Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасындағы ұйымдасқан және шетелдiк кәсiпорындардың қызметiн талдау



 Другие рефераты
Кәсiпкерлiктiң ұйымдастырылу формалары Ұйымдасқан кәсiпорындар өндiрiсiн дамытуды болжау Қазақстан Республикасында ұйымдасқан кәсiпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ерекшелiктерi Еркін экономикалық аймақтардағы елдердің сыртқы экономикалық стратегиялары жүйесіндегі Қазақстанның ролі

2009 жылы инвестиция көлемiнiң жартысынан көбi жекеменшiк формасындағы кәсiпорындар (54,3%) арқылы жүзеге асырылады. Шетел кәсiпорындарының үлесi жоғары, жалпы негiзгi капиталға бағытталған инвестиция көлемiнiң 31,2%-ын құрады.

Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның қомақты көлемi өнеркәсiпте (58,3%), көлiк пен байланыста (11,1%) шоғырланған. Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның 70,5% — өнеркәсiпке, мұнай шикiзатын және табиғи газ өндiруге және осы облыстарда қызмет көрсетуге, 9,9% — металлургия өнеркәсiбiне жұмсалды. Көлiк және байланыс саласындағы негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның үлкен бөлiгi (49,1%) құбырмен тасымалдауға, 15,2% — темiр жол көлiгiне және 16,9% — байланысқа жұмсалды.

Кәсiпорындардың өзiндiк қаржылары негiзгi капиталға бағытталған инвестицияны қаржыландыру көздерi болып табылады. Жалпы кәсіпорындардың өз қаржысы 54 пайыз, бюджет қаржысы – 11 пайыз, шетел инвестициясы – 26 пайыз, тартылған басқа да қаржылар түрі – 9 пайыз құраған (Сурет 1).

Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның өзiндiк технологиялық құрылымы құрылыс–монтаждау жұмысынан, құрал-жабдықтардың барлық түрлерiн құрастыру және сатып алу шығындары, басқа да жұмыстар мен шығындардан тұрады. 2009 жылы негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның машиналар мен құрал жабдықтарды орнатуға, құрастыруға, сатып алуға 39,9%-ы жұмсалды (кесте 2).  Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның 69% жаңа құрылысқа, 38,2%-ы техникалық қайта жарақтануға, реконструкциялауға және әрекеттегi кәсiпорындарды кеңейтуге бағытталды (кесте 3).

Кесте 2

Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның технологиялық құрылымы

қорытындыға %-бен

 

2004

2005

2006

2007

Барлығы

100

100

100

100

оның iшiнде

 

 

 

 

Құрылыс-монтаж жұмыстары

27,8

26,1

26,9

26,7

Машиналар, құрал-жабдықтар, инструменттер, инвентарьлар

27,5

30,7

37,5

39,9

Басқа жұмыстар мен шығындар

44,7

43,2

35,6

33,4

Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті

Кесте 3

Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияның құрылымы қорытындыға %-бен

  2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007
Негiзгi капиталға бағытталған инвестиция-барлығы 100 100 100 100 100 100 100
оның iшiнде              
Техникалық қайта жарақтандыру және әрекеттегi кәсiпорындарды реконструкциялау 35,8 40,4 33,3 32,8 36,8 22,0 38,2
Әрекеттегi кәсiпорындарды кеңейту 13,8 9,0 6,1 7,8 27,1 3,9 17,5
Жаңа құрылыс 23,7 43,1 50,4 51,5 31,8 67,8 69,0
Әрекеттегi қуаттарды қолдау 3,3 3,1 3,6 2,1 1,2 2,3 4,0
Көрсетiлген бағыттарға жатпайтын жеке объектiлердi салу 23,4 4,4 6,6 5,8 3,1 4,0 1,3
Ескерту: ОҚО бойынша экономика департаменті

Қазақстан жайлы инвестициялық климат жасауға тырысуда. Бұл мақсатта Қазақстандағы инвестициялық  қызметтердi реттейтiн бiр қатар нормативтiк құқықтық актiлер дайындалып, енгiзiлуде.

1994 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Тiкелей инвестицияны мемлекеттiк қолдау туралы» Заңы қабылданып, Қазақстан экономикасының басымды секторларына инвестиция құятын инвесторлардың жағдайы, сол сияқты шетелдiк инвесторлардың жеңiлдiктерi мен преференциялары анықталды.

Қазақстан Республикасының «Тiкелей инвестицияны мемлекеттiк қолдау туралы» Заңына сәйкес бұрынғы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар бойынша комитетiнiң орнына Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша Мемлекеттiк комитетi құрылды, оның негiзгi мiндетi экономика мен қоғамның динамикалық дамуы мақсатында инвестициялық белсендiлiкке жәрдемдесу болып табылады /3/.

Халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды нығайту және Қазақстанның инвестициялық позитивтiк бейнесiн жасау мақсатында үкiметтiң бiр қатар құжаттары қабылданды, оның iшiнде халықаралық инвестиялық конференцияларды, көрмелердi және басқа шараларды Қазақстанда, басқа елдерде өткiзудi қарастыратын Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкiндiктерi бойынша ақпараттық жоспар жасалды.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi рейтингтiк агентствомен жұмыс бойынша уәкiлеттi органы болып анықталды.

Қабылданған нормативтiк актiлер және ұйымдастыру шаралары Қазақстан экономикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуына және жайлы инвестициялық климат жасайды.

Шетел инвесторларын мынадай факторлар қызықтырады: Қазақстанның бай табиғи ресурстары, аграрлық және өнеркәсiптiк әлеует, стратегиялық кен орындары, iшкi саяси тұрақтылық, инфляциялық процестердiң тұрақтылығы, кәсiпорындардың қаржы жағдайының жақсаруы, қаржыландыру ставкаларының төмендеуi және т.б.

2008-2009 жылдары Қазақстанға келiп түскен шетелдiк тiкелей инвестицияның көлемi 16980,2 млн. АҚШ долларды құрады. 2009 жылы Қазақстанға құйылған шетелдiк тiкелей инвестиция рекордтық жоғарғы деңгейге жетiп 4418,5 млн.АҚШ долларды құрап, ол 2008 жылғы деңгейден 59%-ға өстi.

Шетелдiк тiкелей инвестицияның негiзгi көлемi мұнайдың шикiзатын және табиғи газды өндiруге жұмсалды. 2009 жылы мұнайгаз саласына 3287,8 млн. АҚШ долл (74,4%) жұмсалды. Шетелдiк тiкелей инвестицияның 458,9 млн.АҚШ долл (10,4%) геологиялық және iздестiру қызметiне, 125 млн.долл. (2,8%) құбырмен тасымалдауға жiберiлдi. Шетелдiк тiкелей инвестицияның 301,1 млн.долл өңдеу өнеркәсiбiне, оның iшiнде 84,5 млн. АҚШ долл ауылшаруашылығы өнiмдерiн өңдеуге, түстi металлургияға – 31,0 млн. АҚШ долл, қара металлургияға 22,4 млн.долл. жұмсалды.

Кесте 4

2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасына экономикалық қызмет түрлерi бойынша шетелдiк тiкелей инвестициялар

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Характеристика урбанизированной экосистемы (на примере Фестивального микрорайона города Краснодара).
Мемлекеттің экономикалық рөлі
АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ
Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ