық емес ұйымдар, үй шаруашылығына қызмет көрсету. Сауда, көлік, байланыс қызметтері, банктік қызметтер материалдық өндіріске жатқызылды. Дегенмен, шетелдік тәжірибеде, қызметтің бұл түрлері шүбәсіз қызмет көрсету саласына жатады. Бұл айырмашылық экономиканың екі секторының — біздің республика мен батыс елдерінің — өндірістік және қызмет көрсету салаларының өлшеусіздігіне әкеп соқтырды.
Қазақстан Республикасы үшін қызмет көрсету секторындағы Қазақстан Республикасы экономиксының трансформациялануы және нарықтық экономикаға көшуі процесінде туындайтын бірнеше мәселелер тән. Ең алдымен, бұл, индустриялық дамыған елдерге қарағанда қызметтерді тұтыну деңгейі абсолютті түрде төмен болып жалғасып отыр. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларына тән.
Сондай-ақ сатып алу қабілеттілігінің тең бөлінбегендігін де есепке алған жөн. Және сонымен қатар, халықтың түрлі топтарының тұтыну мінез-құлқындағы үлкен айырмашылығын да атап өту қажет. Мамандардың бағалауы бойынша, Қазақстан Республикасында 70% астам халық кедейшілік тауқыметін көруде. Аз қамтылған отбасыларының қызметке жұмсайтын шығындары меншікті салмақтың азғантай мөлшерін құрайды және ол 10-15% қана. Олардың көп үлесі пәтерақы мен көлікке тиесілі болып отыр. Қолда бар деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстанның барлық облыстарындағы халықтың түрлі топтары қызмет көрсетуге өз бюджетінен біркелкі үлес жұмсап отырған жоқ, әсіресе бұл үлес ауыл тұрғындарында өте төмен болып отыр. Табыстардың көбеюі шамасына қарай бұл үлес тұрақты түрде артуда.
Қазақстан Республикасында қала және ауыл тұрғындары арасында тұтынуда күрделі айырмашылықтар сақталуда. Мұндайда, елдің урбандалу деңгейі қаншалықты төмен болса (бұл Қазақстанға тән), тұрмыстық әл-ауқат (әсіресе қызмет көрсету) таңдау соншалықты бай емес. Бұдан мынадай қорытынды шығаруымызға болады, біздің еліміздегі халықтың көп бөлігінің ұсынылып отырған қызметті пайдалануға мүмкіндігі жоқ, және бұл қызмет көрсету саласының даму қарқынын тежейді.
Ведомстволық бастау қызмет көрсету саласының қажетті дамуына кедергі болады. Жекеменшік секторларды реттеудегі министрліктердің қызметі бақылау мен үйлестіру арасындағы шатақтың мысалы ретінде қызмет етеді. Аталған саланы мемлекеттік басқару органдары әкімшілік сипатта емес, өз міндеттерін нақты болжау бағалары мен маркетингтік зерттеулер негізінде жүзеге асырылатын үйлестіруші-талдау құрылымдары сипатына ие болуы қажет.
Қазақстанның салық жүйесінің демеушілік пен жебеушілікті дамыту мүмкіндіктерін кідіртуі айқын болып отыр. Салық заңдарына әлеуметтік салаға ынталандыру енгізілімдері сияқты, қаржылық айла-шарғы мүмкіндігіне жол бермейтін ойластырылған, өлшенген өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі өзінен-өзі айқын көрініп отыр.
Сондай-ақ қызмет көрсету саласында туындаған жайттарға өз қызмет саласының сарапшылары болып қана қоймай, сонымен қатар экономикалық жағдайлар, басқару тетіктері жайында терең білімі бар, адамдармен жұмыс істей алатын білікті менеджерлердің болмауы байланысты болып отыр. Олай болса, ой-өрісі кең басшыларды дайындау, басқару қызметінде тәжірибе алмасу қажеттілігі туындайды.
Түрлі қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің жалақысында сәйкессіздік байқалып отыр, мысалы, қаржылық сектор мен денсаулық сақтауда, мәдениетте, білім беру саласында. Халық шаруашылығындағы орташа жалақы өз мөлшері бойынша біркелкі емес, бұлэкономикалық процестермен және өтпелі кезеңдегі экономиканың қиын жағдайымен байланысты болып отыр. Нарыққа өту экономиканың түрлі секторыларындағы жалақыны тұрақтандыру қажеттілігін болжайды.
1990-1997 жылдары қызмет көрсету тарифтерінің жылдам өсуі және халықтың белгіленген табыстарының азаюы байқалды, бұл, әрине, көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне әкеп соқтырды. Әлсіз қаржылық база қызмет көрсету саласында ұйымдардың қақтығысқан маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Жоғарыда қарастырылған қиындықтарға қарамастан, республика потенциалының өсуімен байланысты қызмет көрсету саласын дамыту мүмкіндігі де артып отыр. Егер 1991 жылы түрлі қызметтердің 900 жуық түрі анықталған болса, қазір жаңа қызмет түрлерінің пайда болуымен және ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты олардың саны едәуір өскен.
Жаңа өндірістерді қалыптастыру есебінен нарықтың қызметтермен толығуы толық көлемде жүзеге асқан жоқ, себебі

12
скачать работу


 Другие рефераты
Рухани мәдениет негізін салған қазақ ғұламалары
Девид Юм
Биография Генриха Герца
Актиномицеттердің (оның ішінде стрептомицеттердің) антагонисттік қасиеттері


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ