Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы

ңесшiсi және агентi функцияларын және Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдарға, олармен келiсе отырып өзге де қызмет көрсетудi жүзеге асыру;
      5) төлем жүйелерiнiң жұмысын ұйымдастыру;
      6) Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
      7) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiн басқару;
      8) қаржы ұйымдарының қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша олардың қызметiн реттеу.

Соныман қатар, Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың эмитентi функциясын іске асырады. Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталар номиналдарының құрылымын, дизайнын, сондай-ақ банкноттар мен монеталардың қажеттi санын айқындайды және олардың дайындалуын қамтамасыз етедi. Айналысқа банкноттар мен монеталар шығаруды жеке және заңды тұлғаларға оларды сату арқылы Қазақстанның Ұлттық Банкi жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға оларды сату бағасын белгілейдi.
 Бұған қоса, бұрын қолданыста болған банкноттар мен монеталардың төлемге жарамдылығын және айырбасталуын айқындау, оларды айналыстан алу, сақтау және жою тәртiбiн белгiлейдi. Банкноттар мен монеталарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады және оларды резервтiк мемлекеттік қорларын құрады.

 Қазақстанның Ұлттық Банкi банктердiң банк функциясын жүзеге асыру мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасында қайта қаржыландыру жүйесiн ұйымдастырады;
      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстанның Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелеріне бiр жылдан аспайтын мерзiмге өтiмдiлiгi жоғары, тәуекелсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
      3) екiншi деңгейдегі банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады, соған байланысты оларға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгілеген тәртiппен және мерзiмге қамтамасыз етiлген, сол сияқты қамтамасыз етiлмеген кредиттердi ұлттық және шетел валютасымен беруге құқылы;
      4) ақшаның қате аударылу фактiсi анықталған жағдайда оны клиенттiң банк шотынан алуға құқығы бар, клиенттiң ақшаны банк шотынан акцептемей алуға берген келiсiмiн растайтын құжаттар болған жағдайда, оның банк шотын дебеттеуге құқылы;
      5) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын тәртiппен және шарттармен банктерге және басқа ұйымдарға берiлген кредиттер бойынша олардың Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы берешектерiнiң қайта құрылымдауға құқылы.
        Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң банк, қаржы жөнiндегi кеңесшiсi, агентi функцияларын жүзеге асыру және Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдарға, олармен келiсе отырып өзге де қызмет көрсетеді.
        Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiн тiкелей қаржыландыруына болмайды. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.

      Қазақстанның Ұлттық Банкi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттiк бағалы қағаздары бастапқы нарыққа орналастырылған кезде оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.

     Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, оның мемлекеттiк борышына қызмет көрсетуге қатысады.           

  Қазақстанның Ұлттық Банкi төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырy жөнiндегi функциясын да жүзеге асырады. Ол елдің төлем жүйелерiн ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн, төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерiн, төлем нұсқауларының мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарны, қолма-қол ақшаны пайдалана отырып төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын белгілейді. Ұлттық банк өз құзыретi шегiнде халықаралық төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы.

Қаржы ұйымдарының қызметiн лицензиялау, бақылау және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметiн реттеудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі, қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi.

 Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеу функциялары Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасауға бағытталады.

         Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкесөзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға жағдай жасайтын және қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және оның қызметiне қатысады.
 

 

 

II.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрылымы.

 

2.1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы және органдары.
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi

 

  Қазақстанның Ұлттық Банкi тiкелей бағыну схемасы бар орталықтандырылған біртұтас құрылымды бiлдiредi.
      Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымына департаменттерден және басқа бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi орталық аппарат бөлiмшелерiнiң, өз филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының қызметтерiне аудиттi және тексерудi жүзеге асырады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жоғары органы Басқарма болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы тоғыз адамнан тұрады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрт лауазымды тұлғасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiр өкiлi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң екi өкiлi, сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы кiредi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнен және Қазақстанның Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына мүшелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.
     Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құзыретiне:
      1) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын мақұлдау;
      2) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау таралымын, қоспасын, шығарылатын мерзiмi мен күнiн айқындау;
      3) басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешiм қабылдау;
      4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындау;
      5) ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгiлеу;
      6) банктерде операциялар жүргiзуге сенiмхат берудiң тәртiбiн белгiлеу;
      7) алтынвалюта активтерiн басқарудың негiзгi принциптерiн айқындау;
      8) монетарлыққа жатқызылатын қызметтi айқындау;
      9) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуіне ұсыну

     10) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлігін қарау және бекiту кіреді.
           Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне кiретiн кез келген мәселенi қарауға әрi шешiм қабылдауға құқылы.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары қажеттiгiне орай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Басқарма отырыстары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргiзедi. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда, кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өткiзiлуi мүмкiн. Басқарма отырыстары өткiзiлетiн орынды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам белгiлейдi.
      Басқарма отырыстары қажеттiгiне орай бiрнеше күн бойы өткiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Мұндай жағдайда Басқарма отырыстары соңғы күнi шешiм қабылданған күн болып саналады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам, не Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрi аса шұғыл және маңызды мәселелердi

12345
скачать работу

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ