Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тауар және қызмет көрсету нарығын дамытудың әлемдік тәжірибесі



 Другие рефераты
Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету нарығының даму динамикасын талдау.«Әлемдік және ішкі тауар нарығының дамуын зерттеу» Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсетудің ерекшеліктері,тауар нарығындағы бәсеке Қызмет көрсетудің экономикадағы ролі Тауарлы өндірістің өмірге келу себептері мен жалпы сипаттамалары

Тауарлы өндірісте өнім тауар түрінде өндіріледі. Бірақ, кез келген өнім тауар емес, ал кез келген тауар — өнім. Сонда тауар дегеніміз не?
Тауар дегеніміз оқшауланған өндірісші өзі тұтынуы үшін емес, басқалар тұтынуы үшін, рынокта сатып пайда табу үшін өндірілген өнім. Қысқаша айтқанда, тауар дегеніміз бастапқыдан рынокта сату үшін өндірілген өнім (зат және зат емес түрдегі).3 Демек, кез келген өнім (зат және зат емес түрдегі) тауар сипатына өте бермейді. Егер өндіруші ол өнімді өзі тұтыну үшін өндірсе, ол тауар емес.

Сонымен қатар, өнім кез келген жағдайда тауарға айнала бермейді. Өнім тауарға айналуы мүмкін, егер оның екі қасиеті бар болса:
1.Тұтыну құны;
2.Айырбас құны.
Тауардың тұтыну құны дегеніміз оның адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыра алу қабілеті. Шындығында, кез келген өнім тұтыну құны болып табылады. Өзі тұтынады ма, әлде басқалар үшін өндіреді ме, бәрі бір, ешкім ешқашан пайдасыз өнім өндірмейді. Адам өндірген өнім белгілі бір жеке қажеттіліктерді қанағатандыра алады немесе басқа өнімдерді ендіру құралы бола алады. Демек, кез келген заттың тұтыну кұны бар, сондықтан экономикалық теория тілінде зат тұтыну құны немесе пайдалылық де аталынады.
Есте ұстайтын нәрсе, тұтыну құны немесе пайдалылық адам еңбегінің нәтижесі түрінде ғана болуы шартты емес. Мысалы, табиғат сыйлаған, бірақ адамдар тұтынып жатқан «тегін» игіліктерді де тұтыну құны деп айтуға болады (жабайы жемістер мен жидектер, таза су, орман және тағы басқалар).
Қарапайым заттан тауардың айырмашылығы және ерекшелігі — зат тауарға айналуы үшін ол қоғамдык тұтыну құны болуы тиісті, яғни тауар оны өндірген адамның емес, сатып алған адамның қажеттілігін өтеуі тиісті. Қоғамдық тұтыну құны дегеніміз тауар ретінде өндіріліп жатқан өнімдердің рынокта сатылып, белгісіз басқа біреулердің, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра алу қабілеті. Демек, тауардың тұтыну құны тек нарық арқылы анықталады. Егер нарықга тауарға сұраным бар болса, оны басқалар сатып алып жатса, онда тауар түрінде өндірілген сол зат қоғамдық тұтыну құны болғаны. Қысқаша айтқанда, ол — қоғамға пайдалы тауар. Осыдан барып келесі қорытынды туындайды: кәсіпкер «нені өндіру керек?» деген мәселені «әрқашан тек сұраным бар тауарды ғана өндіру керек» деген тұрғыда шешуі керек.
Тауардың екінші қасиеті — айырбас құны, яғни белгілі бір пропорцияда басқа тауарға айырбастала алу қасиеті. Тауардың айырбас құны сандық қатынас түрінде нақты көрініс табады: тұтыну құны түріндегі бір тауардың белгілі бір саны тұтыну құны өзгеше басқа тауарға айырбасталады. Мысалы, 1 жылқы 10 қойга айырбасталған кезде айырбасталып жатқан тауарлардың сандық катынасы, яғни айырбас құны көрініп тұр. Айырбас кезінде тұтыну касиеттері мүлдем өзгеше әртүрлі тауарлар белгілі бір саны арқылы бір-бірімен теңестіріледі.
Тұтыну қасиеттері мүлдем үйлеспейтін әртүрлі тауарларды айырбас кезінде не нәрсе теңдестіреді, оларды қалай бірдей етеді? Демек, оларды теңдестіретін ортақ негіздің бар болғаны. Ол қандай негіз? Ондай негіз ретінде тауарлардың көлемі, массасы, түрі мен түсі, физикалық-химиялық қасиеттері сияқты сипаттамалары роль атқара алмайды. Бұл сиякты пайдалы қасиеттері арқылы тауардың тұтыну құны ғана анықталады. Айырбасталатын тауарлардың тұтыну құндарының әртүрлі болуы — айырбастың қажетті шарты, өйткені ешкім бір затты (тауарды) дәл сондай затқа (тауарға) айырбастамайды.
Әртүрлі тауарларды айырбас кезінде теңдестіретін, оларды салыстыруға мүмкіндік беретін ортақ негіз бар, ондай негіз — тауардың құны. Рынокта айырбас жасалынып жатқан кезде тауарлардың құндары өзара салыстырылады, сол арқылы сандық қатынас орнатылады, яғни айырбас кұны белгіленеді: хА=уВ=2С=… Бұл жерде х,у,2 — айырбасталып жатқан тауарлардын саны; А,В.С – тұтыну құндары мүлдем өзгеше тауарлар.
Көне Грецияның ойшылы Аристотель айырбас теңдіксіз, ал теңдік өзара өлшемдіксіз мүмкін емес деген дұрыс ой айтып кеткен еді. Дегенмен, көптеген ғасырлар бойы ешкім айырбас құнының негізін түсіндіріп бере алмады. Тек, XVIII — XIX ғасырлар аралығында ғана экономикапық теория айырбас тауарлардың құндарын салыстыру арқылы жүретінін түсіндіріп берді.
Тауардың құны дегеніміз не? Ол қалай анықталады? Оның өлшемдері қандай?
Бұл сұрақтар өткір және ұзақ уақытқа созылған ғылыми пікір таластық тудырды. Пікір таластықтың нәтижесінде тауардың құнын анықтау мәселесі төңірегінде екі қарама-қарсы теориялар қалыптасты: құнның еңбектік теориясы және шекті пайдалылық теориясы.
а) Құнның еңбектік теориясы.
Құн заңы және тауарлы шаруашылықтағы оның ролі.
Нарықта айырбас жүріп жатқан кезде тұтыну қасиеттері әртүрлі, бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі тауарларды теңдестіретін, әрбір тауарға тән «құпия сырды» зерттеу барысында құнның еңбектік теориясы калыптасты. Классикалық саяси экономияның негізін қалаушылар, атақты ағылшын оқымыстылары У.Петти, Д.Рикардо, А.Смит алғашқылардың бірі болып құнның еңбектік теориясының бастамасын жасап берді. Мысалы, У.Петти айырбас пропорциясының негізінде салыстырылып жатқан тауарларды өндіруге жұмсалған еңбектің, жұмыс уақытының теңділігі жатыр деп есептеген. Ол өзінің ойын былай қорытындылады: «Егер белгілі біреу Перу рудниктерінен күмістің бір унциясын бір бушель нан өндірілетін уақыт аралығында өндіріп, Лондонға жеткізе алатын болса, онда алғашқысы кейінгісінің табиғи бағасы болып табылады…» Бұл жерде У.Петти табиғи баға деп нарықтық бағаны емес, тауардың құнын түсінген.
Кейінірек А.Смит У.Петтидің ойын тереңдете түсіп, мынадай жалпылама қорытынды жасады: «еңбек жалғыз жалпылама, керек десеңіз жалғыз дәл өлшеуіші немесе біздер барлық кездері және барлық жерлерде әртүрлі тауарлардың құндарын өзара сапыстыра алатын жалғыз ғана өлшем болып табылады».
Демек, құнның еңбектік теориясының ірге тасын қалаушылардың дәлелдеуі бойынша әрбір тауарға тән ортақ ұқсас ішкі мазмұн бар, ол — тауардың кұны, ал тауардың құны оны өндіруге жұмсалған (шығындалған) жұмыс уақытымен, яғни еңбек шығындарымен анықталады.
Құнның еңбектік теориясын классикалық саяси экономиканың кейінгі өкілдерінің бірі, пролетарлық саяси экономиканың қалаушысы К.Маркс биік тұғырға шығарды. Оның «Капитал» деген еңбегі экономикалық ойдың тарихына өшпес әріппен жазылып қалды.
Құнның еңбектік теориясын қысқаша төмендегідей түсіндіруге болады.
Біріншіден, әртүрлі тауарлардың ұқсас ортақ ішкі артық мазмұны — құны бар. Сондықтан тауарлар бір-бірімен салыстырылып, теңдестіріліп, айырбас пропорциясы арқылы айырбасталады.
Демек, айырбас құны дегеніміз тауардың құнының сыртқы көрініс формасы. Тауардың құны арқылы айырбас құны қалыптасып, әртүрлі тауарларды салыстыруға мүмкіндік туады.
1980 – 1997 жж. кезеңі бойынша қызмет саудасы 1997 жг. 2605 млрд. долларға жетіп, 3 есеге артқан. Жалпы соңғы екі онжылдықта тауарлар мен қызметтер экспортының өсу қарқыны әлемдік жалпы өнім өсімінен асып кеткен.

скачать работу


 Другие рефераты
Русская идея: прошлое и настоящее (концепция евразийства)
Алаш идеясы және халықаралық Қазақ тілі қоғамы
Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
Роль компьютерных игр в успешной адаптации младших школьников к условиям школы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ