Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындардың қызметiн талдау
ұнайгаз» ААҚ-ына сату бойынша қаматамасыз етiлдi.
Тенгиз, Шығыс Қашаған, Карачанск, Кұмкөл кенiштерiнде iздестiру, дайындау және инфрақұрылымды дамыту бойынша iрi инвестициялық жобалардың iске асыруы және Каспий құбыр желiсiн жүргiзуi трансұлттық компаниялардың өздерiнiң қазақстандық еншiлес кәсiпорындарын қаржыландыруларына жағдай жасады. 2009 жылы пайдаға инвестицияланғаннан кәсiпорынның басқа капиталына түсiм 6,4 млрд. АҚШ долларын құрады, ол 2008 жылмен салыстырғанда 3,7 есе артық.
Өндiрiс көлемiнiң өсуiнен, айналым құралдарын қаржыландыруға және күрделi қаржыға қажеттiлiктiң өсуi басқа жағынан кәсiпорындарға тiкелей шетелдiк инвестициясы бар алынған пайданың өсiмi есебiнен қарыздық
мiндеттемелерiн өтеуге, төлемдердiң өсуiне мүмкiндiк туғызды. 2007 жылы басты компанияның алдында пайыздық есеппен мiндеттер сомасы 3778 млн. АҚШ долларын құрады, 2006 жылмен салыстырғанда 26%-ға көп, бұл соманың төрттен үш бөлiгi өндiрушi сала кәсiпорындарына тиесiлi.
2008-2009 жылдары тiкелей шетелдiк инвестицияның құрылымы 5 кестеде келтiрiлген. Қазақстанның 2009 жылы алған тiкелей шетелдiк инвестициясының ең көбi АҚШ-нан 1464,4 млн.долл болды, Канададан - 739,8 млн.долл, ұлыбританиядан — 595,4 млн.долл, Италиядан — 484,7 млн.долл, Ресей Федерациясынан — 211,9 млн.долл, Қытайдан — 210,6 млн.долл, Нидерландтан — 198,6 млн.долл. Осы аталған елдердiң тiкелей инвестициясы 2004 жылы барлық түскен инвестицияның 88,4%-ын құрады, оның iшiнде АҚШ-ның үлесi 33,1%, Канада –16,7%, ұлыбритания – 13,5%, Италия – 11%, Ресей Федерациясы және Қытай – 4,8%-дан.
Қазiргi ұйымдасқан кәсiпкерлiктiң дамуы біріккен кәсiпорындардың тұрақты динамикалық өсiмiмен сипатталады. Қазақстан Республикасында 3995 ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындар жұмыс iстейдi, оның iшiнде ұйымдасқан кәсiпорындар саны 697, шетелдiк кәсiпорындар – 2298, 183293,3 млн.теңгелiк жарғылық капиталмен 107 елден партнерлардың қатысуымен 98. ( сурет2,3).
Шетелдiк инвестициямен кәсiпорындардың ең көп саны Алматы қаласында орналасқан 2461 (оның 903 – ұйымдасқан, 1558 – шетелдiк кәсiпорын), Астана қаласында – 270 (108,162), Атырау облысында – 270 (132, 138), Қарағанды облысында – 191 (92,99), Шығыс Қазақстан облысында – 129 (74), Алматы облысында – 117 (72, 45), Маңғыстау облысында – 75 (30,45), Батыс Қазақстан облысында – 98 (35, 63).
Ұйымдасқан кәсiпорындар бойынша серіктестер болып табылатын елдердiң географиялары әр түрлi елдердi келесi топтарға бөлуге болады: Европа елдерi мен Азия аймақтары елдерi, Ресей Федерациясы, даму жолындағы елдер мен өнеркәсiптi-дамыған елдер. Қазақстан Республикасы ұйымдасқан кәсiпорындар мен шетелдiк кәсiпорындар құруда әр түрлi елдердiң партнерлерiмен географиялық байланысты кеңейтуде. 2009 жылы республика дүние жүзiнiң 107 елiмен сауда қатынасында болды, ол 2008 жылмен салыстырғанда 9 елге артық.
Азия аймағының 26 елiнен 1452 ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындар жұмыс iстедi. Ең белсендi инвесторлардың қатарында: Түркиядан 513, Қытайдан 336, Ираннан 122, Корея Республикасынан 119 кәсiпорын. Индиямен 72 кәсiпорын, Кипрмен 57, Пакiстанмен 53, Ауғанстанмен 34, Израильмен 30, Ливанмен 22, Жапониямен 18, Бiрiккен Араб Эмиратымен 16 қызмет еттi. Қазақстанның Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiндегi партнерлары болып Сингапур (15 кәсiпорын) мен Малайзия (4) саналады.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасында Европаның 37 елiмен біріккен кәсiпорын құрылған. Қазақстан территориясында шетелдiк инвестициямен 1084 кәсiпорын қызмет атқарды (оның 15 елi Европалық Кеңестiң мүшелерi). Қазақстан Республикасында қызмет ететiн Европа елдерiнiң қатысуымен құрылған әрекеттегi елдердiң саны: Германия – 228, ұлыбритания – 212, Швейцария –84, Нидерланды – 81, Италия – 60, Чехия –51, Франция – 39, Венгрия – 38, Литва – 33, Бельгия мен Ирландия — 29-дан, Лихтенштейн – 20, Болгария – 18 кәсiпорын.
Америка аумақтарының 20 елiнен бiздiң мемлекетiмiздiң негiзi партнеры болып АҚШ (290 кәсiпорын, оның iшiнде 109 ұйымдасқан және 181 шетелдiк кәсiпорын) саналады, сонымен қатар Британияның Виргин аралдарымен (тиiсiнше 103,49, 54) және Канадамен (35, 18, 17). Венесуэламен, Панамамен, Барбадоспен және басқа да осы аймақтың елдерiмен байланыс дамуда.
Біріккен кәсiпкерлiк саласында Африка континентiнiң 10 елiмен (12 кәсiпорын) қызметтестiк жалғасуда, Ал Австралия мен Жаңа Зеландия аймақтарының 2 елiнен 9 біріккен және шетелдiк кәсiпорын қызмет атқаруда.
ТМД елдерiнiң арасында әрекеттегi кәсiпорындардың ең көп саны Ресей Федерациясымен – 834 кәсiпорын, Қырғызстанмен — 74, Өзбекстан және Украинамен – 53-тен кәсiпорын құрылды
Шетел құрылтайшылары ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындардың жарғылық қорында 111470 млн.теңгенi құрады немесе жалпы жарғылық капиталдың 60,8%-ы. Жарғылық капиталдың нақты сомасының 48%-ы Алматы қаласының кәсiпорындарына тиесiлi.
Қазақстанның ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындарында қоса қызмет атқаратындарсыз жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң саны 291672 адамды құрады. Басқа кәсiпорындардан жұмысқа қабылданған қоса қызмет атқаратындардың саны 1287 адам, ал келiсiм шарт бойынша – 9755 адам. Біріккен және шетелдiк кәсiпорындарда барлық жұмыс iстейтiндердiң 44,5%-ы Қарағанды облысына, 17%-ы Алматы қаласына, 8%-ы Павлодар облысына, 5%-ы Актөбе облысына, 5%-ы Атырау облысына тиесiлi.
Шетелдiң қатысуымен құрылған кәсiпорындардағы жұмыс iстейтiндердiң ең көп саны өңдеу өнеркәсiбiнде (57%), тау-кен өнеркәсiбiнде (17%) және құрылыста (6%). Жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң және қоса қызмет атқаратындардың еңбек ақы қоры 115705,4 млн.теңгенi құрады. Әрекеттегi біріккен және шетелдiк кәсiпорындардың 385-i (9,6%) экспортқа өнiм шығарды, 975-i (24,4%) импорттық түсiмдер қабылдады, 521 кәсiпорында (31%) өнiм өндiрiлдi, 2066 кәсiпорын (52%) iшкi рынокқа өнiм өндiрдi.
Кесте 5
Қазақстан Республикасы бойынша ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындар
|
Кәсiпорындар саны, бiрлiк |
Әрекеттегiлер, барлығы |
Экспортқа жеткiзiп берудi жүзеге асырушылар |
Импорттық түсiмдерi барлар |
Өнiм өндiрушiлер |
Iшкi рынокқа жеткiзiп берудi жүзеге асырушылар
|
Қазақстан Республикасы |
3995 |
385 |
975 |
521 |
2066 |
оның iшiнде |
|
|
|
|
|
Ақмола |
17 |
5 |
5 |
7 |
11 |
Ақтөбе |
81 |
10 |
35 |
17 |
63 |
Алматы |
117 |
18 |
35 |
44 |
75 |
Атырау |
270 |
24 |
74 |
16 |
129 |
Шығыс Қазақстан |
129 |
12 |
24 |
29 |
79 |
Жамбыл |
26 |
5 |
3 |
11 |
16 |
Батыс Қазақстан |
98 |
8 |
37 |
12 |
82 |
Қарағанды |
191 |
25 |
46 |
29 |
126 |
| | | скачать работу |
Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындардың қызметiн талдау |