Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қызмет көрсетудің экономикадағы ролі



 Другие рефераты
Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсетудің ерекшеліктері,тауар нарығындағы бәсеке Тауар және қызмет көрсету нарығын дамытудың әлемдік тәжірибесі Тауарлы өндірістің өмірге келу себептері мен жалпы сипаттамалары Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінің философиясы

Сауданың өсуіне байланысты, қызметтермен: ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржылық-несиелік сипаттағы қызметтермен айырбас та бірден өсіп отыр. Машиналар және жабдықтарды белсенді сату инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпараттық-есептеу қызметі сияқты жаңа қызмет түрлерін дүниеге әкелді. Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияларға сүйене отырып, көптеген қызмет түрлері ұлттық шектен асып кетті. Ғаламдық нарық ықпалдасуда. Бұл процеске қуатты сілкіністі 90 ж. ортасынан бастап интернет және ақпарат таратудың басқа желілік жүйелері тудырып отыр. Әлемдік саудадағы қызмет экспортының көлемі 1997ж. қарай 410 млрд. долларға дейін артып, тауар экспорты құнының 14 жақындап отыр. Динамикасы бойынша және сыртқы сауда саласында іскерлік қызмет топтары алдыңғы қатарда болып отыр: дамыған елдерден қызмет экспортындағы олардың үлесі 44 %-ке дейін өскен.

Ірі бап ретінде туризм қалып отыр, оның қызмет құнындағы үлесі 13 құрайды. Қызметтердің сыртқы сауда айналымы дамыған елдер тобына шоғырланған. Басты экспортерлер – АҚШ, Голландия, Франция және Ұлыбритания, көптеген жағдайда қызметтерді Германия, Жапония, Италия импорттап отыр. Мұнда да өсу қарқыны бойынша қаржылық және компьютерлік қызметтер, сондай-ақ бухгалтерлік, аудиторлық, жарнамалық, заңды қызметтер, маркетинг, басқару, тиімділікті арттыру мәселелері бойынша консалтингтік қызметтер алдыңғы қатарда болып отыр. 1997 ж. дамыған елдер үлесіне іскерлік қызметтердің жалпы экспортының 88 %-і тиесілі болған. Жаңа технологиялар сыртқы сауда аясын денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет пен өнер қызметтерімен едәуір түрде кеңейтуде. Көптеген қызметтерде сақталып отырған транспортабельділік осы саладағы шетелдік инвестицияларының аса ірі ролін анықтап отыр. Шетелдік тура инвестицияларға сыртқы сауда операцияларының балама формасы ретінде көптеген салалардың трансұлттық компаниялары белсенді түрде иек артып отыр. Тура инвестициялар телекоммуникацияға, саудаға және көптеген қызмет көрсету салаларына – қоғамдық тамақтануға, банктік салаға, сақтандыру бизнесіне, іскерлік қызметке, денсаулық сақтауға және т.б. салаларға тартылуда. Тауар нырығымен салыстырғанда, аталған нарықтағы халықаралық айырбасқа арналған заңды және саяси тосқауылдар соңғы уақытқа дейін аса жоғары болып отырғандығына қарамастан, қызметтер шаруашылық өмірді ауқымдауға, осы процесті тездету әрі тереңдету арқылы белсенді түрде көмек жасап отыр.
Америка Құрама Штаттарын әлемдегі сервис экономикасы аса дамыған ел ретінде жиі көрсетеді. Жекеменшік секторда 75% еңбекпен қамтылғандар сервис саласында қызмет етуде. 60-жылдары орташа отбасы өз бюджетінің 40%-ін қызмет көрсетуге жұмсаған. 1985 ж. бұл цифр 50%-ке жеткен. Осы кезеңде соңғы тұтынушыларға қызмет көрсетуге кеткен жыл сайынғы шығын 131 млрд.-тан 3 трлн. долларға дейін жеткен, олардың 80%-н үй шығындары, медициналық көмек және басқа үй мақсаттар құраған.
Соңғы тұтынушыларға қызмет көрсету өсімінің халықтың әл-ауқатын көтеру, арнайы құрылым мен жөндеуді талап ететін күрделі тауарлардың болуы және т.б. сияқты себептері көрсетілген. Өнеркәсіптегі іскерлік және жөндеу қызметтері де соңғы он жылдықта айтулы өсімді бастан кешкен. Олардың ішінде аса қарқынды дамығандар болып: компьтерлерді жөндеу олармен жұмыс істеуге үйрету, басқарушылық кеңес, инжиниринг және жабдықтарды жалға алу саналады. Бұл сенімді цифрларға қарамастан, қызметтер туралы деректер азайтып көрсетілген. Олар тауарларды сатушы фирмалар жүзеге асыратын жеткізумен, мон¬таждаумен, қызмет көрсетумен, оқытумен, жөндеумен және басқа қызметтермен байланысты қызметтерді жабық қызметтер секторына жатқызбайды. Мысалы, «Эппл» және «Ксерокс» фирмаларының өндірушілер ретінде жіктелуіне қарамастан, олардың көптеген қызметкерлері диллерлер мен пайдаланушыларды оқыту бағдарламаларына, қызмет көрсетуге, қосалқы бөлшектер жеткізуге және кепілдендірілген жөндеуге жұмылдырылған..
Несиелік карточкалар жүйесі арасындағы бәсекелестік аса қарқынды сипатқа ие болып отыр. Бұл саладағы жетекші үш жүйе ішінде — «Виза» (АҚШ-та 77 млн. карточка иесі және операциялардың жалпы көлемі жылына 80 млрд. долларды құрайды), «Мастеркард» (АҚШ-та 60 млн. карточка иесі жыл сайынғы айналым 40 млрд. долл. құрайды). Бұл фирмалар кең жарнамаларды жүзеге асырады, сауда ұйымдарының олардың карточкаларын мойындауы үшін кез-келген жолдарға барады, және жол чектері және қолма-қол ақшай айырысу сияқты қосымша қызметтер ұсынады. Бұл саладағы жаңа фирмалардың бірі болып құны 40 млн. долл. жарнамалық компаниямен бекітілген «Сирз»-»Дискавери» компаниясының бөлімшесі саналады.
Қазіргі кезде бірнеше миллион персональды компьютер қолданылып отырғандықтан, сервистің тағы бір саласы – ЭЕМ жөндеу гүлденуде. Қазірдің өзінде персоналды компьютер иелері жыл сайын жөндеуге 1 млрд. долл. жұмсап отыр – бұл сома, болжамдар бойынша екі есеге өсуі ықтимал. Ірі тәуелсіз компания (яғни: ЭЕМ өндірушілерімен байланысы жоқ) болып ТРВ саналады, ол фирмалар үшін тұрғылықты орындарында немесе ТРВ-ның жөндеу орталығында 100 мың. жөндеу жүргізеді.

скачать работу


 Другие рефераты
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастар
Реологические свойства САН и АБС пластиков
Система национальных счетов
Жизнь и творчество Рафаэля.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ